kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«М?шелде ж?мба? бір сыр бар» та?ырыбында кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рі, ?лтты? м?дениетін ?зіне ?атысты р?сімдермен байланыстыра д?ріптеуге ?йрету, балаларды? ?мір жасына сипаттама беру, оларды ата-аналарын сыйлау?а, мейрімділікке, достарын сыйлау?а т?рбиелеу, ?лтты? д?ниетанымын ?алыптастыратын, ?зін тану?а ы?пал етер мерекелерді? мазм?нын ??ындыру.

К?рнекілігі: шарлар, г?лдер

(Екі ж?ргізуші ж?ргізіп т?рады)

1-ж?ргізуші: ??рметті б?гінгі м?шел тойды?  иелері- жас ?ландар, ата-аналар,  ?стаздар! Бізді? б?гінгі к?рсеткелі отыр?ан бастамамыз  ата-бабамыздан ?ал?ан, бізге жеткен ?ызы?ты дерек м?шел жас туралы болма?.  Кеше ?ана д?ние есігін ашып, мектеп табалдыры?ын аттап, к?з алдымызда желкілдей  ?скен ?ландар б?гін ал?аш?ы м?шел жас?а толып отыр. ?аза? хал?ы б?л ал?аш?ы м?шелді «Ер жете бастау ша?ы» деп атайды. Осы с?ттен бастап балалы? ша?, балд?урен кезе?ді ?ткеріп, азаматты?ты? ал?аш?ы  сатысына ?адам бас?ан ?адамдары?ыз ??тты болсын!

2-ж?ргізуші: Адамзат ту?ан анадан,

                       А?ылы іске жара?ан.

                       Адамны? жасын атаулы

                       М?шелге б?ліп бала?ан.

                       К?ркейер  к??іл батадан,

                       ?лгі алып ?ссе? атадан.

                       Он ?шке толса? ?аза?та

                       «Бір м?шел жас» деп ата?ан.

                       Келі?дер, т?рлет барлы?ы?

                       Біздерде дулы думан бар

                       М?шелге толма? д?л б?гін

                       13-ке тол?ан ?ландар.

Енді к?з айында туыл?ан ?рендерді ша?ырайы?.( «Жігіттер» квартетіні? «Ту?ан к?н» ?ні ойнап т?рады)

•         7 а сынып о?ушысы  ?скербекова ?міт

•         7 а сынып о?ушысы  Байманов Беклан

•         7 б сынып о?ушысы  Батырхан Олжас

•         7 в сынып о?ушысы  Зейнулла Рахат

•         7 г сынып о?ушысы  Оралбай А?ерке 

Ал?аш?ы с?з кезегін мектеп директорыны?  орынбасары  Ниязова Маржан апай?а с?з  береміз.                  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««М?шелде ж?мба? бір сыр бар» та?ырыбында кеш »





















































№177 орта мектеп









Мүшелде жұмбақ бір сыр бар

13 – жас



















2014-2015 оқу жылы











177 орта мектеп кітапханашысы Ахметова Ұлбосын Жақсылыққызы

Тақырыбы: «Мүшелде жұмбақ бір сыр бар»


Уақыты: 7.11.2014 жыл


Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық мәдениетін өзіне қатысты рәсімдермен байланыстыра дәріптеуге үйрету, балалардың өмір жасына сипаттама беру, оларды ата-аналарын сыйлауға, мейрімділікке, достарын сыйлауға тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымын қалыптастыратын, өзін тануға ықпал етер мерекелердің мазмұнын ұғындыру.


Көрнекілігі: шарлар, гүлдер

(Екі жүргізуші жүргізіп тұрады)


1-жүргізуші: Құрметті бүгінгі мүшел тойдың иелері- жас ұландар, ата-аналар, ұстаздар! Біздің бүгінгі көрсеткелі отырған бастамамыз ата-бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Кеше ғана дүние есігін ашып, мектеп табалдырығын аттап, көз алдымызда желкілдей өскен ұландар бүгін алғашқы мүшел жасқа толып отыр. Қазақ халқы бұл алғашқы мүшелді «Ер жете бастау шағы» деп атайды. Осы сәттен бастап балалық шақ, балдәурен кезеңді өткеріп, азаматтықтың алғашқы сатысына қадам басқан қадамдарыңыз құтты болсын!


2-жүргізуші: Адамзат туған анадан,

Ақылы іске жараған.

Адамның жасын атаулы

Мүшелге бөліп балаған .

Көркейер көңіл батадан,

Үлгі алып өссең атадан.

Он үшке толсаң қазақта

«Бір мүшел жас» деп атаған.

Келіңдер, төрлет барлығың

Біздерде дулы думан бар

Мүшелге толмақ дәл бүгін

13-ке толған ұландар.

Енді күз айында туылған өрендерді шақырайық.( «Жігіттер» квартетінің «Туған күн» әні ойнап тұрады)

  • 7 а сынып оқушысы Әскербекова Үміт

  • 7 а сынып оқушысы Байманов Беклан

  • 7 б сынып оқушысы Батырхан Олжас

  • 7 в сынып оқушысы Зейнулла Рахат

  • 7 г сынып оқушысы Оралбай Ақерке


Алғашқы сөз кезегін мектеп директорының орынбасары Ниязова Маржан апайға сөз береміз.


1-жүргізуші: Емес пе тойдың қазынасы,

Бабаның демеу болсын ақ батасы.

Қастерлемей кім ата салтын тастар,

Ақ тілекпен ақ әже шашу шашар.

Бүгінгі мүшел тойдың иелері,

Болашақ нұрлы өмірдің иегері.

Он үшке қадам басқан ұландарға

Зор сенім, ақ үмітті артар елі.

Слушаш әжеміз шашу шашып, бата береді.


2-жүргізуші: Сынып оқушыларының арасынан 13-ке толып, өздерін ересек сезініп, 10-11 сыныпта оқитын ағалар мен апайларына еліктеп, айнаның алдында бір сәт кідіріп, өзіне-өзі көңіл аударған, үлкендердің дискотекасын аңсаған, тезірек ер жетсем екен деген оқушылардың мерекесі. Мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері, ықпалы болады. Алғашқы мүшел он үш жаста баланың ересектік шаққа өту кезеңі айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың даусы өзгеріп, сүйегі іріленіп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Халқымыз осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған жасты «Он үште отау иесі» деп дәріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды қолға алған. Осындай жеткіншек шағын Ақтамберді жырау:

Жасым жетіп он беске,

Кірер ме екен кең есікке,

Буғана қатып, бел бекіп!

Ерегіскен дұшпанмае

Шығар күн туса күреске!-деп талпынса.


Алмажан Азаматқызы:

Он төртіме келгенде,

Салиқалы қыз болдым

Жібектей шашын талдаған-деп бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады. Оқушылар енді өздерің «мүшеліге толу»-деген сөзді қалай түсінесіңдер.


1-жүргізуші: Шаттықты мынау шақты көр,

Бүгінгі әнді сәнді көр.

Көңілім сырлы сандықты аш,

Бізде бүгін мүшел жас.

Осылайша ғұмырың

Кете барар жалғасын.

Биіктейді тұғырың

Мүшел жастар алмасып.

.

Ендігі кезекте Маханбетжан Жұлдыздың орындауында «Көңілді күн» әнін тарту етеміз.


2-жүргізуші: «Көңіл аудар даналардың сөзіне,

Адал жанды өнеге тұт өзіңе», дегендей, ұлы адамдар өміріне көз жүгіртейік. 1. Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр ес біле бастағаннан патша үкіметінің бейбіт жатқан қазақ ауылдарына аяусыз жәбір көрсетіп, отаршының әрекеттерін көзімен көріп өскен Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонады.

2. 13 –жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдылығымен елге таныла бастайды.

3. Жүсіпбек Аймауытов алғашқы өлеңін 13- жасында жазған.

4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап, алдына мақсат етіп қойған.

5. Исатай мен Маханбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас-талқан етіп жеңді. Осы соғысқа Исатайдың Жақия деген батыр баласы да қатысты. Сол күнде Жақия 14 жаста ғана еді.


1-жүргізуші:

Қыздырайық мейрамды

Кіргізіп көркін думанның.

Дәстүрлі сауық сайранды

Басталсын мүшел туған күн.

Келесі әнді Құрманғазы Ақбатаның орындауында «Мереке»әнін қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші: Жамандықтан жирентіп,

Ізгілікке бастаған.

Үмітімді гүлдентіп,

Қиындықты жасқаған.

Байытып ой-өрісті,

Білім сырын үйреткен.

Ұстаздардың тілегін

Тыңдайық енді құрметпен.

Ендігі кезекті үшінші мүшеліге толған отырған Айгүл апайымызға сөз береміз

1-жүргізуші: Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді әнмен күйіміз.

Әрқашан дос, біргеміз

Ажырамас іргеміз

Достығымыз жарасқан

Достық жырын жырлаймыз.


Енді біз 7 сыныптың орындауындағы биді қарсы алайық.


2-жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жараса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнгі сұлулуқтың сыры осы

Қыздар сұлу көрінер биіменен.

Келесі сөз кезегін мектеп директорының іс қағазын жүргізуші Асылзат апайға сөз береміз.



1-жүргізуші: Жан-жақты болу керек нағыз өрен

Секілді өткір жүзді бейне ақберген.

Өнерлі, білімді де әрі батыл,

Өнердің әр саласын білер терең.

Енді туған күн кешімізді ойынмен жалғастырсақ. Қазір, балалар, сіздермен ойын ойнаймыз. Мыны ілінген шардың ішінде сұрақтар бар, соны секіріп жару керек сол шардың ішінде сұрақ бар, соны оқып шығып қыймылмен көрсету керек.

1. Адам жатырқайтын жылауық бала

2. Ешкімді жақтырмайтын қызғаншақ бала.

3. Дәрет сындырып қойғандағы баланың кейпі, анасына білдіруі.

4. Алғашқы қадамын көрсет.

5. Баланың бір нәрсеге қуануы.

6. Баланың бір нәрсеге қарсылық білдіруі.

7. Тентек баланы сал.

8. Отыруды,тұруды жаңадан үйренген баланы сал.

9. Мектепке алғаш келгеннен кейінгі әріптерді жаңа үйреніп жүрген баланың «Әліппені» оқуы.

10.Мектептен қарны ашып келе жатқан баланы сал.

(Оқушылардың әр түрлі қимылдарды салуы)





2-жүргізуші: Қуаныш сыйлап баршаға

Тәтті нан келсін ортаға,

Бір мүшел жаспен құттықтап

Бөліп беріп балаға

(Ортаға мерекелік тортты алып шығады)





1-жүргізуші: Бұл мүшел жас алғаш шыққан белесің,

Алда талай мүшел жасты көресің.

Әр мүшел жас қуандырып сендерді,

Әр мүшел жас бақытына бөлесін.

Әр мүшелдің қызығы бар өзінше,

Көрсетер оны уақыт атты төрешің.


Талапты бол, өнерлі бол жасыңнан,

Әр мүшелде әр бір қырың ашылған.

Бақытты бол қай мүшелге жетсең де,

Бақыт, құрмет арылмасын басыңнан.


Ұлжанның орындауындағы «Достарым» әнін қабыл алыңыздар.


Ендігі кешіміздің қорытынды сөз кезегін мектеп директорының орынбасарлары Мадина апай мен Гүлшат апайға сөз береміз.



2-жүргізуші: Қадірменді бүгінгі тойға жиналған қауым! Бүгінгі той – бір адамның емес, бәріміздің тойымыз. Баршамыздың қуанышымыз. Тойдың сыр- сыралғысы болатыны анық. Бүгінгі тойдың қадірменді қонақтарына арналған кітапханашы апайларының атынан сыйлығымызды қабыл алыңдар. Құрметті қонақтар уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«М?шелде ж?мба? бір сыр бар» та?ырыбында кеш

Автор: Ахметова ?лболсын Жа?сылы??ызы

Дата: 15.05.2015

Номер свидетельства: 211869


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства