Ер азаматтар майдан даласында су кешіп, жаумен бетпе-бет со?ысса, тылда ?ал?ан ?арт адамдар, аналар, жас балалар, ер азаматтарды? орнын басып е?бек етті. Біз со?ысты к?рген жо?пыз, біра? сол со?ыс ауыртпалы?ын к?зімен к?ріп, басынан кешірген майдангер ата-?желерімізді? ??гімесін келер ?рпа??а т?рбие, ?лгі-?неге болу ма?сатында е?бек ж?не тыл ардагерлерімен кездесу кеші
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің тәлімгері
Аянгалиева Салтанат Нұрланқызы
Тақырыбы «Мың тағзым сіздерге, еңбек және тыл ардагері!»
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, қадірлі ауыл түрғындары
2-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты біздің ардагер аталар мен әжелер!
1-жүргізуші: Жыл артына жыл салып, көкті тіліп, қара жердің төсін жыртқан зеңбірек даусының басылғанына биыл – 70 жыл. Қаһарман әр ұлтты кеңес халқы адам айтқысыз зардаптар шегіп, қисапсыз құрбандықтарға төзіп жеңіс тұғырына жетті. Бүгінгі ұрпақтың болашағы бақыты үшін қан төккен әкелер мен апалардың даңқын еш уақытта өшірмейді. Болашақ үшін қан майданда жанын пида еткен жауынгерлердің рухына және бүгінгі ардагерлерге бас иіп тағзым етейік!
2-жүргізуші: Ардақты ардагерлер! Ет жүрегі Отан деп соққан ағайын! Баршаңызды Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймыз. Баршаңызға қуаныш пен баянды бақыт, еліміздің ауыз біршілік, құт-берекесін тілейміз.
Сөз Жаңабұлақ ауыл округінің әкімі Сиражев Сәлімгерей Қалимеденұлына беріледі.
1-Жүргізуші: Сан ұлтты бір тілекті кеңес халқы атқа қонды, қару асынды, қан майданға аттанды. Қатерлі соғыс қаһарлы сөзді де майданға шақырды. Қазақтың Гомері атанған Жамбыл – поэзияның ең асыл қасиетін қастерлеп сақтаушы өлең сөздің пірі еді. Соғыс күндері Нева жағалауындағы қалада болған мұндай оқиғалар жеке бір көрініс, кездейсоқ оқиға емес еді. Біз адам жаны түршігерлік тарихи қыл көпірдің үстінде тұрдық «Ленинградтық өрендерім» жазылған плакат кез-келген бұрышында ілулі тұрды. Ұлы қала отты қылышымен Жамбыл жырының сөнбес шұғыласына салют болып тұрғандай!
№2: «Ленинградтық өренім» Оқитын 9-сынып оқушысы Хибатова Наргиза
2-Жүргізуші: 1941-1945 соғыс жылдарында бір миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған екен. Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. Өз жүрегінің әмірімен майданға аттанып, буырқанып, бұрсанған фашистермен арыстандай арпалысып өліммен бетпе-бет келіп оларды тізе бүктіре білген бойжеткендеріміз аз ба еді? Солардың көбі елге оралған жоқ. Отанды пәк те сәби жүрегімен сүйген уыздай жас қыздар жар да, перзент те сүйе алмай, жастықтың қызығын да көре алмай қыршынынан қиылып кете барды.
№3 «Ана туралы баллада» әні, орындайтын Айнагүл Мұратқызы
1-Жүргізуші: Ұлы Отан Соғысы халқымыздың қабырғасын қайыстыра алмағанымен, тізесін бүктіре алмағанымен, қайғы-қасіретке де батырды. Ұлы Отан соғысы кезінде шаңырағы шайқалмаған, өмірлері тағдыр тәлкегіне түспеген отбасы жоқ болатын. Жер бетінде сұм соғыстың ызғары мен аштықтың зардабына ұшырап қимасынан айрылмаған адамзат баласы қалмады.
2-Жүргізуші:Бірақ әділет соғысымызды бүкілдүниежүзілік тарихи жеңіске ие еткен айқасымызды кілең бір қарғын деп суреттек әбестік болар еді. Күйзелген көңілдер жүдеген жандар ұлы жеңістен жұбаныш тапты, қуаныш тапты.
№4. «Адай» биі. Орындайтындар 2-сынып оқушылары
1-Жүргізуші:
Сөйлеңдер, ал сөйлеңдер ардагерлер,
Ардагер қатарынан қалған ерлер
Жорық жолын жеңістің тәмәмдаған,
Теңдессіз тарихтағы майдангерлер.
Сөйлегенде ақылды данасыздар
Шежіре бұлағы боп ағасыздар
Асыл тастай санаулы қазынада
Күннен күнге азайып барасыздар
Өтер уақыт мәңгіге тұрмас бәрі
Сендер Отан тарих сырластары
Ескерткішке айналып барасыздар
Қайран біздің аталардың құрдастары
Бүгінгі мерекелік концертке денсаулықтарына байланысты келе алмаған біздің тыл ардагерлері ата-әжелеріміздің естелік әңгімелерінен дайындалған видеороликті тамашалайық
№ 5.«Туған жерім» Орындайтын 9-сынып оқушысы Құбайт Дана
2-Жүргізуші: Әр жыл сайын әлдеқайдан бір құпия жел еседі.
2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік жасаған қаһарман кеңес әскерлерінің қатарында болған жас қыздар мен жігіттер – бүгінгі қадірменді ардагерлеріміз, апа-ағаларымыз, өткен тарихтың куәгерлері ғана емес болашақ ұрпаққа өнеге болар ерлік пен батырлықтың шежіресі болып табылады. Ал біз үшін жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.
1-Жүргізуші: Соғыс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су кешіп, жаумен бетпе-бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар, ер азаматтардың орнын басып еңбек етті. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол соғыс ауыртпалығын көзімен көріп, басынан кешірген майдангер ата-әжелеріміздің әңгімесін тыңдалық.
Тыл ардагерлеріне сөз
2-Жүргізуші: «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды» - бұл халық даналығы. Алайда ұрпақ жалғастығы алға жылжып ардагерлер қатары сиреуде. Осылардың барлығына қарамай халықтың есіне айбынды батырлық, соғыс жаңғырығы мәңгілік сақталады! Барлық атқарған қызметтеріңіз үшін сіздерге мол да шексіз рахмет айтамыз. Сіздердің алдарыңызда бас иеміз! Сіздердің жеңімпаздардың даңқы арта берсін! Алдағы уақытта да қатардан қалмаңыздар. Сіздерге ұзақ жылдар бойы мықты денсаулық, өмірде жақсылық тілейміз!