kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ" ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет.

                Та?ырыбы:     «Наурыз-жыл басы»

Ж?ргізуші:                                                Армысыздар, халайы?! 

                                                                   Бармысыздар, халайы?!

                                                                   Наурыз тойын ж?п жазбай,

                                                                   Жылда  ?арсы алайы?!

                                                                    Мереке Наурыз жыл басы,

                                                                    Наурыз тойы ??тты болсын!

                                                                    Дендері?із сау, мы?ты болсын!

                                                                    Аман-есен болайы?!

                                                                    Баршамыз?а тілегіміз осы, халайы?!

                                                                    Елімізді? несібесі к?п болсын!

                                                                    Жауын жауып, жер бетіне к?к толсын!

                                                                Даламыз?а б?л жа?а жыл ??т болсын!

 «Жауынгер» биі «?лдар» тобы.

 

Шы?айбай асы?ты алып санды??а салып ?ояды. Санды?ты? ішіндегі асы? жо? боп 

кетеді. ?ожа си?ыр с?з айт?ан кезде  ішінен балалар?а к?птеген си?ырлар шы?ады,

балалар?а сыйлы? таратылады. (Ата-аналарды? к?мегімен алдын-ала ?демі

?обдишалар?а салын?ан т?тті-д?мді силы?тар).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ" ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет»



Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекет.

Тақырыбы: «Наурыз-жыл басы»


Жүргізуші: Армысыздар, халайық!

Бармысыздар, халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық!


Мереке Наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты болсын!

Дендеріңіз сау, мықты болсын!

Аман-есен болайық!

Баршамызға тілегіміз осы, халайық!

Еліміздің несібесі көп болсын!

Жауын жауып, жер бетіне көк толсын!

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

«Жауынгер» биі «Ұлдар» тобы.


Балнұр: Аманбысың, армысың, халқым менің?!

Ақтарған кең даламның алтын кенін,

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақты Наурыз тойы, салтың елім.


Нұрасыл: Ата-баба тойлаған

Наурызым менің армысың!

Қызығына тоймаған

Дархан дала армысын.


Сымбат: Көктем келді, Наурыз келді,

Жер көгерді ел көгерді.

Дастарханын жайып дархан,

Жақсылық пен бақыт шашқан.


Зияда: Қар ерітіп жылғасы,

Наурыз келді жылбасы.

Шуақ төгіп жарық күн,

Мейрамы да халықтың.


Хор: «Қазақтың дастарханы»


Жансая: Ал халайық тұрмайық

Әндетейік, жырлайық,

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға!


Нұрсұлтан: Бата берген атамыз,

Бата берген апамыз.

Тәтті болып дастархан

Наурыз дәмін татайық.


Мейіржан: Наурыз келді құт болып,

Мына бізге сүт болып,

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.


Жұлдызай: Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны түрлі ел енді,

Көгерсін деп халқымыз.

«Қазақ» биі «Қыздар» тобы.


Жүргізуші: Домбырадай мұраны,

Қастерлеуге тұрады.

Сонда жатыр даламның,

Үні менен бар әні.


Айтыс: Құралай мен Данияр.


Данияр: Келіңіздер, халайық!

Көңілді көтерейік.

Бақшамыздың аруы,

Құралайға сөз берейік.


Құралай: Жолың беріп маған сен,

Дегенің бе жағайын.

Өлеңіммен алдаспан,

Тарттырайын сазайың.


Данияр: Айналайын Құралай!

Неге сонша тасыдың?

Жасқанатын сесіңнен,

Мен емеспін жасығың!


Құралай. Мінімді айтып қайтесін,

Қарасайшы өзіңе.

Шыбын құрлы сен менің,

Ілінбейсің көзіме.


Данияр: Көңіл хошын табайық,

Неге керек келеке?..

Тойға келген халайық,

Құтты болсын мереке!


Жүргізуші: Көктем туралы тақпақ. Көкектің айы көктемім,

Күлімдеп күмбез көкте күн,

Жайқалған жасыл жапанға

Қараша нұрын төккенін.


Көкектің айы кербезім,

Керілген далам кең көзім.

Жайлауда жазы жақындап,

Жадырап жүрмін мен өзім.


Көкектің айы, көк айым.

Көңілді күндер, көп айым.

Көгілдір жібек жамылған,

Көркіңе сенің болайын.


Залға Наурыз аруы кіріп: Есенбісіздер, қырмызы гүлдей

жайнаған берекелі елім»

Армысыздар, балалар!

Тағы келдім сендерге.

Наурыз тойын тойлайтын,

Келіп жеттім елдерге

Наурыз айы көктемнің

Жарқырайды көкте күн.

Сәбилерді қуантып,

Былтыр келіп кеткенмін.

Тіршіліктің бастауы

Наурыз айы-мен болам,

Гүлге тола құшағы

Құлпырады кең далам.

Жапырақтары жайқалып,

Бақтар жасыл түске енді.

Тізбектеліп сән түзеп,

Жылы жақтан құс келді.


Жүргізуші: Осыншама жақсылық

Алып келген наурызым!

Төрлет бізге нұр беріп

Шуақ шашып ақ жүзің.


Осы тойға ортамызға келіп, айналаны гүлге ораған,

Наурыз аруы, төрлетіңіз. Біздің

өнерімізді тамашалаңыз. Біздің бүлдіршіндер

өзіңізге арнап «Шаңырақ» биін билеп береді.


Біздің бүлдіршіндердің өнерін көрдіңіз, енді сіздің

өнеріңізді тамашалайық «Аққу»


Қожанасыр: (күй ойналып ортаға шығады):

Армысыздар, балалар?

Армысыздар, халайық!?

Мен Қожамын,

Шегі жоқ бұл даңқымның.

Өмірімді арнармын,

Бақыты үшін халқымның.

Ақпейілмен дос болам,

Жамандарды қастаман.

Құтты болсын жаңа жыл,

Құтты болсын Наурызым!


Қожанасыр: Ал, балалар, мен қазір ортаға «Теңге алу» ойынын

ойнауға жігіттерді шақырамын:

Бұл ойында тәсіл көп,

Кім мол алса теңгені,

Сол баланың жеңгені!

Ал енді балалар, мен сендерді жарысқа шақырамын.

«Теңге алу» ойыны басталады.


Жүргізуші: Батамен ел көгерер,

Жаңбырмен жер көгерер, дегендей,

Қыдыр ата, өзіңізден бата күтеміз.


Көл жиналып тамшыдан,

Теңіз толсын қаңсыған,

Құт – береке кетпесін,

Диқан менен малшыдан.

Бақыт ашып қақпасын.

Мәңгі – бақи жаппасын,

Пәле жала қазақты

Іздесе де таппасын.

Бүлдіршіндер көбейіп

Өркендей берсін жеріміз,

Батыр туған ерлермен

Көркейе түссін еліміз.

Әумин.


Шығайбай: Сәлеметсіздер ме, балалар? Мен сендерде бақыт

гүлі бар деп естідім. Менің оны көруіме бола ма?

Әдемі гүл екен. Мен осы гүлді сендерден сатып

алсам? Маған сатыңдаршы.


Қожа: Бәсе, сен қартайып алжыған екенсің. Білмеуші ме

едің, адам өз бақытын, өз денсаулығын ақшаға

сататынын қайдан естідің?


Шыбайбай: Мен ойлаймын, ақша болса бәрін сатып алуға

болады.

Қожа: Бұл гүл сатылмайды. Ол жалғыз өзімдікі

емес бүкіл

халықтікі. Сен мынандай мақалды білесің бе?

Жүз сомың болғанша,

Жүз досың болсын.


Адам болар адамның,

Кісіменен ісі бар.

Адам болмас баланың,

Кісісі менен несі бар?


Адамгершілік – абырой алып келеді.


Шығайбай: Мен бұл мақалдарды бұрыннан білемін. Сен егер

мықты болсаң мына балалардың бәріне бір

жақсылық істеші.


Қожа: Шын көңіліммен жасаймын. Біз кезінде досымыз

екеуміз талай қызықтар көрдік. Менің мына

қоржынымның ішінде сиқырлы асық бар. Мен оны

алып сандыққа салайын.


Шығайбай: Сиқырлы асық! Маған бере тұршы, мен бұрыннан

аңсап жүр едім, қолыма ұстап көрейін.


Қожа: Жарайды. Келістім. Бірақ ол адамгершілігі,

абыройы бар адамдарға көмектеседі.


Шығайбай асықты алып сандыққа салып қояды. Сандықтың ішіндегі асық жоқ боп

кетеді. Қожа сиқыр сөз айтқан кезде ішінен балаларға көптеген сиқырлар шығады,

балаларға сыйлық таратылады. (Ата-аналардың көмегімен алдын-ала әдемі

қобдишаларға салынған тәтті-дәмді силықтар).






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ" ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет

Автор: ИГАМНАЗАРОВА ЮЛДУЗ ШАРАФИДДИНОВНА

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 297291


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства