kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз - думан.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Посвящается празднику Наулыз. Сценарий проведения мероприятия.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз - думан.»

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі

Іс-шараның мақсаты:

Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.


Сценарий көрнекілігі:

«Наурыз - 2019» нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастарқан, суреттер көрмесі, ұлт өкілдерінің көрмесі.


Сценарий барысы:


1. Мерекелік концерттің ашылуы

2. Наурыз бата тілек

3. Күй

4. Танымды ойын сұрақтары

5. Би

6. Тұсаукесер дәстүрін көрсету

7. Ән

8. Қазақтың ұлттық ойындары

9. Көрермендерге арналған сұрақтар

10. Шашу шашу дәстүрі

11. Мерекелік концерттің жабылуы


Жүргізуші: -

Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық

Армысыздар, халайық!
Әр кез аман болайық.
Наурыз тойын қуанып,
Жылда қарсы алайық!

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. Бес мың жылдық тарихы бар Наурыз мерекесі әлемге жылулық әкеледі. Табиғат ана құлпырып, жер-ана бусанып, жұмыр жер бетіндегі жанды нәрселердің бойына қан жүгіретін, ағаштар бүршік жара бастайтын мезгіл. Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын Шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алатын мереке. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні деп аталған

Наурызда тілектеріңіз қабыл болсын!

Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз мерекемізге, Қош келдіңіздер!!!

Жүргізуші: Наурыз бата тілек

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.

Наурыз күні әр елді, үйді Қыдыр ата аралайды, бақыт сыйлайды, бата береді. Қыдыр (Қызыр) ата, бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық, жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел қарт. Ұлыстың Ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа келіп бата беруші деп саналған.

Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қыдыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қыдыр Ата келе жатыр дейді. Қызыр ата келмес бұрын үй-жайымызды тазарлап, бір-біріміздге саумалық айтайық.

Ал енді Қыдыр атаның бізге арнаған тілегін тыңдайық!!!

Қыдыр Ата :

А, құдайым, астыр,

Төгілдермей тастыр.

Жақсылыққа жанастыр,

Жамандықты адастыр.

Дәулет пенен бас берсін,

Өмір менен жас берсін.

Өз басына амандық,

Жастарға бақыт, өмір берсін

Наурыз қайырлы дәулет берсін.



Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көқ болсын!

Жүргізуші: Ескегіне отырып күй – кеменің,

Өрлігі мен өнерін сүйген елім,

Қуанғаным, жеңгенім, мұңайғаным,

Бейнелеп берген мұра – би дегенің-

деп қазақтың ұлттық аспабында ....... орындауында « » күйі.



Жүргізуші: Қазақ биі - ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі десек артық айтқандығымыз емес. Қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным-түсінігі, табиғатпен байланысы, философиясы. Қазақтың би өнері туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ халқы дарынды, өнер­паз халық, ән, күй деген мұра­мыз­да шек жоқ. Ал бұл қазақ хал­қында биден қалған мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы биді қолға алғаны жөн.


Би – дегенің жүректің дүрсілі еді,

Би – дегенің жастықтың мұң-сыры еді,

Биде асық жүректер көкке самғап,

Биде ғашық жүректер күрсінеді

Мерекелік концертімізде қазақтың ұлттық биі « »

Сахнада: ..............


Жүргізуші: Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Осы ұлы күнге байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-жоралары, салт-дәстүрлері бар. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атап өтейік. Шілдехана, кіндік кесер, бесікке салу, қырқынан шығару, сүндет той, беташар, үйлену және де тағы басқалары.


Тұсаукесер дәстүрін көрсету.

Тұсау кесуші жүре бастаған баланың аяғына ала жіппен тұсау салып жатып:

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Тақымыңды жаз, балам,

Қадамыңды қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз,балам, жүре гой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Жүгіре қойшы құлыным,

Желбіресін тұлымың,

Елгезек бол, ерінбе.

Ілгері бас, шегінбе.

Жүргізуші:   Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,

Жүргізуші: Өнерімен ұлтымның өрер демін,

Өшпедің, өрістедің, көнермедің,

Сәнімен құштар қылған жүректерді,

Өнер ме едің баураған көрерменін.

Әнді сүйсең, менше сүй! Сахнада 5 «В» сынып оқушысы Цхе Сергейдің орындауында «Наурыз» әні.

Жүргізуші: Ендігі кезекті қазақтың ұлттық ойындарына берейік. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.

«Алтыбақан», «Аударыспақ», «Айгөлек», «Ат сайысы», «Қыз қкк», «Ұшты-ұшты», «Ақ сүйек», «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Сиқырлы таяқ», «Ақсерек-көксерек», «Қол күрес» және тағыбасқалары.

Осы ойындардың бірнешеуін ашық алаңқайда ойнаймын деушілерге болады.

Алаңқайда «Асық», «Қол күрес», «Сиқырлы таяқша», «Арқан тарту», «Ақсерек-көксерек», «Тоғызқұмалақ» ойындарын тамашалауларыңызға болады.


Жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

1-сұрақ: Он атаны таратып беріңіз.

( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)

5-сұрақ: Үш биді атаңыз.

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

6-сұрақ: Үш жүзді атаңыз.

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

8- сұрақ: Жігіттің үш жақын жұртын ата.

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

9-сұрақ: Үш арыс

Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, ілияс жансүгіров.

11сұрақ: Үш байлық

Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.

12-сұрақ: Үш тәтті

Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

13- сұрақ: Төрт қонақ

Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,

Қылғыма қонақ.

14-сұрақ: Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.

16-сұрақ: Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.

17-сұрақ: Бес асыл

Талап еңбек, терең ой, қанағат .

24-сұрақ: Жеті жұт

Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)

25-сұрақ: Жеті күнді атаңдар

Бүгін-дүйсенбі

Ертең –сейсенбі.

Бүрсігүні-сәрсенбі.

 Арғы күні-бейсенбі.

Ауыр күні-жұма.

Соңғы күні-сенбі.

Азына-жексенбі.

26-сұрақ: Жеті қазынаны атаңыз.

Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт,берен мылтық.

27-сұрақ: Жеті атаны таратыңыз.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Жүргізуші: Қазақ халқында бұл мейрамды тойлаудың ертеден қалыптасқан дәстүр бар. Бұл күні дастарқанға әртүрлі ұлттық тағамдар қойылады.

(Солардың ең бастысы-наурызкөже. Наурызкөжені жеті түрлі тағамнан пісіреді. Қыстан қалған сүр ет, арпа, тары, бидай, су, тұз, құрт. Біріншіден, жеті-қазақ үшін киелі сан. Екіншіден, молшылық болсын деген мағынаны білдіреді. Наурызкөжені «Отбасымда береке болсын, дастарқаным мол болсын» дегеннің белгісі).

Көрермендерге арналған сұрақтар:

1. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыз (бесбармақ, қуырдақ, бауырсақ, жент, құрт, ірімшік)

2. Наурыз мейрамының басты асы (наурыз көже)

3. Наурыз көже неше тағамнан тұрады? (жеті түрлі)

4. Тағам түрлерін атаңыздар.

(қыстан қалған сүр ет, арпа, тары, бидай, су, тұз, құрт)

5. Қазақтың ұлттық сусындарың атаңыз.

(қымыз, шұбат, айран, сүт)

6. Қадірлі қонақтың басты асы (бесбармақ)

7. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

(көкпар, бәйге, тоғызқұмалақ, асық, ақ сүйек, ақсерек-көксерек және тағы басқалары)

Жүргізуші: Қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі-шашу шашу дәстүрі

(Қазақтың ұлттық киімін киген қыздар көрермендерге шашу шашады)

Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Жүргізуші:

Кең болсын қазағымның керегесі
Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын Наурыз мерекесі

деген өлең жолдарымен Наурыз мерекесіне дайындаған мерекелік концертімізді аяқтаймыз. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте зор қуаныштарға бөлене беріңздер! Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!

Қош сау болыңыздар!











































Салт-дәстүрлер

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.



Қазақтың ұлттық ойындары

Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы.
«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады.
Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды.
Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б.
Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді.

«Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны.
«Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады.
«Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шығарады.

Ақ сүйек - ай сүттей жарық түндері, жазды күні қыздар мен жігіттер, балалар араласып ойнай береді. Кешке мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түрінде ауыл шетінде ойын басталады

Тоғыз құмалақ – жарыстың жеке кісілік, жеке командалық және командалық түрлері бар. Тоғыз құмалақты арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (оны кіші отау деп те атайды), әрқатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар екі түске ақ пен қараға боялады. Әр ойыншыға 81-ден екі ойыншыға 162 құмалақ (оның бұршақ, жүгері дәні болуы мүмкін) беріледі. Олар әр үяға 9-дан орналастырылады. Тоғыз құмалақты тақтада немесе қалың қағазға ұялар мен қазанның кескінін сызып та ойнайды. Тіпті болмаған жағдайда ұяларды жерден қазып та ойнай береді. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін өзінің реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі. Әр ұяның оң жақ (1-ден 4-ке дейін) және сол жақ (6-дан 9-ға дейін) қапталы бар. 5-ұя орталық ұя деп аталады. Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кезкелген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан бір-бірлеп ұяларға салады. Егер ең соңы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2,4,6,8,10т.б.) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгел алып, өз қазанына аударады. Ойының барысында ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалса және оған серіктесі жүріс барысында өзінің ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Содан әрі қарай сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына көшіп отырады. Әр ойыншы өз қарсылысының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады.



Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейледің бір шетіне түпте қалған ( сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны-6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі.



Сиқырлы таяқ

Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.



Ақсерек-көксерек.

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам.

1- ші топ. Ойынды бастайды

Ақсрек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші Ақсерек –ау ақ серек

Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек



Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.

Қол күрес

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Наурыз - думан.

Автор: САКИЕВА САҒЫНЫШ ЖАНАТОВНА

Дата: 06.05.2019

Номер свидетельства: 509233

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "" Наурыз-Думан""
    ["seo_title"] => string(14) "nauryz_duman_5"
    ["file_id"] => string(6) "468887"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1525864683"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) ""Наурыз -думан!" та?ырыбында ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет "
    ["seo_title"] => string(65) "nauryz-duman-tak-yrybynda-ashyk-u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekiet"
    ["file_id"] => string(6) "193166"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427605413"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Наурыз-думан"
    ["seo_title"] => string(14) "nauryz-duman-2"
    ["file_id"] => string(6) "310137"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458933539"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Наурыз думан" кеш"
    ["seo_title"] => string(16) "nauryzdumankiesh"
    ["file_id"] => string(6) "286048"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454267204"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) ""Наурыз" думан"
    ["seo_title"] => string(14) "nauryz_duman_2"
    ["file_id"] => string(6) "415494"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494840486"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства