Тақырыбы: «Кім жылдам?» Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру. Спортқа деген сүйспеншілігімізді нығайту. Ептілікке шапшаңдыққа жаттығу. Көрнекі құралдар: 2-доп,2- секіргіш, 2-доғал, 2- гимнастикалық скамеика, 2- тығыз доп, асықтар, кеглилер. Жүргізуші: Спорт деген азанда, Алады да тұрғызып. Еріншектік аз онда, Бастайды ойын бір қызық. Аязда да тоңбайсың, Ыстыққа да күймейсің, Сергектікті қолдайсың, Жалқаулықты сүймейсің, Бақыт сенен қашпайды, Өнер білген пайдалы, Спорт соның айғағы дей тұрып, Бүгінгі 4 «А» және 4«Ә»сыныптар арасында өткелі отырған ,«Кім жылдам?» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазыларымызды атап өтейін: 1. Денешынықтыру мұғалімі:Алькебаев Қадыр 2.Тәрбие завучы:Тулегенова Амина Султановна 3.Медбике: Мурзатова Жанбота Сағатовна Уа халқым,назар аудар денсаулыққа, Өмірде бақыттысың денің сауда. «Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да. Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде. Сол мықты денсаулықтың арқасында Жетерсің әлі талай бақыттарға.деп,- ортаға 1. «Алау»тобы 4«А» сынып оқушыларын шақырамыз. 2. «Жалын» тобы 4«Ә»сынып оқушыларын шақырамыз. Жарысымыз «6» бөлімнен тұрады. 1. «Кім жылдам» Ойын шарты: Бірінші ойыншы қолына кубикті алып , жүгіру арқылы белгіленген орыннан айналып келіп, екінші ойыншыға кубикті береді. Ойын арғарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді. 2. «Секіргіш» Ойын шарты: Ойыншылар белгіленген орыннан секіргішпен секіріп айналып келіп, екінші ойыншыға секіргішті береді. Ойын арғарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді 3. «Кедергіден өту» Ойын шарты: Ойыншылар алдарына қатарластырып қойылған гимнастикалық скамейкадан тепе-теңдік сақтап өтіп, доғалдың астымен еңбектеп өтіп белгіленген орыннан айналып қайта кедергіден өтіп келіп , екінші ойыншыға қол сғады . ол ойыншы ойынды жалғастырады. 4. «Асық ату» Ойын шарты: 2-3 метр қашықтықтағы асықты қай топта көп асық болса сол топ жеңіске жетеді. 5. «Кеглиді доппен құлату» Ойын шарты: 2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату. Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді. 6. «Допты жалғастыр» Ойын шарты: барлық ойыншы бір қатарға тұрып допты жоғарыдан жалғастырып, соңғы ойыншы аяқтың арасымен алға қарай береді, қай топ допты жоғарыға бірінші көтерсе сол топ жеңіске жетеді. Жарқын,шаттық заман болсын, Бүлдіршіндер аман болсын. Сыйластық пен бірлік болып, Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ). |