Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру
2017 жылғы 11 мамыр күні білім бөлімінің акт залында «Жаз-2017»бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Оқушылардың жазғы демалысын сапалы және тиімді ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Семинарға ауданымыздағы барлық мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің басшысы, тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы, «Дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығының директоры, Жастар орталығының директоры, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімінің басшысы, аудандық ішкі істер ЖПҚЮПТ инспекторы, аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері қатысты.
Барлық мекеменің басшылары өздерінің тақырыпқа сай баяндамаларын оқыды. Ұсыныстар мен пікірлер жасалды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоя отырып, нақты, толық жауаптарын алды.