kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? шы?армашылы? де?гейін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б??аралы? ?оз?алыстарды? ?рши т?суі, революциялар, Веймар Республикасыны? ??рылуы,реформалар, демократиялы? тол?ындарды? жетістіктері мен б?се?деуі, ж?мысшы ж?не социалистік ?оз?алысты? жіктелулері та?ырыптары бойынша баяндау.Білімді жеке т?л?а ?алыптастыру.

Желто?санны? 9-нан 15-і аралы?ында тарих апталы?ы ?тті. Апталы?ты? ашуылу к?ні «М??гілік ел» атты баяндама о?ылды. Апталы? барысында о?ушылар?а «?аза? ханды?ыны? 550-жылды?ына» орай бейнематериалдар мен слайдтар к?рсетілді.

 Тарих п?ніні? м??алімі Жапенова Г.Ж. Алаш зиялыларына арнап бейнематериалдар к?рсетті ж?не ХХІ ?асыр к?шбасшысы атты 10-11 сыныптар арасында сайыс ?ткізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? шы?армашылы? де?гейін дамыту»

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Теңдік орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Балтагереева М.Н.



Оқушылардың шығармашылық деңгейін дамыту

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге икемдеу қажеттілігі туындайды. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Менің алдыма қойған мақсатым – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу керек.Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың сыннан өткен мынадай түрлерін атауға болады:

  1. Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау.

  2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

  3. Сөзжұмбақ құрау, шешу.

  4. Шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау, эссе жазғызу.

  5. Әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

  6. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру, осы әңгіменің мазмұнына мағынасы кері әңгіме құрау.

  7. Мазмұндама түрлерін жазу .









































Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін орынды қолданса, оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасай алатын деңгейге жеткізу оңайға түседі, пәнге деген қызығушылықтары оянады, білім сапасы жоғарылайды.

Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі – оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру. Оқушылардың қабілетін дамытуда ізденімпаздық шаралардың маңызы зор. Атап айтқанда:

  1. Пәндік үйірмелер;

  2. Пәндік олимпиадалар;

  3. Оқушылардың біоім деңгейін арттыру (мұражайларға бару, белгілі адамдармен кездесу);

  4. Оқушылардың республикалық, облыстық, аудандық шығармалар байқауына қатысу;

  5. Аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасы;

  6. Зияткерлік ойындар, дебат;

  7. Конференциялар(мәнжазба қорғау, баяндама жасау);

  8. Абай, Мағжан, Шәкәрім, Махамбет, Мұқағали, Оралхан Бөкей оқулары.

Осындай бағыттағы жұмыстар арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады. Мұндай әрекет шығармашылыққа баулып шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытуға қиялын ұштауға және өз бетінше ізденуіне мол әсерін тигізеді. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу арқылы оқушылардың қоғамдық, шығармашылық белсенділігі артады. Сонымен бірге оқушылардың іс-әрекетке, нәтижеге жетуге сенімділігі қалыптасады, шығармашылық ой-өрісі кеңейеді. Дербес жұмыс істеу дағдысы жетіледі.

Ал сыныптан тыс жұмыс кезіндегі шығармашылыққа баулу түрі мынадай:

  • Әр түрлі кездесулер ұйымдастырып, одан алған әсерлері бойынша шығарма жазу:

  • Мектептегі сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына жағдай жасау;

  • Газет-журналдарға жаздырып, оны оқу үрдісінд е үнемі пайдалану;

  • Әрбір оқылып отырған шығарманың авторлары туралы толық мағлұмат беру.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулиды, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Шығармашылықтың түрлері көп. Солардың ішіндегі ерекшесі - сөз өнері саласы. Мектеп оқушыларын жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлеміз: жас буын (6-9 жас), орта буын (10-13 жас), жоғары буын (14-16 жас)

Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Бұлардың бойында шығармашылықпен айналысуға деген мынадай ерекшеліктер бар:

-оқушылардың өзіндік ойлау ерекшелігі басым, түрлі болжамдар жасауға қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар келеді;

-Жас өспірімдердің барлығы шығармашылықпен айналасуға ұмтылып тұрады, шығармашылық күшін сынауға тырысады;

- оқушылардың қиялдары жүйрік, бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді, болмыстары поэзиядан құралады;

- оқушылар мазмұндама, мінездеме жазудан гөрі әңгіме, өлең, ертегі жазуға бейім болады.

Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ:

Оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;

  • Оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;

  • Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білуі тиіс.

Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Шығарма жаза білген оқушының сұлулық пен әсемдік туралы түсінігі мол болады. Шығармашылық – оқушы үшін сұлулық пен әсемдіктің мектебі.

Мұғалім оқушыда шығармашылық көңіл-күйдің тууына себепкер бола білуі керек. Оқушыларға алуан түрлі тапсырмалар беру , ойындар ұсыну оқушы назарын шығармашылық арнаға бұру үшін тиімді.

Ұшқырлық, өткірлік, қиялға, ойға, жүйріктік, ой жүйесіндегі дәлдік, философиялық түйін табу, сөзді сүю, оның мән-мағынасына түсіну, әдемі, жүйелі сөйлей білуге үйрету қажеттілігі мектепте тіл тәрбиесін жүргізудің сан алуан формасын меңгеруді керек етеді.

Соның бірі – сөз өнері сайысы. Сөз өнері сайысы мектеп тәжірибесіне енгізуге керек жақсы дәстүр болмақ. Сөз өнері сайысы оқушылардың ойлау шапшаңдығын жандандырады, ұшқыр шешім табуға жетелейді.

Айтысатын ақсақалмен, қызбенен

Ақын халық екенбіз ғой біз деген, -деп, Қадыр Мырза Әлі айтқандай, жастарды ақындақ дәстүрге сөзбен сурет салып, ой түюге үйретуіміз керек.

Тіл апталықтарында, мерекелік іс-шараларда оқушылар әр түрлі тақырыптарда өлеңдер, поэмалардан үзінділер оқиды.

Әдебиет сабақтарында оқушының қиял әлемін шарықтататын әңгіме, ертегі құрастыру, өлең шумағын жалғастыру, белгілі мазмұнды өз қиялы бойынша жалғастырып, аяқтау өз жемісін беріп жүр.

Суретке қарап әңгіме, мәтін құрастырудың оқушылар шығармашылығын дамытуда маңызы өте зор. Бұл жұмыс түрі оқушылардың тіл байлығын дамытады, дүниетанымын кеңейтіп, ойлау қабілетін шыңдайды.

Оқушы құрған мәтіндерінің мазмұны жүйелі әрі тартымды, көркем болу үшін жүргізілетін жұмыс та жүйелі болуы тиіс.

Оқушыларға жыл мезгілдеріне байланысты суреттер таратып, мәтіндер жаздырамын. Сол суреттерге сәйкес мақал -мәтелдер, өлеңдер жаздырамын. Жазылған мәтіннен лексика саласынан өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар орындатамын.

Жоғары сыныптарда оқушының шығармашылығын өрістетіп, ізденістік ұйымдастырып, оқушының монолог сөзін дамытуға үлкен мән беремін. С.Сейфуллин, А.Құнанбаев, М.Өтемісұлы, т.б. ақын жазушылардың шығармашылығына арналған жыр кештері оқушыларды поэзия әлеміне жетелеп, өзіндік ой-тұжырым жасауға жетелері сөзсіз.

Жеке шығармашылық жұмысымен танылып, мектепішілік «Көркем сөз шебері» , «Өлеңді мәнерлеп оқудың үздігі», байқауларында жеңімпаз атанған оқушылар облыс , аудан көлемінде өтетін сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алуда. Атап өтетін болсам:

  • Шадетхан Ақерке «Жарқын болашақ VІІ» аудандық кезеңі олимпиадасында І орын;

  • Шадетхан Ақерке «ХҮ аудандық Абай, Махамбет оқуларында» І орын;

  • Шадетхан Айнұр «Ү облыстық Махамбет оқуларында» «Ел құтқарар ер едім...» номенациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен;

  • 2014-2015 оқу жылында Шадетхан Ақерке Мұқағали Мақатаев атындағы ақындар айтысында І орын;

  • Шадетхан Ақерке қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша олимпиадада І орын .

Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулып, олардың белсенділігі мен дербестігін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Шығарма – жазба жұмыстарының ішіндегі ең күрделі түрі. Шығарма жазуды меңгеру оқушылардың білім, білік дағдыларына негізделеді. Бұл білім, білік, дағдылар негізінде оқушы тақырыпқа байланысты негізгі ойды айқындайды, материалды жинап, жүйелей отырып, шығарманы арнайы композициялық тұлғада құрастырады.

Еркін тақырыпта шығарма жазу оқушылардан ерекше жауапкершілікті, жан-жақты рухани даярлықты талап етеді. Бұл жұмыс ой-түсінік кеңдігін, бағдарламалық көлемнен гөрі ауқымдырақ білімді қажет етеді. Оқушы тарихи, саяси тұрғыдан да жан-жақты ұғым иесі болуы керек. Өйткені, еркін тақырыпқа ұсынылатын мәселелердің аясы өте кең: ел мен жердің тарихы, айрықша саяси маңызды оқиғалар, адамзат үшін қасиетті ұғым – түсініктер (ерлік, елдік, батырлық, еңбек, достық, махаббат, Отан, ана, әке) , көркем шығарманы түсінуге баулу («Менің сүйікті кейіпкерім») т.б. Еркін тақырыптағы шығарма – тек бағдарламалық білім, ұғымдардың негізінде ғана емес, әр саладан алған жалпы білім, мәліметтер негізінде жазылған шығармашылық жұмыс. Жұмыстың орындалу барысында ой-қиял, жүйріктің тіл байлығы, тұжырым түсініктерді дәлелдей білу дағдысы өте қажет. Еркін тақырыпта шығарма жазу барысында ой ажарлы, пікір дәлелді, неғұрлым тиянақты болу үшін ақын-жазушылардың туындыларынан қажетті үзінділер, пікірлер, мақал-мәтелдерден тақырыпқа қажеттілерін таңдап алып, талғаммен пайдалана білуге үйрету қажет. Оқушы шығарма жазу үстінде шығармашылық еңбектің қуанышына кенеліп, өзінің ойын бейнелі, көркем сөзбен жеткізуге талпынады.

Оқушыларым аудандық шығармалар сайысына қатысып, шығармалары баспа бетіне жарияланып келеді. «Ұлы Жеңіс», «Отан» , «Тәуелсіздік», т.б. тақырыптарға байланысты шығармалар оқушы қиялын ұштап, болашаққа жетелейді. «Шырайлы аты елімнің қасиетінде жерімнің» атты аудандық шығармалар сайысында 10-сынып оқушысы Сарыбаева Перизат І орынға, «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша Шамен Дамелінің шығармасы жүлделі орынға ие болып, «Тайынша таңы» газетінде жарияланды. 7-сынып оқушысы Сейілбек Ақнұр «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» байланысты аудандық шығармалар сайысына қатысты.

Әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындалардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. «Пьеса-драма, комедия – әдебиеттің ең қиын формасы» ,- дейді М.Горький. Авторлық ой, мақсат, көзқарас бұл шығармаларда көмескі жатады. Ол әр кейіпкер сөзі, іс-әрекетінде өмір сүреді де, оқырман, көрерменнен ерекше ықылас қойып, мұқият тыңдауды, көруді, ойлауды талап етеді. Драмалық шығармаларда оқиға оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдырады. Драмада қаһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, іс-әрекет, қимыл арқылы көрінеді. Драмада тағы бір ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір желі, бір арнада өрбіп, дамиды. Оқушыларға өтілгелі отырған драмалық шығармаларды алдын ала оқыту керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер туралы әңгімелеу, туынды туралы әдебиетшілер пікірі жазылған көрнекіліктерді пайдалану тиімді. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады. Драмалық шығармаларды оқытуда белгілі әдіскер Қанипа Бітібаеваның әдіс-тәсілдерін сабағымда қолданамын. Оқушыларым облыс, аудан көлемінде өтілетін көркемсөз оқу шеберлерінің байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Драмалық шығармаларды сахнада орындау шеберлігімен көзге түсіп, мына оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

  • 2011-2012 оқу жылында көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауында Серік Мадина ІІІ орын алды;

  • 2013-2014 оқу жылында Сарыбай Нұрғиса облыстық байқауда ІІІ орын алды;

  • 2015-2016 «Әдебиет әлемі» облыстық байқауда 9-сынып оқушысы Қуанышев Сайран мен 8-сынып оқушысы Сейілбек Ақнұр Оралхан Бөкейдің драмалық шығармасы бойынша қатысып, 1-ші орынға ие болды.

Оқушылардың жетістіктерін тек қана олимпиадалар мен байқаулардан ғана емес, сонымен қатар, ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерінен де көруге болады.

Мектептен кеткен түлектер ұшқыр ойымен, көркем сөздермен тіл байлығын жетілдірген қанаты қатайған құс тәріздес биік шыңдарға жетеді.

Қорытындысында айтарым: оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін өзіміз жұмысымызға салғырт қарамай, сын көзбен қарап, алдымызға «балалар – елдің болашағы» деген мақсат қойып, жұмыс жасауымыз керек.









4



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ушыларды? шы?армашылы? де?гейін дамыту

Автор: Балтагереева Марал Нурлановна

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283252


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства