2-ж?ргізуші: Шынды?ында да М??а?али бойында?ы тамаша талантын ж?ртына арнайды. Е? бірінші ба?ытым деп білген хал?ына донор секілді б?кіл к?ш-?уатын сарп етті.
Просмотр содержимого документа
«О?ырымандар конференциясы»
Күні:
Сыныбы:8,9,10.
Оқырман конференциясының тақырыбы: «Әр өлеңі – бір әлем»
Мақсаты:
М.Мақатаевтың шығармашылығынан түсінік алу. Өлеңдердің мазмұнын меңгерту, тақырыбымен идеясын ашқызу.
Оқушыларды іздендіре отырып, поэзиялық шығармаларды талдай, саралай білуге дағдыландыру, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру, ғылымилыққа баулу.
Елдік, ерлік, патриоттық рухқа тәрбиелеу. Көрнекілігі:слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
1-жүргізуші:
Болмаса егер ақиқаттан бөтені,
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы данаменен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.
2-жүргізуші:
Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындары кемде кем.
Бейне таспа көрсетіледі (Мұқағали туралы)
Ал құрметті оқушылар, бүгінгі қозғайтын мәселе кім таралы деп ойлайсыздар?
1-жүргізуші: Олай болса,Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
Бүгінгі өткізгелі отырған «Әр өлеңі – бір әлем »атты оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Шындығында да Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнайды. Ең бірінші бақытым деп білген халқына донор секілді бүкіл күш-қуатын сарп етті.
1-жүргізуші:Ендеше, өздеріңіз көріп сезіп отырғандарыңыздай бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, миллион сырлы сезімнің егесі – Мұқамедқали,Мұқағали Мақатаевқа арналады.
Мұқағали кешіне қатысатын сыныптарды ортаға шақырайық 8,9,10 қазақ сыныптары
I топ 8а сыныбы «Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай...................
II топ 9а сыныбы өмір өзегі....................
III топ 10а сыныбы Есте қалар естелік.................
Мұқағали жалғандықты, мүләйім жағымпаздықты, әдебиеттегі саудагерлікті, жалақорлықты, бәлеқорлықты жан-тәнімен жек көрген ақын. Ш.Мұртаза
Ақын Әбділдә Тәжібаев:
«Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікірпайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек» десе, Лирик ақын Тұманбай Молдағалиев: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздарының арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз» дейді.
Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады-
дей келе, сіздердің құрметтеріңізге орай әдемі ән: Есіңе мені алғайсың? Қабыл алыңыздар!!! Осымен оқырман конференциясы өз мәресіне жетті.Сау болыңыздар.