Сайыс сабақ тақырыбы: «Өнегелі – отбасы, өнер – басы»
Мақсаты: * Ата-аналармен мектеп, мұғалім арасында байланысын нығайту. *Ата-аналар ортасында ұйымшылдық, ізденім-паздық пен тығыз қарым-қатынас орнату
*Ата-анамен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Өзара көмекке, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, түсіністікке тәрбиелеу. Баланың қызығушылығын арттыру, ойын дамытып, адами қасиеттерге баулу. Кіріспе. Қайырлы күн құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! «Ата-ана – бәйтерек, бала-жапырақ» деген қазақта дана сөз бар. Бәйтерек өз тамырынан қоректі заттар алып, оны жапырақтарына береді. Жақсы ата – анада бәйтерек сияқты. Отбасында бала не көріп, не істесе, соны бойына сіңіреді. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - өз отбасы. Бүгінгісынып ата-аналарын біріктіріп сайыс өткізуіміздің басты мақсаты – ата-ана – мектеп-оқушы болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. Ендеше « Өнегелі – отбасы, өнер – басы» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Ұйымдастыру:
Ата-аналар сайысатын күн бүгін, Сәті түсіп, жеңеді екен кімді кім? Ең алғашқы сайыс шарты бойынша, Ата-аналар таныстырсын өздерін – деп сөз кезегін өздеріңізге береміз.
1. Аджаров Исламбектің әкесі – Аджаров Батырбек
2. Айтқали Сүндеттің әжесі – Абуова Гүлшара апа
3. Каниева Нұржанаттың анасы - Бухарбаева Жансулу
4. Оразтай Құралайдың анасы - Жантлеуова Акнур
Жүргізуші: Әділ қазы мүшелері армысыздар, Қош келіпсіз есен – сау бармысыздар, Сіздерге үміт артқан отбасыға, Әділдік пен төрелік айтыңыздар! Олай болса сіздерді шоуымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І тур. Ой жалғау. ІІ тур. Көп сөйлеме.
ІІІ тур. Ұшқыр ой.
ІҮ тур. Ойла, бірақ қателес пе! - деп аталады. Сіздерге сәттілік тілейміз.
Жүргізуші:
Шебер болсақ, тіл байып Шешендіктер бір ғайып Мақал-мәтел қайталап, Тілімізді шыңдайық - дей келе алғашқы «Ой жалғау» бөлімін бастаймыз.
Ойынның шарты кезектесіп әр топтан 1 ойыншыдан шығып, өздеріне берілген мақалды мақалға сәйкес сурет салып өз тобына түсіндіреді. Топ мүшелері мақалды айтуы тиіс. Егер мақалды тура таба алса онда топқа 1 ұпай қосылады.
Мақалды суретпен түсіндіру.
Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақ жаулық.
Айтылған сөз, атылған оқпен тең
Бөтен жердің гүлінен
Туған жердің тікені артық.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Әке көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Жеті рет өлшеп бір рет кес.
Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз
Бәрекелді ата-аналар, жарайсыздар. Енді ойынның нәтижесін білейік.
ІІ тур. Көп сөйлеме! Бұл ойынның шартымен таныстыратын болсам, аты айтып тұрғанындай сөйлемейміз. Әр ойыншы 1 минут ішінде ым-ишара, қимылмен берілген сөзді тобымызға түсіндіреміз. Қанша сөз түсіндірсеңіз сорнша ұпай жинай аласыздар, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
ІІ тур нәтижесіне кезек береміз.
ІІІ тур.
Өзінің алғырлығын ұғындырып, Көрсетер көп іздеген мығым қылық, Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәйгеге қырағылық — деп, сайысымыздың
«Ұшқыр ой» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде / ноушниктен тыңдалған әнді топ мүшелеріне түсіндіру. /
ІҮ тур. Ойла, бірақ қателес пе! Анаграмма «А» және Анаграмма «Р» екі топқа 3 минутта орындауға беріледі.
Анаграмма «А»
А
А
А
А
А
А
А
А
А
А
1.Түс атауы
2.Туыстық атауы
3. Киелі құс
4. Қымбат металл
5. Қазақстандағы облыс орталығы
6. Батырлар жырының кейіпкері
7. «Туған жер» сөзінің синонимі
8. Жазушы Жүсіпбек ....
9. Материк
10. Абзал достардың әнұранына айналған ән.
Анаграмма «Р»
Р
Р
Р
Р
Р
Р
Р
Р
Нота
«Түс» сөзінің синонимі
Спортшылар шығады....
Жер көлемі бойынша 1 – орында тұрған мемлекет
Махаббат гүлі
Қасиетті ай
Рейхстанда ту тіккен қазақ. ...
«Мемлекет» сөзінің синонимі
Қорытынды:
Ата-аналардың тілегі, Адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі, Адал болып өскенің - деген өлең жолдарымен сайысты аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың төрт бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша «Жүректен- жүрекке» шеңберіне тұрайық.