kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орыс хал?ыны? ?лтты? салт – д?ст?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

жалпы орта мектепті? 5 сынып о?ушыларына арнал?ан т?рбие са?аты жоспары. О?ушылар?а орыс хал?ыны? салт-д?ст?рі мен ?дет-??рпыны? т?рбиелік м?нін ??ындыру, о?ушыларды? бойына адамгершілік, имандылы? ?асиеттерін ?алыптастыру, осы халы?ты? м?дениетімен, ?лтты? ойындары туралы т?сініктерін ке?ейту. Орыс хал?ыны? ?лтты? киім ?лгісімен таныстырып, ?лтты? та?амдарыны? т?рлерімен таныстыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орыс хал?ыны? ?лтты? салт – д?ст?рлері»

Тақырыбы: «Орыс халқының ұлттық салт – дәстүрлері»

Мақсаты: Оқушыларға орыс халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, осы халықтың мәдениетімен, ұлттық ойындары туралы түсініктерін кеңейту. Орыс халқының ұлттық киім үлгісімен таныстырып, ұлттық тағамдарының түрлерімен таныстыру.

Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, матрешкалар.


Кіріспе:

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Биылғы жыл міне Қазақстан Халықтар Ассамблеясының құрылуына 20 жыл толуына орай көптеген мәдени іс – шаралар еліміздің барлық түкпірінде атап өтілуде. Бүгін осы мерекені атап өту мақсатында 5 ә сыныбы дайындаған «Орыс халқының ұлттық салт - дәстүрлері» атта ашық тәрбие сағатына Қош келдіңіздер!

Бір тудың астында бір үйдің бауырларындай күн кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің бірі – орыс халқы. Атадан балаға жалғасып отырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарын, зерттеп қарасақ, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұқсастықтарын айқын байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде жергілікті халықтың тұрғындармен етене сіңісіп, өз дәстүрін сақтай отырып, өзгенің мәдениетін бойына дарыта білгендігінде. Өзге елде тұрып, өз жауһарларының бірі салт-дәстүрі, тілі болсын, әлгі күнге дейін өшірмей мәңгілік ұрпаққа мұра етіп келеді. Бізбен біте қайнаса тіршілік етіп жатқан орыс халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына тоқталмас бұрын, осы халықтың ұлттық биін дайындап келген қыздарымызды қарсы алыңыздар.

Би: қыздар тобы

 Негізгі бөлім:

1-оқушы: Орыс халқында ерекше саналатын салт-дәстүрлердің бірі – ыдыс шағу ырымы.  Бұл дәстүр адам өміріндегі өзгерістерге байланысты орын алады. Мысалы, адам дүниеге келгенде, үйлену тойында орыс халқының наным – сенімі бойынша ыдыс аяқты сындырған. Сәби дүниеге келген уақытта арнайы шыны ыдыста күріштен немесе бидайдан ботқа пісіріледі. Қонақтар тамақ ішіп болған соң, дастарханға осы дәм әкелінеді. Кімде-кім ыдысқа көп ақша салса, сол адам ыдысты сындыру құрметіне ие болады. Шыны ыдыс сынған уақытта ішіндегі ботқа сол қалпында, яғни шашылмаған күйінде тұруы қажет. Бұл дәстүр отбасы бақытқа, ырысқа, байлыққа кенеледі деген мағынаны береді. Алғашқы болып астан жас босанған ана дәм татады. Егер ас келген қонақтардан артылып жатса, үй иесі қалған ботқаны малдарына, одан қалса бақшаларына шашады.

2-оқушы: Сол сияқты сәби дүниеге келгенде, оны аспалы  немесе ағаш бесікке салып оны үш рет темір пышақпен аластайды. Егер ер бала болса, пышақ, ал қыз бала болса жастығының астына қайшы қояды. Бұл дәстүрді баланы бәле-жаладан, тіл-көзден аман болсын деп жасайды.

3-оқушы: Үйлену тойында ыдыс сындыру салтының мағынасы, жас келін босағаны аттағаннан кейін, той күннің ертеңіне қайын енесі өзінің қымбат бір ыдысын сындырады. Ыдыс өте майда бөлшектерге бөлініп, ұнтақталып шағылуы тиіс. Бұл дәстүр бас қосып жатқан екі жастың өмірі молшылық пен байлыққа толы болсын деген мағынаны білдіреді.

4-оқушы: Жаңа үйге қоныс тепкенде, үй тұрғызғанда да орындалатын өзіндік дәстүрлері бар. Мысалы, жаңа үйге кіргенде аулаға әтешті жібереді. Бұл дәстүр әтешсіз аулада мал болмайды, болған күнде де сиырдың сүті сұйық болады дегенді білдіреді. Орыстардың өзге халықтан ерекшелігі ырым-тыйымға қатты сенгіш келеді. Ескі үйден жаңа үйге қоныс аударғанда, ескі үйдің жанып тұрған отын немесе күлін ала барған. Бұл түтініміз сөнбесін, өміріміз ұзақ болсын деген мағынаны береді.

Жүргізуші: міне, орыс халқының біраз ырым – тыйымдарымен таныс болдық, енді біздің қыздарымыз сіздерге осы халықтың әнін шырқап берсін. Қыздарды қарсы алыңыздар.

Халық әні: Мөлдір мен Айгерім

5-оқушы: Орыс халқының ұлттық киімімен танысамыз. Орыс халқының ұлттық киімі өздерінің әдет-ғұрпына, тұрмыс-салтына, мінез-құлықтарына, табиғатына байланысты болған. Және де қажетіне қарай күнделікті, мерекелік, ұзату, үйлену тойына, кісі қайтыс болғанда, жастарына қарай, әлеуметтік жағдайына байланысты киетін киімдері әртүрлі болған. Әрине, ондай кездерде оның пішімін, сыртқы көрінісін өзгертпеген. Түрін, кестелерін, оюларын, моншақтарын өзгерткен. Қызыл матадан тігілген киім ең әдемі деп саналған. Қызыл (красный), әдемі (красивый) деген сөздер бірдей мағына берген. Киев Русінде тұратын шаруаның күнделікті киімі кенептен тігілген жейдеден және шалбардан тұрған. Сыртқы киім ретінде қолдан тоқылған мауыттан шекпен, оның алды сол жағына қарай түймемен немесе ілгекпен қаусырылады. Ежелгі орыстың ұлттық киімдеріне қосымша міндетті түрде қолғап және қап болған. Оны белдігіне байлап қойған. Орыс жауынгерлері киімнің үстінен жеңі қысқа сауыт киген. Әйелдің ұлттық киімдерінің негізіне көйлек, алжапқыш, пердеше, жеңсіз көйлек, белдемше, көкірекше жатады. Қыздар ұзын шашын бос жіберіп, немесе өріп қойған. Шаштарын жібек, кестелі лентамен немесе ағаш, не теріден жасалынған алдыңғы жағы тісті шеңбермен (тарақпен) жинап қойған.

Жүргізуші: олай болса осы ұлттың киім үлгісіне назар аударайық. (қыз баланың киім үлгісі көрсетіледі)

6-оқушы: Балалайка – 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш. Треугольник – үшбұрышты ұрмалы аспап.
Бубен – ұрмалы, сылдырмақ аспап. Трещетка – ағаштан жасалған ұрмалы аспап. Свирель – сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап. Маракастар – ұрмалы, қасық аспаптар. Баян — орыс халқының музыкалық аспабы. Төрт қатарлы гармонның 1907 жылы П. Е.Стерлигов жетілдірген түріне баян деген атау берілді. Аспаптың оң жақ клавиатурасында 5-6 қатар түймелерден түзілген, диапазоны 4-5 октаваны қамтитын дыбыстық қатар, ал оң жағында 3-5 қатар түймелерден тұратын, 3-4 октаваны қамтитын дыбыстық қатар және дайын аккордтық сүйемелдер бар. Баян жеке орындауда, сонымен қатар ансамбль, оркестрлерде де пайдаланылады. Ол музыкалық ұжымдардың, көркемөнерпаздар үйірмелерінің, сондай-ақ, көпшілік халықтың арасында да кең таралған.

Жүргізуші: өте жақсы, кезекте тағы бір биді ұсынамыз. Қарсы алайық.

7-оқушы: Біздің барлығымызға көп таныс орыс халқының ойыншығы, бұл – матрешкалар. Олар ағаштан жасалатын ұлттық ойыншықтары болып санады. Ол әдетте жұмыртқа тәрізді сопақша болып келеді. Сыртын қыздың бейнесіндей етіп бояйды. Әдемі сарафан және басына әдемі орамалдың суреті салынады. Матрешкалар бірнешеу болады. Олардың саны үштен жоғары болып, көлемі бірінен – бірі кіші болып жасалады.

Жүргізуші: жақсы, ойыншқтарымен де танысып өтейік, көбіне ойналатын ойындар, бұлар: «Молчалка», «Третий лишний», «Кошки-мышки», «Море волнуется раз...» және тағыда көптеген ойындарын атап кетуге болады. Ендеше қазір ойын ойнауға шақырамын.

Ойын: «Игра слов». Ойынға 5 оқушы қатысады. Жүргізуші бір сөзді атайды оқушы сол сөздің соңғы әріпінен басталатын сөзді атайды, осылайша кезекпен жалғаса береді. Мысалы: машина – апельсин – небо – озеро.

8-оқушы: Орыс асханасының тағамдары арнайы мейрам, дәстүрлермен және ырымдармен байланысты. Мәселен, Масленица күнінде үй иесі сізді құймақпен сыйлайды. Пасха мейрамында орыстар кулич пісіреді және тауық жұмыртқасын бояйды. Жаңа жыл мейрамында "оливье" салатын дайында дәстүрге айналған. Орыстардың құрметті қонақтарын нан мен тұз беріп қарсы алу дәстүрін бүкіл дүние жүзі біледі. Ежелгі орыст халқында нан мен тұз қонақ күтудегі ең қымбаты болған. Сонымен қарат орыс халқының сүйікті тағамдары ботқа, құймақ және борщ сорпасы болып саналады. Және де кесек нан, куличтер, баранки, кептірілген нан, тоқаш, крендель, қалаш, пряник, пышка, кітірлек нан тәрізді де нан өнімдерінің дәмі орыс асханасында ерекше болады.

Жүргізуші: Орыс халқының өзіндік мерекелері де жетерлік, солардың ішінде біразына тоқталып өтсек. Пасха- мәсіхшілік діні бойынша Христостың қайта тірілуінің нұрлы мейрамы- христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы, Христостың өліп, қайта тірілуінің құрметіне тойланады. Христиан діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбардың «Христос» деген лауазымы бар, ол Құтқарушы және Құдайдың Ұлы. Масленица деген- христиан дінінің өте ұлы мерекесі (мұсылмандардың ораза ұстағаны сияқты).Бұл мереке қыстың соңғы күндерінде аталып өтеді. Бұл мерекеде ет тағамдарын жеуге болмайды! Тек сүт тағамдарын қолдану керек. Масленица - ойын,күлкі, тойып тамақ жеу мерекесі. Және бұл мерекені қызықсыз өткізген адамның 1жылы солай өтеді. Ең басты қызығы ол-блины! Блины олар үшін күннің символы болып табылады. Себебі ол күн секілді дөңгелек әрі ыстық! Оны пісірілген жерінен ұаймақпен, йогуртпен, тәтті, ащы түрінде жеуге болады. Ал кешке бәрі жиналып өлең айтып, көңіл -күй көтереді. Көктемнен жазға өту Тройца мерекесімен белгілі болған. Қыздар ағаш бұтақтарын және гүлден жасалған тәждер әкеліп, алау жағып, өлең айтып, су шашып жастар сауық құрған. Көптеген мерекелерге байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылған.

Қорытынды бөлім.

Жүргізуші: олай болса, құрметті қонақтар, 5ә сыныбының дайындаған «орыс халқының салт – дәстүрлері» атты ашық тәрбие сағаты осымен аяқталды, назар аударып тыңдағандарыңызға Рахмет! Орыс асханасына дәм татуға шақырамыз!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Орыс хал?ыны? ?лтты? салт – д?ст?рлері

Автор: Имашева Маржан Оралкановна

Дата: 02.12.2015

Номер свидетельства: 260845


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства