Просмотр содержимого документа
«"Отан-оттан да ысты?" т?рбие са?аты»
Отан – оттан да қымбат
4 сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты:
Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Мультимедиада дайындалған слайдтар: ата заң туралы мәліметтер, Видиофильм «Қазақстанның гүлденуі» Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған слайдттар.
Сабақтың түрі:әңгіме, сұрақ-жауап, жұппен, топпен жұмыс, әдеби монтаж. Сабақтың барысы: Экранда слайдпен сабақтың тақырыбы көрсетіледі. ( Слайд)
Мұғалім:Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Қазақстаным – менің болашағым!».
Әнұран (мультимедиялық көрініс – Менің Қазақстаным!)
Мұғалім:Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Экранда «Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі.(Слайд)
Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың қағазға жазыңдар.(2мин.). Енді көрші отырған балалар бір-біріңмен ойларыңмен алмасыңдар.(1мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).
Мұғалім«Отан деген не» екенін түсінік ағашының көмегімен оқушылардың ойын қорытындылайды.
Экранда Қазақстанның картасы көрсетіледі.(Слайд)
Мұғалім:Ендеше балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.
Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев қай жылы сайланды?
Еліміз тәуелсіздігін қашан жариялады?
Қашан Қ.Р. Туы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қ.Р.заңына қол қойылды.
Қ.Р. Ата заңы қашан қабылданды?
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп береді?
Экранда мультимедиялық бейнефильм «Қазақ елі туралы» көрсетіліп тұрады. Оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат беріп өтеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
Мұғалім:Енді әр топ оқушыларына «Менің Қазақстаным – менің болашағым» тақырыбында дайындаған жобаларын қорғау ұсынылады.
Мұғалім:Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:
Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен- Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ Ол бірақ, өз үйіңнен басталады