kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы ж?не мектеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы к?ніне орай ?ткізілген т?рбие са?аты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы ж?не мектеп»



Тақырыбы: «Отбасы және мен»

Мақсаты:1. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың суреттері, отбасы туралы мақал - мәтелдер, нақыл сөздер,шарлар.
Сабақтың тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, пікір алысу.
Ұйымдастырылуы: түрлі –түсті шарлармен, ленталармен безендірілген.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Алғы сөз 
1. Әке – шеше туралы ән тыңдау . Оқушылар шаңырақты жағалай тұрып «шаттық шеңберін» құрайды. 3 мин
2. Сұрақ – жауап арқылы тақырыпты ашып, мақсатымен таныстыру 
ІІ. Негізгі бөлім
Кіріспе сөз 
Музыкалық нөмір «Күй»орындау
Қорытынды
Хор «Әрқашан күн сөнбесін»
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Алғы сөз: -Сәлеметсіздер ме, Құрметті ата-аналар мен ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз, 2«Б» сынып оқушылары сіздермен отбасы мен мектеп тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Отбасы және мектеп» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер! – Оқушыларды ортаға шаттық шеңберін құруға шақыру.
2.Музыка ойналады. Оқушылар шаңырақты жағалай тұрып, қол ұстасып, «шаттық шеңберін» құрайды.

(Отбасының гүліміз,Көңілді өтер күніміз.Қайырлы таң деп айтамыз,Сабақта бірге болып қайтамыз.)
3.Орындарына отырып, «Әке - шеше» әні тыңдалады.( Сұрақ – жауап арқылы тақырыпты ашып, мақсатымен таныстыру)

- Бұл ән кімдер туралы? -Әке, шеше дегеніміз кімдер?-Олар нені құрайды? –Олардың өмірде алатын орындары қандай? 
- Ендеше, балалар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы отбасы жайлы болмақ. Ендігі сөз кезегін оқушыларға берейік.
ІІ. Негізгі бөлім

Бүгінгі таңда ата-ана мен ұстаз арасындағы ортақ мәселе - бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ана-ана үшін бала өмірі жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, ұстаз үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.
Мемлекеттің ішінде тағы бір мемлекет бар. Ол - жанұя, отбасы мемлекеті. Отбасы – әр адам үшін баға жетпес байлық,саны жетпес құндылық, әр отбасы өзінше бір шағын ел. Олардың да өзіндік отбасылық, заңы, ұстанымы, тәрбиесі,шешімдері және ең бастысы әрекеттері болады.
«Менің отбасым» атты эссе оқу

  1. Кім жылдам?(Жұмбақ жасыру)
    Маған да, саған да,
    Жақын туыс - бес адам.
    Үш әріптен тұратын
    Оңға оқы, солға оқы.
    Өзгермейді еш одан
    Бәрі де өз жұратың,
    Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)

    Айтары мол ғұлама,
    Көп жасаған бұл адам.
    Әкесі ол әкеңнің
    Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)

    Бала, бала, бала деп,
    Түнде шошып оянған;
    Түн ұйқысын төрт бөліп,
    Түнде бесік таянған. (ана)



Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)

«Сөз – атасы мақал »
Шарты: «Сыңарын тап» тапсырмасы - берілген сандардың ішінен өзіңе ұнағанын таңдап,мақал жалғасын айту. 
Әдепті бала - ата –анасын мақтатар, 
Әдепсіз бала – ата- анасын қақсатар. 

Ана сүтін ақтамағанды ,
Ешкім мақтамайды

Үйінде ұл –қызы бардың, 
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.


Шамның жарығы түбіне түспес,
Жақсының қадірі жақынына білінбес

Жаманнан жақсы туады, 
Адам айтса нанғысыз
Жақсыдан жаман туады , 
Бір аяқ асқа алғысыз

Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің, 
Ата –ананың қадірін балалы болғанда білерсің. 

Қайсысы епті, қайсысы мықты,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кімдер жылдам,
Таланттарын табайық деп, көрермендермен ойын: «Сен білесің бе?»
Шарты: Нөмірленген гүл түрлерін таңдап, сұраққа жауап беру.

Анаңның бауырлары әкеңе кім болады? Балдыз
Екі қыздың балалары бір – біріне кім болады ? Бөлелер
Жеті атаны ата: Ата ,Әке,Бала, Немере, шөбере, шөпшек ,немене 
Анаңның туыстары саған кім болады ? Нағашы
Ағамның әйелі маған ..... Жеңге 
Тұрмыстағы апамның баласы маған ... Жиен 

Қайыртас Ыбырайымның орындауында «Балбырауын» күйі
Қорытынды: 

Әкем, шешем және мен,
Тату-тәтті тұрамыз.
Сыйластықпен, махаббатпен,
Сауық-сайран құрамыз!
Хор «Әрқашан күн сөнбесін»
Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасы ж?не мектеп

Автор: Ешмаганбетова Мадина Аскаровна

Дата: 17.09.2016

Номер свидетельства: 344197


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства