Жасөспірімдердің бойында өмірге деген позитивтік қөзқарас қалыптастыру, өз болашағына деген жауапкершілік сезімін ұялату, жан-жағындағы адамдарға адамгершілік пен мейірімділік сипатындағы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Өз бақытың- өз қолыңда!"»
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Өз бақытың- өз қолыңда!"
Сыныбы: 9-10 сыныптар
Мақсаты: Жасөспірімдердің бойында өмірге деген позитивтік қөзқарас қалыптастыру, өз болашағына деген жауапкершілік сезімін ұялату, жан-жағындағы адамдарға адамгершілік пен мейірімділік сипатындағы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Өткізілу формасы: Ой толғау
(сайыс элементтерімен)
Қолданылатын пед. технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау,проблемалық оқыту
Тәрбие сағатының көрнекіліктері : Суреттер,таратпа материалдар
Жабдықталуы: интерактивтік тақта
Құрылымы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Кіріспе әңгіме
3.Негізгі бөлім:
а.Бейнебаян көрсету
ә.Сұрақтарға жауап беру арқылы талдау.
4.Бекіту «Тақырыпты анықтау»
5. Қорытынды
6. Рефлексия «Телеграмма»
Барысы:
/Білімді өзектендіру/
Сәлеметсіздерме балалар!
Бүгінгі тәрбие сағатымызды келесі сұрақтардан бастаймыз:
-Тәрбие дегеніміз не?
-тәрбие сағаттарын не үшін өткіземіз?
/Балалардың жауабынан кейін/
-Біздің өміріміздегі мақсатымыз қандай?
/Бірнеше бала жауап бергеннен кейін/
-Көп адамдар бұл сұраққа : "Өмірден өз орнымды табу","Үлкен жетістіктерге жету ","Бақытты болу"деп жауап береді екен
-өзін бақыттымын дегендеріңіз қол көтеріңіздерші!
-өте жақсы, менде өзімді бақыттымын деп санаймын!
-«Бақыт дегеніміз не?» - деген сұрақ туындайды
Өмірдің мәні туралы айтқанда,біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол-бақыт ұғымы. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті.
Әркім бұл сұраққа өзінше жауап береді, кейбір адамдар үнемі өзін бақытсыз сезінеді, жетістікке жетуге талпынбайды, үнемі біреуді кінәләйді екен, «мен бақытты болар едім егер менде ...... анау болса ... мынау болса»-деп үнемі өзінде жоқ дүниелерді айтып шағына береді екен, кейбір кезде осындай көзқарас әркімде де болып қалады.Ендеше назарымызды мына бейнебаянға аударайық.
Бейнебаян көрсету, талдау.
Казір сіздермен бір бейнебаян тамашалаймыз (Цирк Баттерфляй –бейнебаяны қосылады)
Бейнебанның ортасында үзіліс жасалып сұрақтар қойылды:
-Қалай ойлайсыңдар Уилл қайда кетті?
-Сіздің ойыңызша ол енді не істеу керек?
(Балалар өз пікірлерін айтқаннан кейін бейнебаян жалғастырылады)
Бейнебанның ортасында үзіліс жасалып сұрақтар қойылды:
-Мендез қойған сұраққа сендер жауап беріңдерші?
-Неге кейбір адамдар осындай қатыгез болады?
(Балалардың ой толғауыннан кейін бейнебаян жалғастырылады)
Бейнебаян соңында сұрақтар қойылады:
-Бұл фильм сіздерге ұнады ма?
-Фильмнің негізгі идеясы қандай?
-Бұл циркте Уилл өз орныны тапты,ал Мендез бақытты адам ба?
-Мендездің бақыты неде?
(Оқушылардың ой толғауы )
Бақыт туралы ой қозғаған даналардың барлығы бақытты еңбекпен байланыстырады. "Балаңыздың бақытты болуын қаласаңыз,оған еңбек етуді үйретіңіз"-дейді ұстаздар даналығы. Адамның өзі таңдаған кәсіппен айналысуы, кәсіби деңгейдің шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның жемісін көруі,осы жолда өзін-өзі тәрбиелеп жетілдіруі, өз қабілеттерін жүзеге асыруы Бұлардың барлығы жеке адамға қатысты.Кейбір адамдар, бейнебаянда айтылғандай, бақытты басқалардың бақытын көруден де табады екен.Осындай адамдар қатарына біздің ұстаздарымызды да жатқызуға болады.
Сонымен бақыт дегеніміз:
(Оқушылардың жауаптары)
-Басты байлық-денсаулық!
-Жаныңда жақсы адамдардың,шынайы достарыңның болуы;
-Адал еңбек ету, жемісін көру;
-Мұқтаж адамдарға қайырымды болу, көмек беру;
-Ата-анаңның үмітін ақтау, оларға болашақта тірек болу;
-Өзіңде барына қанағат ету, жетістігіңе қуану;
-Басқа адамдарға қуаныш сыйлау;
-Өмірден өз орныңды табу,өзің сүйген кәсіппен айналысу;
Енді балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтап көрейік!
Барлығыңызға парақшалар таратылады, тәрбие сағатына қандай тақырып лайық деп ойлайсыздар соны анықтап жазыңдар. Кімнің тақырыбы көпшілікпен құпталса сол тақырыпты таңдаймыз!
Сонымен, бақыт мұраттың сезімдік – эмоциалық көрінісі. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты болып келеді екен.Өмірімізде бар жақсылықтарды бағалай білу,қоршаған ортаға мейіріммен,сүйіспеншілікпен қарау бақытты болудың кілті.Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның әр мүшесі бақытынан құралады.Сондықтан өзіміздің бақытты болуымызды ғана емес, басқа да адамдарға көмек жасауды, қуаныш сыйлауды да ұмытпауымыз керек.
Рефлексия:
"Жедел хат"әдісінің тәртібі бойынша барлығына ұсақ парақшалар таратылады,оларға бүгін сабаққа келмей қалған оқушыларға тәрбие сағатында не өткеніміз туралы ойымызды түйіндеп жедел хат жазамыз.