kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зге тілді? б?рін біл, ?з тілі?ді ??рметте П?НДІК ІС ШАРА

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Студенттерді?  тілге деген ?ызы?ушылы?ын ояту,мемлекеттік тілді? ?олдану аясын ке?ейту, м?дениетін к?теру,с?здерді орынды ?олдана білуге  ж?не ?ш тіл т??ырын ба?ытында т?рбиелеу.

К?рнекіліктер: слайд, на?ыл с?здер,?лы ойшылдарды? тіл туралы  бірнеше айт?ан с?здері берілген
1. «Ана тілін ??рметтемеу – ?зін-?зі сыйламау деген с?з. Жастар м?ны ?атты ескеру керек». ?абит М?сірепов.
2. «Тілді ме?геру ?шін о?ан ?зі?ні? ж?регі?ді ашуы? керек». Н?рс?лтан Назарбаев
3. «Тіл – ойлау ??ралы. Тілге ?алай болса, солай ?арау деген – ?алай болса, солай ойлау деген с?з».Л. Толстой.

?тізілетін орны: кітапхана
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зге тілді? б?рін біл, ?з тілі?ді ??рметте П?НДІК ІС ШАРА »



















ПӘНДІК ІС ШАРА



«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша

Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»







Құрастырған: Айдарханова Н.А.



















АЛМАТЫ 2013



Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Мақсаты: Студенттердің тілге деген қызығушылығын ояту,мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру,сөздерді орынды қолдана білуге және үш тіл тұғырын бағытында тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, нақыл сөздер,ұлы ойшылдардың тіл туралы бірнеше айтқан сөздері берілген
1. «Ана тілін құрметтемеу – өзін-өзі сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек». Ғабит Мүсірепов.
2. «Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек». Нұрсұлтан Назарбаев
3. «Тіл – ойлау құралы. Тілге қалай болса, солай қарау деген – қалай болса, солай ойлау деген сөз».Л. Толстой.

Өтізілетін орны: кітапхана


Барысы:
І. Ұйымдастыру. ( топқа бөлу )
ІІ. Негізгі бөлім (турлар бойынша)
ІІІ. Қорытынды. Студенттерді марапаттау.
Кіріспе сөз.
Армысыздар, құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сайысымызға қош келіпсіздер. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі құри бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін – не бардың!
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!- деп ақын Мағжан Жұмабаев жырлап кеткендей осында отырған барлығымыздың сонау атадан балаға мұра болып келе жатқан өз ана тілдері бар екендігі баршамызға аян. Олай болса бүгінгі өткізіліп отырған іс-шарамыз сол
қасиетті тілге арналмақ

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

«Бір тілді білген – бір адам, екі тілді білген – екі адам. Ана тіліңді біл, орыс тілін де және басқа тілдерді де біл, игер. Көп тілді меңгеру – мәдениеттіліктің белгісі, ғылым биігіне көтерілудің жолы, азаматтық саналылықтың, естіліктің, парасаттылықтың белгісі» деген
сөзді басшылыққа ала отырып, бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтер болсақ сайысымыз УІІ турдан тұрады:
І. Сәлемдесу. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
ІІ. «Сөз қаруы - ой». Сурет бойынша әңгіме құрастыру (қазақ тілінде және орыс,ағылшын тілдеріне аударма жасау)
ІІІ. «Қанат қақты». Капитандар сайысы.
ІУ. « Тапқырлар». Жұмбақ сайысы. (шешу үш тілде айту)
У. «Сен білесің бе?» Қазақ халқының ұлттық тағамдары мен ұлттық салт-дәстүрлері туралы айту.
УІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (ауызекі сөйлеу тілін дамытуға арналған сұрақтар)
Енді сіздерді «тура биде туған жоқ» демекші бүгінгі біздің кешіміздің әділдігін сараптап отыратын әділқазылар алқасымен таныстырып өтер болсақ.

1.

2.

3.

4.

Бүгінгі сайысымызды бағалау «5» баллдық жүйе арқылы болатындығын ескерте кеткім келеді.

І тур «Сәлемдесу».
«Сәлем сөздің атасы» демекші адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін – бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)

1 топ -------------------- 2 топ --------------------- 3 топ --------------------- 4 топ ---------------------
ІІ тур. «Сөз қаруы - ой».
Орыс тілін түсінемін, білемін,
Шет тілін де жаттап оқып жүремін.
Ата – бабам қастерлеген жанындай,
Ана тілім – менің нағыз жүрегім.

Әрбір топ берілген сурет бойынша әңгіме құрастырады, сайыстың шарты бойынша орыс тілінде.
ІІІ тур. «Қанат қақты». Капитандар сайысы. Тіл,халық, Отан тақырыбында кім көп мақал біледі?
Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім – болмаса

Мықты болмас тұрағым.

 

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім – болмаса

Бүтінделмес кемдігім.


ІV.« Тапқырлар». Жұмбақ сайысы. (шешуін үш тілде айту)
Тағдырым, даралама тілден мені,

Тіл – елмен қауыштырар іргемдегі.

Тіл – елмен табыстырар алыстағы,

Аспандатар жердегі жүрген мені.


V. «Сен білесің бе?» Қазақ халқының ұлттық тағамдары мен ұлттық салт-дәстүрлері туралы айту.

Сол тілменен дүниені аттадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Біздің Республикамызда мәуелі бақтай жемісін шашқан жүз отыздан аса әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар бес саусақтың саласындай, бір адамның баласындай бір – бірімен тату – тәтті ғұмыр кешуде. Біз қандас болмасақ та жандаспыз. Сондықтанда біз әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары мен ұлттық салт-дәстүрлерін білуге тиіспіз. Келесі турымыз осы сөзіміздің дәлелі болмақ.


VІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (ауызекі сөйлеу тілін дамытуға арналған сұрақтар)



Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,

Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.

Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,

Талайлардың көз жастарын құрғаттым.

 

Сол тілменен аспан көрдім, жер көрдім

Сол тілменен көгершінге жем бердім.

Сол тілменен дүниеден кетемін,

Сол тілменен дүниеге мен келдім.



Тілім тірі, тірі дербес күн кешпек,
Аты тұрып қалай артқа мінгеспек?!
Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет,
Бас кессе де, жоқ емес пе тіл кеспек.

Қосымша ұпай жинау үшін «көрермендерге базарлық» сайысымызды қосып отырмыз мақалды, жалғасын табыңыздар

Қорытынды
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?зге тілді? б?рін біл, ?з тілі?ді ??рметте П?НДІК ІС ШАРА

Автор: Айдарханова Нуршат Абдыкадыркызы

Дата: 25.01.2015

Номер свидетельства: 161233


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства