Просмотр содержимого документа
«Президент к?ніне арнал?ан сценарий »
Мақсаты :1.Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы
терең мағлұмат беру
2. Елбасының өмірін , еңбек жолын үлгі- өнеге отырып елжандылыққа, отансүигіштілікке, азаматтыққа болу.
3. Оқушылардын білімге деген қүштарлығын артыру, жақсы оқуға талаптандыру.
Сабақтың көренекілігі: Нақыл сөздер,шарлар, ҚР Президентінің портреті.
Жүргізуші Альдина:
Құрметті қонақтар ,ұстаздар қауымы және оқушылар!
Әділетін ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты
тұтастық бірлікті ойлаған ұрпақтын саналығына мән берген арменен намысты біилік ұстаған, әлемдік денгейдегі ірі қоғам қайраткері –Егеменді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлына арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты концертімізді бастауға рұқсат етініздер!
Жүргізуші Азат:
Ұлдарым төрге шықса байрақпенен,
Басталар әнұраным айбатпенен.
Рухтың ұлағатты көзі емес пе
Әнұран- әр қазаққа қайрат берген.
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалсын
Жүргізуші Альдина:
Алғашқы сөзді ауылымыздың әкімі Жакупов Қайыртай Әблайісұлына береміз.
Келесі сөзді мектебіміздің директоры Муканов Ерболат Қайырболдыұлына береміз.
Жүргізуші Азат:
Биыл еліміз тұңғыш президент күнін 2ші рет атап өткелі отыр.Бұл-Елбасы Нұсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктері мен әлем алдыңдағы жинаған абырой –беделіне тағы бір мәрте ой жүгіртіп,қорытынды жасайтын күн.Бұл-халықтың жүрегінен,ықыласынан,шын пейілінен туған сөз.Елбасы бүгінде елдігіміздің символы,бірлігіміздің алтын арқауы,тұтастығымыздың абыройлы ел болғандығымыздың белгісі.Елбасы- елдің басы,елдіктің алтын тұғыры,ешбір лауазыммен салыстыруға келмейтін биік тұлға, ел болуды бастап берген, жаңадан тәуелсіз мемлекет орнатқан,жаңа тарих жасаушы тұлға.
Альдина:
Нұрсұлтан Назарбаев 1940жылы 6 шілдеде қарапайым еңбекшінің отбасындадүниеге келді, қазақ мектебінде оқып,орта мектепті үздік бітірді.Жастық шағында алғашында комсомол ұйымында,кейінен партия органдарында саяси және ұйымдастыру жұмыстарының әліппесімен танысты.Ерекше қабілеттілігі, жұмысшылардың өмірімен етене таныстығы,табанды еңбекқорлық –жас басшыны басқару ісінің ең ұшар шыңына шығарды.1990жылы 24 сәуірде ҚР-ның Жоғарғы кеңесі Қазақстанның президенті етіп сайлады. 1991 жылы Бүкілхалықтық дауыс беру сайлауы нәтижесінде Тәуелсіз Қзақстанның Президенті етіп сайланды.
1999ж, 2005ж, 2011жылдары Жалпыхалықтық сайлауда халық сеніміне ие болып, Президент болып қайта сайланды.
Индира: ҚР Президенті Назарбаевтың халықаралық наградалары мен сыйлықтары,академиялық және құрметтті атақтары.
Жүргізуші Азат:
Тәуелсіздік тегін келген жоқ бізге,
Гүл сияқты күтім керек оган да.
Кім нығайтса Тәуелсіздік тірегін
Сіз тоқталмай, тоқтамайды Нұраға
Ере берер артыңыздан Ұлы елің!
«Көркем өнерпаз» үйірмесінің оқушысы
Жүргізуші Альдина:
Ата деп сені ардақ тұтады ұрпағың,
Тарихтан тартым бабалар жолын жалғадың
Ерлік пен елдік мұратын ту ғып төбеңе
Болашақ қамын ,халқынның қамын жырладың
Елісммен бірге есейіп толамын
Ақылың тыңдап үлкеннің тілін аламын.
Қазақтың ұлы Назарбаевтай боламын! - деп жүрген бастауыш сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
1сынып 2 сынып 3 сынып 4сынып
Жүргізуші Альдина:
О, Астанам,астанам!
Жарқыра күндей бас қалам.
Қарыштай бер қанат қақ
Ғасырларға бас қадам.
Өзі жас,өзі бас қала, әсем қала елордасы –астана!
Ортада 5 сынып оқушылары Елбасына,Ту мен Елтаңбаға, Астанаға арнаған өлең шумақтарын жырлайды.
Жақында мектебіміздің оқушылары Қулыкөл ауылында «Ауылым алтын бесігім»атты жайдарман көңілді-тапқырлар сайысына барып , қатысып 1 орынға ие болып қайтты.