kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка на день Независимости "Біз сені с?йеміз, ма?тан т?тамыз, с?йікті ?аза?стан!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

Мектеп жасына дейінгі балалар?а Отан туралы т?сінік беру.

Міндеттері:

  • Мемлекеттік ?н?ранды орындау ж?не салтанатты шараларда р?міздерді пайдалану ережелерін ?йрету.
  • Отан?а деген с?йіспеншіліктерін арттыру
  • ?аза?станды? патриотизмге т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка на день Независимости "Біз сені с?йеміз, ма?тан т?тамыз, с?йікті ?аза?стан!" »

Мақсаты:

Мектеп жасына дейінгі балаларға Отан туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Мемлекеттік әнұранды орындау және салтанатты шараларда рәміздерді пайдалану ережелерін үйрету.

  • Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

  • Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

(Балаларсалтанатты музыка үнімен сапқа тұрады)

Жүргізуші:

Қазақстан – арман далам,

Жұлдызы жанған далам.

Алатауда ата берер,

Бақыт сыйлар таңдар саған.

Бүгін бізде үлкен мереке, Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Назар аударыңдар! Балалар, тік тұрыңдар! Мемлкеттік туға қарап түзеліңдер!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Балалар, Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болдық. Сендер тәуелсіз елде жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деген тілекпен мерекемізді бастайық.

1-бала:

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн!

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн!

2-бала:

Жасай берсін Ұлы күн,

Үміті боп елінің.

Ақ күні боп баланың,

Шаттығы боп атаның.

3-бала:

Он алтыншы желтоқсан-

Елдің ұлы мейрамы.

Жаңа шыққан көктемдей,

Жаз күніндей жайдары.

4-бала:

Арымыздай тап-таза,

Жанымыздай шуақты.

Көтеріңкі биікке,

Қазақстан байрағы.

5-бала:

Естісін ел үніңді,

Дүние түгел естісін.

Тәуелсіздік туыңды,

Биік ұста, бүлдіршін!

Жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Елбасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заңға қол қойылды. Айтыңдаршы, осы күні біз қандай мерекені тойлаймыз?

Бәрі: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін!

Жүргізуші: Қазақ халқы соңғы бес ғасыр бойы өз тәуелсіздігі жолында 300-ге тарта көтерілістер мен толқуларды бастан кешірді. Мұндай көтерілістің ең соңғысы 1986 жылы желтоқсан айында болды. Тәуелсіздік үшін күресте қазақ халқы өзінің көптеген батыр ұлдары мен қыздарынан айырылды. Бір минут үнсіз тұрып, қаһармандарды еске алып, құрмет көрсетейік.

1 минут үнсіздік.

6-бала.

Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде.

Тамылжытып төгіп тұр,

Шаттық сыйлар көңілге.

7-бала:

Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы.

Тұрса күндей төгіп нұр,

Жылдарыңыз жайдары.

8-бала:

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.

9-бала:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада – аспан әлемі.

10-бала:

Құт, береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

(интерактивті тақтадан «Мемлекеттік рәміздер» видеосы көрсетіледі.)

11-бала:

Сәнді мектебіміз,

Жасыл желек көшеміз.

Аясында Отанның,

Асыр салып өсеміз.

12-бала:

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес, ұғып ал!


13-бала:

Сүйсіндірген өзіңді,

Түсіне біл таңбаны.

Аңызда ұшқыр, төзімді,

Пырақ – халық арманы.

14-бала:

Көгілдір түс-аясы,

Бейбіт дала-елесі.

Шаңырақ-жұрт панасы,

Уықтар-күн сәулесі.

Ән: «Менің Қазақстаным»

15-бала:

Жоғарыдан түсер көз,

Бес тармақты жұлдызға.

«Қазақстан» деген сөз,

Таныс барлық ұл-қызға.

16-бала:

Мағыналы, сымбатты,

Бар осындай белгіміз.

Маған, саған қымбатты,

Елтаңбасы ол – еліміз!

Би: «Қазақ вальсі»

17-бала:

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың бауырың,

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Жүргізуші: Балалар, сендер тәуелсіз, еркін Қазақстанда өмірге келдіңдер және сыртында Қазақстанның елтаңбасы мен туы бейнеленген туу туралы куәлік алдыңдар. Тәуелсіз Қазақстанды өркендететін еліміздің болашағы-сендерсіңдер!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Разработка на день Независимости "Біз сені с?йеміз, ма?тан т?тамыз, с?йікті ?аза?стан!"

Автор: Дукенбаева Алмагуль Инаятовна

Дата: 07.04.2015

Номер свидетельства: 198225


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства