Просмотр содержимого документа
«Разработка внеклассного мероприятие Фестиваль "Шәмші әндері"»
Фестиваль «Шәмші әндері» Әдеби - музыкалық кештің мақсаты: 1. Ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндерімен танысу. 2. Шәмші әндерін жасөспірімдерге насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау 3. Халқымыздың ұлы сазгері Ш. Қалдаяқовтың әндері арқылы оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке елжандылыққа тәрбиелеу. Әдеби музыкалық кештің көрнекіліктері: «Қазақ вальсінің королі» Ш. Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығына арналған оқушылар зерттеулерінің қорытындысы. Қазақтың әйгілі адамдарының Шәмші Қалдаяқов туралы пікірлері, әндер жинағы, өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм, т. б.
1 - жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар. Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Шәмші әндері »
атты фестиваліне қош келдіңіздер.
2 ж
Уважаемые учителя, учащиеся и гости! Сегодня наше мероприятие посвящается памяти великого сына казахского народа Шәмші Қалдаяқова, который знаком всем нам как король казахского вальса. Наше мероприятие объявляется открытым!
Видео - ролик
1 ж
Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов өз заманының, яғни социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналған. Дегенімен ұлы дарын өмірден өткенімен көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, ата мекені әлдилеп жүр. Оған дәлел бүгінгі қыстың көңіл құлазытар қара суығында жүректерді жылытатын Шәмші әуендері болмақ.
2 жүргізуші:Шамши (Жамшид) Калдая́ков родился 15 августа 1930 года, в селе Темирлановка, Южно-Казахстанской области. Популярный казахский композитор, «король казахского вальса» 26-летний Калдаяков написал свою первую нашумевшую патриотическую песню «Менің Қазақстаным» (Мой Казахстан) на слова 21-летнего поэта Жумекена Нажимеденова (1935—1983). Но иногда против воли авторов её называют «Маршем целинников». Песню в исполнении Жамал Омаровой часто крутили по радио, она стала необычайно популярной в республике.
При рождении ему дали имя Жамшид, но называли Шамши, так и записали потом в документах. Отца звали Анапия, но прозвище "Қалды аяқ" (родимое пятно на ноге — каз.) прилепилось на всю жизнь. Отец работал кузнецом, но хорошо играл на домбре, был акыном. Мать имела музыкальные способности, сам Шамши с детства играл на мандолине. Музыка сопровождала его с детства. И уже в юношеские годы он начал сочинять свои первые песни.
Тіл туралы тақпақ
1 жүргізуші:
Ана - теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерлерінің қай - қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған. «Ана туралы жырдың» тууы. Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті.
2 жүргізуші:
Мама – как много смысла в этом слове! Когда мы произносим слово МАМА, у каждого человека сразу замирает сердце, на душе становиться тепло и уютно. Шамшы очень сильно переживал когда ушла из жизни его самый близкий человек. Композитор болезненно перенес потерю матери, он посветил ей песню «Ана туралы жыр».
Песня «Ана туралы жыр»
1 жур:
Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, қай күні сен қырқарынды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды, - деп
Мұқағали ақын жырлаған ұрпақтары мына сіздер мен біздер. Мұқағалидің ұрпағы Шәмшінің ұрпағы емес пе? Осылар тұрғанда ұлы адамдардың аттары еш уақытта өшпек емес.
2 жүргізуші:
Поколение Мукагали – это и есть поколение Шәмші. Мы будем всегда помнить имена этих великих людей, потому что они оставили большой след нашей истории. И гляда на этих людей мы должны ставить пример для нашего будущего поколения..
Ортаға Турсынбаева М. «Мен деп ойла»
2 жүргізуші:
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші Қалдаяқұлы 300 – ге жуық ән жазған. Ш.Қалдаяқұлының әндері тұнып тұрған лирика, махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде: студенттік және отбасылық кештерде, жұмыс орнында, демалыс кезінде әуелете шырқайтын.
1 Жүргізуші:
Шамши Калдаяков за 40 лет своей творческой деятельности написал более 300 песен. Тематика композитора, в сновном, блзкая нашему сердцу любовная лирика. Народ любит эти песни, поет их на свадьбах, днях рождения и просто когда собирается с друзьями в теплой компании.
Песня
1 жүргізуші:
Шәмші Қалдаяқов тек қана композитор емес, бата беруге де өте шебер болған. Бір ғажабы, оның берген баталары бір – біріне ұқсамайды екен. Осындай біртуар, қазақтың ұлы адамының баталарының біреуін сіздерге біз берейік.
2 жүргізуші:
Шамши Калдаяков не только композитор, но и мудрец. Многие люди в свое время обращались к нему за благословением и каждое благословение несло в себе глубокий смысл. Шәмші всегда встречал с радостью любого, он находил время для каждого кто бы к ниму не обратился за помощью и советам.
Песня
Қош, Шәмші! Көңіл айттық далаға біз,
Ардақтап сен жырлаған анаға біз.
Жастыққа, махаббатқа, сәбилерге,
Алдымен қазақ деген – данаға біз.
Дүниеден жұмсақ қана, жұмбақ қана,
Желдей боп өте шықтың, қайран абыз,
Әлемде ән өлуі мүмкін емес,-
Өлмейді сен туралы қалған аңыз!
Олай болса, бізді бүгін «шәмші әндері»фестивалі атты кешіміз тамамданды. Шәмші әнін өз әлімізше шырқадық. Біз «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші ағаның алдында бас иеміз. - Кешке қатысқандарыңызға көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!
2 жүргізуші
Наш сегодняшний вечер подошел к концу. Огромное спасибо участникам за душевное исполнение любимых нами песен. Мы поклоняемся королю казахского вальса. До новых встреч!