Кіріспе: Армысыздар ,құрметті ата-аналар,ұстаздар,сіздерге бүгінгі «Баланың басты ұстазы – ата-ана » деген тақырыптағы тренингімізге қош келіпсіздер!
Ата-бабаларымыз сәби жастан баланың тәрбиесіне көп мән берген «бала- болашағым,өмірімнің жалғасы,артымдағы із деп білген»
Баланың толыққанды тәрбиелі, білімді, адамгершілікті болуы үшін отбасындағы тәрбие бірінші орында тұрады. Бір профессор студенттеріне былай айтқан екен: « Өмірдегі басты байлықты санмен миллиондап былай көрсетуге болады депті мысалы 1сан –адамгершілік, екінші нөл-байлық ,үшінші нөл- қызмет деп нөлдерді тізген екен,сөзінің соңында былай депті: «ал бірінші адамгершілікті алып тастасақ мыналар тек нөл саны боп,барлығы ештеңеге жарамас еді депті» Сонымен,тренингімізді бастайық!
Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары
Менің балам
Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіз өзгерткіңіз келетін тұстары
3.Өз жұлдызыңызды табыңыз
Болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестетесіз?
Көзқарас
Бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтар
Ата-ана көзімен
Ұстаздар көзімен
Бала көзімен
Бейнеролик
Ата-анаға көз қуаныш- алдына алған еркесі (Абай)
Ситуациялық сұрақтар
1
Бала өте қатал отбасында тәрбиеленді.Әке-шешесі балаға ещқашан ойынщық сатып әпермеді,концерт, циркке апарып көрмеді.Бала ата-анасынң айтқанымен жүрді дегеніне көнді,тек бұйрықты орындаушы ретінде ғана өсті.Қанша жерден айтқандарын екі етпей орындап жүрсе де ,ешқашан жылы сөз естімеді.
Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?
Сіздің балаңыз осындай отбасында өскенін қалайсыз ба?
2.
10 жасар баласының бөлмесін жинап жүрген анасы баласының қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.Баласы сабақтан келгеннен кейін бұл жағдайды көріп анасына ренжіді.Анасының ойынша, баласының бұлай ренжуі дұрыс емес,себебі үйді реттейтін жалғыз адам болғандықтан қалай дұрыс деп тапса ,солай болуы керек.
Анасының іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?
Баланың қандай құқығы бұзылды?
3.
Сіздерді мектепке балаңыздың тәртіп бұзуына байланысты жиналысқа шақырып жатыр.Екеуіңіз де жұмыстасыздар,мектепке кім барады?
Жағдайды білмей жатып ,сіздің ең бірінші әрекетіңіз қандай болады?
Ең бірінші кіммен сөйлесесіз: директормен бе,сынып жетекшімен бе,балаңызбен бе?
Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер,
Шайқап сөйлесең көрсетер бір «өнер»
Ата-аналарға кеңес
1.Баланы үнемі сынай берсе ,ол жек көруді үйренеді.
2.Бала өшпенділікте өссе- ол қатыгез болып өседі.
3.Баланы қолдап отыру керек
4.Жетістіктерін бағалау керек.
5. Жаман әдеттерден жасынан тыйым салып отыру керек.
6. Қабілетін танып,жетілдіруге күш салу керек.
7.Рухани байлығын арттыру үшін кітап оқуды жолға қою керек.