kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ризамыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Студенттерді? «сыйласты?» ??ндылы?ы туралы т?сініктерін ке?ейту. Ризашылы? пен ал?ыс туралы т?сінік беру, ?лкен мен кішіге деген с?йіспеншілігін, сыпайылы? ?арым-?атынасын ?алыптастыру, ?дептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке т?рбиелеу. Елбасына, Отанына, ту?ан жеріне, ата-ана?а деген ??рметтерін арттыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ризамыз"»

Тақырыбы: «Ризамыз»

Мақсаты: Студенттердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын қалыптастыру, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Елбасына, Отанына, туған жеріне, ата-анаға деген құрметтерін арттыру.

Тәрбиеші: Құрметті Жатақхана тұрғындары, тәрбиешілер, қонақтар! Барлығымыз атап өтетін көптеген мерекелер бар. Сол мерекелердің қатары тағы бір мерекемен толысады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды. Бұл мереке бірінші рет атап өткелі отыр. Бұл мерекенің мән-мағынасы зор қазіргі кезде бір-бірімізге жетпейтіні алғыс білдіру, «Жақсы сөз, жарым ырыс» деген сөз бар емеспе. Арқашанда жақсы істеріміз көп, игі істерге айтылатын алғыстар мол болсын, дей келе кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Кешіміздің шымылдығын «Алға Қазақстан» әнімен Ысқақ Самат ашады, қарсы алыңыздар.

Ән: «Алға Қазақстан» орындайтын Ысқақ Самат.

1-студент: 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел—бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға «алғыс айту күні» деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.



Ән: «Туған елге салем» орындайтын Утебалиева Үміт.



2-студент: Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.


Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Бақтығалиев Ерназар.

3-студент: Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Осы қанмайданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқартаудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым етейік.

Қазақстандықта да Жеңіс үшін барын салды. Ұлы Отан соғысы жылдары әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Жерлестеріміз ұрыстарда батылдық, қайсарлық танытты, ал тылда қалған қарттар, әйелдер мен балалар күні-түні заводтарда, алқаптарда аянбай еңбек етіп, көптен күткен жеңісті жақындата түсті. Біз Жеңіске жете алмаған – ұрыс алаңдарында қаза болған, жарадан мерт болған жауынгерлерді ешқашан ұмытпаймыз. Әкелеріміз бен аталарымыздың жанкешті ерлігі біз үшін батырлық пен отан сүйгіштіктің жарқын үлесі болып қала бермек.

Жетпіс жылда өтелмей парызымыз,

Туған тілдің алдында қарызымыз.

Басқа ұлттарға үнемі мазақ болмай,

Арымызға айтайық арызды біз.

Азаттықты аңсаған еркін елміз,

Дос пейілді ұлттарға жаны - көлміз.

Ұшқан құстың қанаты талатұғын

Көк аспанбыз, көсілең - алтын төрміз.

Отаным бар, ордам бар мақтанатын,

Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын.

Бізді осындай егемен ел болсын деп,

Қазақстанда шығарған жастар атын.


Ән: «Ана туралы баллада» орындайтын Ысқақов Демесін.


4-студент: 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.


Қанды қырғын-қалған іс,

Бейне теңіз сең соққан.

Жарқылдайды ар-намыс,

Алматы. Аяз. Желтоқсан.

Дүрсілдейді жүректер,

Сесі күшті қарудың.

Жүзіне мұң түнетті,

Үлбіреген арудың.

Арманы алда, сенім көп,

Оранды отқа үміттер.

Мұрты жаңа тебіңдеп,

Келе жатты жігіттер.

Жасамай ездік босқа айбат,

Намысымен от шайнап.

Халық үшін бас байлап,

Жанып та кетті жас Қайрат.

Қанды қырғын от өрген,

Жарқылдады ақыл-ой.

Бәрін соның көтерген,

Біздің халық батыр ғой!


Ән: «Желтоқсан желі» орындайтын Гильманов Алтынбек .


5-студент: 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

6-студент: Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма бес жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің еңбасты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.

Елбасының жүргізіп жатқан саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақ елінің дүниежүзі қауымдастығы алдындығы беделін биікте те түсті. Ең бастысы Мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан 2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұлы мақсаттарына ұмтылдық. Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуға қадам бастық. Оған бізді адастырмай апаратын жалғыз ғана жарық жұлдызымыз–Темір қазығымыз бар. Ол – тәубе қылатын, тәу ететін біздің ұлы Тәуелсіздігіміз.  Тәуелсіздік – жасампаз халқымызға сарқылмас қуат беретін, көзіне нұр, көңіліне шуақ құятын кәусар бұлағымыз.  Біз кемеңгерлігі мен көрегендігі, бірлігі мен бірегей мақсаткерлігі қатар өрілген Мәңгілік Елімізді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздіктің туын тігу бақыты мен оны баянды етіп, нығайту міндеті біздің маңдайымызға жазылды. 

Біз Мәңгілік Елдің ірге тасын қаладық. Мәңгілік Елдің жүрегіне айналған  мәңгілік Астанамызды тұрғыздық. Мәңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мәңгілік өшпес  жылнама жаздық.  Мәңгілік болашаққа жол салдық. Осының барлығы тәуелсіздігіміздің тартуы, азаттығымыздың асыл қазынасы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мәңгілік Еліміздің келбеті сәнді, еңбегі мәнді болсын! Күллі халқымызға берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймін!


Күй «Балбырауын» орындайтын Жанболат Мейірбек.


7-студент: Сенесізбе, сенбейсізбе? Небары жиырма бес жылдың ішінде осы байтақ дала­да бұрын-соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Осы Ұлы көшті Н. Ә. На­зар­баев бастады. Арғы-бергі заманда осындай ұлан-ғайыр мемлекет орнатып, халқы­ның көңіліндегісін тауып, көкейін­дегісін істеген Назарбаевтай кісіні Ұлы даланың тарихы білген емес.

Елбасы Нүрсұлтан мемлекет тізгінін қолға алған уақыттан бері елде қоғамдық тұрақтылық пен экономиканың жоғары өсу серпіні сақталып келеді, халықтың әл-ауқаты ұдайы артуда, Қазақстанның халықаралық жағдайы анағұрлым нығаюда. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқы мемлекетті еңселенту мен дамыту ісінде жаңа, анағұрлым маңызды табыстарға қол жеткізетініне сенемін.

Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.


8-студент: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа біз болашақ жастар ризашылығымызды білдіреміз. Біздің еліміз сіздің жүргізген салиқалы саясатыңыздың арқасында көптеген жетістіктерге жетіп, биіктерден көрінді. Әлемдегі ең биік жас қаламыз Елорда Астанамыздың тұрғызылуы, онда әсем ғимараттардың бірінен – бірі асып сұлулануы, бәрі-бәрі сіздің арқаңызда, елдің дамуына қосқан үлесіңіз деп білеміз. Сізге алдағы өміріңізде тек қажымас қайрат тілеймін. Еңбегіңіздің жемісін көріп отбасыңыздың қуанышына бөлене беріңіз. Сіз сияқты елбасымыз бар біз қазақстандықтар бақыттымыз. Сіздің жолыңызды қуатын ұрпақтарыңыз, азаматтарымыз көбейе берсін демекпін. Біз болашақ жастар сізге ризашылығымызды білдіреміз.

Ән: «Асылым» орындайтын Жасұланқызы Ақгүл.

9-студент: Қазақ халқы қай кездерде болмасын ата-анасын ерекше құрметтеген. «Әкең асқар тау, анаң кәусар бұлақ» деп әкелерін асқар тауға, аналарын ең таза, мөлдір бұлақ суына теңеген. Халқымыздың мақал - мәтелдерінде, даналық сөздерінде «Алты аға бірігіп - әке болмас, Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сияқты ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған терең ойлы сөздер өте көп. Ал Ислам дінінде ата анага деген құрмет Аллаға деген сенім мен оған сыйынудан кейінгі екінші орында тұр. 

Ертеден тағылымы мол қазақ халқымыз "Баланы жастан" деп рухани құндылықтарымызды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Жас шыбықты жастайынан халық ауыз әдебиетімен суарып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтжандылыққа тәрбиелеген.Сонымен қоса отбасындағы қағида - әке-ана құрметі, үлкенді құрметтеу, кішіні ізеттеу. Бала тәрбиесі бесіктен деп ұғынған отбасы әр баланың тәрбиесін, түздегі қылығын қадағалап отырған. Өйткені, тәрбиелі адам - тағалы атпен тең деген. Ата- анаға деген сыйластықтың негізінде бала көкейінде " Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды" деген халық даналығы қалыптасқан.


10-студент: Шын мәнінде, әлемдегі ең ұлы ақиқат – ата-ананың балаларына деген мейірімі. Бүкіл ғұмырларын балаларының бақыты үшін құштарлықпен пида еткен ата-ана қандай құрметке де ең лайық жандар. Олай болса ар-ожданы ояу әрбір перзент осындай өзіне адал берілген  шынайы жанашырларға құрмет көрсетіп, сыйлап, қызмет жасап, олардың ризашылығын алуы керек.

Ата-ана балаларына жеткілікті дәрежеде көңіл бөліп, қарай алмаса да, балалары оларға жақсы қарауға міндетті. Өйткені, кісі қартайған сайын бала сияқты қорғансыз болып қалады. Сәбиінің балаң шақтағы небір қырсық әрекеттеріне кешіріммен қарап, мейірімділік танытып, енді өздері балаларына мұқтаж болған кезде оларға жақсы қарау – адамдықтың асыл борышы. Бұл міндет «әке-шешемді құрметтеймін» деген құрғақ сөзбен бітпейді. Олардың қажеттіліктерін өтеп, қарасып, рухани әрі материалдық бар мүмкіндіктерді жасаумен ғана жүзеге асады.

Барлығы бірге:

Ризамыз бүгінге, ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге, ризамыз қазірге.

Ризамыз, Ризамыз, Ризамыз бүгінге,

Ризамыз, Ризамыз, Ризамыз қазірге.


Ортада Телжан Ақұлпа өз туындысымен «Әкешім».

Алып шыңдай әкем менің асқарым,

Биік шыңға ұластырған тастарын.

Осы күнге аман-есен жеткізген,

Тек өзіңе арналады дастаным.

Тұлғаң қымбат қасиетті мен үшін,

Өзің ғана, өзегімнің демісің.

Айналайын кең пейілді ақылшым,

Сенің жолың өріс жайған жемісің.

Түсінбесем бір сөзіңді еркелеп,

Түсіндірген әр бір сөзін ертерек.

Кей-кездер де қатал болып сіз маған,

Түсіндірдің әр сөзіңді жекелеп.

Бірақ кейін күлімдедің қызым деп,

Жарқыраған айнадағы жүзім деп.

Сіздей жанға жетпейді ғой ешбір жан,

Ардақтаған артта қалар ізім деп.

Жан әкешім, шабыт алар жыр-әнім,

Және дағы сарқылмайтын бұлағым.

Өзіңдей жан бұл өмірде аз екен,

Сіз деп білем өшпес өмір шырағым.


Ортада Файзоллина Інжумаржан өз туындысы «Ризамын».

Ең алдымен бізге өмір сыйлаған,

Бар бақытты үйге төгіп жинаған.

Балапаным, жалғызым деп қимаған,

Ризамын мен анашыма жымиған.

Содан кейін бір қабағын шытпаған,

Шытпай түгіл бір ұрысып жатпаған.

Жаным, күнім деп аялап өсірген,

Ризамын мен әкешіме қартайған.

Ризамын мен қорған болып әрқашан,

Қиын кезде жан-жағымнан табылған.

Қарындасым, жалғызым деп шарқ ұрған.

Ағаларым жүрсе екен дін аман.

Сүп сүйкімді балы тамған тілінен,

Айналайын балапаным інімнен.

Апатай деп сіз бен бізді баурайтын,

Ризамын мен кіп кішкентай күніме.


Ән: «Аке-ана» орындайтын Хамитова Айсұлу.


Хор: «Рахмет саған Отаным».


Тәрбиеші: «Сіз», «Біз» деген жылы сөз

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жақсы тез,

Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық,

Тілесе әр кез жаны ашып,

Осы бір шырын -тәттілік,

Тұрмай ма жанға жарасып!?

Баршаға керек жақсылық!

Жақсылық сүйе жанымыз,

Баршаға жетер жақсылық,

Қызғанбай бөліп алыңыз!

«Сіз», «Біз» деген жылы сөз

Жақсылықтың мейірі,

Бір-біріне болып кез,

Кең болсын адам пейілі!- дей келе бүгінгі «Ризашылық күніне» арналған «Ризамыз» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз.


Ән: «Байтақ елім Қазқстан» орындайтын Ысқақ Самат.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Ризамыз"

Автор: Бисариева Айтолкын Амангельдиевна

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311813

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«Л л дыбысы мен ?рпі»"
    ["seo_title"] => string(16) "lldybysymienrpi1"
    ["file_id"] => string(6) "300327"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456693865"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Мені? отбасымны? м?шелері"
    ["seo_title"] => string(27) "mieninotbasymnynmushielieri"
    ["file_id"] => string(6) "291256"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455098765"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Тәуелсіздік төрімде"
    ["seo_title"] => string(21) "t_uielsizdik_torimdie"
    ["file_id"] => string(6) "396120"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488189987"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Қысқы киімдер"
    ["seo_title"] => string(16) "k_ysk_y_kiimdier"
    ["file_id"] => string(6) "429638"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1506327969"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Досты? 3-сынып ?зін-?зі тану "
    ["seo_title"] => string(28) "dostyk-3-synyp-ozin-ozi-tanu"
    ["file_id"] => string(6) "166283"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422946031"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства