Просмотр содержимого документа
««Р?міздерім - ма?танышым».»
Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым».
Мақсаты:
білімділік – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;
дамытушылық – жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік – қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, нақыл сөздер, авторлар суреті, видеороликтер, презентациялар.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы (экраннан дыбыспен)
1 - жүргізуші: Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Гимн, Елтаңба, Ту.
Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ ол мұндай дәрежеге оп - оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата – бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр - қайрат көрсетті. Ұлан байтақ жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап, болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
2-жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн қабылданды.
1-жүргізуші: Рәміздер – бұл адамдар топтары үшін ерекше мән - мағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер. Олар көне замандардан бері бар. Жиырмасыншы ғасырда әр елде заңмен бекітілген өз мемлекеттік рәміздерін міндетті түрде қабылдау дәстүрі орнады.
2-жүргізуші:
Туымның түсі көк аспан,
Қыраны көкте самғайды
Бақытты күнге жол ашқан
Үмітті мәңгі жалғайды
Аспаннан биік бар ма өлшем
Биіктік басқа болмайды
Ол жайлы мүлде білмеген
Түбінде өзі сорлайды
Қазақтың туы желбіреп
Жеңістің болсын куәсі
Қуаныш жасы мөлдіреп
Жазыла бергей құлашы
1-жүргізуші:
Елтаңба мәңгі тұмарым
Оятқан намыс-жігерді
Қиындықтарға шыдадым
Сәтсіздік, алыс тұр енді.
Ұлылар ұрпағымыз ғой
Сескенбей қарар дұшпанға
Көзінің ағы, қарасымыз ғой
Шаршамас бойда күш барда.
Әнұран – сөзім жүрегімдегі
Жүректің сөзі жалған болмайды
Жетелер алға тілегім мені
Осыдан асқан арман болмайды – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, құрметтеу – бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
1-слайд. Тұңғыш Президент (видеоролик)
1-оқушы: 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы – Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-оқушы:
Президенті болдың туған еліңнің
Ода-жырмен сансыз тілде төгілдің
Жерұйыққа айналдырып жеріңді
Бостандықтың жолы болып өрілдің
Күнге қарай заман көшін бастадың
Нұрға бөлеп Атамекен аспанын
Нұрсұлтаным ұлы тұлға десе ел
Әр жүрекке сәулелі нұр шашқының
3-оқушы:
Кең байтақ ғой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан
Бері қарап жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті.
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел.
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
2-слайд. Еңселі Елтаңба. (экранда суреті)
1-жүргізуші: Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
2-жүргізуші: Балалар, бүгін біздің ортамызда елімізге танымал суретші, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков ағамыз қонақта. Ендеше ағамызды қошеметпен ортамызға шақырайық.
4-слайд: Біздің Гимн (экранда Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің суреттері)
1-жүргізуші: Біздің елімізде Мемлекеттік Әнұран ретінде «Менің Қазақстаным» әні қабылданған. Бұл әнді ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Ол кезде олар консерваторияның студенттері болатын. Әнді алғаш орындаған – Жамал Омарова. Әнде халықтың патриоттық сезімі берілген. Бұл ән әр үйде, әрбір мекемеде шырқалатын. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2-жүргізуші: «Әнге ресми мәртебе беретін уақыт жетті!» - деді 2006 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен жазылған Гимнның жаңа мәтіні қазақ халқының асқақ рухын, асыл мұраттарға деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатынын көрсетеді. Әнұранның сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов.
6-оқушы:
Әнұраным – жайлаулы ел әлемі,
Кең даламның симфониялы сәлемі
Тұлпар мінген қазақтың ұл-қыздары
Тәңір таудай тұлғалы да әдемі
Шарықтасын мәңгіліктің әуені
Қазақиям асқан бағым мәуелі
Әнұраным, тілі шыққан сәбилер
Ыңылдап-ақ сені шырқар әуелі.
Әнұраным, Астанамның аспаны,
Қарияма құрметіммен жас қамы.
Әнұранмен таныттым да өзімді,
Әнұранмен таныдым мен басқаны
1-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.