kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Робототехникадан мектепішілік “Mindstorms-2016” байқауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушылардың робототехникаға қызығушылығын арттыру, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану арқылы математика, информатика мен физикаға ынтасын, зейінін арттыру.

       Міндеттері:

 -    математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру;

 -   дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту;

 -  ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Робототехникадан мектепішілік “Mindstorms-2016” байқауы»

Робототехникадан

мектепішілік “Mindstorms-2016” байқауы


Мақсаты: Оқушылардың робототехникаға қызығушылығын арттыру, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану арқылы математика, информатика мен физикаға ынтасын, зейінін арттыру.

Міндеттері:

- математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру;

- дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту;

- ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Робототехникадан мектепішілік 5-сыныптар арасындағы өткізгелі отырған “Mindstorms-2016” білім сайысына қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Алдымен сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. Гимназия директоры: Ниязбекова Айша Бердешқызы

  2. директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Есимханова Жазира

3. Информатика пәнінің мұғалімі: Анетбаева Ұмсынай.

Барысы: Топ 2 оқушыдан құралуы керек. ІІ, ІІІ кезеңдерде жылдамдық бағаланады. Байқау ІІІ бөлімнен тұрады. ІІ кезеңнен соң нәтижесі төмен 3 команда сайыстан шығарылады.

Ал, енді байқауға қатысатын топтар:

  1. «РотаKZ» тобының мүшелері 5 «А» сынып оқушылары Әмірбек Тоқтар мен Алимбеков Ильяс.

  2. «Хакер» тобының мүшелері 5 «Ә» сынып оқушылары Сағидулла Гүлдана мен Тұран Аяна.

  3. «Нұр.KZ» тобының мүшелері 5 «Б» сынып оқушылары Умурзак Нурали мен Жұмахан Арайлым.

  4. «MED» тобының мүшелері 5 «В» сынып оқушылары Айдарұлы Мирас пен Нурасилова Балзат.

  5. «Жасұлан» тобының мүшелері 5 «Г» сынып оқушылары Садыбек Алинұр мен Шәкір Әсет.

  6. «RoboBoys» тобының мүшелері 5 «Д» сынып оқушылары Тұрлыбек Ерасыл мен Рәтбек Бекнұр.

І-кезең. «Ойлан тап!» сұрақ-жауап бөлімі.

Әр топқа пәнге байланысты 3 сұрақ беріледі. Егер сұрақтың жауабынан қателессе, онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

ІІ-кезең. «Жүйрік-робот»

Роботтар 10 секунд ішінде «старт» белгісінен мәреге дейін тез жетуі керек. Егер робот 10 секунд ішінде мәреге жетпесе әділ-қазылар жарысты тоқтатады.

Финал. «Көлік тұрағы» (Үй тапсырмасы)

Оқушылар бағдарламаны үйде жазып келуі тиіс. Бұл жобада роботты А пунктінен В пунктіне дұрыс орналастыра білуі керек. Шарты: Робот қара сызықты айналып өтуі керек.

І-кезең. «Ойлан тап!» сұрақ-жауап бөлімі. Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

«РотаKZ» тобына сұрақ:

  1. Қазіргі уақытта роботтарды өміріміздің қандай салаларынан кездестіре аламыз? Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.

  2. Робот дөңгелегі 3600 айналу үшін қанша айналым жасау керек? 1

  3. берілген программалық блокты іске қосқанда робот қай бағытқа қарай қозғалады? Кері яғни артқа


«Хакер» тобына сұрақ:


  1. Робототехникада қолданып журген LEGO MINDSTORMS EV3 қанша бөлшектен тұрады? 541

  2. Гироскопиялық датчигінің қызметі? Бұрыштық ауытқуды анықтау

  3. Суреттегі бөлшектің аты? Түрлі ұзындықтағы және түрдегі бөренелер



«Нұр.KZ» тобына:

  1. Ультрадыбысты датчиктің негізгі қызметі? қашықтықты өлшейді;нысандарды анықтайды.

  2. Берілген суреттегі тәуелсіз рульдік басқаруда мотор қанша айналым жасайды? 1

  3. А.Азимовтың робототехникаға қосқан маңызды үлесінің бірі ол «Роботтардың 3 заңы»: 1) адамның жарақаттануына жол бермейді. 2) Робот адамның берген барлық бұйрықтарын тыңдауы тиіс. 3)Робот өз өмірін Бірінші және Екінші заңға қарама-қайшы келмеген жағдайда ғана сақтауы тиіс.



«MED» тобына:

  1. Түс датчигінің негізгі қызметтері? түстерді анықтайды; жарықтылықты, шашыраңқы және шағылысқан жарықты өлшейді. сегіз түске дейін анықтай алады. Ол ақ пен қара, көк, жасыл, сары, қызыл, қоңыр түстерін айыра алады

  2. Моторларға түрлі қуаттылыққа қою үшін біз қандай басқару блогын пайдалануымыз керек.? Тәуелсіз басқару блогын

  3. суретте қандай порттар бейнеленген? 1, 2, 3 және 4 – бұл енгізу порттары. EV3 модуліне датчиктерді қосу үшін пайдаланады.



«Жасұлан» тобына:

  1. Жанасу датчигін күнделікті өмірде қолданамыз. Мысал келтірсеңіз? Мысалы, компьютер пернетақтасында, электронды пианиноларда.

  2. Робот дөңгелегі 7200 айналу үшін қанша айналым жасау керек? 2

  3. Суретте не бейнеленген? Гироскопиялық датчик

«RoboBoys» тобына:

  1. Үлкен мотордың максималды айналым саны? 160-170 айн/мин

  2. Датчик дегеніміз не? Датчик — әр түрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал. Датчиктер электронды және механикалық болып бөлінеді.

  3. берілген көрсеткіштер бойынша робот қай бағытқа бұрылады? Солға



ІІ-кезең. «Жүйрік-робот»

«Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл ойынға 2 топ бір-бірімен жарысады. Олар:

  1. «РотаKZ» және «Хакер»

  2. «Нұр.KZ» және «MED»

  3. «Жасұлан» және «RoboBoys»


Роботтар 10 секунд ішінде «старт» белгісінен мәреге дейін тез жетуі керек. Егер робот 10 секунд ішінде мәреге жетпесе әділ-қазылар топтың максималды уақытын 10 сек деп есептейді.

Нәтижесі төмен 3 топ ойыннан шығарылады.

Финал. «Көлік тұрағы» (Үй тапсырмасы)

Оқушылар бағдарламаны үйде жазып келуі тиіс. Бұл жобада роботты А пунктінен В пунктіне дұрыс орналастыра білуі керек. Шарты: Робот қара сызықты айналып өтуі керек.

Марапаттау.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Робототехникадан мектепішілік “Mindstorms-2016” байқауы

Автор: Сарыбаев Максат Махмутулы

Дата: 19.12.2016

Номер свидетельства: 371095


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства