kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?кен Ж?нісовті? " Заманай мен Аманай " повесі бойынша ?ыс?артылып жазыл?ан 3 к?ріністі ?ойылым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Атымтай                      Е-е,  бейшара  жатырсы?  ба?  Итжемеде  ?летін  болды?  ?ой  сорлы. Мен  сені  тергеуге  келдім.  Екеумізді?  арамызда?ы  балаламыз  Заманайды  елден  алып  келіп,ту?ан  жерді?  топыра?ын  да  б?йыртпады?. Енді  ?лі?  кетіп  ауру  бол?анда  елі?  есі?е  т?сіп  ту?ан  жерге  бет  алыпсы?.  Сен  жете  алмайсы?  елге.  Не  беті?мен  келе  жатсы?  елге. Бір  кезде  д?йім  елді  со?ы?а  ертіп,  к?сем  аттай  алдына  т?сіп  кеткен  Балзия  енді  ?аршадай  баланы  шешесінен  ?рлап  ?кетіп  барасы?. Ендігі  т?рі?ді  ?арашы.  Жі?ішкерген  пыша?тай  м??алып  біткен  екенсі?,  ел  алдында?ы  бая?ы  беделі?нен  де  еште?е  ?алма?ан?а  ??сайды.  Б?рінен ж?рдай  болыпсы?.   ?азір  тірі  бол?анмен,  жаза?ды  тартып  жатырсы?.  Талай  ?рпа?ты  елден  айырды?.  Біра?  оны  сен  ?айдан  т?сінейін  деп  еді?із?  Елін,  жерін  тастап,  бас  сау?алап  кеткен  адам  Отан  деген   с?зді  ?мытады.  Ал  мен  сол  Отан  ?шін  ?лы  Отан Со?ысында  ?аза  бол?ан  адаммын.  А?  ?ліммен  ?лгенмін.  Арым  таза.  Ал  сен  ше?  Сені  ?рпа?  ?ар?ады.  Сен  ?ар?ыс?а     ?шыра?ан  адамсы?.  Са?ан  ол  ?мірде  орын  жо?.                                                                              ( Жары?      Атымтайды?   бетінен   Балзияны?  бетіне  т?седі.  Атымтай  сахнадан  шы?ып  кетеді)     

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?кен Ж?нісовті? " Заманай мен Аманай " повесі бойынша ?ыс?артылып жазыл?ан 3 к?ріністі ?ойылым»

Сәкен Жүнісовтің " Заманай мен Аманай " повесі бойынша мектеп сахнасына лайықтап қысқартылып жазылған 3 көріністі қойылым

Қатысушылар: Балзия (қартайған ауру кемпір) Аманай ( Балзияның немересі) Балзия (жас, бойжеткен кезі) Әлима ( Балзияның келіні) Томар-Омар (Балзияның көршісі,ауылдасы) Қанипа (Омардың кемпірі, есі ауысқан) Атымтай ( Балзияның уәделескен жігіті) Аманай ( Балзияның немересі) Шекарашылар (1-2 жігіт) Көпшілік сахнасына 1 жігіт ( қапшық арқалаған) 1 қыз ( су әкеле жатқан)

( Шымылдық ашылғанда төсек тартып ауырып жатқан Балзия кемпір мен 10 жасар немересі Аманай. Немересі өзімен-өзі асық ойнап отыр.)

Аманай. Әже,әже,тәуірсің бе? Басың ауырып жатыр ма? Балзия. Жоқ,құлыным,тәуірмін. Шүкірмін, аллаға тәуба, шүкірмін. Аманай. Онда маған бұрын-соңды айтпаған ертегі айтып берші.Сәукеле туралы берем деп ең ғой, соны айтшы. Балзия. Жарайды, құлыным! Жалғызым менің. Сен тыңда, мұқият тыңда. Ерте, ерте, ертеде Сәннәт және Зеннәт деген екі ұста өмір сүріпті. Екеуі де керемет ағаштан түйін түйген атақты шеберлер екен. Сәннәттің жеті қызы, Зеннәттің жеті ұлы болыпты. Бірі- дүнген, бірі- ұйғыр екен. Екеуі де сіңірі шыққан кедей екен. Олар ұл- қыздарын ержеткенде бір-біріне қоса беріп , құдалықты жаңғырта беріпті. Сол кездегі хан Ми зергерлік үйренсін деп, жалғыз ұлы Жәәйді осы екі шеберге ұсталық оқуға беріпті. Ханның ұлы өте алғыр, зейінді болып , ұстаздарынан да асып кетіпті.Күндердің күнінде Сәннәт 7 қыздан кейін ұлды, ал Зеннәт жеті ұлдан соң қызды болыпты. Екі шебер бұл балаларын да атастырып, қызды Гүлсәне , ұлды Ғиззат деп атапты. Екеуі де ерекше нысаналы екен. Қызды асқан сұлу , ұлды шебер болады деп топшылапты.Ми хан қыздың аса сұлу болып өсіп келе жатқанын естиді. Ол Гүлсәнені ұлы Жәәйге атастырамын деп жар салыпты.Екі шебер ханның аяғына жығылып ,зар илеп жылапты. Бірақ хан олардың сөзін құлағына да ілмепті. Балалар ержетіпті. Ғиззат пен Жәәй айрылмас дос болыпты. Әке шешіміне риза емес Жәәй тауды қашап,Гүлсәне мен Ғиззаттың мүсінін жасап, жанына жорғалаған жыланның мүсінін жасапты. Ол мүсін әкесі Мидің мүсіні екен. Абайсызда таудан құлаған Жәәй қаза тауыпты. Қатігез хан жыланның мүсінін құртам деп талай адамның өмірін қиыпты. Бірақ жыланды құрта алмапты. Хан Ғиззаттың қолын шаптырыпты. Гүлсәнені жанды қуыршаққа айналдырыпты. Ханның тұзағынан құтылмаққа екі жас елден қашып шығады. Екеуі күн бата Сәукеле тауына жетіпті. Соңынан қуған қуғыншылар жетуге қалғанда құтыла алмасын білген Гүлсәне құдайдан тілек тілепті. Бұл ораза кезі екен. "О, Құдайым, осы төңіректің бәрін мұзға айналдыра гөр! Бізді жауыз ханның қолына түсіре көрме! Бізді де мұзға айналдыр, тәңірім!"- деп, зарлапты. Алла тағала тілегін қабыл алып, екі жасты да, қуғыншыларды да, тауды да мұзға айналдырыпты. Гүлсәненің сәукелесі , оның ақ жібек жаулығы таудағы терең көлді жауып жағына ассаң , шіркін-ай, күн де жадыраңқы , жер де жайдары. Аманай. Әже,сонда Сәукеленің арғы жағында не бар? Балзия. Ол жақта туған ел бар. Туған жер бар ,құлыным! Зәулім көгілдір тау бар. Жеті өзеннің бойында қоныс тепкен жеті рулы ел бар. Аманай. Онда барайықшы Сәукелеге. Әже, барайықшы. Балзия. Тоқта ,құлыным! Дымың ішіңде болсын! Сәукелеге барамыз, міндетті түрде. Аманай. Алақай, Сәукелеге барамыз! Балзия. Т.с.с... Үндеме , естіп қалады. Әлима естіп қалмасын. Жай сөйле. Аманай. Неге? ( Осы кезде үйге Әлима кіреді) Әлима. Ене , көрші ауылдағы Жүсіптің үйінде шілдехана болады екен. Барып келейін бе? Рұқсат етпесеңіз бармай-ақ қояйын. Балзия. Бар,бар. Үйде отыра бермей, анда-санда неге ауыл үйді қыдырмайсың? Менің қасымда отырғанда менің жанымды алып қалам деп отырсың ба? Бар , бара ғой. Қатар құрбыларыңмен бір мезгіл ойнап-күліп , өлең айтып ,көңіліңді көтерсеңші.Бар, бара ғой.

( Әлима шығып кетеді)

Балзия. Аманай, тез киін. Кетеміз.Бол!

( Өзі немересіне көмектесіп бешпетін мен етігін кигізеді. Оған дейін бала көйлекшең ,носкимен отырған.) Аманай. Әже, қайда барамыз? Балзия. Сәукелеге барамыз. Өзің Сәукеленің қандай екенін көргің келіп жүр еді ғой. Бол, шапшаң. Тез үйден шығып кетелік. Кәне , бол,бол.Шапшаң бол.

( Кемпір алдын-ала даярлап қойған тамақ толы қапшығын арқалап алады. Қолында таяқ.Баласын жетектеп алады.)

Балзия. (Қолын жайып) Ия, Алла! Жолымызды оңғара гөр! Пендеңнің кешірілмес күнәсін кешір! Өзім жете алмай өлсем де маған ұрпағымды туған жердің шетіне жеткізуге көмектесе гөр! Ия, раббым! Өзіңнен сұрарым сол ғана! Өмірімді тек Аманайымды Сәукеледен асыруға ғана жеткізсең мен ризамын. Жолымды бер, кең Алла! ( Кемпір бетін сипайды, бала да қол жайып бетін сипайды. Екеуі сахнадан шығады. Кемпір азар жүріп барады. Қолында таяқ.)





II көрініс

Сахнаның арты ескі үйлер мен кедей тұрмысты суреттейтін ауыл көрінісі

(Сахнаға қолында бетін майлық орамалмен жауып алған мескесі бар Әлима жүгіріп шығады.) Әлима Уа, халайық! Менің енемді көрдіңдер ме? Менің ақ апамды көрдіңдер ме? Аманайым көздеріңе түспеді ме? Ойбай-ау, олар қайда кетті? Өзі ауырып жатқан кемпір қайда кетеді жоғалып қаршадай баламен. О,жасаған өзің жар бол!

( Әлима терезелерді қағып, әркімге бір жаутаңдап әрлі-берлі шауып жүреді. Бірақ ешкім оған тіл қатпайды. Сол кезде бір нәрсе арқалаған ер адам өтіп бара жатады.)

Әлима Қайнаға, менің ақ апамды көрген жоқсыз ба? Қайнағасы Жоқ, келін, көрмедім. Е-е, өлмелі кемпір қайда кетуші еді, жүрген бой жасап. (сахнадан шығып кетеді) Сахнаға қарсы бағыттан қолында шелегі бар бір әйел адам шығып келеді.

Әлима Еркежан, біздің үйдегі әжені көрмедің бе? Кеше болсын, иә бүгін болсын, көзіңе түспеді ме? Өзі төсек тартып ауырып жатыр еді. Мынау үндемейді ғой. Әй, тіліңді жұтып қойдың ба? Аманайым да жоқ. 10 жасар бала менсіз, иә әжесінсіз ешқайда шықпаушы еді. Енді қайттім, құдайым-ау, енді қайттім? Қыз Жоқ, жеңеше, көрген жоқпын. Әлима Жақсы , жақсы , жүре бер.Бұлар бір бәлеге жолықты. Жүрегім бір нәрсені сезгендей ғой. Құдайым өзің жар бола гөр! Өзің сақта балапанымды! ( Әлима шарасыздан жерге отырып қалады. Осы кезде сахнаға жынды әйел Қанипа шығады. Үстінде жыртық-жыртық көйлек, шашы қобыраған.Орамалының сыртына шығып тұр. Біресе жылыайды, біресе күледі) Қанипа Әңгек-ау, әңгек, Меруетімді қайтып берші, Берші деймін Меруетімді, өзім тағайын, өзім бағайын. Құлап қалды ғой, жылап қалды ғой, Берші деймін Меруетімді, Сенің қалтаңда Меруетім жатыр, Берші деймін Меруетімді. ( Бітіріп болғасын қарқылдап күледі, біресе жылайды. Сол кезде шалы Томар-Омар шығады) Томар-Омар Кемпір-ау, жүр үйге барайық ( Кемпір шалының бетіне бажырайып танымағандай болып қарайды.) Қанипа Мерует келді ме? Әңгек Меруетімді қайтып берді ме? Берсе барамын, бермесе бармаймын. Сәукеле, Сәукеле Меруетімді бер , өзім бағайын, өзім тағайын. ( Ол өзімен-өзі сахнаның бұрышында әрнәсені шұқып ,ыңылдап өлеңін айтып отыра береді.) Әлима Ата, ата, ақ апам мен Аманайды көрген жоқсыз ба? Томар-Омар Жоқ, шырағым, көрмедім де, білмедім де. Әлима Ойлап-ойлап басым қатты. Ата, мен күйеуге тиейін деп жатырмын ғой. Томар-Омар Кімге? Әлима Бақтиға. Томар-Омар Бақт.и.ға...Әлгі пәйжүсірге ме? Әлима Ақ апам да соны жақтырмады. Танымайтын елге ме деді. Алысқа кетесің бе деді. Аманайымды саған бермеймін деді. Заманайымды адастырып, елінен , жерінен алып кеткенім де жетер. Енді Заманайымның ұлын адастырар жайым жоқ деп, айпара мінезіне басты. Мен: - Апа-ау, жалғыз ұлымды тастап мен қайда барамын?- дедім. Ата-ау, мен білсем, мен білсем бар ғой, осы кемпір Аманайымды... құдай сақтасын, айтқан жерден жырақ, аузым бармайды айтуға... Томар-Омар Сонда олар қайда кетті деп ойлайсың? Әлима Ата-ау , әлі түсінбей отырсыз ба? Ар жаққа , баяғыда елді бөрліктіріп , өзі ертіп әкеткен еліне. Бірақ ауру , қаусаған кемпір қалай жетеді ол жаққа? Екі арада ана қаршадай бала не болады? Томар-Омар Шырағым ,ақ апаң мен Аманай ақыры сонда кеткен ғой. Сен енді солардың тілегін тіле. Жолдан аман-есен өтсін деп тіле. Аман-есен елімен қауышсын деп тіле. Қартайған шағында... ай , Балзия-ай , білмеймін, білмеймін, шырағым. Атжалмандай кезі емес. Әсіресе , Сәукеледен өту , мұзарттан өту... Сәукеле , мұзарт... Қиын-ау қиын. (Қанипа Сәукеле дегенді естіп шалының қасына жүгіріп келеді. ) Қанипа Сен Сәукеле дедің бе? Иә , сен Сәукеле дедің. Мен де Сәукеле деймін,иә. Мен Сәукелені білем. Мені Сәукеле де біледі.Иә ,шал, мен айтайын ба . Әй, Сәукеле,Сәукеле Сенің қалтаңда менің Меруетім жатыр ... Томар-Омар Қанипа , жарайды, жарайды.Сен білесің. Сен бәрін білесің. Айтпай-ақ қой. Екеуміз тауға барамыз. Есекті тауып әкел. Сосын екеуміз тауға барамыз. Қанипа Тауға барамыз ба , тауға? Жарайды, мен сені тыңдаймын, есекті тауып әкелемін, арбаға жегеміз. Меруетке барамыз. Алақай ,алақай! (Балаша қуанған Қанипа сахнадан шығып кетеді ) Әлима Ата, сіз де елге кетті деп ойлайсыз ба? Томар-Омар Бетінен жарылқасын! Аманайын еліне жеткізуге кеткен ғой. Баяғыда дүйім жұртты басқарып арғы жақтан осы бетке бастап әкеліп еді. Өмір бақи сонысына өкініп, Заманайымды елінен айырдым , туған әкесінен айырдым деп бармағын тістейтін еді. Заманайының сүйегі 200 метр жердің астында қалды.Қартайған сайын соның бәрін ойлап-ойлап , ең болмаса Аманайын туған топырығына жеткізгісі келген ғой бейшара кемпір. Әлима Сәукеледен өту қиын болса , немересін ажалға бастап кеткені ме сонда. Ата, енді не істеймін? Арттарынан қуам ба, не істеймін ата , не істеймін? Жалынамын ата, айтыңызшы. Жалғызым үшін не істесем болады? Томар-Омар Дым да істеме.Тек тілеуін тіле , шырағым, келін. Ал өзің күйеңе ілесіп , жаңа өмір баста. Тағы да балалы боласың. Ал Аманайды Алла қолдап, Балзия еліне жеткізер. Жүр , келін ,айналайын , Аллаға сиын! Жүр, келін ,жүр. ( Екеуі сахнадан шығып кетеді )



III көрініс (Сахна тау-тастың арасы, елсіз дала кейпінде. Қолында таяғы бар Балзия мен Аманай сахнаға шығады. Олар шаршаған. Ілбіп келеді.) Балзия Балам ,шаршадың ба? Кішкене демалайық .Айналайын , жалғызым ! Анау жақтағы көгілдір белдеуді көремісің ? Соның етегіндегі сары жолаққа көзің жете ме? Қарашы, қарап ал. Аманай Әже , мен ештеңе көріп отырған жоқпын. Балзия Ан.ау көгілдір белес. Үлкен...биік шың. Сонда қоңыр жолақ жалғыз аяқ жол бар. Соны Қылкөпір дейді. Анықтап қарап ал. Осы жерден онша қашық емес. Мен, мен олай- бұлай болып кетсем , сен жалғыз өзің ... көріп ал. Аманай Әже, не айтып кеттің? Олай-бұлай дегенің не? Мен неге жалғыз қалам? Сен қайда кетесің? Мені тастап кетесің бе? Балзия Жоқ , құлыным , тез тынығып ұйықтап ал. Сосын тағы да айтарым бар. ( Екеуі де қапшықтарын жастанып , бала кемпірдің қойнына кіріп жатады.) (Сахна қараңғыланып , жарық екі жасқа, Атымтай мен Балзияға түседі )

Атымтай Балзия, мынау не істегенің? Қайда барасың? Уәде қайда? Екеуіміздің антымыз қайда? Балзия Әкемді өлтірген адамға мен пенде бола алмаймын. Атымтай Менің ешқандай қатысым жоқ. Неге түсінбейсің? Жазатайым болған оқиға. Өзің кетуіңмен қоймай бүкіл елді ертіп қайда апармақсың? Бөтен елге барып не опа таппақсың? Ақылға кел , Балзияш! Кейін қайт! Әлі де кеш емес. Балзия Жоқ , қайта алмаймын , жолыма бөгет болма. Баламыздың атын Заманай қоямын. Әкем марқұм ылғи «Заман-ай» деп отыратын. Енді кідіртпе бізді . Хош, Атымтай! Атымтай Балзия, бұл әрекетің өте қате қадам. Түбінде опық жейсің. «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болсаңшы» Балзия Мен айттым-бітті, үздім-кесілді. Сау бол. Бөгеме, кеттік. ( Екеуі сахнадан кетеді. Сахнаның жарығы жағылады. Балзия Су, су! Аманай, жарығым ! Су әкелші. Таңдайым кеуіп барады. Су,уһ! Алла ! Алла! ( Аманай оянып әжесіне су құйып береді ) Балзия Аманай, жарығым! Аманай О , не , әже! Балзия Ұйықтап тұрғасын әл жиям ғой деп едім , бірақ әл жияр емеспін. Бұдан әрі жүруге менде шама жоқ. Әлім бітті. Мен осы жерде қалатын шығармын. Аманай Неге ,әже? Неге қаласың? Балзия Жаман айтпай жақсы жоқ, балам , тыңдап ал ,балам! Менің сөзімді түгел тыңда да ұғып ал. Біз соңғы асуға келдік. Осы асудың арғы жағында Жетісу жері, жалпақ ел бар. Ол- сенің ата мекенің . Алтын бесігің . Оған жетсең , жамандық көрмейсің , бағың да, көзің де ашылар. Оған жететін екі жол бар. Бірі- ұзақ жол. Онымен жүрсең көп адасуың мүмкін. Адаспасаң да 3-4 күндік жолға сен шыдай алмайсың. Екіншісі- төте жол. Ол-саған айта беретін Қылкөпір. Одан өтсең ар жағында малшылар яки аңшылар кездеседі. Тіпті шекарашылар жолығып қалар. Жағдайыңды айт.Еліме келе жатырмын де. Әкемнің аты- Заманай , атамның аты- Атымтай десең бәрі таниды. Қайда барсаң да осы атаңның аты арқылы ел сенің кім екеніңді түсінеді. 1-ақ күн жүрсең жетіп қаларсың. Қылкөпірден өткенде төменге қарама басың айналады. Аманай Әже, мен сенсіз ешқайда бармаймын. Балзия Мен енді жүре алмаймын дедім ғой. Мені аясаң , алдағы елге тез жет. Қайтып келіп мені алып кетесің. Аманай Сонда ...сонда...Әлима қайда? Ол... ол келе ме? Балзия Келеді өзі іздеп , әйтпесе ержеткен соң өзің тауып аласың. Ол-бір шіріген жұмыртқа болды ғой. Алысқа , басқа жаққа кетеді ол. Табарсың іздесең.Ал,қазір демалып ал. Сосын жолға шық. ( Аманай қайтадан ұйқыға кетеді. Кемпір жай ғана ыңқылдап жатады.) Сахна қараңғыланып , жарық Атымтайдың бетіне түседі. Сахнаның алдыңғы жағы) Атымтай Е-е , бейшара жатырсың ба? Итжемеде өлетін болдың ғой сорлы. Мен сені тергеуге келдім. Екеуміздің арамыздағы балаламыз Заманайды елден алып келіп ,туған жердің топырағын да бұйыртпадың. Енді әлің кетіп ауру болғанда елің есіңе түсіп туған жерге бет алыпсың. Сен жете алмайсың елге. Не бетіңмен келе жатсың елге. Бір кезде дүйім елді соңыңа ертіп, көсем аттай алдына түсіп кеткен Балзия енді қаршадай баланы шешесінен ұрлап әкетіп барасың. Ендігі түріңді қарашы. Жіңішкерген пышақтай мұқалып біткен екенсің, ел алдындағы баяғы беделіңнен де ештеңе қалмағанға ұқсайды. Бәрінен жұрдай болыпсың. Қазір тірі болғанмен , жазаңды тартып жатырсың. Талай ұрпақты елден айырдың. Бірақ оны сен қайдан түсінейін деп едіңіз? Елін , жерін тастап , бас сауғалап кеткен адам Отан деген сөзді ұмытады. Ал мен сол Отан үшін Ұлы Отан Соғысында қаза болған адаммын. Ақ өліммен өлгенмін. Арым таза. Ал сен ше? Сені ұрпақ қарғады. Сен қарғысқа ұшыраған адамсың. Саған ол өмірде орын жоқ. ( Жарық Атымтайдың бетінен Балзияның бетіне түседі. Атымтай сахнадан шығып кетеді) Балзия Бисмиллаһи! Бисмиллаһи! Атымтай тағы түсіме кірді. Уһ, мені алып кетуге келді-ау. Кешір, кешіре гөр! Соңғы жолға Аманайымды жеткізе алмадым. Мені осалдық жасады деме. Менің күш-жігерім таусылды. Бұдан әрі менің қарға адым жер жүрер әлім жоқ. Маған қарайлап Аманайымның да кетер түрі жоқ. Аш бала енді бірер күн аялдаса аштықтан бұралып өледі. Кешір , кешіре гөр ,Қастың суы, қанды су мені құшағыңа ала гөр! Сүйегімді туған еліме жеткіз! Ит-құсқа жем қылмай жеткіз туған жеріме. Барым осы ,кешір мені! ( Кемпір сүйретіліп сахна сыртына жылжиды. Жарық сонымен ілесіп сахна сыртына дейін кемпірді шығарып барып сөнеді. Сахна жарығы жанады. Бала ұйқысынан оянып көзін уқалай сала әжесін іздейді. Әжесі жоқ.) Аманай Әже, әже, сен қайдасың? Әже, сен қайда кеттің? Шынымен мені тастап кеткенсің бе? Әже-тайІ Қайдасың? ( Бала сахнаның ана шеті мен мына шетіне әжесін іздеп бақырып жылайды.. Аяғынан шалынып ұшып түседі. Ол есінен танып қалады. Сол кезде 2 шекарашы шығады. Баланы тұрғызып су береді.) Шекарашы Атың кім,балақай ? Аманай Атым - Аманай, әкемнің аты – Заманай , атамның аты – Атымтай.Әжемнің аты - Балзия. Ағалар , менің әжем жоғалды, енді ол табыла ма? Шекарашы Табылады , іздейміз,табамыз. Аманай Әжем жардан құлады ғой. Оның басы тасқа тиді. Шекарашы Жоқ, тасқа тиіп өлмейді , өзен суының ағыны оны қағып алып кетеді. Аманай Оны қайда алып кетеді? Шекарашы Төменге , тау етегіне қарай әкетеді. Аманай Тоқтамай аға бере ме? Шекарашы Иә, аға береді. Аманай Онда әжем де өзі айта беретін туған жеріне , Жетісуға барады екен ғой. Шекарашы Иә , балақай , әр адам өз жерінде болуы керек . Міне , сен де еліңді таптың. Сенің артыңнан анаң да, Томар-Омар атаң да елге оралады. Туған жер алтын бесігіңе қош келдің . Алтын бесігіңде тербеле бер; балақай!



Сахна жабылады. Қайта ашылғанда рөлде ойнаған өнерпаздар шығып, бастарын иеді.



Сәкен Жүнісовтың « Заманай мен Аманай » повесін мектеп сахнасына лайықтап, ықшамдап жазған Жакаева Фатима Темирболатовна



Астана қаласы, 2016 жыл қаңтар айы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Жакаева Фатима Темирболатовна

Дата: 20.02.2016

Номер свидетельства: 296331


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства