О?ушыларды? «Алгоритмдеу ж?не ба?дарламалау негіздері» п?нінен дайынды? де?гейін аны?тау, осы п?нге байланысты жан-жа?ты білімін тексеру, е? ?здік о?ушыны аны?тау.
О?ушыларды? ?зін-?зі дамыту ?абілеттеріне бейімдеу, бас?алармен б?секелесе отырып компьютерлік сауаттылы?ты арттыру мотивациясын жасау. О?ушылар ?з ?абілеттерін іске асыру м?мкіндіктерін тудыру, ішінен ?здіктерін аны?тау ж?не ?з ?абілеттерін ба?алау м?мкіндіктерін тудыру.
Т?рбиелік ма?сат: о?ушыларды жауапкершілікке ?йрету, жа?а орта?а тез бейімделуге, ?зіне сенімді болу?а, ?зін-?зі дамыту?а, д?рыс ба?а бере білуге ?йрету ж?не ал?а ?ойыл?ан ма?сатт?а жетушілікке дайындау.
Конкурс талаптары.
Конкурс 6 этаптан т?рады. Алды??ы 3 тапсырмада о?ушылар ?здеріні? ДК-мен т?жірибелік ж?мыс жасау ?абілеттерін к?рсете алады. Б?л тапсырмалар ДК-мен іс-?а?аздарын ж?ргізуге байланысты. Келесі тапсырмалар информатика жайлы жалпы білімдерін ай?ындайды. ?рбір этап ?зіні? к?рделігіне с?йкес ба?аланады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба?тан тыс ?ткізілетін іс-шара »
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»
Сабақтан тыс өткізілетін іс-шара
«Мәтінді тез теру»
2014-2015 оқу жылы
Семей қаласы
Конкурс мақсаты:
Оқушылардың «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен дайындық деңгейін анықтау, осы пәнге байланысты жан-жақты білімін тексеру, ең үздік оқушыны анықтау.
Оқушылардың өзін-өзі дамыту қабілеттеріне бейімдеу, басқалармен бәсекелесе отырып компьютерлік сауаттылықты арттыру мотивациясын жасау. Оқушылар өз қабілеттерін іске асыру мүмкіндіктерін тудыру, ішінен үздіктерін анықтау және өз қабілеттерін бағалау мүмкіндіктерін тудыру.
Тәрбиелік мақсат: оқушыларды жауапкершілікке үйрету, жаңа ортаға тез бейімделуге, өзіне сенімді болуға, өзін-өзі дамытуға, дұрыс баға бере білуге үйрету және алға қойылған мақсаттқа жетушілікке дайындау.
Конкурс талаптары.
Конкурс 6 этаптан тұрады. Алдыңғы 3 тапсырмада оқушылар өздерінің ДК-мен тәжірибелік жұмыс жасау қабілеттерін көрсете алады. Бұл тапсырмалар ДК-мен іс-қағаздарын жүргізуге байланысты. Келесі тапсырмалар информатика жайлы жалпы білімдерін айқындайды. Әрбір этап өзінің күрделігіне сәйкес бағаланады
Бағалау критерийі.
- конкурс тематикасына сәйкес келуі;
- мәтіні теру жылдамдығы;
- уақытында орындалуы;
- қосымшасы - презентация сапасы;
- шапшаңдылық.
1. Конкурс «Пернетақта виртуоздары» (максималды балл-10)
1 минутта 10 сөз теру. Әрбір сөзден кейін ENTER пернесін басу. Уақыт аяқтылаған соң «Сохранить» батырмасына басу және өз фамилияңызды және атыңызды енгізіңіз. Тексеру кезінде тек қатесіз терілген сөздер ғана саналады.Бір сөзге – 1 балл.
Тапсырма
алгоритм
инструкция
бухгалтерлік есеп
құқық
декларация
акция
инвестор
салық комитеті
администрация
тәжірибе
Балл саны
Оқытушы қолы______
Конкурс «Сөздерді сәйкестендір» (15 баллов)
Тапсырманы орындауға 8 минут беріледі. Уақыт өткен соң оқытушыға өткізу керек. Әділқызы мүшесі өз шешіін шығарады.
Тапсырма-2
Алдарыңызға 4 бағаннан тұратын кесте таратылады. Осы кестенің сол жақ бағадағы анықтамаға оң жақта тұрған дұрыс жауапты таңдап қоясыз.
Анықтамалар мен жауаптарды сәйкестендіріп, арнайы тұрған орында белгілеп қойыңыз. Мысалы 1 – С және сол сияқты.
Әрбір сұраққа мұқият болып, уақытты өткізіп алмаңыз.
Тапсырманы аяқтағаннан кейін парақтың жоғарғы жағына өз фамилияңызды және атыңызды жазыңыз.
№
Сұрақтар
Жауаптар
1
1 байт неше биттен тұрады?
А
декодтау
2
Ақпараттық процестер?
В
принтер
3
Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады.
С
ALT+F4
4
Компьютердің ең негізгі құрылғылары?
Д
меңзер
5
Ақпаратты кері кодтау қалай аталады?
Е
1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде
6
Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі
Ж
жады
7
Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы
З
8
8
Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды
И
Ада Августа Лавлейс
9
Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель
К
кодтау
10
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу
Л
жұмыс үстелі
11
Жыпылықтап тұратын тік сызықша
М
шина
12
Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс
Н
жүйелік блок, пернетақта, монитор
13
Windows-тің негізгі экраны
О
Сақтау, алмасу, өңдеу
14
Алғашқы программист әйел
П
Caps Lock
15
Деректерді сақтауға арналған құрылғы
Р
сигнал
3. Конкурс «Бағдарлама құр». Тапсырманы орындауға 15 минут уақыт беріледі. Turbo Pascal бағдарламасында төменде көрсетілген бағдарлама листингін теріп, нәтижесінде сурет пайда болуы керек. Егер, қате болған жағдайда оны жойып, дұрыс жауаппен осы бағдараманы құрыңыз. Максималды балл – 15.
3 Есеп.
program januar;
uses graph;
var x,y,c,I:integer;
DriverVar: integer;
ModeVar: integer;
begin
DriverVar:=Detect;
InitGraph(DriverVar,ModeVar,'c:\bp\BGI');
x:=getmaxX div 2;
y:=getmaxY div 2;
for I:=1 to 7 do
begin
Setcolor(6);
circle(100,100,4*i);
c:=c+1;
Line(125,90,140,58);
Line(125,105,145,68);
Circle(150,58,10);
Line(135,40,141,50);
Line(155,50,160,40);
circle(145,54,2);
Circle(155,54,2);
line(150,55,150,60);
line(145,62,155,62);
Circle(135,38,2);
Circle(160,38,2);
SetColor(4);
FillEllipse(300,100,10,10);
Circle(300,100,10);
Circle(295,95,2);
Circle(305,95,2);
Line(300,95,300,103);
Line(295,105,305,105);
{kulak}
SetColor(4);
FillEllipse(290,90,5,5);
circle(290,90,5);
SetColor(4);
FillEllipse(310,90,5,5);
circle(310,90,5);
SetColor(4);
FillEllipse(300,130,20,20);
Circle(300,130,20);
SetColor(4);
FillEllipse(275,120,10,10);
Circle(275,120,10);
SetColor(4);
FillEllipse(325,120,10,10);
Circle(325,120,10);
SetColor(4);
FillEllipse(285,155,10,10);
Circle(285,155,10);
SetColor(4);
FillEllipse(320,155,10,10);
Circle(320,155,10);
Line(480,20,550,20);
Line(480,20,430,120);
Line(430,120,550,120);
Line(550,20,550,120);
Line(550,30,580,50);
Line(550,50,570,50);
Line(550,70,580,50);
circle(530,35,5);
Line(480,60,420,40);
end;
readln;
end.
Конкурс «Команда капитандарының сайысы» (5 баллов)
Тапсырма: қойылған жұмбақты шешу. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.
1-команда капитанына жұмбақ
2-команда капитанына жұмбақ
Жұмбақ жауаптары: 1 команда – 1 сағ.20мин = 80 мин
2 команда – 2 сағат
5. Конкурс – Презентация
Оқытушы көрсететін слайдта екі бірдей суреттер тұрады.
Командалар олардың жасырын тұрған айырмашылықтарын тауып, нақты саны неше екендігін бір-бірімен ақылдасып табуы қажет.
Осылай бірнеше сурет қайталады.
Бағалау критерийі:Егер топ нақты санды анықтаса ғана есетелінеді, ал егер санды тек жуықтап тапса онда орташа балл қойылады. Максималды балл – 10. Уақыт - 15 мин.
Конкурс «Алгоритм шебері»
Талап - әрбір командадан сөзге мықты бір оқушы шығады және ол 1 минут ішінде тоқтаусыз сұрақтарға жауап беру керек. Ең көп сұрақтарға жауап берген оқушы өз командасына көп ұпай жинайды.
Уақыт - әрбір оқушыға 1 минут, 15 сұрақ. Сұрақтардың әрбір дұрыс жауабы – 3 балл болып саналады.
1. Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ (тапсырмалар тақтасы)
2. Windows сөзінің қазақша аудармасы (терезе)
3. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ (терезе)
4. Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер (таңбашалар)