Тәрбие сағатының тақырыбы: Күз ханшайымы. Мақсаты: қыз балаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт дәстүрді білуге, халықтық әдеп пен өнерді дәріптеуге , сахналық мәдениетке үйрету.Оқушылардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту. Талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру яғни эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің сөзі: Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Міне мерекелі, берекелі алтын күз мерекесі де келіп жетті. Осы мерекеге орай ұйымдастырылып отырған «Күз ханшайымы» мерекелік сайысымызды бастаймыз. Сайысқа 5 ару ќызымыз ќатысады.
1 жүргізуші: Сәлем, бүгін – алтын күз, Сәлем, келген халқымыз. Бақытты балғын балалар, Ашық болсын күніңіз. Жайнай берсін жүзініз- дей келіп «Күз ханшайымы» деп аталатын тәрбие кешімізді бастаймыз.
2 жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып, Бәйге үшін терлетер шабыстырып. Әділдікті қолдайтын баға берер, Жіберейік қазыларды таныстырып. (Ортаға әділ- қазылар алқасын шақырып таныстыру).
1 жүргізуші: Әнге бөлеп қалалар мен ауылдарды, Қағылар жақсылықтың дабылдары. Ортаға қошеметпен шақырайық, Сайысқа келіп жеткен аруларды. (Ортаға сайысқа келген қатысушы аруларды шақырып таныстыру)
1 жүргізуші: Өмірдің таңғажайып әсем саздар, Тербеледі ән мен жырға аққу қаздар. Тағы да бір қол соғып қарсы алайық, Мінекей алдарында ару қыздар.
2 жүргізуші: Сайыстың бағдарламасымен танысайық. Таныстыру. Өнер сайысы. «Білім қымбат, білу қиын» (сұрақ-жауап) Ас мәзірі. Сән үлгісі.
1 жүргізуші: Бірлесіп көрермен қауымдармен, Ән салайық келешек ару таңмен. Қазағымның ежелгі әдісімен, Танысайық өнерлі арулармен. (Арулар өздерін таныстырып өтеді).
2 жүргізуші: Ағытайық ән менен өнер легін, Тәнті болсын қуанып көрерменім. «Өнерліге өріс кең» дегендей –ақ, Көріңіздер арулардың өнерлерін. (Арулардың өнерлерін тамашалау).
1 жүргізуші: Шуақ сыйлар адамға ән кешінде, Бұл ғажайып балалар ән кеші ме? Білімділік ой –көкпар тарттыратын, Кезек бердік сұрақ- жауап бәйгесіне. (Аруларымыздың білімдерін тексеру).
Би: «Шоқ қыздар»
2 жүргізуші: Күздің сыйын алайық, қызығына қарайық. Күзге арнап бәріміз, әнімізді салайыќ. Өрік, шие, алма, алша, жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз қоймаларға түседі. Біздің қыздар осылармен , дәмді тағам жасай біледі. (Аруларымыздың үйден дайындап келген «Күзгі салат» мәзіріне береміз).
1 жүргізуші: Келеді бәріне де жыр арнағым, Ағытайық өрбітіп жыр тармағын. Ортаға қошеметпен шақырайық. Сән үлгісін ала келген аруларды. (Аруларымыз күзгі сән үїлгісін көрсетеді).
2 жүргізуші: Осымен сайысымыздың тапсырмалары да аяқталды. Қазылар алқасы аруларымыздың 5 тапсырма бойынша алған ұпай сандарын санап шығарғанша, жанкүйерлеріміздің өнерін тамашалайық. Ән: «Қызыл гүлім».
1 жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, сайысымызда өз мәресіне жетті. Сіздер бүгін кішкентай аруларымыздың жан- жақтылығын байқадыңыздар. Енді қазылар алқасына сөз береміз.
Қорытынды. Ата –аналар мен қонақтардың құттықтауы.
|