kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Санаға сәуле түсірген желтоқсан" сыныптан тыс іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

1986 жылғы 16 желтоқсанда Алматы қаласында құрбан болған аға-әпкелеріміздің ерлігіне тағзым етіп, өскелең ұрпаққа тәуелсіздігіміздің оңай тұспегеніне көз жеткізе отырып, егемен еліміздің бүгінін сақтауға үйрету. Отанымыз Қазақстан Республикасының патриоты болуға тәрбиелеу. Отансүйгіштікке баулу.

кішкене сахналық қойылым элементтерін қолданып, Қайрат Рұсқылбеков ағамыздың соңғы сәттерінен үзінді қойылған. Әдеби-монтажбен тәуелсіздігімізге мың алғыс білдіреміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Санаға сәуле түсірген желтоқсан" сыныптан тыс іс-шара»

«Санаға сәуле түсірген желтоқсан»

1жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған «Санаға сәуле түсірген желтоқсан» атты сахналық қойылымдық кешті ашық деп жариялаймыз.

2жүргізуші:Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылғы желтоқсанында болған оқиғаға арнлады. Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі. 1986 жылғы оқиғаға байланысты «Санаға сәуле түсірген желтоқсан» атты әдеби музыкалық ешімізді ашық деп жариялаймыз.

Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы еңгізілісн! ГИМН

1жүргізуші: Құттықтау сөз

Құттықтау сөз Қарасу ауылдық округінің әкімінің м.а. Күмісжан Кажиақпарқызы Кулболдинаға беріледі.

Құттықтау сөз Аққұдық негізгі мектебінің директорының міндетін атқарушы Нүргүл Мұхтарқызы Жунусбекковаға беріледі.

Құттықтау сөз мектебіміздің ардагер ұстазы Шаймерденов Балтабай Рымжанұлына беріледі.

1оқушы: Мирас:Жас арудың жанарында желтоқсан

Қанды ғасыр табанында желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған желтоқсан!

Қара тұман қабаында желтоқсан!

2оқушы:Мейрам:Намысының шырағы да желтоқсан

Сұрқай өмір сынағы да желтоқсан

Жігіттіктің ұраны да желтоқса

Жаңа күннің шуағы да желтоқсан

3оқушы: Әлия: Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәті үміт пен күді наланың

Желтоқсан – Қайрат,Ләззат пенен Сәбира

ҚҰрбаны болған жалған қойған жаланың!

«Желтоқсан желі» орындайтын 2-4 сынып

1жүргізуші:16 желтоқсан ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді

2жүргізуші :1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д.Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы міндетін босатты. Оның орнына Ресейден келген Г.В.Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.

1жүргізуші: Асығыс өткен пленум шешімді дүйім қазақ халқы мен санаспаушылық болып табылады. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.

2жүргізуші Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контреволюционерлер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алады. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатыр. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын 1986» деген оперативтік жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.

1жүргізуші:Түн. Кәдімгі түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлміш халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рұсқылбеков те бар.

2жүргізуші Міне, өмірден тағы да бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы қаласының музыка училещесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләзаттың да алаңда болғаны анықталды.

Көрініс:

Үй іші, дастархан басында Қайрат нағашысы, жеңгесі отырады.

Нағашысы: Қайрат-ау, тамақ алсаңшы! Студент боламын деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің

Қайрат: Жә, бұйырғаның жеп отырмын ғой нағашы!

Нағашысы: Астан алыңқыра, Қайрат. ӨЗінің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой. Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңнің бар шығар, Айта отыр көңілдене түсейік.

Қайрат: Иә нағашы, бар ғой, бар!

(осы кезде есік қағылып, 3 милиция үйге кіріп келеді.

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санциясы бар.Міне!

Жеңгесі: Ойбай-ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт төбелеске қатысыпты. Анық-қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.

Көрініс:

Түрме іші, қолыңда қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады.

Қайрат: Жалалы боп, қатты батты жаныма

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер-ай, айтап-айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма, сорыма

Біріншіден мен анамды сағындым

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?...

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым

Анасы: Қарағым, қайран, балам-ай

Құлыншағым, жаным-ай, құлағыма келеді

Алыстан айтқан зарың-ай!

Кезекші: заключенный Рысқұлбеков на допрос! (Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкеледі)

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Рысқұлбеков Савицкийді өлтірген сен мойында!

Қайрат: Оу, адамдар, мен адам өлтірген жоқпын. «Қазақ қыздарын жазықсыз ұрып-соғып жатыр» дегенді естіп, қыздарға араша түсейін деп келдім. Мен жазықсызбын.

Атымды адам қойған соң

Қайтіп надан болайын

Ортам надан болған соң

Қайда барып оңайын?

Тергеуші: Мойында! Мойындасан жазаң жеңілденеді.

Қайрат: Мен ешкімді де өлтіргенім жоқ. Бұл өтірік жала!

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный! Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще (ұрып-соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші: Әй, Рысқұлбеков! Сен Савицкийді өлтірдім демей-ақ қой,оқиғаға қатыстым десен болады.Егер сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де...

Қайрат: Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой!Өлтірмеген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқанды да өлтіріп көргем жоқ қой.

Тергеуші: Заключенный Рысқұлбеков! Сен ақымақ болма! Савицкийді өлтірдім деп қалай мойында? Бұл – бір. Сен әкеңнен 4000мың сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндім бе, мақұлық?

Қайрат: Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабалып отырған жала.

Тергеуші: Бұдан ешқандай пайда жоқ, ісін сотқа түсірейік!

1жүргізуші: Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жалынды, жігерлі азамат Қайрат Рұсқылбековтың соты болар күн де жетті.

Сот хатшысы: Сот келеді. Орындарыңыздан тұрыңыздар.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, ақтық сөзін не?

Қайрат: «Ақтық сөзін не»? деген

Бүгін қойды сот сұрақ

Айтайын оны халқыма

Жоқ пейіл менде жасымақ

Қорлай беріп қайтадан

Титыққа орыс жетпесін

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін

Өз ұтыңның басшысын

Орнынан сүйреп алмасын!

Тергеуші: қысқарт тіліңді, жап аузыңды!

Сот: (орынынан тұрып оқиды) Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қылмыстық Кодексінің 60 бабы бойынша3 жыл бас бостандығынан айырылсын; Қылмыстық кодекстің 173 бабының 1 тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі – өлім жазасына, атуға кесілсін!

Тергеуші: Ал, декабрист, соңғы ақтық сөзіңді айт!

Қайрат: Ақтық сөзді енді мен

Сотқа да бір айтайын

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең, алыңдар!

«Қайрат» деген атым бар

«Қазақ» деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

1жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңлі – кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді. Оған бағытталған оқ – кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси «теріс көзқарастарға» арналған оқ еді. Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмірлі «ұлтшыл» атанып, осы кепті киуі ғажап емес-ті.

2жүргізуші: Қайрат Семей түрмесінің 21 камерасында 1988 жылдың 21 мымыр күні дүниеден өтті. 1992 жылы 21 ақпанда қайтадан ақталып шықты. Президентіміздің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айырықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболдарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

1жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджановалар сияқты батырларымыздың бар екенің дәлелдеп берді. Сол желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Монтаж: 2-4

1жүргізуші: Тәуелсізідік арымдай аңсар әнім

Тау-тасымдай аңсаған жан-самалым

Қазақтың қанына жат пиғылдарға

Қамығып қара судай қарсы ағамын

Тойланып мың мереке, ұлыс күні

Құйылған шаңырақтан ырыс нұры

Халқымның бақыты үшін аз байлық па

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы

2жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ер даңқын

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын

Президентім аман болғай ел басы

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Тауларың бар таңырқатар шыңымен

Ұл-қызыңдай даламыз бар ұлы кең

Алдарыңа басымды иіп, өр халқым

Бәрі бірге: Құттықтаймыз тәуелсіздік күнімен!

Хор: «Менің елім» ән

Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын!ГИМН

Осымен тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамызды жабық деп жариялаймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Санаға сәуле түсірген желтоқсан" сыныптан тыс іс-шара

Автор: Кадирова Анар Нурмухамбетовна

Дата: 04.12.2016

Номер свидетельства: 365476


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства