kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сарыар?аны? ма?дайы - Баянауыл.

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а ту?ан ?лке, оны? байлы?ы, алуан т?рлі таби?аты, дарынды т?л?аларды? артына ?алдыр?ан мол м?расы туралы т?сінік беру ма?сатымен "Сарыар?аны? ма?дайы - Баянауыл" атты т?рбие са?ат ?ткізілді.Осы елді? ?ланы екенін ма?тан етуге баулу, таби?ат байлы?ын ?ор?ау?а, аялау?а,?демі с?йлеуге ?йрету Баянаула жаратылысы жа?ынан ерекше ?асиеттерге толы жер. Иісі ?аза? ж?ртыны? ма?танышы бол?ан бабаларымызды? ?мірбаяндарын мазм?ндады. . 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сарыар?аны? ма?дайы - Баянауыл. »

Сарыарқаның маңдайы - Баянауыл



Мақсаты:

1.Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты, дарынды тұлғалардың артына қалдырған мол мұрасы туралы түсінік беру.

2 Осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу;

3 Табиғат байлығын қорғауға, аялауға, әдемі сөйлеуге үйрету.



Туған жерде туын тік...



Баян жер-аспаны «Тәңір» құйған

Төсінде жұлдыз жусап, ай, күн сиған.

Қазақтын Бұхар, Жаяу, Мәшһүрімен,

Махмұт, Қаныштары сонда туған.

Дихан Әбілев.


Құтты өлке,қасиетті, киелі,

Баян тауы Тәңірінің сыйы еді.

Қашаннан-ақ қыдыр дарып, бақ қонған

Бұл өлкеге бар қазақ бас иеді.

Еуразиялық кәрі құрлықтың бел ортасын иеленген Ұлы далада тылсым табиғатымен, қазақ тарихына сіңірген қызметімен ерекше дараланатын өлкенің бірі – Баянауыл.

Баянаула деген – біріккен сөз, Ешбір дау туғызбайтын байырғы қазақ сөзінен құралған атау. Кейбір зерттеушілердің монғол сөзінен алынған «Баян» - бай, «Ола» - аула деген сөзі деп ат қойып, айдар тағып жүргені қисыны келмейтін пікір. Қарсылықты дәлелдері көп, көңілдері дауалатпайтын үстірт түсінік. Бұл жер – Аллаға аян, адам баласына баян болған мекен.

«Баян» деген сөздің синонимі – әйгілі, айтулы, мәлім, даңқты, белгілі, тұрақты ұғымын білдіреді. Ал «бай» деген ұғымға онша жанаспайды.

«Аула» деген сөз синонимі – орын, аймақ, айнала, мекен-жай, маң т.б. жер атауларын білдіреді.

Баянаула жаратылысы жағынан ерекше қасиеттерге толы жер. Жоңғар Алатауы мен Балқаштың, Көкшетау мен Шыңғыстың, Тарбағатай табиғатының бір-бірімен түйіскен тұсында орналасқан. Бұл өзі халқымыздың этнографиялық тұрмыс-тіршілігін көрсететін тарихи, әдеби. Діни аңыз-әңгімелерге толы өлке. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Едіге», «Қоңыр әулие», «Асан қайғының қоңыс іздеуі» тағы басқалар бізге жеткен әңгімелердің азы ғана. Соның бәрі жартылай аңызға айналған тарихи шындықтар.

Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан суреттейтін, Ертістің тақтайдай жазық даласы, ащы көлдер жүз-екі жүз шақырымға созылып жатыр.

II Табиғаты.

Баянаула өлкесінің сұлу табиғатының кіндік ортасы – Баянаула тауларының жоталар аймағы. Жасыл орманға бөленген көгілдір биіктау қиялары, күмістей мөлдір көлдері, жұпар иісі аңқыған гүл жамылған алаңдары, жидекті- жемісті табиғи баққа толы сай-салалары, сарқырап аққан бұлақтары, таңғажайып жаратылған жартастарымен тау шыңдары, самал ауасы жанға сая болған бұл таулы алқапты халық ежелден Сарыарқаның «Жер ұйығы» атаса, қазірде Қазақстанның «Швейцариясы» атанды.


III Баянаула тау жоталарының жүйесі шығыстан батысқа қарай 40 шақырымға созылып ұзынша келген. Меридиандық бағыттағы ені 20 шақырым.негізгі тау жотасы Ақбеттау, Жақсыаула, Жаманаула деген 3 бөліктен тұрады. Тау басының ең биіктері: Ақбет тауы – 1027 м., Өгелен тауы – 969 м., Шибет тауы – 728 м., Сарытауы – 747 м., Жақсыаулаға кіреді, түстікте Нияз тауы – 685 м.

Баянның ең биігі мұнарлы Ақбет,

Басына шықсаң егер көрінер шет.

Бірде қалмақ, біресе қазақ алмақ

Айдыны жарқыраған алтын булы,

Сәуірде көтереді жасыл туды. Аспан.

Бәріде бұл жерді мекен қылмақ.

Баянаула жерінің көне тарихынан сыр шертетін ескерткіштердің бірегейі -Қоңырәулие немесе Әулиетас үңгірі.Қоңырәулие үңгірі екі бөліктен тұрады. Кіреберісі – ұзынша келген әрі жіңішке.Екінші бөлігі – биіктеу қазандық. Егер адамдар Қоңырәулиеге шын ниетімен дертіне шипа іздеп, таза келсе, қазандықта қашанда мөлдір таза су болады. Үңгірдің ішіндегі температурасы қысы-жазы бір өзгермейді: қоңырсалқын. Қоңырәулиеге адамдар қыста да келіп қонатын, сол кезде түнге қарай , қайдан келгені белгісіз, бір жарық сәуле үңгір ішін аралап жүретінін айтады. Жарықпен қоса жоғарыдан шапқан аттың тұяқтарының дүрсілі, көгершіннің дауысы естіледі. Үңгір маңында үнемі қос аққу ұшып келеді, ішінде кішкентай ғана сары көбелек ұшып жүреді.

Осының бәрі де Қоңырәулие үңгірінің киелі қасиетін дәлелдесе керек.

Баянаулада 100-ден аса үлкенді-кішілі көлдер бар. Үш ірі көл – Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр бар. Сабындыкөлдің тереңдігі – 10-15, Жасыбайдың – 7 м.Көлдердің жағалауы өте әдемі. Суы өте жұмсақ көлді Сабындыкөл деп атаған,өйткені белгілі жырдың кейіпкері Баян сұлу көлге сабынын түсіріп алған дейді.

Жасыбай көлін XVIII ғасырдың басында пішіні тамақ пісіретін шойын қазанға ұқсас болғандықтан Шойынкөл деп атаған. 1711 жылы жонғарлармен шайқаста жас қазақ батыры Жасыбай осы жерде қаза болған. Батырдың бейітіне асу арқылы баратын соқпақ жол күні бүгінге дейін сақталған. Сол уақыттан бері көл Жасыбай батыр атымен аталады.

Ақбеттаудың баурайында айнадай жарқырап жатқан, мөлдір суының бетінен әсем таудың суреті көрінетің табиғатының көркемдігі теңдессіз Торайғыр көлінің түстік жиегінде найзадай үшкір басы аспанға өрлеген биік шың «Найзатас» тұр.Жасында нағашы жұртына келген сұлу Сәкен осы шыңның басында көгілдір көркем көлге көңілі толып, өзінің сұлу сазды «Тау ішінде» әнін шырқаған.


IV Дарынды ұл мен қыз – тарихи жұлдыз..

Баян деген...

Баян-құз...

Баян-қыз...

Баян, Баян ел аузында жатталған

Таулары бар жақпар таспен қапталған.

Сұлулықтың символындай бір өзі,

Шіркін, Баян, қандай жақсы атты алған.

Көлі кәусар Сабындымен Жасыбай,

Торайғыры көздің мөлдір жасындай...

Қасиетті неткен мұнша топырақ,

Бұхар-жырау, Сұлтанмахмұт асыл жан,

Ерте шығып жау қазындай ашылған.

Сәтбаев пен Марғұландар жалғасы,

Дарындардың Баян данқын асырған.

Баян деген таудың аты көк мұнар,

Баян деген қыздың аты көп құмар.

Баян деген шырқап салған әсем ән,

Баян деген бір тәтті сөз көпке ұнар.

Баян деген ежелгі елдің аңызы,

Баян деген жердің жанат маңызы,

Баян деген біздер туған отты өлке,

Жайма шуақ адамының жаны ізгі.

(З.Солтанбаев)





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сарыар?аны? ма?дайы - Баянауыл.

Автор: Ибраева Лайля Рахмашевна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171185


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства