kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шы?арма «Б?рі де майдан ?шін, б?рі де Же?іс ?шін!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л 1941 жылды? жайма шуа? жаз айы еді.               

 Та? ?ыла? бере фашистік Германия Ке?естік Социалистік Республикалар Ода?ына т?т?иылдан шабуыл жасады.

Со?ысты? ал?аш?ы со??ысы  Ке?ес Ода?ыны? батыс шебін к?зеткен онда?ан мы? ?аза?станды?-шекарашылар болды. Сол кездегі деректерге к?з ж?гіртсек, ата?ты Брест гарнизонында 1941 жылды? к?ктемінде бізді? 3 мы?дай жерлесіміз ?ызмет етіп, шілде айында  ту?ан елге ?айту?а жинал?ан жастар болса керек. Біра? жастарды? б?л армандары орындалмады,  жауды? шабуылы оларды? жоспарларын к?л-тал?ан етті. Брест ?амалыны? тірі ?ал?ан ?ор?аушыларыны?  ?атарында 190 ?аза?станды? бол?ан, кейін олар  партизандар ?оз?алысына ?осыл?ан. Дегенмен, оларды? к?бісіні? с?йегі беларусь жерінде ?ал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шы?арма «Б?рі де майдан ?шін, б?рі де Же?іс ?шін!» »

«№16 орта мектебі» КММ





Шығарма

«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!»









Қазақ тіліжәне әдебиет мұғалімі: Наукина Алтынай Межкановна





Риддер қаласы

2015



Бұл 1941 жылдың жайма шуақ жаз айы еді.

Таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады.

Соғыстың алғашқы соққысы Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Сол кездегі деректерге көз жүгіртсек, атақты Брест гарнизонында 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет етіп, шілде айында туған елге қайтуға жиналған жастар болса керек. Бірақ жастардың бұл армандары орындалмады, жаудың шабуылы олардың жоспарларын күл-талқан етті. Брест қамалының тірі қалған қорғаушыларының қатарында 190 қазақстандық болған, кейін олар партизандар қозғалысына қосылған. Дегенмен, олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.

Кенеттен басталған соғысқа , Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағымен бірге, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білді. Әскери комиссариаттарға өз еріктерімен келіп, кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер соғысқа сұранды.

1939 жылдың дерегі бойынша, республикамыздың 6,2 миллион адамынан, соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты.

Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.

Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.

Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын орнластырылды. Оған қоса, жаңа өнеркәсіптік нысандардың құрылыстары жеделдетілді. Соғыстың алғашқы жылында Қазақстанда кен орны, шахта, кен байыту фабрикалары, жаңа көмір шахтасы, жаңа мұнай кеніші мен Гурьевтегі мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.

Темір жол құрылысы жалғасты. Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың үштен бірі Қазақстанда өндірілді, сондықтан да соғыс жылдары әрбір 10 оқтың тоғызы Қазақстанда құйылды.

Республикада танк және ұшақ жасауға ақша жинау қозғалысы жүрді. Халық қаражатына танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, торпедо катерлер мен атаулы ұшақтар жасалды.

Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті.

Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды.

Бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Шы?арма «Б?рі де майдан ?шін, б?рі де Же?іс ?шін!»

Автор: Наукина Алтынай Межкановна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 184964


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства