Просмотр содержимого документа
«Шығыстың қос шынары»
Тақырыбы: Шығыстың қос шынары
Мақсаты:
Шығыстың қос шынары атанған Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың қамшының сабындай қысқа ғұмырларындағы ерлік істерін паш ету арқылы ерлікке тағзым етуге, өз Отанын сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу
Түрі: Әдеби-сазды композиция
Көрнекілігі: «Шығыстың қос шынары» атты слайдтар көрсетілімі
Барысы:
Кіріспе сөз.
І бөлім. Шығыстың қос шынары.
ІІ бөлім «Отан үшін ...»
ІІІ бөлім «Ару қыздар – алаулап от кешкендер»
ІҮ бөлім «Тағзым, тағылым ...»
Қорытынды сөз.
І бөлім. Шығыстың қос шынары.
Мәншүк
Мезгілдің тас тасқыны,
өлімінің қақпас түні
бізді мәңгілік тастады тұншықтырып,
кете алмаймыз орыннан ыршып тұрып
бұдан...
Қанша жыл еді?
Әлия
Көп-көп жыл бұрынғыдай...
Ойлап па едік өтерін ғұмыр бұлай
Жеті қат жер түбінде.
Бір ғажап елтіп үнге
өмір-бақтың қақпасын жаңа ашқанда,
таңдай қағып Күн, шуақ, ағаштарға,
гүлдерге , сандуғашқа...
балауса балғын жаста
бәрі-сұлу, бәрі-таң,бәрі-ғажап!
Әйгерім-
Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк - әрбір ұрпақтың қай кезде де мақтан бола беретін қазақ қыздары. Осы шындықтың өзі қазақ қыздарының нәзік жанды, ұяң, биязылығымен қатар патриоттық сезім, батыл жүректі жандар екенін дәлелдейтіндей. Қос батыр қыздың Отаны - Қазақстаннан соғысқа қатысқан қыз-келіншектердің көбі (тіпті барлығы дерлік) майданға өз еріктерімен сұранып аттанған. Осының өзі жайдан-жай емес. Ежелден батырлық пен ерлік рухы сіңген топыраққа тәрбиеленген олардың басқаша болуы мүмкін емес еді.
Ақ шашты ана!
Саптан шықпай нық басып келесің бе?
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар – алаулап от кешкендер.
Cамал
Мәншүк 1922 жылдың 2 қазанында дүниеге келген. Шын аты – Мәнсия. Анасының еркелетіп қойған аты – Моншақ. Мектепке оқуға барғанда ол атын Мәншүк деп жаздырыпты.
Азамат
Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы - шын есімі – Ілия. 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы, Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген.
Мадина
Әлия анасынан алты жасында айырылады. Анасы Маржан көрші әйелдермен картоп теруге барып, сонда күзетшінің қорқытпақ болып атқан мылтығының оғынан дүние салған. Бай баласы болғаны үшін қуғын-сүргін көріп, бас сауғалап анда-мұнда жасырынып өмір сүрген әкесі Нұрмұхамбет Сарқұлов Әлияны Ақтөбе қаласында тұратын нағашы ағасы Әубәкір Молдағұловтың тәрбиесіне береді. Сондай-ақ анасының фамилиясында болғанын қалайтынын білдіреді. Ташкентте жоғары оқу орнын бітірген Әлияның нағашысы сауатты адам болған. 1935 жылы Әубәкір Мәскеуге оқуға аттанғанда жиенін сондағы № 35 мектепке оқуға береді, ал 1938 жылы жұмыс барысымен Ленингардқа қоныс аударғанда Әлияны балалар үйіне орналастырады. Әлияны 1942 жылы № 46 мектепті бітіріп, Рыбинск қаласындағы авиация техникумына оқуға түседі.
Жадыра
Мәншүктің анасы - Әмина Сүлейменқызы Саратов университетінің филология факультетіне, ал әкесі Ахмет Мәметов медицина факультетіне түседі. Кейін бірі доцент, бірі білікті дәрігер болып шығады. Олар 30-жылдардан бастап, әсем Алматы қаласында тұрады. Алматы Мәншүктің сүйікті қаласы. Ол № 28 орыс мектебінде оқиды. Мәншүк өте ұқыпты, бір істі қолға алса, оның түбіне жетпейінше тыным таппайтын. Бәрін тиянақты орындап шығатын. Шашы да ұзын, дене бітімі де сұлу болатын-ды.
ІІ бөлім «Отан үшін ...»
Мәншүк
Майдан. Атыс. Қантөгіс. Жалын. Азап.
Керзі етік пен сұр шинель мәлеңдеген
Көтерген әрең денең,
Сәби – найза ұшында, досың жанып...-
Мұның бәрі басталды сосын барып,
Басында басқаша еді.
Өмір, уақыт доп қылып қақса сені,
Мүжіледі тәкаббар тағы басың,
Не бірден-ақ бомба боп жарыласың-
Амал жоқ басқа бұдан
Әлия
Бос әуре – тастағы ұран
Келісімдер татулық, достық жайлы-
Мұның бәрі сенімді босқа ұрлайды,
Оны бізге тарих дәлелдеген,
Осынау әлемде кең
Сенгіштердің қаларын аузын ашып-
Талайды алғаш жау оғы қалды басып...
Сенбеу-ақ керек еді
Жылан-жауға бойлаған керегені-
Доссынып, төсін қағып,
Сендіріп, сосын барып
Бір басының қанқұйлы құлқыны үшін,
Сұлулықты, пәктікті құрту үшін
Тірі айырып сәбиді анасынан.
Айсұлу
1941 жылы май-июнь айларында Мәншүк жастардың Москвада өтетін физкультуралық парадына қатысатын болып, соған дайындалып жүрген. Ұлы астана – Москваға Мәншүктің жүруіне шамалы күндер қалған неміс фашистері елімізге тұтқиылдан тиісті. Гитлершілердің жауыздығы жан түршігерлік еді. Отанын жан-тәнімен сүйген жастар өз еркімен сұранып, майданға кетіп жатты. «Москваны көремін, Қызыл алаңдағы парадқа қатысамын!» деп қуанышы қойнына сыймай жүрген Мәншүкке бұл ауыр тиді. Қайткен күнде майданға аттану – оның мақсаты болды. Соғыс комиссариаты берген арыздарын елемеді, өзіне қайтарып отырды. Негізінде Мәншүк әлі жас еді. Он тоғызға шыққаны сол және өте нәзік болатын. Бірақ тал шыбықтай, талдырмаш бола тұра, барынша пысық, бар бітімі жігер-қайратқа толы еді...
Көрініс
- Әпкетай, құттықтаңыз, Қызыл Армия қатарына шақырылдым, - деді жымиып.
Шақыру қағазын алдың ба? Соғыс комиссариатын қашан бармақсың?
Соғыс комиссариатында кеше болғанмын, ал бүгіннен бастап, осы Алматыдағы әскери бөлімде Отан алдындағы міндетімді орындауға кірісуім керек...
Әпкетай, ренжімеңіз, менің бұл талабымды онша құптай қоймайтыныңызды білемін. Құрбыларымның бәрі қазір майданда, бірқатары қаза да болды. Отанға қауіп төніп тұрған ауыр шақта мен өз әлімше көмегімді көрсеткім келеді. Кешір, әпкетай, мен қазір әскери бөлімге кетемін, әзір осында болатын шығармын, үйге келіп тұрамын ғой. Ренжімеңіз, әпкетай, - деді Мәншүк қоштасып тұрып.
Жолың болсын, Моншағым, - дегеннен басқа ештеңе айта алмады анасы.
Сәуле
Интернат тәрбиеленушілері 1941 жылы соғыстың басталғаны туралы хабарды Сиверская станциясында демалыс лагерінде естіді. 1941 жылы наурызда № 46 мектеп-интернат тәрбиеленушілері Ярославль Вятск селосына көшірілді. Әскери ұшқыш болуды армандаған Әлия Вятскідегі мектептің 7 класын бітіріп, Рыбинск авиация техникумына оқуға түседі.
Көрініс
-Молдағұлова жолдас, айтқанды тыңдау керек...Жасым он тоғызда дейсің,ал қолыңдағы паспортта сен 1925 жылы 15июньде ғана дүниеге келгенің көрсетілген. Демек, сен жақында ғана он жетіге толдың. Мұның растығын бойың да, мінезің де, бет әлпетің де дәлелдеп тұр,- дегенін есіктің сыртынан естідім.
Оған Әлия:
-Комиссар жолдас, мен Ленин қаласында блокадада болған адаммын, сондықтан бойымның өспей қалғандығын, нәзіктігімді есепке алмаңыз және көріп тұрсыз ғой, мына паспорт осында берілген. Мұнда менің атым да, фамилиям да дұрыс жазылмаған. Мен Әлия Молдағұловамын, ал мұнда Лия Магдагулова деп көрсетілген. Мені мергендер мектебіне қалай етсеңіз де жіберіңіз,..-деді. –Жібермейтін болсаңыз, кабинетіңізден кетпеймін...
-Сонда осында түнемекпісің?
-Түнеймін! Түнеймін! Түнеймін!-Жылаған дауыс естілді.
-Қанша жыласаң да саған көмек болмайды, техникумыңа бар, оқуыңды оқы!
-Жоқ, бармаймын!
-Ендеше кабинетті босат, жұмыс істеткіз!
-Мен бұл жерден кетпеймін дедім ғой,сіз тілегімді орындағанша осында боламын
-Бұлай десең, күштеп шығаруға мәжбүр боламын,-деп бұйрық берді. Еңгезердей адам қойсын ба, комиссарға бағынбай тұрған қызды дәлізге шығарды...
Рыскүл
Әлия ұрпақ санасында батырлық пен ерліктің символы болып сақтала бермек. Халықтың арасынан Әлия есімді қыздардың мыңдап кездесуі соның айқын айғағындай. Әлия тағылымы – мәңгілік. Ол сындарлы шақта ел мен жерге қорған бола білуге, отан үшін отқа түскен соғыс ардагерлерін құрметтеуге, ұлттық рухқа биік тұрғыдан қарауға, отаншылдық сезімді ұлықтауға, бейбітшілік үшін күресуге меңзейді.
Жансая
Мәншүктің өмірі, тәрбиесі соғыс басталар алдындағы жастардың бәрінің өміріне тән еді. Балалар бақшасы, мектеп, пионер, комсомол баулыды оны, Мәншүктің бойында совет балаларының жақсы қасиеттері басым еді: сезімтал, талапшыл, өнер-білімге құштар болды.
Ән «Мәншүктің әні»
ІІІ бөлім «Ару қыздар – алаулап от кешкендер»
Әлия
Жас ұрпақ, балғын ұлан!
Қандайсың өзің сенің?
Көп кешкен өмір селін,
Мүмкін, қырау шығарсың салқын қанды,
Жоққа теңеп адамзат даңқын мәңгі,
Құбылысқа, адамға, өткендерге
Тірлікке, көк пен Жерге
Мүмкін, бізден басқаша қарарсың сен
(біздерге арман ақ көйлек – саған кіршең)
Ақылменен ойланып, сынап, барлап,
Тиімді ме – сонан соң бір-ақ таңдап-
Жоқ! Кінәлі емессің сен ісіңе,
Бұл - әлемдік дамудың жемісі де!
Мүмкін сен жауларға да –
Талайға салған жара
Немқұрайды қарарсың кешіріммен,
өзіндік ой өзіңдік шешіміңмен?
(Кетеді әлем қалай тез ісін салып,
әйтпесе біздің халық
қызу қанды, от мінез наркескен-ді.
Ойланбай қан кешкен-ді
Қандай майдан болса да қылышты алып,
Ойрандап ұрыс салып, жауын жерге жаншымай тыншымаған,
Ел мінезін жоғалтса – құрысын адам!)
Көрініс.
Тұраш Әбуов : «Мәншүкжан, сен осы Баубек Бұлқышевты аузыңнан тастамайтын едің.Сен оның тағы бір тамаша мақаласымен қуантайын деп келдім, мына газет саған әкелген сыйлығым. Өзің оқы жігіттерге оқып бер»,
Мәншүк:
-Жолдастар, Баубек ағаның бүгінгі мақаласы тіпті отты екен, тыңдаңыздар, мен оқып берейін, - дейді.
«... – Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр, Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше қазақ қыздарының ғасырлар бойы «Елім-ай» сар даланы күңірентіп салған зарлы әнін бүгінгі күні жаңа күймен ұрыс алдында бір шырқасақ, оның айып-шамы жоқ. «Елім-ай» - елін сүйген қыз жүрегінен шыққан ән. Елін сүйген ер жігіт қазіргідей заманда «Елім-ай» десе, ол – ант! Ол – серт! Ұрыс алдында жауынгердің жүрегіне төтенге махаббат құймақ. Шығыс ұлы, кел шырқатып «Елім-айды» салайық».
Пулеметшілердің бірі:
Баубекжан сен сияқты қазақ қыздарының біздің қатарымызда жаумен ерлікпен шайқасып жүргендерін әлі білмейді екен ғой. әйтпесе, ол бұл хатын Шығыс ұлдарына ғана жолдамай, жауынгер Шығыс қыздарына да жолдаған болар еді, -деді.
Бұған ренжитін біз жоқ. Сіздерге жолдаған жалынды сөздерді бізге де жолданған өсиет деп санаймыз. Біз әлі де сіздердің араңызда бірен-саранбыз ғой, бірақ Баубек ағаның бұл мақаласын оқи қалса, майданға жете аламай жүрген мыңдаған қазақ қыздары ізгі талаптарын, жаумен қолма-қол шайқасуға мақсаттарын орындауға қазақ қыздары жаңа жігермен кіріседі,- мақаланы әрі қарай жалғастырады.
Немістер бізді әрі минометтің, әрі артиллерияның снарядтарымен атуда. Біз қазір шабуылға шығамыз...» деп хаттың соңғы жолдарын оқып бітірер-бітірместен.
Рота, жасақтаныңдар! – деген команда естілді.
Гүлім
Мәншүктің пулеметші болуына мынадай бір оқиға себеп болды. Великие Луки қаласына қарай шабуылға шығудан бұрын, жаумен болған бір шайқас кезінде көптеген санитарлар жараланып қалды. Олардың орнына штабтың бірнеше қызметкерлері және Мәншүк ұрыста жүріп жатқан шепке барып, жараланған жауынгерлерді қауіпсіз жерлерге шығарды. Мәншүк аяқ астында жоқ болып кетті. Сөйтсе, алдыңғы шепте бір пулеметтің үні өшіп қалыпты, пулеметшілердің бәрі оққа ұшқан екен. Осы сәтті пайдаланып бір рота фашист лап қойды. Мәншүк жалма-жан пулеметтің жанына жантая кетіп, гашеткасын басып-басып жібереді, оқ борап қоя береді. Осы сәттен бастап ер жүрек қыз пулеметші болады.
Алтынай
.....Мәншүк тәртіпті, тапсырманы дәл орындайтын, қауіптен сескенбейтін, жүректі, батыл жауынгер болды. Жолдастары оны қатты сыйлап, үнемі құрметтейтін, туған қарындасындай көретін. Оның көзінше жауынгерлер әрдайым әдептілік көрсетуші еді. Мәселен, ол штабтан пулеметшілер ротасына ауысқан шақта оның жертөледе орналасқан қарулас достары «жеке бөлме» әзірлеп, жатып-тұруына қолайлы жағдай жасаған-ды. Сол кездегі оның рота командирінің айтуы бойынша, Мәншүк тәртіп сақтауда да, қаруға мұқият қарауда да барлық жауынгерлерге үлгі көрсеткен, басқалар соған теңелуге тырысқан. Орыс, қазақ тағы басқа ұлттардан құралған бүкіл рота оны «Біздің Мәншүк!» деп атап кеткен-ді...
Құралай
Әлия мергендер даярлайтын мектепті өзімен бірге елудей әріптестерімен Солтүстік Батыс майданына жіберілген болатын майдан штабы бұларға 22-ші Армияның 97-корпусына қарасты 54-ші ерекше атқыштар бригадасына жолдама берді. 1943 жылдың июль айының аяғында Әлия Молдағұлова өзінің достары: Зина Папова, Надежда Матвеева және Валентина Яковлева – төртеуі Холм қаласының оңтүстік шығысындағы Ловать өзенінің жағасын жаудан қорғап тұрған 54-ші ерекше атқыштар штабына келіп жетті.
Іңкәр
Иә, Әлияның сөзі мен ісінде алшақтық болған жоқ. Ол алғашқы күннен-ақ жауынгерлердің құрметіне бөленді. Бір жетіде-ақ Әлия ботальонның алдыңғы шебін түгел аралап, жауынгерлермен, офицерлермен танысып, олардан фашистердің өздерін қалай ұстайтындарын , қай уақыттарда, қай жерлерде ұяларынан шығып тұратынын тәпіштеп сұрап біліп алды. Осы әрекетін біз әр кезде басқа жауынгерлерге үлгі ретінде айтып жүрдік.
Мәншүк
«Қымбатты мама!
Қазір мен алдыңғы шепте жүрмін. Тағы да хат жаза алам ба білмеймін,сондықтан жедел осы ашық хатты жіберіп отырмын. Әзірше денсаулық жақсы. Қымбатты маматайым, егер бізден делегация бара қалса, соның мүшелерінен басқа жаңалықтарды біле жатарсың. Тап қазір бұлар жөнінде жазуға ешқандай мүмкіндік жоқ.
Ендігі хатты менен алда тұрған ұрыстардан кейін күтіңдер. Жиі-жиі хат жазып тұрсаңдаршы. Барлығыңызға сәлем. Мен үшін Динаның бетінен сүйіңіз, ал ол Сізді тыңдайтын болсын.
Хош, Сізді қатты құшып сүйемін, қызыңыз – Мәншүк»
Әлия
«Сәлеметсіз бе, бауырым Сапура!
Біз болсақ ашық аспан астындамыз. Күн аяз. Боран, қар соққан жел. Хатты тіземе қойып жазып отырмын, ыңғайсыз. Қой қобалжытуым жетер... Бәріне менен сәлем. Егер сәбилерді көрсең, беттерінен мен үшін сүй, сені де қатты сағындым... Сәлеммен Әлия»
Райгүл
Бұл қос қыздың соңғы хаттары еді, себебі олар таң ата ұрысқа шыққан еді...
Арайлым
Мәншүк қас дұшпанмен жанқиярлықпен айқасып октябрьдің 15-де ерлікпен қаза болды. Осы бір ауыр қайғыға ұшыраған 100-ші атқыштар бригадасының жауынгерлері Мәншүктің анасы Әминаға хат жазып, көңіл айтты.
«Мәншүктің өлімі – біз үшін – майдандас, қарулас, жолдастары үшін – зор қайғы. Бұл хабар оның шынайы анасы болған, оны батыл да батыр, Отаны, халқы үшін жанын қиюға әр кез дайын тұратын етіп өсірген Сізге аса ауыр тиетінін біз жақсы түсінеміз. Мәншүк Мәметованы мәңгі есте қалдыруды көздеп, Невель қалалық Советі атқару комитетінің бірінші мәжілісінде қаланың бұрынғы Примурская көшесін пулеметші қазақ қызы Мәншүк Мәметованың, ал Торфяной переулогін Мәншүк есімімен атауға шешім қабылданды...
Мәншүктің қарулас жолдастары 1943 жыл, 25 октябрь.»
Сауле
100-атқыштар дивизиясында Ә.Нұршайықов, М.Мәметовамен бірге соғысқан менің атам Кезеңсулық Р.Қалиев ерлігі үшін 10 орден, бірнеше медальдармен марапатталып, Бас қолбасшының 9 рет алғысына ие болды.
Бұрындары Мәншүк Мәметова жерленген Великие Лукиде майдангерлердің кездесулері өткізіліп тұратын. Осындай бір кездесуге 1984 ж. менің атам Р. Қалиев те барып қайтты. Ә.Нұршайықов өзі әскерге Жарма комиссариатынан 1941 ж. 5 желтоқсанда аттаып, майданнан 1945 ж. 15 қарашада қайтып оралды.
Райгүл
Он сегіз бен жиырманың арасындағы әлі жігіт сүйіп те үлгермеген, күні кеше қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен күлімдей қараған жас қыздар нәзік балтырын сыздатқан солдат етігін киіп, гүл құшуға ғана жаралғандай сүйрік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты.
Абайлады сонда Мәншүк жан-жағын,
Көрді өзінің жапа-жалғыз қалғанын.
Көзге жанар, көкірекке кек толып,
Қиналады қимай серік-саңлағын.
Қара көзі жарқ етті тек танадай,
Төңкерілді ашылып бір қарамай.
Пулеметте ойнап тұрған он саусақ
Қалды қатып бір серпуге жарамай.
Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Мәншүктей қыздар сан жүздеп саналады.
Гүлім
...Молдағұлова Әлия 54-ші атқыштар бригадасының 4-батальонының 3 ротасының мергені. Ұрыс басталғанға дейін оның есебінде өлтірілген 35 неміс болды. Новосокольники ауданының солтүстік жағында болған шайқастарда Молдағұлова асқан тұрақтылық, ер жүрекітілік, батылдық көрсетті. Сапында Әлия болған 4-ші батальон жауды Казачиха деревнясынан қуып, Новосокольники – Дно темір жолын кесіп тастау туралы бұйрық алды. Немістің бекініс траншеяларын басып алу қажет болды.
Еркежан
Жауынгерлер қарсыласқан жау тобына лап қойды.Немістер пулеметтерден, зеңбіректерден, минометтерден үздіксіз оқ жаудырды. Рота командирі оққа ұшті. Осы сәтте Молдағұлова алға шығып: «Отан үшін» деген ұран тастады да, қалған жауынгерлерді бастап әкетті.
Құралай
4-ші батальонның Әлия болған оң қанаты түгелдей атакаға шығып, қысқа ғана ұрыстан кейін жаудың қорғаныс шебін бұзып өтті. Осынау кескілескен ұрыста түскен ауыр жара Әлияның өмірін қиып жіберді.
Әйгерім
Оның қысқа өмірінің екі жарым жылы қанды майданда, от кешумен өтті. Бірақ бұл – жалын боп лаулап өткен, құйрықты жұлдыздай жарқырап өткен, кейінгі бүкіл іні-сіңлілеріне мәңгілік өнеге болып қалған өмір. Ол қаһармандық дастанын жазып үлгерді. Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным, елім» деп соққан аяулы жүрегін мирас етті.
Отан деп соққан жүрек ешқашан тоқтамақ емес. Әлия жүрегі де біздің ел игілігі жолындағы ерлік ісімізбен тірі, мәңгілік тірі.
Ән «Әлия»
ІҮ бөлім «Тағзым, тағылым ...»
Мәншүк
Қалай сендерде өмір бүгін?
Бақытты, көңілді күн
Жарқын өтіп жатыр ма, жайлы бәрі?
Мөлдірей ме аққулы айдын әлі?
Шүберекке түйіп ап жанымызды,
Буыны қатпаған тәнімізді,
Ажалменен тайталасып,
Оққа балғын кеудені айқара ашып,
Қара жердің көкірегін аймаладық.
Қалай бүгін жүрсіңдер, пайдаланып
Қымбат түскен біз үшін бұл күндерді?
Әлия
Біз өйткені бәрібір тірілмейміз.
Тірілір қадірлей ме,
Арнай ма әнін кейде,
Атымызды бере ме алаңдарға,
Есіміміз жазылған қалаң бар ма,
Ескерткіштер орнай ма бас көшеге,
атымызды жамылып бақ та өсе ме –
енді бізге бәрібір – қуанбаймыз,
тамырынан қырқылған шынардаймыз.
Ежелден ұлы жерге,
Жердегі тірілерге
өмір керек, өмірге – керек ерлік,
біз соғыста қалайша, неге жеңдік –
өмірдің жалғасы үшін,
тірлік гүлі күл болып қалмас үшін,
кешіп өтіп қырғын мен қан-жосаны,
өмір – ерлік осылай жалғасады.
Біздің ерлік, даңқымыз бүгін елде
Біздерге емес, қажет тек тірілерге.
өйткені біз мәңгілік іңірдейміз,
мәңгілік тірілмейміз.
Қымбатжан
Мәншүк пен Әлия өмірі қысқа да, ерлікке толы. Олардың бейнесі халық есінде мәңгі сақталады. Шығыстың қос шынарының есімі қазір біздің арамызда – ескерткіштер, көше, мектеп, мұражайлар бар, ақындар жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қыл қалам шеберлері қос арудың бейнесі жасады.
Дария
Санкт Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы ондаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Семей қалаларында және туған ауылында ескерткіш орнатылған.
Райгүл
Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойына арнап тұтас мемориалды кешен ашылды. Кешен Әлия Молдағұлова атындағы даңғыл мен ағайынды Жұбановтар көшесінің қиылысына орналастырылды.Өзіміздің қаламыз Семейде медакадемияда Әлия Молдағұлованың мұражайы жұмыс істейді
Айсұлу
«...Насва Әлия Молдағұлованың ерлігін ешқашан естен шығармайды. Әлия жерленген Монокова мекені біздер үшін қасеитті жер. Жыл сайын осы жерді азат етушілерге арнап әр түрлі акциялар, концерттер өткізіп тұрамыз Насвадағы жалпы білім беретін мектепке Әлия Молдағұлованың есімі берілген. Мектептің алдында Әлияның мүсіні орнатылған. Әлияға арналған мұражай да бар. Ал, Новосокольники қаласында 1979 жылы Әлияға арнап қойылған ескерткіш қазақ мүсіншісі Мұрат Әйнековтың туындысы екенін айта кетейік.»
Мадина
Мәншүк Мәметованың туған жері Орда ауданында ескерткіш орнатылған. Невель, Алматы, Орал, Семей т.б. қалаларда М.Мәметова атындағы көшелер бар. Орал, Семей қаласында оның мұражайы жұмыс істейді. Бұл мұражайдың жастарды отаншылдық сезімге, патриотизм рухында тәрбиелудегі орны еркеше. Режиссер-қоюшы Мәжит Бегалин «Мәншүк туралы ән» кинофильмін түсірді.
Динара
СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 1 наурызда Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметоваға Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Бұлбұлназ
Ерен ерлігі үшін Әлия Молдағұлова Нұрмұқанбетқызына КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 1944 жылғы маусымның 4-нде Кеңес Одағы батыры атағы берілді
Мәншүк
Тірі адамдар, тыңдаңдар Жер үстінде
Сендердікі бақыт та, жеміс-түн де,
Қолдарыңда жұмыр Жер тізігіні де,
Тізгінсіздер мерт етті бізді, міне!
Сендердікі бәрі де, тегіс сенде
Қызыл тулар, алаңдар, жеңістер де!
Жар құшақ та, бала да, рақат та –
Сендердікі, абырой, гүл атақ та.
Қызғанбаймыз біз сенен, қуанамыз,
Ерліктерден өлмейтін туады аңыз.
Уақыттың жас қыраны,
өлгендер тапсырады
саған өмір дауылын, шуақ таңын,
бетіңді ашар тірліктің сынақтарын,
қорғап сонда кеткеннің мұраттарын,
алау туын Жеңістің құлатпағын!
Ән «Қос қарлығаш»
Топ хормен : Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды