kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Шы?ысты? шы??а біткен бір шынары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шо?ан Шы??ыс?лы Уалихановты? 180 жылды?ына арнал?ан «Шы?ысты? шы??а біткен бір шынары» атты кеш

 К?рініс:

Сахнадан тыс дауыс: Бірде Абылай хан т?с к?реді. Т?сінде ол ?зіні? ?мірден ?ткенін ж?не оны жерлеуге жинал?ан халы?ты к?реді. Оны? ая? жа?ында екі ер бала отырады. Біреуіні? ?олында ??ран, ал екіншісіні? ?олында ?анжар. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Шы?ысты? шы??а біткен бір шынары»»

Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың 180 жылдығына арналған «Шығыстың шыңға біткен бір шынары» атты кеш

Көрініс:

Сахнадан тыс дауыс: Бірде Абылай хан түс көреді. Түсінде ол өзінің өмірден өткенін және оны жерлеуге жиналған халықты көреді. Оның аяқ жағында екі ер бала отырады. Біреуінің қолында Құран, ал екіншісінің қолында қанжар.

Келесі күні Абылай Бұқар жырауды шақыртып одан көрген түсін жорып беруді сұрайды.

Бұқар: О, менің Абылайым! Сіз өмірден өткен соң қазақ хандығы бытырап, тағы да қырғын-соғыстар басталады. Сенің аяқ жағыңда отырған балалар –ол сенің ұлдарың. Қанжар ұстаған бала – ол Қасым, одан батыр ұрпақ туады, ал Құран ұстаған бала – ол Уәли, одан өнер-білімге құштар ұрпақ туады.

(Сахнаға музыка әуенімен жүргізушілер шығады.)

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, ұлағатты ұстаздар және қадірлы қонақтар! Ұлтының ұлылығын әлемге әйгелеген ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов – үш жүздің басын қосқан даңқты Абылайдың шөбересі, Ұлы даланың төл перзенті. Оның бойындағы асыл қасиеттер түркі халықтарының үзілмей келген салт-дәстүрінің, рухани болмысының, өскен ортасының жемісі. Болашақ ғалым, дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігі мен ерлігіне әлдиленіп өскен Шоқан Шыңғысұлына арналған «Шығыстың шыңға біткен бір шынары» атты кешімізге хош келдіңіздер.

2-жүргізуші:

Ақыл-ойы, еңбегі елге қонған,

Елім десе жүрегі шерге толған.

Арман-мұңын арқалап Отанының

Кемеңгер көсемінің бірі болған.


Жұлдыздар мен ай-күннің тілін білген,

Қараңғыда шырақ боп түнді түрген.

Даналықтың сусындап дариясынан,

Қас-қағым сәт от-жалын өмір сүрген.


Жан-дүниесін халқының терең ұққан,

Жұмыр жермен жүрегі бірге соққан

Қазағына деген зор махаббатын

Шың басына ту қылып алып шыққан.

1-жүргізуші: Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зетрттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрініс бола отырып қоғамдық ой-сана , пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Қазақ ханы болған.

2-жүргізуші: Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса (орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері) оқытылып, орыстың озық ойлы зиялы өкілдері сабақ берген.

1-жүргізуші: Шоқанның балалық шағынан көрініс. «Мүсінші Мысық»

Автор: Шыңғыс ауылына күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтін бір досы бар. Ол – төре баласы Шоқан. Шыңғыс Құсмұрын еліне аға сұлтан болып тағайындалысымен, осы күзекке екі бөлмелі кеңсе үйін салғызды. Сол үйдің жазғы, қысқы күзетшісі – сары баланың әке-шешесі. Сары баланың сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құланын елеңдете, аяңдатып жетіп келді. Ә дегенде тосырқап қалған сары бала, балшықтан жасалған ойыншықтарын жия қойып, орнынан ербиіп тұрагелді.

Шоқан: Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді?

Мысық: Өзімдікі, өзім істедім. (Шоқан Мысыққа қарай жүреді).

Мысық: Иә, бермеймін (Мысық тез ойыншықтарын жинай бастайды)

Шоқан: Ей, Мысық немене, өзің сонша қорқақсың? Алмаймын, көрейін. (Күлімдей сұрады Шоқан).

Мысық: Жоқ, сен алып қашып кетесің. Кеше әлгі бір тентек бала өзімді сабап кетті. (ойланып тұрып) Сен тимейсің бе?

Шоқан: Жоқ, мен алып қашпаймын. Тек көремін.

(Мысық Шоқанға бұрынғы үйірлігіне сеніп, ойыншықтарын тегіс көрсетті)

Шоқан: Сен, немене, мені жатырқап қалғансың ба? Мен Шоқан досың емеспін бе? Ойыншықтарыңды маған бересің бе?

Мысық: Жоқ, бермеймін, кешегі баладай сен де алып қашасың?

(ойыншықтарын етегіне сала бастайды).

Шоқан: Қорықпа, мен тимеймін. Кәне көрсетші, өзің ұстасың ғой. Ақысына не аласың, маған ана балшық атыңды берші?

Мысық: Не бересің, бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?

Шоқан: Беремін. Сен маған ойыншығыңды бер. Біздің үйге жүр, апамнан көп қант, бауырсақ әперемін.

Мысық: Жоқ, бармаймын. Апаң ұрсады, қорқамын.

Шоқан: Жоқ, мен тигізбеймін, өзім ертіп барамын.

(Мысық етегінен түйе ғып жасаған ойыншығын алып Шоқанға берді)

Шоқан: Ей, кәдуілгі түйе? Өй өзің қандай шеберсің! Жүр менімен . Апама ұрыстырмаймын.

(Қолынан ұстап тартады, сол кезде Жақып келіп қалады).

Жақып: Ей, мынау әлгі Мысық па? Қайдан тауып алдың?

(Мысықты нұқып қалады, Мысық қорланып жылап жібереді).

Шоқан: (Мысыққа қарап) Қорықпа. (Жақыпқа қарап) мұнда нең бар, тиіспе, бұл менің жолдасым! (Жақып кетіп қалады).

Шоқан: Сірә, қорқып тұрсың-ау, жүр менімен бірге, бауырсақ беремін. Ертең тағы келем, маған түйе жасап қойшы.

Мысық: Жоқ мен құс жасаймын.

(Мысық пен Шоқан бірге шығып кетеді).

2-жүргізуші: Нұрсұлу мен Аружанның орындауында «Балбырауын» күйі

1-жүргізуші: Шоқан – Орта Азияны зерттеген ойшыл кемеңгер ғалым. Барған жерлерінің суреттерін салған және сол саяхаттаған жерлерінің әдет-ғұрпын зерттеген. Сол жерлер туралы еңбектер жазып отырған.

2-жүргізуші: Шоқан Еуропа еліне Қашқарияны тұңғыш танытқан. Оның өмірінде «Ыстықкөл сапары», «Қашқария саяхаты», «Петербург сапары» өте маңызды болды. Өзінің барған жерлері жайлы еңбектер жазды.

1-жүргізуші: Шоқан жайлы «Ұлы дала Ханзадасы» атты бейнеролик тамашалайық

2-жүргізуші:: ____Балнұрның_ орындауында «Атамекен» әні


1-жүргізуші: Өз еліне шын беріліп, оны терең сүйе білген Шоқан өмірі – біз үшін үлкен өнеге. Оның құнды еңбектері мен пікірінің маңызы қашанда зор. Шоқан Уәлиханов – ерекше жаратылған қайталанбас тұлға. Ол асыл тастай, қай қырын күн сәулесіне ұстасаң да жарқырай көрініп, сан алуан қасиеттерімен айқындала түседі. Қысқа ғана ғұмырында аты аңызға айналған ғалым.

2-жүргізуші:

Білім-ғылым, өнер жолын таңдаған,

Бар ғұмырын халқы үшін арнаған.

Шоқтығымыз биік елміз Шоқанмен,

Бас иеді бұл ғалымға бар ғалам.

1-жүргізуші: Шоқанның жазбаларынан үзінді

«1858 жылы октябрь айының бірі күні Қашқар мен Қоқан әкімдері бастаған керуеніміз Қашқар қаласына келіп кірді. Қақпа алдында бізді біраз кідіртті. Әкімдер хакімбекке барып, ақырында қалаға кіруге болады деген хабар алып қайтты. Біз оңтүстік шығыс жақтағы қақпадан кіріп, таможнясы, яғни «зекетханасы» бар «Әндіжан» сарайына қарай тура тарттық. Біз әндіжандықтар есебінде ақсақалға, Қашқарда тұратын шетелдіктерді бір өзі билеп, тіпті өз алдына бөлек полиция ұстап отырған Қоқан ақсақалына бүтіндей бағынышты болдық, сондықтан шетелдік көпестермен неғұрлым жақын араласып және ақсақалдың өзінің де көңілін табу керек еді. Біздің керуеншілеріміздің басым көпшілігі марғыландық пен бұхаралықтар болғандықтан, олардың Қашқардан толып жатқан туыстары мен таныстары табылды. Біздің керуен басымыздың марғыландық Найманбай, Сағатбай, Асанжан және бұхаралық Қоры сияқты туыстары мен жерлестерінің және тағы басқа таныс бай көпестерінің Қоқан мен жергілікті өкіметтердің алдынды үлкен беделі бар қадірлі адамдар болатын.

Октябрьдің оны күні біз алты адам боп жолға шығып, Тозғұн қыстағы мен тағы бір қытай қаласының аралығындағы бекетте, сол жердің жүзбегіне рұқсат қағазымызды көрсеттік те, орта жолдағы бір лянгарға барып қондық. Ертеңіне түске таман Янысарға жеттік. Осылайша, Қашқардан Ыстықкөлге дейінгі жолды керуенімізбен бірге жүріп өттік.

1859 жылы, апрель айының он екісі күні мен Верный бекінісіне келдім. Менің саяхатым 1858 жылы июнь айының 28 күні басталып, 1859 жылдың 12 апрелінде, 10 ай, 14 күн дегенде барып аяқталды.

Бұл сапарымнан жинап алып қайтқан географиялық мәліметтерім мен машруттарымның маңызы қазіргі бар зерттеулерге байланысты болғандықтан және мәлімет көздерімен алдын ала танысуды керек қылғандықтан оларды Қоқан жөніндегі мәліметтер сияқты өз алдына жеке мақала етіп жазу үшін кейінге қалдырдым. Бұл жазбаны 5 тарауға бөлген едім. Ұзаққа созылған науқасым бұл мақаланы түгел жөндеп, түзетіп беруге мүмкіндік бермеді, әйтсе де мұнда осы кезге дейін беймәлім болып келген деректер аз емес».

2-жүргізуші: Абылайдың орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйі

1-жүргізуші: Ол бар-жоғы 30 жыл ғұмыр кешті. Сол мұхиттың тамшысындай азғантай ғана ғұмырында ол қазақ халқының тарихында өшпестей із қалдырды. Бейнет пен қауіпке толы саяхаттар ғалым денсаулығына салқынын тигізбей қоймады. Көптен меңдеген науқас Петербургке келгеннен кейін асқынып, әл бермей кетті. Ол денсаулығын жөндемекші оймен уақытша Сырымбетке қайтуға мәжбүр болады.

2-жүргізуші: Өмірінің соңғы жылында қатысқан Әулие-Ата экспедициясы оның ақырғы саяхаты еді. Ғылым әлемінің есігін ашып, төріне оза бастаған жалындаған жас шағында аққан жұлдыздай жарқ етіп жоқ болды. Көргеннің көзін тойдырып, топты ортадан ойдырған асқақ тұлғасы мен саналыға ой салар зерделі зерттеушілері еңіреген елінің есінде мәңгі жатталып қала берді... ғылым көгінде құйрықты жұлдыздай адамдық пен даналықтың қайталанбас үлгісін салып кеткен Шоқанның ерең еңбегі әлі талай ұрпақтың зердесіне өзінің нұрлы сәулесін түсірері даусыз.

Осымен Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа арналған тарихи-әдеби музыкалық кешіміз аяқталды. Тамашалап тыңдағандырыңыз үшін алғысымыз шексіз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Шы?ысты? шы??а біткен бір шынары»

Автор: Игликова Нургуль Заркыновна

Дата: 30.11.2015

Номер свидетельства: 260005


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства