«Сенде бір кірпіш д?ниеге, кетігін тапта бар ?алан » Ток шоу
«Сенде бір кірпіш д?ниеге, кетігін тапта бар ?алан » Ток шоу
Білімділік ма?саты – О?ушылар?а маманды? ?лемі ж?не оны? ерекшеліктері туралы д?ниетанымын ке?ейту о?ушылар?а маманды?тар туралы т?сінік бере отырып, олар?а маманды?ты д?рыс та?дай білуге ?йрету, білімдерін тере?дету; маманды?тарды? сан ?ырлы екенін ажырата білуге ?йрету.
Дамытушылы? ма?саты– о?ушыны? ойлау ?абілетін, ой-?рісін ке?ейту; с?здік ?орын молайту; ?зіндік пікір ?алыптастыру?а да?дыландыру.
Т?рбиелікма?саты– маманды? та?дау м?селесін белсенді арттыру, маманды? ?лемі туралы а?парат алу ар?ылы ж?не ?зін тану шекарасын ке?ейту ар?ылы маманды? ба?ытын та?дауда жауапты шешім ?алыптастыру.Білімге ?ызы?ушылы?ын арттыру, ?р маманды? иесін ?адірлей білуге т?рбиелеу.
Сыныптан тыс ж?мысты? т?рі: Ток шоу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Сенде бір кірпіш д?ниеге, кетігін тапта бар ?алан » Ток шоу »
Сыныптан тыс іс-шараларға қатысуды талдау №
Іс-шараға қатысқан оқытушы
Іс-шараны өткізген оқытушы « » __ 20 ж.
Пән атауы
Топ. Қатысқандар саны: Қатыспағаны:
Іс-шара тақырыбы:.
Қатысу мақсатым:
Іс-шараның өтілуінің ұйымдастырылуы мен дайындығының деңгейі
Сыныптан тыс іс-шараның өтілу барысы:
Көрнекі құралдарды қолдану, пайдалану сапасы.
Техникалық құралдарды қолдану тәсілі
Сыныптан тыс іс-шараның әдісі мен тәсілі
Іс-шара тақырыбының ашылуы
Іс-шара кезіндегі тәртіп.
Іс-шара барысында оқытушымен студенттердің жұмыс жасау тәсілдері.
Іс-шара барысында инновациялық, интерактивті жаңа технология түрін
қолданудағы әдістемесі.мен түрлері
Сыныптан тыс іс-шараны бекітудің тәсілі.
Өтілген іс-шара тақырыбының жоспарға сәйкес келуі.
Сыныптан тыс іс-шараның талдануы:
Іс-шара мақсатының орындалуы.
Оқытушының ұйымдастыру шеберлігі мен жетістіктері.
Іс -шараға қатысушы оқушылар дайындығы мен деңгейі, сапасы:
Іс-шараның қорытындысы:
« » 20 жыл Іс-шараға қатысқан оқытушы
Іс-шараны өткізген оқытушы
Тақырыбы: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан »
Ток шоу мақсаты: Білімділік мақсаты – Оқушыларға мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту оқушыларға мамандықтар туралы түсінік бере отырып, оларға мамандықты дұрыс таңдай білуге үйрету, білімдерін тереңдету; мамандықтардың сан қырлы екенін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты– оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту; сөздік қорын молайту; өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру.
Тәрбиелікмақсаты– мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.Білімге қызығушылығын арттыру, әр мамандық иесін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сыныптан тыс жұмыстың түрі: Ток шоу.
Сыныптан тыс жұмыстың әдіс- тәсілі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, жұмақ шешу жұмыстары.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Сенде бір кірпіш дүниеге, кеттігін тапта бар қалан» атты ток шоуымызға қош келдіңіздер! Мың мамандық бәрі бар,
Таңдап, талғап бірін ал! Деген екен ендеше сіздер таңдап түскен мамандықтарыңыз туралы ой қозғамақпыз.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Сондықтан мынандай сұрақтар туындайды:
-Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады?
-Біз олардың қаншасы туралы білеміз?
- Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады?
Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.
1.Бұрын өндірісте жұмыс істеген, қазір колледжіміздің Арнай пәндер оқытушысы Аубакиров Тұрысбек Муксинович
2.31 ПГС тобының студенті әрлеу жұмыстары бойынша Өскемен қаласында өндірістік –іс тәжірибеден өткен Махметханов Сағдат
3. Іске қабілетті, алғыр маман тез арада өзінің шеберлігімен көзге түсіп, жақсы ісімен маңайындағыларды сүйсіндіре білген студентіміз
41 МВС Маратова Мадина
4. Өз мамандығына деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік арқасында жас студенттің тез танылуына себепші болған студентіміз
Көздің жауын алар зәулім ғимараттар, жобасы ерекше тұрғын үйлер барлығы осы құрылысшылардың арқасында жасалған дүние.42 ПГС Какенов Қажет
5. Ата-анасы салған сара жолдан айнымай, құрылысшылар әулетінің ізін жалғастырып өзінің алған білімін тәжірибемен үштастыра білген студенттіміз 31 МВС Толқынқызы Риза
6. Өз мамандығын ойдағыдай бітіріп мамандығы бойынша жұмысқа түрғысы келетін студенттіміз 31 МТ Шалова Сания
7. Ең бейбіт және жасампаз кәсіптің өкілдері бұрынғы уақыттардан бері еліміздің бет-бейнесін жақсартып келеді: тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, инженерлік объектілерін салуда еңбегі өлшеусіз жұмыс жасай білген.31 ПГС Тұрғамбаев Әсет
8. Шаһар шырайын келтіруге бет бұрған осы шақта
31 ПГС тобында Бекпосынова Баян оқып қаланың көркейтуіне үлес қосар жас құрылысшы
Жаз айларында өткен оқу жаттығу барысында өз мамандықтарыңыз бойынша істеген жұмыстарыңыз туралы айта отырсаңыздар?
Міне сан қырлы мамандықтың иелері қалай жұмыс істегендері туралы баяндап жатыр осының дәлелі ретінде. Біздің колледжіміздің 1 курс студенттері өткен практикаға сәл көз жүгіртіп өтсек.
Видео (Практика барысында)
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңыз тиіс
Осы бейне көрініс арқылы жана тускен студенттеріміздің мамандықтарын қалай танып білгенін көріп отырмыз.
Сіздердің осыған алып қосарларыңыз барма?
Ендеше өткен күнге шегініс жасап 2008-2014 жылдар аралығында бітірген колледж студенттері мен сұхбат жүргізген едік сол бейне сюжетке назар аударайық.
Видео (Маман ретінде)
Колледжімізді бітірген түлектер белгілі маман иесі болып өз мамандықтарын жетік біліп әр қалада істеп жүргенін көріп отырсыздар. Осы туралы бір екі көз қарастарыңызды білдірсеңіздер?
Құрылыс — экономиканың негізгі діңгегі болып келеді. Кейінгі жылдары бүкіл республика бойынша, оның ішінде Семей қаласында да құрылыс саласы қарқынды дамуда. Осы ауқымды саланы алға жылжытуда құрылысшылар қазіргі заманға сай білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің артуына айтарлықтай еңбек сіңіруде. Құрылысшылар-өмірге деген белсенді қөзқарастағы жандар болғандықтан олардың кәсіп-қойлықтары мен шеберліктерінің арқасында жаңа үйлер, мектептер, аурухана, жолдар салынып жатыр.
Білім ағашын- осы қатысып отырған сіздер толтыра берсеңіздер
(Жапырақ үлгіде қиылған парақтар мен маркерлер осыған өз ойларыңызды жазып білім ағашын толтырады)
Көрермендермен жұмыс сергіту сәті.
Әр мамандықтар мен құрылыста қолданылатын құрал саймандардан құрастырылған. Мақал –мәтелдердің мағанасын айтып жұмбақтарды шешу.
1 Слайд
1. Шеге көрсе қоймаған, Басынан ұрып ойнаған
(Балға )
2 Слайд
2. Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады. 3 Слайд
3.Болат қайнауда шынығады, Батыр – майданда шынығады.
4 Слайд
4.Қара жер адамзатқа болған мекен Қазына іші толған әр түрлі кен. Ішінде жүз мың түрлі асылы бар Солардың ең артығы немене екен? (Темір) 5 Слайд 5.Тоққа қоссаң зырылдйды,
Бiр бағыттан бұрылмайды.
Жуан жұмыр темiрдi,
Қырнап, жонып кемiрдi,
Өлшеп берсең кеседi,
Керек етсең теседi,
Артық болса қашайды,
Қажет тетiк жасайды. (Станок)
6. Слайд
6.Құс ұясы секiлдi,
Үйшiгi бар биiкте.
Өрiлген қос кекiлдi,
Тұрар мойын иiп те. (Кран)
Менмендікке салынып ата-анаға сенудің ешқандай келер күнге тигізер пайдасы шамалы екенін ұмытпағанымыз абзал. Өйткені өмір сенікі, оқитында сен, маман болатында сен, жұмыс істейтінде сен сондықтан келер күнге үмітпен қарайтын болсақ болашағымыз жарқын болсын десек өмірде мамандық түрлері өте көп соның ішінде заман талабына сай техникалық мамандықтарды таңдағанымыз жөн сияқты. Әр адам өмірден өз орнын тауып, өзінің қалауымен бір мамандықты таңдап, сол мамандық иесі болу керек.
Әр қайсысының өзіне тән қасиеті бар. Осы мамандықтың барлығына ортақ қасиет жақсы адам болу қажет. Өздеріңіз көргендей залдағы көрермендерімізде құрылыс саласындағы жұмбақтарды шеше біледі екен . Білім ағашыда жақсы сөздермен толтырылыпты бүгінгі кешіміз сіздерге ой салды деген ойдамыз енді мамандықтарыңызға деген көз қарастарыңыз өзгергеніне кәміл сенеміз.
Қорытынды
Кәсіби біліктілігі жоғары маман қай кезде де сұранысқа ие. Әсіресе бүгінгідей инновациялық-индустриялық даму бағытын ұстанған еліміз үшін бұл - күн тәртібінен түспеуі тиіс мәселе. Білікті маман, биіктерді бағындырары сөзсіз. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері бар мысалға алатын болсақ құрылысшылар болмаса сен оқитын ғимараттар мен тұратын баспана болмас еді. Ғимарат салынғаннан кейін оның ішіне әрлеу жұмыстары жүргізіп, инженерлік жүйелерді орнату үшін дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетіні айтпасақта түсінікті жәйт. Ағаштан әр түрлі бұйымдарды жасап, тастан таңқалдырып ғимараттың етегін көмкерген не бір шеберлерді білеміз.
Өмірден өз орнымызды тапқымыз келесе білікті кемеңгер маман иесі болғыңғыз келсе білімге көңіл бөлу керек. Сонда ғана алға қойған мақсатпен армандарымызға қол жеткізе аламыз, ол үшін қажырлы еңбекпен сапалы білімен саналы тәрбие керек. Еліміздің өркениетті болашаққа ұмтылғанын ескерсек, уақыт өткен сайын құрылысшы мамандығының қажеттілігі арта түсері сөзсіз. Ендеше ол сала да заман талабына сай дами бермек.