Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, буклеттер, плакаттар, әр түрлі суреттер, шарлар.
Кеш жарық, армысыздар, ұлағатты ұстаздар, құрметті қонақтар! Бармысыздар, жадыраған жас достар! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Келді, міне, алтын күз,
Сары шашты жарқын күз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз!
Көбейді құт, береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке!
Алтын күзді тойлаймыз
Кіріспе сөз
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.
Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге «берекелі күз», «алтын күз» деп баға берген. Алтын деген себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Міне, екеуін аттастырып Алтын күз деп атаған. Күзде егінді жинап болған соң ата – бабаларымыз Сабан той деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған. Міне, бүгін біздер де сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Сәлем, саған Алтын күз» атты кешімізді бастаймыз.
Вальс
Барысы:
Таныстыру
Мерекелік дастархан әзірлеу (жемістер мен көкеністерден);
Өнер сайысы (пародия)
Сән үлгісі;
Үй тапсырмасы (жапырақтардан аппликация жасау)
Би
Ойындар
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділ-қазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділ - қазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» сын-кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
1.Таныстыру- Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Сәлем, саған Алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар, біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын. (қатысушыларға сөз беріледі)
Мерекелік ас мәзірін жасапты
Балаларымыз бармақтары майысып- дей келе келесі кезекті оқушыларымыз өз дастарханымен таныстырып өтсе.
Әділ – қазылар алқасы дастарханға берер бағаларыңызды көрсетіп өтсеңіздер.
(Пародия) О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірі – бірін.
Тыңдайық тамашалап, көрермендер,
Көрсетеді оқушылар өз өнерін.
-Әділ –қазылар алқасы өз бағасын беріп өтсе.
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр адам сұлу болар өз жанымен.
Өз қолдарынан шығарған киім үлгісін,
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен, - дей келе, келесі «сән үлгісін» тамашалаңыздар.
Үй тапсырмасы.
Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,
Жылауық бұлттары бар қанат көрген.
Күз келді мезгілінде арқаланып,
Күн бар ма байлығын ол тегін берген?!
Біз оны күтіп жүр ек әуел баста – ақ,
Кеттік те қызу істі дереу бастап,
Астық, жеміс, мақтасын... – бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
Би Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып, - дей келе ортаға биші қыз - жігіттерімізді шақырамыз.
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар,
Жауаптарын таба алама көрермендер?
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Көрермендер көрімдігі (ойын);
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Көрермендер көрімдігі: (Жұмбақтар шешу)
Ноқтасын суарсам,
Бұзауым өседі. (Асқабақ)
Құйрығынан ұстап
Көмейіме лақтырдым (Жүзім)
Түбі қазық, басы азық (Қырыққабат)
Көмгенде жалғыз, Қазғанда сан қыз. (Картоп)
Өзі тойынады, өзгені тойдырады. (Жер)
Әкесі бүкір, шешесі бүкір. (Баклажан)
Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім. (Қауын)
Көк лағым көгенде тұрып семіреді. (Қарбыз) Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Сәлем, саған Алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!