Бақылау оқушылардың қазақ тілінен І жартыжылдықта алған білімдерін тәжірибеде қолдану икем-дағдыларын тексеруге бағытталған.
Тоғайда
Дәулет әкесі екеуі ауыл сыртындағы тоғайды аралап келе жатты. Бұрын-соңды үйден алысқа шығып көрмеген кішкентай Дәулетке айналадағы құбылыстың бәрі жұмбақ еді. Тоғайда неше түрлі ағаштар өскен. Бірі жуан, бірі аласа. Біреуінің сыртқы қабығы қалың, кедір-бұдыр, ана біреуінің қабығы жұқа, жып-жылтыр. Әр ағаштаң бұтақтары да әр түрлі екен. Күзгі жапырақтар бейне бір төсеп тастаған текемет сияқты, ұйысып жатыр. Жұп-жұмсақ.
Сары қанат шымшық, шөже торғай, қараторғайлар бұтақтан-бұтаққа секіріп, енді біреулері алаңқай жердегі бұталарды паналайды.
Қара қарғалар ағаштың басында отыр.
Дәулет сұрақты жаудырта жөнелді:
- Қарғалар ұясын қайда салады?
- Ағаштың сонау биік басына салады, балам,- деді әкесі.
Тапсырмалар
Әкесі екеуі – септе.
Торғай сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Алыс, жұқа, кішкентай, жұмбақ, биік сөздерінің синонимі мен антонимдерін тап.
Бақылау оқушылардың қазақ тілінен І жартыжылдықта алған білімдерін тәжірибеде қолдану икем-дағдыларын тексеруге бағытталған.
Қарқаралыда
Абай әкесімен бірге Қарқаралыды тұрғалы көп күндер болды. Қазірде қыс әбден түсіп, қар бекіп алған-ды.
Құнанбай кішкене қаланың тап ортасындағы көк шатырлы, үлкен ағаш үйді жатақ еткен. Қазағуар, қонақшыл татарсаудагерінің үйі.
Бүгін де, таңертеңгі шайдан соң, Абай әке қасынан шығып, Майбасардың пәтеріне келе жатты. Күн шағырмақ ашық, Қарқаралы атырабындағы өлке жотасы жалтырап, аппақ сіреу боп жатыр. Қала желкесіндегі әсем таудың да қарағай атаулысын күпсек қар басқан. Абайға ағашты таулар қазірде ақ шидемін айналдырып киген қыс – кәрінің өзіндей көрінеді. Шытқыл аяз бар. Теріскейден ескен болымсыз ғана жел лебі білінеді.
Аяғының астында шыныланған қатқыл қар сықыр-сықыр етеді. Үшкір тұмсық жаңа қара етігі бар еді. Саркідір болған қардан тайғанай береді. Абай бұл уақытта бала сияқты емес. Жас бозбалаша киінген. Қара мақпалмен тыстаған түлкі тымағы. Бұрындары пұшпақ тымақ кисе, соңғы жылдардан бозбаланың көбі осындай түлкі тымаққа ауысқан еді. Үстінде тиін ішіктің сыртынан киілген, жағасы қайырма қара барқыт қаптал шапаны бар. Құла түсті ықшам тігілген шапан аса ұзын жең емес. Кең қолтық, ұзын жең үлгіні осы Қарқаралы қазағы ғана киеді. Олардың жағасы да Тобықты үлгісінен басқаша, Тобықты тымағы Қарқаралынікіндей төрт сай емес, алты сай болатын. Абайдың кигені – сондай өз елінің тымағы. Белінде кісе белдік емес, жасыл түсті кәріс белбеу. Бұ да бозбаланың белгісі.
М.Әуезов . (198 сөз)
Тапсырмалар
Синтаксистік талдау: Құнанбай кішкене қаланың тап ортасындағы көк шатырлы, үлкен ағаш үйді жатақ еткен.
Мәтіннен сөйлемнің байланысу түрлеріне мысалдар келтір.