Просмотр содержимого документа
«Сын т?р?ысынан ойлау технологиясынан ал?ан ?серім »
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқудан алған әсерім.
Айлар мен жылдар өтіп,күндердің зымырап жатқанын ,жаңа оқу жылының қалай келіп жеткенін көзді ашып жұмғанымша білмей қалдым.
Шіркін –ай,өмірде жаз мезгілінің жылы лебі,күздің салқын лебіне лезде айналып бара жатқанын ,мына заманда аңғарудың өзі қиын.Олай дейтінім,зымыраған уақытта 2014 жылдың 18-ші қыркүйек күні Көкшетау қаласында «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» үйренемін,оны сабағымда қолданамын,алдымда «білгім келеді?» деген үмітпен отырған балаларды ,болашақ ел басқарар азамат ,азаматшаларды қалай оқытып,білім сапасын арттырсам деген үмітпен Зеренді,Жақсы,Еңбекшілдер,Сандықтау,Шортанды,Астрахань,Аршалы,Атбасар,Бұланды ,Ақкөл,Қорғалжын ,Есіл аудандарынан және Көкшетау қаласынан жүз жиырма ұстаз «Өрлеу» біліктілігін арттыру курсына келдік.Сол күні айқара есігі ашылған 22-ші кабинетке кіріп барсам,ақылы мен көркі біліміне сай ақылшы ұстаз Базарбекова Ғазиза Рашитқызы қарсы алды.Одан соң « Сен кімсің ? », «Қайдан келдің ?» сияқты сұрақтарды қоймай бәріміздің үстелімізге үндемей ғана келіп,файл,қойын дәптер,қалам,бейджик таратып берді.Мұны сіздерге тегін таратып жатырмыз.Бірақ сіздер мен айтқан ойлардың керегін ғана түртіп жазып отыруымызды өтінді.
Осы кезде мен ,көзімді жұп-жұқа папка файлдан ала алмадым.Ойыма оны қалай толтырып,не саламын және әр топта отыз адамнан тұратын ұстаздардың әр қайсысымен қалай бірлесіп жұмыс жасаймын деген неше түрлі сұрақтар мазалады.
Бірінші күні әр топта отырған ұстаз үнсіз көздің қиығымен бір –біріне қарап «Енді не істейміз ?» деп өз ара сөйлесіп,танысып жаттық.Осы кезде ақылшы ұстазымыз қазір жұмыс істейміз ,ол үшін ұстаздар 1,2,3,4,5 деп саналыңыздар деп өтінді.Таңдалған санға қарай мен төртінші топқа түстім.Жұмыс барысында біздің топқа Жақсы ауданының №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аяпбергенова Кенжегүл Мұхамбетқалиқызы, Көкшетау қаласының №7 орта мектебінің ағылшын мұғалімі Жакимова Самал Олжабайқызы, №4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанбекова Әйгерім Қайратқызы,Еңбекшілдер ауданының Қызыл –Ұйым ауылының ағылшын мұғалімі Тайлақова Айжан Иманзайқызы және Степногорск қаласының № 2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Минжанова Қамар Усербайқызы ұстаздарымен жекелей,жұппен,топпен жұмыс жасап ,бір отбасында тәлім –тәрбие алған апалы,сіңділер сияқты күнде –күнде қызығушылықпен,бірлесіп әртүрлі стратегияларға сәйкес тапсырмалар ,сабақ жоспарларын пәнімізге байланысты құрып отырдық.Сөйтіп әр айдан 2-4 рет кездесіп,қоштасатын кезде келіп жетті. Адам баласына қоштасу қиындықты,қимастықты тудырады ғой.Себебі,бір-бірімізге бауыр басып қалдық.Бауыр басып қалғаннан кейін ол адам сенің туысыңнан да артық болатынын сезесің .
Жылтыраған жолдың көк тайғанағына қарамай тобымыздың отыз ұстазы заманымыздың ағымына сай жан –жақты білім алып,іс тәжірбиелерінде «СТО »қолданамыз деп,қуанышты көңіл күймен мәжіліс залына бет алдық.
86 сағаттан тұратын «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарлар жиынтығына қатысқанын куәландыратын куәлікті , Көкшетау қаласының Қазақстан Оқу Ассоциациясының Атк директоры Еркін Тұрашұлы салтанатты түрде табыстап,барлығымызға мықты денсаулық және алған білімдерімізді болашақ жастарымызға сіңіре білуге шақырды.
Сөйтіп мәз мейрам , байланыс телефондарымызбен алмасып 4-5 –ші желтоқсан күні облыс көлемінде өтетін конференцияға келеміз деген үмітпен қоштастық.
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Тәрбие ісінің меңгерушісі : Кенжина Дәмегүл Мұхамедрахимқызы