Просмотр содержимого документа
«Сы??ырла со??ы ?о?ырау!»
«Сыңғырла соңғы қоңырау!»
Қайырлы кеш, ата-аналар, қонақтар!
Кезде келді бүгін міне, жыр ақтар,
Сыңғырлаған қоңыраудың үндері,
Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.
Қимас сезім жүректерде алаулап,
Түлектермен қоштасардай атырап
Бүгінгі күн есте қалар шақ екен,
Алтын ұям түлектерін ұшырмақ
Болашақтың ірге тасын қалайтын.Елбасымыздың Мәңгілік ел идеясын бойына сіңіре білген Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп, өркендеп келе жатқан бүгінгі біздің түлектерді ортаға шақырамыз. Ду қол шапалақпен қарсы алайық!
Қонар Әлфараби
Шәріп Индира
Сынып жетекшілері Рамазанов Есжан Асанұлы
Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Мектеп бітіруші түлектерге арналған «Сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Мектеп түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін! (Ту енгізіліп, әнұран орындалады)
Қазағым қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жан түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі, ырыс қой қонақ деген
Өзіменен ала келер несібесін дей келе сөз кезегін бүгінгі салтанатты жиынымыздың қонағы................................................жолдасқа сөз кезегін береміз.
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ жа ашыры жас ұрпақтың.
Ұстаз деген ардақты аяулы адам дей келе мектеп директоры Нурмухан Гүлдарқын Амангелдіқызына сөз береміз.
Аяулы ұстаз. Өлшемі жоқ бағаңның,
Айтыңдаршы таласады оған кім,
Еленуге елге істеген еібегің.
Айтады алғыс шәкірттерің саған мың- дей келе сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Жунусова Динара Мүталлапқызына беріледі.
Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,
Жақсы ұрпақ – Еліміздің шын тілегі.
Ортаға шығып, қанекей, тілек айтсын,
Бірінші сыныптың «Мен» деген әр түлегі, -деп, 1-сынып оқушылары тілек білдіргелі тұр.
Кең пейіл мен ақиарманнан нәр алған,
Туған жердің бақытына жаралған.
Орын табар бақыт деген аралдан – дей келе сөз кезегін бастауышпен қоштасқалы отырған 4-сынып оқушыларына береміз.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл –қызымыздың ойы толып, бойы өсіп мектебімен қоштасқалы отырған түлектер сөз кезегі өздеріңізде.
Мектеп бітіруші түлектер қалыптасқан дәстүр бойынша мектеп кілтін ізбасарларына тапсырады. Білімнің алтын кілтін мектеп түлегі Шәріп Индира 8-сынып оқушыларына табыс етеді.
Индира: Білімге басқан жастарың.
Ғылымды іздер үңіліп.
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күтіп тұр үміт.
Білімді құйып санаңа,
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар,
Тапсырамыз «Алтын кілтті»
Мейрамгүл: Аяқтап бүгін мектепті,
Тебірендің, толғандың.
Болашағың жарқын боп,
Сәт-сапар болсын жолдарың!
Біз, 8-сынып оқушылары, Жасқайрат негізгі мектебінің мәртебесін биік, тұғырын берік ұстауға ант етеміз! (9-сыныптың орындауында «Ұстазым» әні орындалады)
Еліміздің еңбек сіңірген тыл ардагері Қонар ата ға сөз кезегін береміз.
Келесі сөз кезегін Еліміздің еңбек сіңірген тыл ардагерлері Нафиза әжеге береміз.
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтысын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.
Мектеп түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!
Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 9 жыл ішінде 20 мыңға жуық қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда естідің. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан үлкен қмір белесіне асыратын қоңырау. (соңғы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің түлектері Қонар Әлфараби, Шәріп Индира және Қайриден Азизаға жүктеледі.