Мақсаты: Мемлекетіміздің нышандарын тереңірек білу арқылы тарихи мәтін, маңызын білу, түсіну, мақтан тұту, зерттеу арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Алдын ала Ербол Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» атты кітабын оқып, зерттеп келу тапсырылды және оқушыларға мемлекеттік нышандар туралы тақырыптар берілді.
Жұмыс түрі: «Білгірлер сайысы»
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының елтаңбасы, туы, әр сыныптың жасаған таңбалары.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС»
Білгірлер сайысы
Тақырып: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Мақсаты: Мемлекетіміздің нышандарын тереңірек білу арқылы тарихи мәтін, маңызын білу, түсіну, мақтан тұту, зерттеу арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Алдын ала Ербол Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» атты кітабын оқып, зерттеп келу тапсырылды және оқушыларға мемлекеттік нышандар туралы тақырыптар берілді.
Жұмыс түрі: «Білгірлер сайысы»
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының елтаңбасы, туы, әр сыныптың жасаған таңбалары.
Сабақтан тысіс-шара барысы.
І. Жүргізушілер сайыстың талап-мақсаттарымен танысады.
Сайыстың үш талабы.
1. Ән ұранды жатқа айту.
2. Сұрақ – викторина
3. Үй тапсырмасы ретінде:
1) Өз сыныбының таңбасын (эмблемасын) жасап келу және оны айта білу.
2) Көркемөнер қойылымын дайындау.
Әр топ өзінің атын және ұранын таңдау тиіс. Әр топтың қолбасшылары тағайындалады.
І топ 9 «а» - сыныбы – «Жас қыран»
Ұраны:Еркіндік қыраны шарықта!
ІІ топ 9 «б» - сыныбы – «Қанатты тұлпар»
Ұраны:Биіктерге самғай бер! Шолпанға жет!
ІІ. Қолбасшылар өз топтарын таныстырып болғаннан кейін сайыстың 1-ші талабын – әнұранды жатқа айту, дұрыс айту, авторларын білу.
2-ші талап: Сұрақ – викторина:
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?
2. Еліміздің мемлекеттік рәміздері қандай?
3. Қазақстан туының түсі неге көк?
4. Туымыздағы ою-өрнек нені білдіреді?
5. Алтын күн ненің белгісі?
6. Қыран бүркіт нені көрсетеді?
7. Елтаңбадағы шаңырақ ненің белгісі?
8. Қазақстан елтаңбасындағы қанатты пыпақтар қайдан алынған?
9. Елтаңбаның жоғарғы жағында не бар? Ол нені білдіреді?
10. Әнұранның авторлары кімдер?
11. Қазақ елінің ең алғашқы әнұраны деп қай әнді айтуға болады?
12. Көне түркі тілінде туды қалай атаған?
13. Тағы қай мемлекеттің елтаңбасында бүркіт бейнеленген?
Әр топқа қосымша сынақ – қарсы сұрақ дайындалып келу тапсырылды.
3-ші талап: Үй тапсырмасы.
а) Әр топ өз сыныбының таңбасын көрсетіп, әңгімелеп айтып береді.