Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс жұмыс әзірлемесі»
Бастауыш –білім бесігі.
Мұғалім:Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар. Бүгін міне, менің шәкірттерім үшін ерекше ұмытылмас күн деп айта аламын.Өйткені олар бастауыш сыныптың түлектері.
Экранға назар аударайық: «Қайырлы таң, Қазақстан!» бағдарламасы. Қайырбек Дарина мен Абишев Еркебұлан.
Міне бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сыныпта білім алып, орта буынға өткелі отыр. Ендеше, ортаға 4 сынып түлектерін шақырайық.( музыка әуенімен ортаға бастауыш сынып түлектері шығады).
1. Өнер қуған жасынан, Сөз асырмас басынан.
Намысқой ғой біздің Бекзат, табылар дос қасынан.
2. Әдепті ол сақтайды, Әділетті жақтайды.
Диасты біздің сыныпта, Тәртіпті деп мақтайды.
3. Мен дәрігер боламын, Үлкеннің де баланың
Деп, жүр біздің Аружан, «Өзім емдеп жазамын!».
4. Бастауыштың түлегі, ел деп соққан жүрегі.
«МАЙ» қызметкері болам деп Дархан біздің жүреді.
5.Білімімен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайтын ойланбастан тыныпта
Аружан біздің өнегелі өнерлі
Арасында достарының беделді.
6.Сөз сөйлесе жарқын-ақ, Біздің Дархан жарқылдап.
Математика сабағында, Есептерді шығарады сартылдап
7.Мен үлкейіп толамын, Сіздей ұстаз боламын.
Деп жүр біздің Аида, Үлгісі кіші баланың.
8. Үлкендерді көргенде, сыйлап сәлем береді,
Азаматты сыныпта, Ізетті деп біледі.
9. Күні бойы тынбайтын, зыр жүгіріп шаршайтын.
Біздің Арсен елгезек жалқаулықты білмейтін.
10. Қай кезде де ол анық, Қайғырмайды өзі үшін.
Алуа біздің қуанып, Қызарады біз үшін.
11.Әзілді жаны сүйеді. Армансыз ол күледі.
Ерасыл біздің әрқашан, жып-жинақы боп жүреді.
12. Мінезі сондай салмақты, бәрімізге де ардақты
Тілші болу арманы, кім білмейді Дананы.
13.Спортты ол ұнатады, сайысқа белсене қатысады,
Мади облыс аймағында да жеңімпаз деп атанады.
14. Жыр оқып, тарихын ол танытқан.
Кітап оқып білімін де дамытқан.
Ілияс сыныбымыздың озаты.
Білімін ол болаттай қып қорытқан.
15. Бойында алаулаған жалын, Жақсылық толғандырып жанын.
Дарина біздің қайтпайды үйге, Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.
16. Мектепке әркез асыққан, келеді сонау қашықтан.
Еркебұлан біздің ақкөңіл, Көңілі дария тасыған.
Бекзат: Құрбыласпыз.
Дана: Тұрғыласпыз.
Дархан: 16-мыз.
Алуа: Күлімдейміз.
Еркебұлан: Бір бақшаның гүліндейміз.
Аида: Сыныптаспыз.
Ерасыл: Тетелеспіз.
Аружан: Талаптымыз.
Аружан: Қанаттымыз.
Мади: Құрдаспыз.
Ильяс: Доспыз.
Дарина: Білімдіміз.
Азамат: Татумыз.
Диас: Бақыттымыз.
Арсен: Жақсы оқимыз.
Экранда «Ертегілер елінде » бағдарламасы: Ж. Дархан.
Көріністі сахналау: «Бақыт іздеген бала».
Экранда «Екі езу» бағдарламасы Әзіл студиясы. О. Азамат.
Көріністер: Еркебұлан, Алуа: Радио. Аида: Мұғалім. Дана, Аружан. Р.Дархан: Күшік. Ж.Дархан: Үй тапсырмасы. Аружан, Мади: Естіген жоқпын.