kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты. Біз ЖИТС-?а ?арсымыз.

Нажмите, чтобы узнать подробности

рпоааоооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккктттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты. Біз ЖИТС-?а ?арсымыз.»

Тәрбие сағатының  тақырыбы:   «Біз ЖИТС-қа қарсымыз!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды  салауатты өмір сүре  білуге тәрбиелеу , міндеттеріне шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына  зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД- тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

1-жүргізуші: Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып

Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар

Салауатты өмір са лтын сақтаңдар

Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

Армысыздар қазақ деген қайсар елдің білімді жастары мен ұлағатты ұстаздары. Сіздерді 1-желтоқсан “Бүкілдүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес күніне” орай “ Біз ЖИТС-қа қарсымыз!” атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
2-жүргізуші:

Салауатты өмір салтын  қолдайық,

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық.

Өз өмірің, өз қолыңда ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық?!

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030 » стратегиясында  халық  денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің  бірінші кезектегі  атқаратын шараларының бірі халық  денсаулығын нығайту.

1-жүргізуші:

Адамның ақыл – ойын, денсаулығн, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы  бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», — деген екен. Олай  болса, біздің болашағымыз неге байланысты. ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң  адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай,  жаны мен тәні  кіршіксіз таза , танымдық  белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген  ынтасы мен шығрмашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс. Олай болса, біз  «Салауатты өмір салтын » насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі назарларыңызға ұсынып отырған қойылым салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.

2-жүргізуші: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18  мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты  өмір салтын  қалыптастыру бағытында да үгіт – насихатты күшейту туралы шараларын мндеттеп берді.СПИД – ғасыр обасы. СПИД – Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни ЖҚТБ. Адам  денесінде Т – лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазқсатнда 4,5 мыңнан астам жүре пайда болған. Иммунитет тапшылығы син дромы , яғни СПИД – ке шалдыққан. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.  

Жансая: СПИД - наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД - тен сақтану үшін не істеу

ерек? Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?

ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД – пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда. Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.


Жұмәділ: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде СПИД - пен ауыратындар саны - 25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.
СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады.Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін. Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр. Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД - ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр

Би: «Жан азабы»

2-Жүргізуші: Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының дректеріне сүйенсек, республика бойнша ерлердің 57 пайызы , жасөспірімдердің 40 пайызы шылым тартса, ересек адамдрдың 55 пайызы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 29,5 пайызы  ншқорлыққа ауызданған. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда  10 мыңнан астам жетім , әрбір  үшінші сәби  өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі. Темекі — әр түрлі ауруларды туғызатын, адамның еңбекке қабілетін кемітетін, адамзат тұқымын аздыратын, адамды ішетін кеміріп жейтін жегі құрт. Темекінің адам  ДЕНСАУЛЫҒЫ үшін  зардабы көп: бронхит, өкпе, рак ауруларына әкеп соқтырады. Тіпті ол адамның ақылдысын да , азғынын да өзіне бағындырып алады. Сондықтан ол қауіпті әдетпен жаппай күресуіміз керек. Алкоголь – адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады. Ол адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.  Алькоголь – «нерв уы » деп бекер айтылмаған.  Ішкілік организмнің қуыс – қуысына  өте тез жайылады да, содан соңғы орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады .


Көрініс:« Жын мен Періште »

Қатысушылар: Арақ, Наша, Темекі, Жігіт, Періште, Ақыл, Талап.

Арақ: - Ей адамзаи неге жүрсіңсеріксіз?

Наша: — Танысайық, жақындашы сен бізге.

Темекі: - Біз достыққа әрқашан да берікпіз.

Жігіт: - Бұрын көрген секілдімін бір жерден.

Кімсің өзің, жүзің неге түнерген?

(Жігітті айналып жүреді )

Арақ:

Менің даңқым көп тараған кең жерде,

Ізім жатыр қырқаларда, белдерде.

Мен – Шараппын. Жаза бассаң, сүрінсең,

Шақырмай – ақ жетіп келем сендерге .

Темекі:

Жас өмірің атқан кезде таң болып,

Есіңде ме, менде саған жолыққам.

Талай – талай бірге жүрдік серк боп,

Содан кейін бір күні әкең өлгенде,

Наша қалмай меніменен еріп кеп,

Түнеп алдық сенің балғын кеудеңде


Наша:

Иә, мұнан кейін бір күннен соң бр күннен

Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.

Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым,

Кей күндері бірге жүрген досыңның,

Баянсызын сезінгеде жолықтым.

(Өзімен бірге жігітті ертіпкете береді. «…………»)

Періште:

-Ей, ақымақ, ақымақ,

Жақын болма жаманға!

Жалыныңды сөндіріп,

Жастығыңды күйдіріп,

Сезіміңді қорлатасың оларға.

Жігіт:

Денсаулықтың басшысы,

Жан – тәнімді өз қолыңа беремін.

Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,

Айтқаныңа көнемін.

Періште:

Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,

Кезің келді  қоғам жүгін арқалар

Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,

Айта алмаймын ертеңінесенем деп.

Талап:

Онда барсам, естілмейді талаптының сазды үні,

Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз бірі

Бір жеткіншек кезікті де келбетіне бақ күлген,

Сол баланың жүрегінен жайлы  мекен таптым мен

Ақыл:

Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?

Темекі мен арқ, наша бүкіл елге танылар.

Тыныштық жоқ, күзетемін жамандықтан еліңді,

Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңді.

Періште:

Ана сүті арамдықты суарса,

Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.

Темекіден түтн сорсаң улайсың,

Өзіңді — өзің жіпсіз байлап шрмайсың.

Ақылды болсаң жас жігіт,

Сөзімді менің тыңдайсың!

Жігіт: Міне, достар өмірдің мәнін мен енді түсінген сиқтымын, сендерге айтарым:

Тек жүзіңді төмен салма,

Нашақорға жаман болма.

Тек көзіңді жасуаратпа,

Сенің көзің заман үшін бағалы.

Сенің әніңасқақ шықса,

Қоғам даңқы жоғары.

(Осыдан кейін , бәрі бірге шығып, қол ұстазып, басын иеді ).

Презинтация: “Ине ұшындағы ғұмыр”  

1-оқущы.

Шайтандарға артық ау,

Ләззат алған бір кеші.

Қажеті жоқ шет жақтың,

Үлдесі мен бүлдесі.

Енді ғана халқым ау, есті жия беріп ең,

Қайдан келді ғасырдың СПИД деген індеті?

2-Оқушы

Адам! Адам!

Бөлісіп уайымыңды

Болашаққа болыңдар дайым үлгі.

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

Дерт шалмасын ешқашан, өрт шалмасын,

Алып емен,ақ бойшаң қайыңынды,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

Видиоролик: СПИД және ВИЧ

3-оқушы

Сақтан бұдан бәрің де,әсіресе ұл қыздар,

Обасына ғасырдың, обал болып жүрмейік.

 Қайран елім ұятты, әсем қандай арайлы ең,

Ұлға намыс бітіріп,қыздың арын бағар ең.

4-оқушы

Келеді ғасырымыз нұрға айналып,

СПИД дерті шыға келді жырға айналып.

Енді міне тағдырдың тәлкегінде,

СПИД деген бәле тұр шыр айналып.

Арын сатып ақшаға мансап қуып,

Жастар жүр қазағыма салып бүлік.

Сол жастарға ақыл берер ақылшымыз,

Кім бар екен айтатын иық жұлып.

Сол бір нәрсе ойымды мазалайды,

Кайдан келді СПИД деп қазбалайды.

5-оқушы

Өзге елге елеңдеп еліктесең,

Сол СПИД әрбір жасты жазалайды.

Ей жастар біз емес пе ертеңі елдің,

Жол табу мақсатымыз енді біздің.

Қатерлі дерт СПИД ті жойып тастау,

Қолымыздан келер іс сіз бен біздің.

СПИД-тен қорғаныңдар абайлыңдар,

Көзді ашып жан-жаққа қарайлыңдар.

Қатерлі дерт өзегінде кетіп қалмай,

Абайлаңдар, СПИД-тен абайлаңдар!

Би: Маска

Жүргізуші: СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)
- Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. ір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. әке - шешем бар дегенімді жасады. анда - санда әкем мен тентек болған кезде, айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?»- деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата - ана перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата - анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
- Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «деген» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір - өзенім.
Менің - дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңіренем, күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман - көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
- Соңғы кезде өмір - тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой. Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай - ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады. Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.

Хор: «СПИД жойылсын»

1.Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген

Жойылсын мәңгілік жойылсын.

Вируспен ауырған адамдарға

Ем – дәрі тезірек табылсын.

Қайырмасы:

Кел достарым, үн қосайық,

Көтеріп жаңғыртып.

Анасын бала

Баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік

2. Есірткі құрысын

Ішімдік жойылсын

Дені сау қазақтың

Ұл – қызы көбейсін.

Қайырмасы:

3.Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп.

Қазақтың сымбатты

Ұрпағы көбейсін

Жүргізуші: Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші де.


1.Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі -
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап - арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр.


Жүргізуші:


« Ғасыр уы »

СПИД деген – ғаыср уы , зобалаңы,

Сан адамға жазылмас жара салды.

Сан адамды өмірден алып кетті,

Мамандар да бір емін таба алмады.

Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!

Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!

Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,

Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

Сонымен оқушылар бүгінгі тәр бие сағатымызды аяқтаймыз. Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты. Біз ЖИТС-?а ?арсымыз.

Автор: Сабирова Кундуз Турабековна

Дата: 04.03.2016

Номер свидетельства: 302224


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства