Білім - ?ркениеттілікті? ?лшемі ?рі тетігі. Кез келген мемлекетті? рухани да, ?леуметтік экономикалы? д?режесі де онда ?мір с?ретін хал?ыны? білім де?гейіне байланысты ба?аланады.
Сонды?тан, педагогика жа?алы?тарын, ?азіргі ?олданып ж?рген о?ытуды? жа?а технологиясын п?н ерекшелігіне ?олдана білу – о?ытуды? ма?сатына жетуді? бірден- бір жолы.
Математика п?нін о?ытуда Мемлекеттік Білім стандарттарыны? ма?саттары мен міндеттерін басшылы??а ала отырып, профессор Ж..?араевты? «Де?гейлік о?ыту технологиясына» негіздеген, де?гейлік тапсырмалар ар?ылы о?ушыларды? білімін жетілдіру болып саналады.. О?ыту барысында математика саба?ыны? алдына ?ой?ан т?рбиелік ма?саты - математикалы? білімні? таби?атын таныта отырып, ерте? на?ыз ?лтжанды, парасатты ?рпа? т?рбиелеу болып саналады.. Осы алдына ?ой?ан ма?сатты ж?зеге асыру жолында сан т?рлі тиімді ?діс-т?сілдерді ?олдану ар?ылы саба?ты? сапасын арттыру?а к??іл б?лу керек. Ал саба?ты? ?зі мазм?ны мен ??рлымы жа?ынан аралас, семинар, сайыс, ойын жатты?у, т.б. саба?ты? т?рлері болып ?ткізілуі тиіс.
Жа?а технология бойынша, ?дістемелік ж?йесіні? басты б?лшектеріні? бірі – де?гейлеп о?ыту. Осы талаптарды орындау ?шін, біріншіден: о?ушыларды? о?уда?ы іс-?рекеті ар?ылы ойлау да?дыларын жетілдіру, ?з бетінше білім алуына ?рекет ету. Екіншіден, о?ытуды? дербес ж?не топты? т?рлері ар?ылы о?ушылар?а сенім арту, б?л жерде м??алім- ?йымдастырушы, ба?ыт беруші. ?шіншіден, жа?а технологияны? ма?саты – о?ытуды ізгілендіру. Де?гейлік ж?мыс істеуде бала жалы?пайды. О?ушыларды? ой-?рісі мен д?ниетанымын ке?ейтіп, білім де?гейіні? ?суіне о?ушыларды? ?абілетіне ?арай саралап о?ытуды? ма?ызы зор.+v
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1-оқушы: Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
2-оқушы: Наурыз - жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл - Наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
3-оқушы:«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
4-оқушы: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.
Құрметті халайық қадірменді жамиғат. Біздің өткен жылға еш өкпеміз жоқ. Солай ма?...
Әжелер адыраспанмен аластайды.
1-әже: Алас, алас, көзі жаманның көзінен алас,
Алас, алас, тілі жаманның тілінен алас.
2-әже: О, құдайым, зарыға күткен жаңа жылым келді.
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке!
3-әже: Менің ұрпақтарымды аман ет!
Пәле жаладан сақтай гөр!
Жамандық әрі кет, әрі кет!
Халыққа қарап иіледі де, сахнадан шығып кетеді.
1-жүргізуші: Уа, халайық! Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен.
2-жүргізуші: Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Оның белгісі оң қолының бас бармағында сүйек болмайды деседі білгендер. Бәрімізге де Қыдыр баба жолыққай деп тілейміз!
Ортаға Қыдыр баба шығады.
1-ұлан: Армысыз, Қыдыр баба!
Қыдыр баба: Бар бол, жарқыным! Жанарыңда нұр ойнаған қай баласың, қарағым?!
1-ұлан: Көңілі жарқын, ниеті ақ, ұзында өші, қысқада кегі жоқ, досына құшағы ашық, дархандығына дос қана емес, дұшпаны да ғашық қазақ деген халықтың ұланымын, әз Баба!
Қыдыр баба: Бәрекелі, бәрекелді, өренім! Алатаудың мұзбалақ қыранындай даусың саңқылдап тұр екен! Тек ұзағынан болғай, самғар аспаның кең болсын, ұлым! Иә, не тілейсің, жас ұлан?
1-ұлан: Өз көңіліме салсам, алып ұшқан жүрегім күллі дүниедегі жақсылық атаулыны құшқысы келеді. Игілік пен ізгілік атты барлықтың бауырымда болғанын қалар едім, әз ата! Бірақ менің Қазақ халқы атты ұлы анам, Қазақ халқы атты ұлы әкем бар. Сол екі бірдей ардағым аман болсын деп тілеймін, Баба! (Тізесін бүгіп, қол жаяды).
2-ұлан: Кеңдігі ұшқан құстың қанатын,
Жүгірген аңның тұяғын тоздырған.
Көгінде қыран, жерінде ұлан ойнаған,
Теңдік пен татулықтың киелі бесігі, Қазақстаным – Отаным аман болсын деп тілеймін, Баба! (Тізесін бүгіп, қол жаяды).
3-ұлан: «Ырыс алды - ынтымақ», «Татулық түбі – береке» деуші еді үлкендер. Халқым үшін ынтымақ пен береке, татулық сұраймын, қасиетті Қыдыр баба! (Тізесін бүгіп, қол жаяды).
4-ұлан: «Бірлік түбі – тірлік», «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, ынтымағы күшейген озады» деуші үлкендер. Халқым үшін бірлік тілеймін, әз Баба! (Тізесін бүгіп, қол жаяды).
5-ұлан: «Елдің атын ер шығарады, ер анадан туады» деуші еді халық даналары. Ел басына алмағайып күн туғанда атқа қонып, ел қорғаған ерлерден қалған ұрпақты, жақсыдан қалған көздерді тәрбиелеп өсірген аналарымыздың саулығын тілеп кеп тұрмын, әз Баба! (Тізесін бүгіп, қол жаяды).
6-ұлан: Жаны жамандықтан қашық,
Құшағы досына ашқ.
Шат көңіл жомарт Қазақ деген халқымның,
Несібесін шалқытып, ризалығын тасыта көр,
Деп тіле тілеймін, Қыдыр баба! (Тізесін бүгіп, қол жаяды).
7-ұлан: Қатерлі қиын жолдардан,
Алмағайып сындардан,
Қиясы қиын шыңдардан,
Тайдырып алмай тағасын,
Жыртқызып алмай жағасын,
Халқына болып шам-шырақ,
Болашаққа бастаған,
Президентім жасасын! (Тізесін бүгіп, қол жаяды).
Қыдыр баба (қолын жайып, көтере ұстап):
Қабыл болсын тілегі ұландардың,
Тағдырын бер оларға қырандардың.
Елім, жерім, Отаным дейді олар,
Болашақ иесі бол замандардың.
Жалыны бар алаулаған жанарда,
Сұңқар ұлан қатарынан қалар ма?
Дәл осындай ұлдары бар қазақтың,
Бақыт оты тек биікте жанар да!
Баладай таза жүректерің,
Отаның болсын тілектерің.
Жасөспірім, көк шыбық өрендерім,
Қабыл болсын тілеген тілектерің! Әумин!
(Ұландар Абыз атамен бірге «әумин» деп, жайған қолдарымен беттерін сипайды, тізелерінен тұрады).
Қыдыр баба: Уай, аузын ашса, көмекейі көрінетін ақ жүрек, адал қазақ халқы! Сен көрмеген тағдырдың теперіші мен бұралаң, бұлтарысы көп заман талқысы аз болған жоқ. Өз алдыңа ер болып, туыңды тіктің. Досың сүйінді, дұшпаның күйіңді. Күллі әлемге паш етіп, Сарыарқаның төсіне салтанатты Астанаңды қондырып, қарыштап қадам басып, болашаққа бет түзепсіңдер!
Барар бағыттарың бұлтсыз ашық,
Жайдары жаздың күніндей болсын!
Дұшпаның аз, досың көп болсын.
Ел-жұрттың тыныштығы мен ынтымағының
Қаймағы бұзылып, іргесі сөгілмесін.
Музыка ойнайды, ұландар кетеді.
Қыдыр баба: Уа, халайық! Менімен ілесе келген жылды жақсылап қарсы алыңдар. Кел, төрлет, Қасиетті Жылым! Жұртыңмен ризалықпен қауыш! Барар бағыт, сапарларың сәтті болсын!
1-жүргізуші:
Аралап келеген сапар шегіп жер бетін,
Жақсылықпен нұрландырған келбетін.
Мол шуағын пейіштің ала келген,
Бұл жылы қуанышпен төрлесін!
2-жүргізуші:
Кел, төрле қасиетті жыл көптен күткен,
Өзіңменен нұрланып келді көктем!
Шашу шашып қарсы алайық өзіңді,
Қырсық, қиянат кетсін деп жылмен өткен!
Әжелер шашу шашады.
1-әже:
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
2-әже:
Шашу шаштық болсын деп аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүрлі жақсы салтым.
Шашуды тергін, мол болсын деп несібем,
Келер жылға жетсек деп аманшылықпен!
1-жүргізуші: «Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың тарихта табан тірер бұдыры, тереңге тартқан түбірі, тамыры бар ұлт, шежірелі халық екенімізді білдіретін айғақты мейрамы-наурыз!
2-жүргізуші: Қазақстанымыздың шаңырағы биік, босағасы берік болып, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге айналып отырғаны Елбасымыздың арқасы екені де әрине, баршамызға аян.
ӘН: «Қазағым».
1-жүргізуші:
Қош болыңыз, Наурызым ардақты,
Халқым саған бір үмітін жалғапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп жан-жақты.
2-жүргізуші:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын!
Қош, сау болыңыздар, халайық,
Көріскенше күн жарық болсын!
Тақырыбы: Табиғат аясы – адамның алтын бесігі.
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта жайлы танымдық әрекеттерін шыңдау, табиғаттағы сұлулықты көре білуге , қоршаған ортаны, табиғатты аялай білуге үйрету экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі:
«Табиғат - адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат пен мейірі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан Ана».
М.Жұмабаев.
« Егер әрбір адам өзіне тиесілі аядай жерде қолынан келгенінің бәрін жасаса ғой, онда біздің жеріміз қандай құлпырып, жайнап кеткен болар еді.
Барша байлықтың анасы –Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре білу өз қолымызда».
Ы. Алтынсарин.
Барысы:
Экологиялық мәселелер:
Климаттың өзгеруі
Су ресурстарының тапшылығы
Жарамсыз жерлердің көбеюі
Жер ресурстарының тозуы
Өндірістік қалдықтармен ластану.
Улы заттардың шығарылуы.
Күй: «Сарыарқа».
Мұғалім: Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн ана, жер ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік ардақтайды. Күн –барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Оның нұры –сәулесі, құдіретті күші –от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп,адам өмірін өркендетіп тұр. Отты халық қастерлеп, «отты баспа», « отпен ойнама», «отқа түкірме» деп ырым , тиым жасап,кесір –қырсықты отпен аластап, отқа табынған . Отбасы отағасы,отау деген сөзден отты қастерлеуден шыққан.
Ал жер ана тіршілікке нәр беріп ,анамыздай асырап жатыр. Халық жер ананы әулие тұтады. «Баптағанға -жер жомарт», «Жері байдың –елі бай», « Туған жер –алтын бесік» деп жер ананы аялайды.
Жер -жаһанамдағы тіршіліктің нәрін сіңіріп,өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет-су. Өміргее ең қымбат ,ең қажетті болғандықтан,халық судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ» дейді. «Судың да сұрауы бар» деп суды ысырап жасамау керектігін өөз ұрпақтарына ескертіп отырады.
Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе-ауа .
«Ауа -өмір тынысы» дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені» ауадай қажет» деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.
1-оқушы: Күн жауабы.
-О, алтын күн, көктегі.
Арманың болар көп тегі?
-Ең әуелі арманым,
Өртенбей еш орманым,
Құты қашып елімнің.
Солса гүлі жерімнің,
Ренжітпей бірін тек,
Адамдар жүрсін күлімдеп,
Деп төгемін нұрымды.
Осынау шындық сырымды,
Кейде ұқпай пенделер,
Түтінге өзі сенделер.
Олар тартар сазайын,
Несіне айтам о жайын,
Бұзбай өмір қаймағын,
Жайнасын өңір ,аймағым.
-Кейде жерді қалап ап,
Қарайсың ба алалап?
-Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріне ортақ шуағым.
Жер шарының ұл-қызын.
Жылытуға жетер қызуым.
Ы.Алтынсарин.
2-оқушы: Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені. Ең алғаш жұтқан ауасы, табанының табы қалған, аялаған һөмір бесігі. Туған жердің барлық табиғи қадір-қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойына тарайды.
Тәңіріме бас иіп бағынамын,
Туған жерді аңсаймын, сағынамын.
Туған жер деп соғады жүрегім де.
Басымды иіп өзіне табынамын.
3-оқушы: Туған жердің тағдыры біздің ата-бабамызды ерекше толғандырған. Олар өз ұрпақтарына осыншама кең алқапты алақанымен аялап, анталаған ата жаулардан аман алып қалған. Оның әрбір ағашын, тасын, бұлағын аялай білген.
Атамекен –жанға жайлы сая бақ.
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың-
Туған жердің табиғатын аялау.
4-оқушы: Біздің ата- бабаларымыз бұлақтың көзін ашып , айналасына жасыл еккен. Әрбір ұрпақ үшін ата-бабаның туған жер табиғатын қорғау дәстүрі- әрі өнеге , әрі асыл мұра.
Бағбан бабам бау өсірді жеріне.
Үлгі-өнеге көрсетті ол еліне,
Бабалардан тағылым алған ұрпақтар,
Тартып туар арғы ата-тегіне.
Жасыл бақ көркі болған кең даланың,
Ұмытылмас ұлылығы ер бабамның.
Жайқалған жасыл бақты көрген кезде.
Құрметпен мен бабамды еске аламын.
Ән: «Арман-ай».
5-оқушы:Ал қазіргі кезде кесілген ағаштарды көргенде немқұрайды қарайтын қатыгездерді аяусыз жазалағың келеді.
Мұңлы неге пәк табиғат Анамыз.
Қазір біздің уланған ба санамыз?
6-оқушы: Туған өлкеміздің табиғатының қазіргі тағдыры саналы әрбір азаматты толғандыруы тиіс. Қасірет тартқан табиғат тағдырына араша тұруда ұлттық ата- баба ұлағатын ұмытпағымыз абзал.
Семей жері жарылыстан тулады.
Тұншықтырып айналаны улады.
Қасіреттен қайғы шеккен қалың жұрт.
Мұңын айтып ұлар құстай шулады.
Ойлау керек Арал жайын,ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзіміздің асыраушы табиғаттай Ананы.
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын.
7-оқушы: Табиғатты аялау, көркейту жұмыстарында ата-бабаларымызлың ежелгі экологиялық қағидаларына арқа сүйегеніміз жөн. «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды», « Атаңнан мал қалғанша ,тал қалсын» деген ұлағаты мол ұғымдарды ұмытпайық.
Жасыл бақтың бағалап қасиетін,
Наурыз келсе он ағаш өсіретін.
Бабалардың жыл сайын жалғастырып,
Ұмытпайық өнеге-өсиетін.
8-оқушы:Табиғатты аялау -әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғат сүйе білген, оны аялы алақанымен аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады.
Күй: «Көңіл толқыны».
1-оқушы: Табиғаттың тарылтпайық тынысын!
2-оқушы: Өз мектебіміздің ,ауламыздың, көшеміздің тазалығын сақтап көгалдандырайық.
3-оқушы: Бұлақ көрсең көзін аш.
4-оқушы:Бір тал кессең,он тал ек.
5-оқушы:Судың да сұрауы бар екенін ұмытпа.
6-оқушы: Атаңнан мал қалғанша ,тал қалсын.
7- оқушы: Бабалар еккен шынарды саялайық.
Хормен : Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз.
Жер бетінің ажары ол- сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.
«Табиғатты аяла» «Атамекен « әнінің әуенімен.
Табиғаттан нәр аламыз бәріміз.
Пәк табиғат тозып жатыр күн сайын.
Өзіміздің асыраушы Анамыз.
Табиғатты аялауға тұр дайын.
Қайда жүрсең атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Табиғатын ал аялау,
Міндетің боп тұрады екен.
Жасыл бақтың ағалайық қасиетін.
Наурыз келсе он ағаш өсіретін.
Бабалардың жалғастырып жыл сайын,
Ұмытпайық өнеге мен өсиетін.
Оқушылардың экологиялық білімін бақылауға сұрақтар.
1. Экология ұғымын қалай түсінесің?
2. Табиғатты қорғау дегеніміз не?
3. Ауаны ластағыш заттарды жікте.
4. Жануарларды сақтап қалудың басты жолдары қандай?
5. Адам экологиясы дегеніміз не?
Қорытынды.
Мұғалім: Экология - мекен еткен табиғи орта туралы ұғым. Адам баласы ерте кезден өзінің мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауланың ,көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Адамдар әрқашанда табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын өз қажетіне жұмсаған. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау-міндетіміз. Табиғат таза болса, біздің денсаулығымыз зор болады.