kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты: Татулы? пен келісім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: Татулы? пен келісім - бауырласты?ты?

белгісі.  /Халы?тар досты?ы Ассамблеясына - 20 жыл/

Ма?саты: Елімізді? ?сіп-?ркендеуіне хал-?адірінше ?лес ?осып келе жат?ан

?лттар мен ?лыстарды? арасында?ы досты? пен  ынтыма?тасты?ты д?ріптеу.  ?аза?стан халы?тары  Ассамблеясыны? елімізді? саяси т?ра?тылы?ын ?амтамасыз  етудегі алатын орнын атап т?сіндіру.

?ткізілу т?рі: ?деби-монтаж

Жабды?талуы:  ?аза?стан Республикасыны?  р?міздері, ?нтаспа, кодоскоп, ?аза?стан картасы.  "?аза?стан халы?тарыны?  Ассамблеясы"  кітабы.

Кітапханашы:  Балалар,  досты?ты, ынтыма?ты  д?ріптейтін  «?аза?стан халы?тарыны?  Ассамблеясы  -  ?аза?станны?  саяси ж?йесіні? ма?ызды бір белгісіне айналды, ол барлы? этностарды? м?дделерін бір арна?а то?ыстырады,  ?лтты?  тегіне ?арамастан барлы? азаматтарды? ??кы?тары  мен еркіндіктеріні? б?лжытпай са?талуын ?амтамасыз етеді»

- деген ?аза?стан Рсепубликасыны? Президенті Н.?.Назарбаев.

    Ендеше, т?рбие са?атымыз «Татулы? пен келісім - бауырласты?ты?

белгісі»  деп аталады.  Ма?сатымыз – досты?ты д?ріптеп, елімізде  тынышты? са?тау, ынтыма?та  ?мір с?ру. 

Т?рбие са?атымызды  «?аза?стан орта? – ?йіміз», - деп  аталатын деректі бейнефильм к?руден  басталы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты: Татулы? пен келісім»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Татулық пен келісім - бауырластықтың

белгісі. /Халықтар достығы Ассамблеясына - 20 жыл/

Мақсаты: Еліміздің өсіп-өркендеуіне хал-қадірінше үлес қосып келе жатқан

ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу.  Қазақстан халықтары Ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алатын орнын атап түсіндіру.

Өткізілу түрі: әдеби-монтаж

Жабдықталуы: Қазақстан Республикасының рәміздері, үнтаспа, кодоскоп, Қазақстан картасы.  "Қазақстан халықтарының Ассамблеясы" кітабы.

Кітапханашы: Балалар, достықты, ынтымақты дәріптейтін «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы - Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бір белгісіне айналды, ол барлық этностардың мүдделерін бір арнаға тоғыстырады,  ұлттық тегіне қарамастан барлық азаматтардың құкықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етеді»

- деген Қазақстан Рсепубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Ендеше, тәрбие сағатымыз «Татулық пен келісім - бауырластықтың

белгісі» деп аталады. Мақсатымыз – достықты дәріптеп, елімізде тыныштық сақтау, ынтымақта өмір сүру. 

Тәрбие сағатымызды «Қазақстан ортақ – үйіміз», - деп аталатын деректі бейнефильм көруден басталық.





1-оқушы;

Атағың дүниені аралады,

Сенде өсті бақыттың да жаңа бағы.

Жұлдыздың, айдың, күннің сырын үқты,

Қазақтың бүгінгі өскен балалары.

Ырыс бар құшағыңда сарқылмайтын,

Ел өсті ерлік істен тартынбайтын.

Бүгінім- абыройға жолдас болды,

Баратын ертеңге де жолым айқын.

2-оқушы:

Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,

Сенбісің Қазақстан деген аймақ.

Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп,

Өмірдің думан-тойын жатқан тойлап.

Қырманы, Алатаудай мақтасы бар,

Сенбісің таусылмас кен, шахтасы бар.

Қойныңда адам үшін керек заттың,

Бұлағы табылмайтын жоқ та шығар.

3-оқушы: -Міне, саған керек болса!

Картаға қараңдаршы, бізде не жоқ, бәрі бар!

(Ортада өздері қолмен дайындаған Қазақстан картасы.

Онда қай жерде не өндірілетіні көрсетілген.)





4-оқушы: -Дұрыс айтасың! Біздің жерімізде байлықтың сан алуан түрі бар: алтын да, көмір де, газ да, мұнай да, темір де... Табиғатымыз қандай ғажап десеңші! Қазақстан бойынша саяхат жасасаң орман, тоғайды, ит тұмсығы батпайтын қалың ну мен жазық даланы, құмды, шөлді, өзен, көл, теңізді де, тауды да көресің. Емін-еркін демалып, қызықтап, тамашалайтын орындары да көп!

5-оқушы: -Ауданы 2724,9 мың кв. км. /1048,3 мың кв. миль/ Бес Франция сыйып кетеді.

6-оқушы: -Бес Франция! Керемет! Кең байтақ елімізде тату-тәтті тұрып

жатқанымыз қандай жақсы! Ең бастысы да осы емес пе!

Бір шаңырақта табысқан

Дос, бауыр көп туысқан.

Отан - ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз,

Ән.

7-оқушы:

Біздің Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бәріміз татумыз. Оның себебі қазақ халқы қонақжай, көпшіл, мейірімді. Бұл халықтың табиғаты дүниедегі ешбір ел-жұртқа ұқсамайды, Оның тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы сан алуан қырлы да, сырлы. Сондықтан қазаққа итернационализмді оқытып-тоқытудың еш реті жоқ. Ол - ұлт ретінде туа біткен интернационалист. Қазір шын мәнінде халықтар отбасы болып отыр.

8-оқушы:

Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құрды. Ассамблеяның құрамына 33 ұлттың өкілдері саналатын 320 адам енді. Ассамблеяның бастауымен Қазақстанда

40-тан аса ұлттық-мәдени ұйымдар, оның ішінде республикалық "Қазақ тілі", "Русская община" мәдени орталығы, "Стоки" мәдени-ағарту қоғамы, республикалық татар мәдени орталығы, Қазақстан немістерінің кеңесі, өзбек, қырғыз, украин, армян, грек, поляк, чех, венгр, курд, қытай мәдени орталығы жұмыс істеуде. Елімізде ұлттық мектептер мен лингнистикалық орталықтар қызметі де дұрыс жолға қойылған. Оларда 23 ұлт өкілдері оқып, білім алады.

9-оқушы: -Иә, ұлттық-мәдени орталықтар мен олардың филиалдарын қосқанда жалпы саны- 470. Сондай-ақ 20-ға тарта ұлттық газет, теле-радио хабарлары және 6 ұлттық театр жұмыс істейді.

10-оқушы: Қазіргі таңда Қазақстанда 14 тілде 218 газет және журналдар шығады. Украин, поляк, ағылшын, неміс, кәріс, үйғыр, түрік, дұнған, өзбек, татар және басқа тілдерде 7 радиостанция хабар таратады.

-Иә, осының бәрі ынтымақ пен бірліктің белгісі емес пе!

Көрініс:

Әр түрлі ұлттық киім киген балалар шығады.

Түрік киімін киген бала:

Менің ұлтым түрік. Менің ата-бабам Қазақстанда ежелден тұрып келеді. Түріктер мен қазақтар түбі бір халықпыз. Түркиядағы түріктердің  өзі  Қазақстанды Отаным деп есептейді. Түркістанды киелі, қасиетті жер деп қадір тұтады.

Достықтың болған емес шекарасы,

Одақтың мен де туған бір баласы.

Отанға берекені берді тағы

Қазақстан қасиетті кең даласы.

Ортаға татар киімін киген бала шығады:

Татар киімін киген бала:

- Мен татар баласымын. Бірақ Отаным - Қазақстан. Татарстан мен Қазақстан мәдениеті жағынан тығыз байланысты. Оған қазақ зиялыларының Қазақ баспасынан шыққан еңбектері куә. 

Ынтымақ достық береке,

Бағымыз біздің жайнаған.

Ынтымақ - бақыт мереке,

Шаттыққа толы айналам?

Немісше киінген бала шығады;

Ынтымақ таскымымен тастым да мен,

Кең жайдым құшағымды достыма мен.

Біргеміз өмірбақи Отандастар

Жалғасты өміріміз достықпенен.

-Мен неміс баласымын. Қазақстан өз үйімдей. Халқы да жайдары. Бұл жер ұлттардың "Достық Отаны" сияқты. Барлық ұлтты өз баласындай жақсы көреді. Қазақтың ұлы ақыны Абай неміс мәдениетін XIX ғасырда қазақ даласына алып келген. "Қараңғы түнде тау қалғып" әнін орындайды. Сөзі: Гете,

аударған: А.Құнанбаев.

11-оқушы:

Осы әніміз бен сәнімізді бұзбау үшін ұлт аралық татулық керек. Ел қауіпсіздігі дегеніміз - Қазақстанда тұратын әрбір этностың да қауіпсіздігі.

12-оқушы: -Иә, шынында да, біз қауіпсіздік, тыныштық, татулық, бірлік, халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасының өрге басуының аса маңызды факторларының бірі болып табылатынын түсінуге тиіспіз.

/Осыдан кейін оқушылар ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер айтып, мәнін түсіндіреді/.

Мысалы:

1. Ынтымақ түбі - бірлік.

2. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.

3. Ынтымақ істі бітірер.

4. Ұрыс ырысты қашырар,

Ынтымақ халықты асырар.



Адал достық, ақ махаббат, ақ тілек,

Дүниедегі бар тәттіден тәттірек.

Досың болса көңілін тап әрқашан

Ренжітпе бетіне оның қатты кеп.



Достық - көңілдің жалауы,

Достық жүректің қалауы.

Достық озып біздерден

Еркін ертеңге барады.

Достық әні - бар дауыспен айтарым,

Достық үні - ең биік үн, байтақ үн.

Достым сенің ауылыңа, үйіңе,

Көңіліммен күнде барып қайтамын.

Ән: "Қазақстан -гүлстан". Өлеңін жазған: Т.Молдағалиев. Әні:

Ә.Бейсеуовтікі.

Қорытынды:

Міне, балалар, Қазақстан деген ортақ үйімізде әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осындай үлкен ынтымақты байқаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы "Қазақстан әлемнің өзге мемлекеттері үшін ұлтаралық татулықтың, тұрлаулы да тұрақты дамудың үлгісі" деп бағалады.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының IX сессиясында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та қоғамдық институттың маңызды міндеті елдегі халықтар достығы, татулығы екендігін атап көрсетті.

Сондықтан бар ұлттың баласы, ертеңгі ел болашағы сендердің қолыңда. Әр кез достықты дәріптейік. Осы елде, осы жерде туып өскен барлық ұлттың – Қазақстан ортақ үйі екенін естен шығармаңдар, - дей отырып, біздің ұранымызға айналған Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін айтайық.

(Зал түрегеліп қосылады, барлық ұлттың балалары сахнада, түрлі-түсті лентадан қазақ үйдің түрін келтіре қол ұстасып тұрады. Қазақстан жалауы мен елтаңбасы көтеріледі)





Дәуірле, дарқан ел - ерікті Ұлы Отан!

Шын достықтың сенімді тірегі!

Даңқты Отанның көгілдір туына,

Айнымас адалмыз, әрқашан сенеміз!































«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






/ Қазақстан халықтар достығы Ассамблеясына 20 жыл /






Мектеп кітапханашысы

Ашимова Г.С.





























2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Т?рбие са?аты: Татулы? пен келісім

Автор: Ашимова Гульнара Са?атовна

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 293999


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства