kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?уелсіз елім – ?аза?стан» ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

 О?ушыларды елін, жерін ??рметтеуге, Отан тарихын тере? білуге ?йрету ж?не ?аза?станды? патриотизмді тере?дету. О?ушыларды? к?пшілік ортада еркін с?йлеу, ?з ойларын ашы? айта білу да?дысын, болаша??а деген о? к?з?арасын ?алыптастыру. О?ушыларды елжандылы??а, отанс?йгіштікке, азаматты??а баулу, ел бо-лаша?ын ойлайтын, хал?ы ?шін ?ызмет ететін, ?лтты? сана сезімі жо?ары, саяси-???ы?ты? м?дениеті ?алыптас?ан т?л?а т?рбиелеу.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіз елім – ?аза?стан» ашы? т?рбие са?аты»


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
















«Тәуелсіз елім - Қазақстан»


Ашық тәрбие сағаты, 7-сынып










Сынып жетекшісі: Мешелева Г. А.











Қойтас орта мектебі КММ

2015-2016 оқу жылы






Тақырыбы: «Тәуелсіз елім – Қазақстан»


Мақсаты: Оқушыларды елін, жерін құрметтеуге, Отан тарихын терең білуге үйрету және қазақстандық патриотизмді тереңдету.

Оқушылардың көпшілік ортада еркін сөйлеу, өз ойларын ашық айта білу дағдысын, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру.

Оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, ел бо-лашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар, маркер т.б.

Барысы.

Жүргізуші: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз - Қазақстан».

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған бел.

Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.

Шартарапта шаттығыңдай азат күн,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!

(Әнұран орындалады.)

(Қазақтың күйі ойнатылып, слайд көрсетіліп тұрады.)

Жүргізуші: Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік. Осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы - «Желтоқсан оқиғасы». «Елім, жерім» деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың, есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан, санасынан ұмытылмақ емес. Міне, осындай ұлтжанды, батыр азаматтарымыздың арқасында тәуелсіз, бейбіт елміз. Тәуелсіз ел болған соң, сол елдің тізгінін ұстар, болашаққа бастар басшы болу керек.

1- оқушы: Әр сөздің астарына осы арада,

Ағайын, ой жіберіп жіті қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара.

Жүргізуші: Біздің Қазақстан Тәуелсіз Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді, заманда, жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани- экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастықпен дүние жүзінің дамыған, озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей, қарым-қатынас жасау, жетістіктеріміздің барлығының алатын бастауы - біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.



2-оқушы: Азаптың артта қалды сан ғасыры,

Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.

Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді

Төрінде көш бастаған Елбасыны.

Жүргізуші: Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен, алғашқы сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін, көрген жақсылығымыз, дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы, ең алдымен елбасының, еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев жаһанның жаңа кезеңінде қазақ елінің жаңа дәуірін, ұлт рухының шарықтап, қайта өркендеп, өркениетке ұмтылуын, кемеңгерлікпен ұйымдастыра білді.

3-оқушы: Көпұлтты Қазақстан ерді ұлыға,

Ұрпаққа ер еңбегі – мәңгі мұра.

Бір жерге барлық діннің басын қосып,

Әлемнің ықпал етті тағдырына.

Жүргізуші: Елбасы қазақ елінің әлемдік бәсеке дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып, қиын да күрделі, ауыр да абыройлы, жолын ғасырлар тоғысында бастады және мың салалы мемлекеттік істі адастырмай дұрыс жолға қоя білді. Бұл қазақ халқының маңдайына біткен бақыты мен мақтанышы, елдің бүгінгі жарқын өмір сүруіне жасалып отырған нақты кепілі.

4-оқушы: Елбасы – төбеңдегі бақ жұлдызың,

Қаратты өз аузына жердің жүзін.

Сұңғыла саясатпен сара тіліп,

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын.

Жүргізуші: Ғасырлар тоғысында елбасының арқасында мың құбылған, сан алуан толқындардың жетегіне ілеспей, ерекше дараланып алға оза шыққан, бүгінгі қазақ елі өзіндік қалыптасқан сара жолы бар іргелі мемлекеттердің біріне айналып отыр.

5-оқушы: Елбасының ойлайтыны – ел қамы,

Зиялы елді тебіренту – толғамы.

Қазақ деген елге керек әрдайым

Ерен бірлік, ынтымақтың болғаны.

Жүргізуші: Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі – бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң – еліміздің басты алаңы.

6-оқушы: Тудырған қайталанбас алып тұлға,

Қазақтай бақыты зор халықтың да.

Самғайды алтын топшы Самұрығы

Қанатын болашаққа қағып тура.

Жүргізуші: Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.


7-оқушы: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бұл уақытта бойға таққан ұланы.

Жастарымыз өмір сүріп жаңаша,

Нұрын шашты тәуелсіз күн шырағы.

Жүргізуші: «Тәуелсіздік» деген – тәтті ұғым, қастерлі сөз. Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тірегі. Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі. Әлемде тәуелсіздік туын биік ұстап, алға басқан ел – Қазақстан!

8-оқушы: Көк байрағы – бүгінгі ұрпақ жалауы,

Бұл белгіміз бар халықтың қалауы.

Жер жүзінде нұр шашатын қашанда

Желбіресін Қазақстан жалауы.


(«Тәуелсіз ел», «Егемен ел» топтарына бөлінеді. Сұрақтарға кезек-кезек жауап береді.)

1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев қай жылы сайланды? (1991 ж. 16-желтоқсан)

2. «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қай жылы қабылданды? (2006 ж. 17-қаңтар)

3. Н.Назарбаевтың туған жылы, күні қашан? (1940 ж. 6-шілде)

4. Елбасымыздың құрметімен аталатын мектептер қалай аталады? (Назарбаев Зияткерлік мектептері)

5. Президенттің студенттерге арналған шәкіртақысы қалай аталады? (Президенттің «Болашақ» халықаралық стипендиясы)

6. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж.)

7. Қазақстанның қандай рәміздері бар? (ту, елтаңба, әнұран)

8. Республика күні қашан? (16-желтоқсан)

9. Қазақстан Республикасының ішкі әскері қашан құрылды? (1992 ж.) 10.Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды? (1995 ж. 30-тамыз)

(Осы сұрақтардың жауаптарына екі топ «Тұжырымдамалық» картасын құра отырып, постер қорғайды.)

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

«Тәуелсіз Қазақстан шыңы» тақырыбында «Пирамида» құрып, әр топ қорғап шығу керек.

(Әр топ мүшелері тәрбие сағатынан алған әсерлерін стикерге жазады.)


Қорытындылау:

Жүргізуші: Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар: ол – бірлік. Елің қаншалықты қажет болса, Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет. Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Тәуелсіздік бізге жаңа жолымызды, өзіміздің соны соқпағымызды табуға зор мүмкіндік берді.Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Тарих көші ұзақ.. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенеміз.

Төбемнен төңкергендей қара түнді,

Түлетті тәуелсіздік қанатымды.

Елбасы арқасында ел жаңарып,

Арқаға Астанадай қала тұрды.

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім,

Көк Байрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!


Бүгінгі сабағымызды Елбасының мынадай сөзімен аяқтаймыз: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа». Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында! Қазақстанымыздың Тәуелсіздігі мәңгі жасай берсін!

Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болайық!


(«Атамекен» әні орындалады.)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Т?уелсіз елім – ?аза?стан» ашы? т?рбие са?аты

Автор: Мешелева Гаухар Ахметовна

Дата: 14.03.2016

Номер свидетельства: 305793


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства