5 сыныптар?а арнал?ан "Т?уелсіз елімні? шамшыра?ы" атты сыныптан тыс интеллектуальды? сайыс. М?нда о?ушылар ?аза? тілі мен тарих п?нінен ал?ан білімдерін сын?а салады. ?аза? тіліне байланысты с?ра?-жауаптар, ж?мба?тар,тарих п?ніне ?атысты с?ра?тар, т?ра?ты с?з тіркестеріні? ма?ынасын ашу, тірек с?здер ар?ылы ?ле? жолдарын ??рау сия?ты тапсырмалар ?амтыл?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіз елімні? шамшыра?ы" интеллектуальды? сайыс»
«Ақсу қаласының № 1 қазақ орта мектебі» КММ
Сыныптан тыс іс-шара тақырыбы:
«Тәуелсіз елімнің шамшырағы»
Интеллектуальдық сайыс
5 «в» сыныбы
Сынып жетекшілері: Г.О. Юсупова
2015-2016 ж.ж.
Интеллектуалды ойын «Тәуелсіз елімнің шамшырағы»
Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. 2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. 3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация. Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс Ойын барысы: І. Ұйымдастыру. Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру. Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда, - дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар. Ойынға 2 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады. Ойын ережесімен таныстыру. Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар» Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ» Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз Көркейтеміз елді біз. Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз. І -айналым «Кім білгір?» Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.
«Сұңқар» тобына: 1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір) 2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен) 3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?) 4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?) 5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем) 6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі) 7. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке) 8. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік) 9. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
«Болашақ» тобына: 1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді) 2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау) 3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у ) 4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді) 5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?) 6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік) 7. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман) 8. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен) 9. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
ІІ айналым «Құпия сандық» Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. (Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2-топ: Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
8. Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
10.Бірін-бірі қоштаған, Бір үйден көрдім, Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
ІІІ айналым «Ойлан, тап»
.... тарих сұрақтары
Қонақжай гүлдер
Балаларды екі бірдей топқа бөлу.Бірінші топқа әр түрлі гүлдердің суреті бейнеленген карточкаларды тарату. Екінші топқа әр түрлі жәндіктер бейнеленген жәндіктер беріледі. Ән ырғағымен жәндіктер мен гүлдер айнала билейді. Кенеттен ән жылдам үзіледі де, барлық балалар орындарында қатып қалады. Кейін педагог топқа: жаңбыр жауды (күн батты, түскі ас дайын т.с.с) деп бұйрық береді. Бұйрық бойынша жәндіктер гүлге ұшып келіп, олардың қолынан ұстайды. Балаларға ескерту жаса, әр гүлдің жанында бір жәндіктен болуы керек. Кейін әр жұп шағын көрініс диалог құрастырады. Гүл жәндікке бірнеше қонақжайлылықты танытатын сөз айтуы керек. Мәселен: Сені жаңбырдан қорғаймын, шырын балмен қоректендіремін т.с.с. Жәндік оған қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, сол гүл оған несімен ұнағанын түсіндіреді. Балаларға ертегідегідей түсінік айтуға болатынын ескерту қажет. Мәселен: менің әжеме орман лалагүлі ұнайды. Себебі одан иіссу жасайды.
Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе, Қызыққаннан келмей ме жүре бергің. Сондықтан да келеді біле бергім Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып, IV айналымды бастаймыз
«Айшықты сөздер» Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 4 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды) 2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ) 3. Қой аузынан шөп алмас (жуас) 4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты) 2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде) 3. Таяқ сілтем жер (жақын)
4. Ит өлген жер (алыс)
Ойынымыздың соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.