Сабақ мақсаты: Бүгінгі сәмбі тал, нәзік жанды қыз – ертеңгі ошағын, Отанын, елін, жерін ойлаған азамат тәрбиелейтін ана екенін ұғындыру. Инабаттылыққа, ибалыққа, бармағынан бал тамған өнер иесі, ақылы мен парасаты тал бойына жарасқан қазақ аруы болуға тәрбиелеу, Мәнерлеп оқу, сөйлеу, мақал, сұрақ-жауап, ән,би арқылы ой-өрісін дамыту.
Көрнекілігі: нақыл сөздер ілінген плакаттар, суреттер.
Барысы:
1-жургізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және сайысқа қатысушы арулар! Бүгінгі өткелі отырған «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» атты қыз сынымызға қош келдіңіздер! Жас аруларымызға сәт сапар тілей отырып, сайыс мерекесін ашық деп жариялаймыз!
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1. «Мен қазақтың қызымын.» ( өзін таныстыру )
2. «Қыз өнері» ( мәнерлеп оқу, би билеу немесе ән айту )
3. «Санаға сын » ( сұрақтарға жауап беру, қыз бала туралы мақал айту )
4. «Қыз еркем – ою оюмен көркем» ( Ою ойып, оның атын атап, жасаған оюын қорғау )
5. «Денсаулық кепілі - ас» ( үйден дайындап әкелген Ұлттық тағамдармен таныстыра отырып, әзірлеу жолдарын айту )
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақ мақсаты: Бүгінгі сәмбі тал, нәзік жанды қыз – ертеңгі ошағын, Отанын, елін, жерін ойлаған азамат тәрбиелейтін ана екенін ұғындыру. Инабаттылыққа, ибалыққа, бармағынан бал тамған өнер иесі, ақылы мен парасаты тал бойына жарасқан қазақ аруы болуға тәрбиелеу, Мәнерлеп оқу, сөйлеу, мақал, сұрақ-жауап, ән,би арқылы ой-өрісін дамыту.
Көрнекілігі: нақыл сөздер ілінген плакаттар, суреттер.
Барысы:
1-жургізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және сайысқа қатысушы арулар! Бүгінгі өткелі отырған «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» атты қыз сынымызға қош келдіңіздер! Жас аруларымызға сәт сапар тілей отырып, сайыс мерекесін ашық деп жариялаймыз!
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
«Мен қазақтың қызымын...» ( өзін таныстыру )
«Қыз өнері» ( мәнерлеп оқу, би билеу немесе ән айту )
«Санаға сын » ( сұрақтарға жауап беру, қыз бала туралы мақал айту )
«Қыз еркем – ою оюмен көркем» ( Ою ойып, оның атын атап, жасаған оюын қорғау )
«Денсаулық кепілі - ас» ( үйден дайындап әкелген Ұлттық тағамдармен таныстыра отырып, әзірлеу жолдарын айту )
2-жүргізуші:
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Ана жолын жалғамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Арулар шықсын ортаға.
Аруларымызды ортаға шақырайық!
Қыздардың шығу нөмірін білу үшін ортаға жеребье тастаймыз. Сол рет бойынша қыздар алда сайыс шарттарынан өтеді.
2- жүргізуші:
Бірінші қыз – білімді,
Меңгерген бар ілімді.
Екінші қыз – елгезек,
Алады тез тіліңді.
Үшінші қыз үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп
Төртінші қыз жадырап
Өн бойында тұр талап.
Бесінші қыз сұлу қыз,
Бойға өнер жиған қыз.
Алтыншы қыз өнерлі,
Төгеді бар өнерді.
1-жүргізуші:
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Таныстырып өздерін,
Тамылжытып сөздерін,- дей келе сайысымыздың бірінші кезеңі «Мен қазақтың қызымын» атты өзін таныстыру шартына көшесек. Бірінші арудан бастап, бір бірлеп өздерін таныстырып, өз эмблемаларының маңызын айта кетсін. Ендеше, аруларымызға сәт сапар тілейік.
Талантымен тамсантса, - дегендей,қыздарымыздың өнерін тамашалайтын екінші кезең «Қызға сын» деп аталады. Ал, қанеки, арулар, ортаға өнерді бір салыңдар.
Сендер өтер әлі де талай сын бар,-дей отырып, сайысымыздың келесі шартына көшсек. Бұл үшінші шартымыз «Санаға сын» деп аталады, шарт бойынша қыздарға сұрақтары бар карточка беріледі. Әрбір карточкада 4 тапсырма бар. Екі тапсырма салт-дәстүрге байланысты, үшіншісі қазақ тілінен келеді, төртінші тапсырмасында қыз бала туралы бір мақал-мәтел айтады.
Абай Құнанбаев халқымыз үшін кім болып саналады?
Қазақың ұлттық киімдерін ата.
Бажа дегеніміз кім?
Қыз туралы қандай мақал білесің? Біреуін ата.
Ыбырай Алтынсариннің бір шумақ өлеңін жатка ата.
Беташар жыры дегеніміз не? Онда не айтылады?
Шешеңнің інісі саған кім болады?
Қыз туралы бір мақал айт.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін ата.
Сыңсу дегеніміз не? Ол қашан айтылады.
Нағашы дегеніміз кім?
4. Қыз туралы бір мақал айт
Мұхтар Әуезов кім және оның қандай еңбектерін білесің?
Бастаңғы сөзін қалай түсінесің?
Наурыз көже дегенімізді қалай түсінесің, ол қалай жасалады?
Қыз туралы бір мақал айт.
2-жүргізуші:
Ал , енді әділ қазылардан арулардың «Санаға сын» кезеңінен жинаған ұпай санын сұраймыз.
1-жүргізуші:
Ана көрген – тон пішер,
Ата көрген – оқ жонар,- демекші, қыздарымыз он саусағы майысқан шеберлер, ою оюдан да кем де емес. Аруларымыз қазақ халқының оюын ояды да, оюдың атын атап, оның мағынасын түсіндіреді. Олай болса « Қыз еркем – ою оюмен көркем » атты сайысымыздың төртінші кезеңіне өтеміз. Арулар ою ойып болғанша әнші қызымыз Сымбаттың өлеңін тамашалауға шақырамын.
Отаға арулар шығады, - демекші сайысымыздың келесі кезеңі « Денсаулық кепілі - ас» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша қыздарымыз өздерінің үйден дайындап келген ұлттық тағамын әкеліп, маңызын түсіндіріп, дайындалу әдісімен таныстырады.
Құретті ұстаздар, оқушылар, қатысушылар! Біз бүгін 5 кезеңдік «Гүл өссе – жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі» атты сайыстағы аруларымыздың өнерін көріп тамашаладық. Жас аруларымызға жеңіс тілеп, мына өлең шумақтарын арнап жіберсек:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашан да осы шоқты өшірмей,
Жалыңдатып, шарыңдаңдар әрдайым.
2-жүргізуші:
Енді әділ қазылар сөз кезегі сіздерде. Сайыстың қорытынды ұпайын шығарып, аруларымызды марапаттасақ!