kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тәуелсіздік –таңы неткен шырайлы!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының  мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу.

Міндеті:

  • Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Тәуелсіздік, Мәңгілік ел туралы түсінік беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тәуелсіздік –таңы неткен шырайлы!»»

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Рудный орта мектебі

Аты жөні: Айтпаева Ардақ Асылбекқызы

үшінші негізгі деңгейлі сертификатталған мұғалім

Санаты: бірінші

Білімі :жоғары

Атқаратын қызметі: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Тәрбие сағатының жоспары

Тақырып: «Тәуелсіздік –таңы неткен шырайлы!»

Құндылық: оқушы бойында Отанға деген ыстық сезімдерін ояту.

Қасиеттер: әділеттілік, сыйлыстық, еліне ,жеріне деген парриоттық сезімдерін дамыту.

Сынып : 5-11


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу.

Міндеті:

  • Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Тәуелсіздік , Мәңгілік ел туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. 

  • Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйретіп, патриотизм сезімін қалыптастыру.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

АКТ мүмкіндігі, жұмыс дәптері, тыныштық сәтінің музыкалары,түрлі түсті қағаз.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

1.Психологиялық ахуал тудыру (Музыка әуенімен)

2.Бейне ролик қарау

3.Топқа бөліну түстер арқылы

4. Мәтіндегі тапсырма

5. Жылдар сыр шертеді

6.Шығармашылық тапсырма

7. Көрініс қою.

8. « Қазақстан» әнін тамашалау

9. Әр топ бір-біріне екі жұлдыз бір тілек айтады.

Өз ата-анасының суреті . Эссе жазу немесе өлең жазу .

Сабақ барысын талдау:






Мұғалімнің сыйлығы. Бейне ролик қарау



Барысы: 
 1-жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25жылдығына арналған «Тәуелсіздік –таңы неткен шырайлы!» атты мерекелік тәрбие сағатына қош келдіңіздер! ( тәрбие сағаты жарыс түрінде өтеді) 
- Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

- Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
- Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 

I.Психологиялық ахуал (музыка әуені арқылы)

«Мәңгілік ел» 5 сынып оқушысы Кенел Ақерке оқыды.

Бабалар көз талдыра көптен күткен,
Далама жандандыра келді көктем.
Мәуелі Бәйтеректің басын шалып,
Күн күлді нұрын шашып көкжиектен.

Ұлы елдер іргемізде,
Бір тілек, бір лебізде.
Жұптасып мәңгі қатар,
Жасаймыз біз де бірге.

Сүйікті айбыны зор Абылайдан,
Билікті мирас етіп қабыл алған,
Ағаны адал ниет арқа тұтып,
Алаштың абыройы артып бағы жанған.

Күмбезін көк тіреген нұрға малып,
Елордам күн-күн сайын тұр жаңарып,
Сауығы тарқамаған әнші-күйші,
Қазағым жаны жарқын мырза халық.

Мәңгілік ертек емес епке келер,
Қозғалсақ қол ұстасып көппен егер.
Тәңірім, бармақтай бақ, таудай талап
Баянды бола берсін деп бере гөр!


1-жүргізуші:

II.Топқа бөлу

Олай болса, бүгінгі жарысымызды бастамас бұрын сыныпты топқа бөліп алайық. Сандықшаның ішіндегі суреттерді алып, сол сурет бойынша әр топқа бөлініп отырады.

(Суреттерде : Қазақстанның картасы, Ту, бақытты балалар суреті.)

1-жүргізуші:

  • Алған суреттері бойынша қысқаша ой-пікірлерін айтып өтеді.

1-оқушы: Біздің Отанымыз кең байтақ – Қазақстан. Табиғаты көркем, әсем де шұрайлы жер.

Отан деген атамекен,

Отан деген туған ел.

Отан - ана, Отан ыстық,

Қазақстан – туған ел. 

Біз Қазақстан картасының суретін ала отырып, тобымызға «Отан » деген атты таңдадық.

2-оқушы: ҚР мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Гимн. Әрбір тәуелсіз елде өзінің мемлекеттік рәміздері болады. Сондықтан біз тобымыздың атын«Тәуелсіздік » деп атадық

3-оқушы: Біздің ойымызша бұл суретте қуанышты, бақытты балалар бейнеленген. Тәуелсіз елдің болашағы біздер жас ұрпақтар. Сол себептен тобымызға «Болашақ» деген атты таңдадық.

1-жүргізуші:

Көп рахмет. Олай болса әрқайсысыңыз өз орындарыңызға отырсаңыздар.
1-жүргізуші:
- Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш- деп, тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі: «Тәуелсіздік жолында»

III. 1 топ «Отан» тобы:
- Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 

Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді. Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді.

ІІ топ. «Тәуелсіздік».

  • Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
    Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
    Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
    Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ–қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс–украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.

ІІІ топ. «Болашақ».

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. 

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

Осы тапсырмалар бойынша әр топ өз мәтіндері бойынша жазбаша түсініктеме жасап, «Өрмекші» сызбасы арқылы суреттеп береді. Әр топтан келісіп қорғауға да болады.(оны әр топ өздері шешеді)






























































  1. Топ




2-топ





3-топ






































ІV. бөлім «Жылдар сыр шертеді». Слайд қосылады.



V. Шығармашылық жұмыс

«Мәңгілік ел» – қазақ халқының ұлттық идеясын қалай түсінеміз? (3 топқа ортақ тақырып беріліп постер қорғалады.)



VI. Көрініс: «Желтоқсан ызғары» Әр топтан бір –бір баладан шығып, дайындалған көріністі қою.

VII. - Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме 
Музаның әміріне басымды иіп- дей келе, 7- сынып оқушысы Ағыбай Назираның орындауындағы «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

Оқушылар өздері әр топқа баға беріп жеңімпаздарды атайды.

9. Әр топ бір-біріне екі жұлдыз бір тілек айтып, баға береді.

( бір –біріне өздерінің тілектерін айту)

Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Тәуелсіздік –таңы неткен шырайлы!»

Автор: Айтпаева Ардак Асылбековна

Дата: 12.01.2017

Номер свидетельства: 378303

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "?.АМАНЖОЛОВ ?ЛЕ?ДЕРІНДЕГІ ТУ?АН ЖЕР ТА?ЫРЫБЫ. "
    ["seo_title"] => string(53) "k-amanzholov-olien-dierindiegi-tug-an-zhier-tak-yryby"
    ["file_id"] => string(6) "150334"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420466627"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Жаңа жыл-Жаңа нұр!"
    ["seo_title"] => string(23) "zhan_a_zhyl_zhan_a_nu_r"
    ["file_id"] => string(6) "387613"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486200812"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Наурызым - асыл айым"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryzym_asyl_aiym"
    ["file_id"] => string(6) "502945"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1552552329"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства