Сабақтыңтақырыбы: 2. Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау (қайталауға арналған есептер шығару)
Сабақтыңмақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып есептер шығарған кезде, білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.
2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру,
3. Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтыңтипі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтыңтүрі: қайталау сабағы
Оқытудыңәдісі: практикалық
Сабақтыңбарысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру № 36,№40 ережені сұрақ-жауап арқылы сұрау
Тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып өрнекті ықшамдау Тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып өрнекті ықшамдау Сабақ негізделген оқу мақсаты Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып өрнекті ықшамдауды үйренеді Оқу нәтижелері: Барлық оқушылар • Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін біледі; • Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып бірінші деңгейдегі өрнектерді ықшамдай алады Оқушылардың басым бөлігі • Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып екінші деңгейдегі өрнектерді ықшамдай алады Кейбір оқушылар • Ізденісті қажет ететін үшінші деңгейдегі есептерді шығара алады. • Үлгерімі төмен оқушы үлгі бойынша есептерді шығара алады Алдыңғы оқу Арақашықтықты анықтау, жылдамдық. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Басталуы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастастырылады. Оқу мақсаты мен міндеттерін бірлесе анықтау. Үйге берілген есептер «Өзін–өзі бағалау» әдісімен тексеріледі. Қатемен жұмыс жүргізу. Ашық сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптарды қайталау. «Картоп отырғызу» сергіту. Топқа бөлу Бағалау түрі: Бақылау, қадағалау, ынталандыру . Өзін-өзі бағалау. 8 ұпай- 5, 7-6 ұпай- 4, 5-4 ұпай -3, 3 тен төмен -2
Ортасы Оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен оқиды, танысады. «Өзіндік мысал» ойынын қолдану. Топтық жұмыс 1топ №370(1) бірінші деңгей, №374(1) екінші деңгей, №381(1) үшінші деңгей; 2 топ №370(2) бірінші деңгей, №374(2) екінші деңгей, №381(2) үшінші деңгей; 3 топ №370(3) бірінші деңгей, №374(3) екінші деңгей, №381(3) үшінші деңгей; 4 топ №370(4) бірінші деңгей, №374(4) екінші деңгей, №381(4) үшінші деңгей. «Джигсо» әдісі қолданылады. №З71, 383 есептерді жалпы талдау барысында шығарады. Үлгерімі жоғары оқушыға №384 есепті қосымша шығарту. «Айрықша тапсырма» әдісі Бақылау, қадағалау. Ынталандыру арқылы бағаланады Жұлдызшалар тарату. Топ бақылаушысы бақылайды Аяқталуы «Екі түрлі түсініктеме» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс алу. Үйге тапсырма: №369, 378 есептерді шығару , §2.7 оқу Үлгерімі жоғары оқушыға №384 аяқтау Бақылау, қадағалау, ынталандыру Қосымша ақпарат
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Бақылау арқылы кеңес беру. Ой қозғау сұрақтарын қою Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Ашық сұрақтар қою арқылы, қадағалау, бақылау арқылы білімдері тексеріледі. Ынталандыру арқылы бағаланады Топ бақылаушысы бақылайды
Амангелді Иманов - халық батыры
Жарияланды 20-04-2016, 13:08 Категориясы: Тарих
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Абай атындағы орта мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Есеева Ағис Адамбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Амангелді Иманов - халық батыры Сабақтың мақсаты: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің 100 жылдығы туралы хабарлама жасай отырып, ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі батырлар туралы түсінік беру. Амангелді Имановтың ерліктерін баяндап, халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып, оқушылардың ойын, қабілеттерін жетілдіру. Ойын ашық жеткізуге, шығармашылыққа баулу. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу. Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға баулу. Тәуелсіздігімізді баянды етуге үлес қостыру Көрнекілігі: Карта, слайдтар Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту. Әдісі: Баяндау, сұрақ, жауап Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы, өнер
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты 3 топқа геометриялық фигуралар арқылы бөлдім 2. Жаңа сабақ жоспары: 1. 1916жылғы ұлт - азаттық көтеріліс 2. Амангелді Иманов - халық батыры Жаңа сабақты түсіндіру: Тақырыпты бастамас бұрын оқушыларға жалпы көтеріліс ұғымын қалай түсінесіңдер? Қазақ даласында бұрын - соңды көтеріліс болды ма? Батырлардан кімдерді білесіңдер? Көтеріліс неліктен болады деп ойлайсыңдар? - деген сұрақтарға жауап алдым
1. 1916жылғы ұлт - азаттық көтеріліс - 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс туралы түсіндіру үшін оқушыларға картаға және көтеріліс туралы суреттерге назар аударуларын сұраймын. (Слайд №1, 2) Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 1 тамызда басталды. 1916жылғы ұлт - азаттық көтерілістің шығу себебі: әлеуметтік - экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни, отарлық езгінің І дүниежүзілік соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және тағы басқалар. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және Сібірдің 19 - дан 43 - жасқа дейінгі ер - азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. 16 жылында 25 маусымда Даланы қара түн басты Найзағай ойнап от шашты Жым - жырт жатқан сахара Басқандай болды албасты,- деп ақын жырлағандай ел дүрбелең күйге түсті. Көтерілістің 2 ірі ошағы болды: Бірі - Жетісу өлкесі. Екіншісі - Торғай өңірі
2. Амангелді Иманов кім? (слайд № 3) Амангелді Иманов ↓ 1873– 1919жж Торғай уезінде дүниеге келген Иман батырдың немересі 1916ж. көтерілісті ұйымдастырушы батыр Торғай ошағындағы көтеріліс жетекшісі А. Ү. Иманов туралы топтастыру арқылы түсіндіру. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық қабілеті туралы, өз әскерін ондыққа, жүздікке, мыңдықтарға бөліп, дұрыс соғыс тактикасын қоя білуі, қатаң әскери тәртіп орнатуы, ерлігі туралы айтылады.
Өздік жұмыс: №1. Тапсырма орындау(шығармашылық қабілеттерін дамыту) 1 - топқа - Батыр туралы мақал - мәтелдер 2 - топқа - Өлең не шағын әңгіме құрастыру 3 - топқа - Сурет салдыру
1 - топ - Батырлық, ерлік туралы мақал - мәтелдер айтылды. 2 - топ - Өлең құрастырған: 1. Амангелді - батыр атам Елін, халқын қолдаған Қандай қиын кез болса да Ел намысын қорғаған.
2. Ақ білектің күшімен Ақ найзаның ұшымен Бабаларым қорғаған Ешқашанда олардың Есімін мен ұмытпан.
3 - топ - А3 форматына сурет салды №2 тапсырма: Амангелді Имановтай батырымызға елімізде қандай құрмет көрсетілді (слайд № 4, 5) (Ізденіс жұмысы - оқушылар материалдар алып келеді)
1 - топқа - Амангелдіге арналған қандай шығармалар бар? Топтың жауабы: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісі туралы – Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастаны. Ақынның басты мақсаты Амангелді Имановты және ол бастаған көтерілісші сарбаздардың ерлігін жырлау болған. Ақын о баста «Амангелдің айбаты», «Губернатор келгенде» және Амангелдің әр ұрысы туралы жеке - жеке өлең, толғаулар шығарған. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын - жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған. Ж. Жабаевтың "Амангелді" поэмасы бар. Бақыт Имановтың «Амангелді» романы бар. Жазушы Ғабит Мүсірепов "Аманкелді" пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Нұрпейіс Байғанин "Амангелді батырым" өлеңін жазды. Өлеңді мәнерлеп оқып берді.(Топтағы оқушылар кезек - кезек сөйлеп отырды) 2 - топқа: Өздеріңіз көрген бейнебаян туралы не айтар едіңіздер? (Амангелді киносынан үзінді)
2 - топтың жауабы: 1938 жылы Ленин орденді "Ленфильм" киностудиясы толықметражды "Амангелді" дыбысты фильмін жасап шығарды. Киносценарийді қазақ драматургі Ғабит Мүсірепов пен жазушы Всеволод Иванов бірігіп жазды. Картина режиссері Мойсей Левин болды. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Басты рөлді, яғни Амангелді бейнесін театр актеры Елубай Өмірзақов сомдады.
3 - топқа: Қандай картиналар бар? 3 - топтың әзірлеген материалдары Халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің - "Амангелді" портреті, "Амангелді шабуылы", "Торғай жорығы" картиналары бар. Қ. Телжанов - "Амангелді", "Амангелді қызыл атты әскері", Амангелді образы тартымды бейнелеген.
Мұғалім: Жалпы еліміз, халқымыз батырларын дәріптей білген ел. Аманкелді Имановтың туған ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың есімімен аталады. Алматы қаласында және көптеген аудан, облыс орталықтарында батырдың ескерткіш мүсіні орнатылған. Біздің Атырауда А. Иманов атындағы көше, Балықшы ауданында ауыл болса, Құрманғазы ауданында да мектеп пен көшеге батыр есімі берілген.
Бекіту сұрақтары: 1. Амангелді Иманов кім? 2. Амангелді Иманов қай кезеңдегі көтеріліске жетекшілік етті? 3. 1916ж. көтерілістің шығу себептері? 4. Тағы басқа қандай батырларды білесіздер?
4. Қорытынды: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліске биыл 100 жыл толғалы отыр. Бұл көтерілісте А. Иманов атамыздан басқа да батырлар қол бастап отаршылдық саясатқа қарсы шықты. Бұл жұмыр жерде Париж баррикадасында көтерілген Қызыл ту, "Аврора крейсерінде" көтерілген Қызыл ту, одан кейін Торғай даласында Аманкелді Имановтың сарбаздары көтерген Қызыл туды адамзат тарихы ешуақытта ұмытпақ емес! "Қазақтың Ленинграды" атанған Торғай даласындағы халық батыры Амангелді Иманов есімі келер ұрпақ есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елімізді, жерімізді қорғаған батыр бабаларымыз аңсаған Тәуелсіз ел болғанымызға да 25 жыл толып отыр. Елбасымыз ұсынған "Мәңгілік ел" саясаты да Тәуелсіз Қазақ елінің жарқын болашағын айқын көрсетіп тұрған жоқ па?! Ендеше, ата - бабаларымыз армандаған тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Үйге тапсырма: "Батыр - ел үшін туады" деген тақырыпқа шағын әңгіме жазып келу Бағалау.
Мақсаты:
Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,
бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Тренинг ережесі :
- Сөзді бөлмеу
- Бір-біріне кедергі жасамау
- Бірігіп жұмыс істеу
- Намысқа тимей өзгенің пікірін сыйлау
- Күлімсіреу
- Кешікпеу
Түрі : Тренинг
Көрнекіліктер : Нақыл сөздер, шар, плакат, боя қаламдар,
Қатысушылар : Мұғалімдер
Барысы :
Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы, Жайнаған өміріңнің жасыл бағы. Қастерлеп мәпелесең, аяласаң, Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы. Денсаулық қашаннан да алтынға тең, Болады болашағың жарқын да кең – дей келе бүгінгі
« Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі » атты тренингке қош келдіңіздер !
І. «Стол резюмесі »танысу тренингі
Әр топ өздерінің жақсы ерекшеліктерін және жетістіктерін айтып таныстырады. т.б.
ІІ . « Мюнстерберг » әдістемесі
Мақсаты : Әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады .
Нұсқау : Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар .Сіздің міндетіңіз :тез оқып отырып ,сол сөздердің астын сызуыңыз керек .Жұмыс уақыты -2 минут
Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны ,қатеге байланысты бағаланады .
Рахмет .Сіздер жылдамдықтарыңызды көрсете білдіңіздер және сөздерді
таба білдіңіздер
Талқылау :Ең көп сөз құраған кімдер ?
ІІІ. «Мен ғажайыппын » ойыны
Мақсаты : Мәдениетті адамды ерекшелендіретін нәрсе. Оның айналасымен еркін және жағымды қарым-қатынас жасай алуы.
Нұсқау: Сіздерге екі қолдың көмегі арқылы іс-қимыл жасалады.
Сол іс-қимылға сөздер айта отырасыздар.
Рахмет сіздерге ситуациядан шыға білдіңіздер.
ІУ. Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)
Нұсқау: Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.
Талқылау:
Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
Не себепті екі баған екі түрлі болуы мүмкін?
Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?
Басты байлық - денсаулық. Сақта жолын сен тауып.
У. «Күлкі жемісі » шығармашылық тапсырма .
Нұсқау : Түрлі-түсті шардағы өлең ұйқастарын тауып жалғастыру
Сықылықтап ...................
................... күлесің
Түйілді ғой ішегім деп
................... күлесің
Өзің шошып ...................
................... көзіңнен
Сенен таза ...................
................... кезіңнен
Күлдіре біл , ...................
.................. жанның дәуірі
................... кетеді
...................бар уы
УІ. «Табиғат мінезі» жаттығуы. Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік.
Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз. Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз. Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз. Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.
Талқылау : Сіздерде қандай сезім болды?
Табиғат құбылысы ұнадыма ? қай құбылысы ұнады?
Табиғатта кіммен жүр едіңіз?
УІІ. «Оның есесіне мен...» жаттығуы. Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. - Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... . - Мен шаршадым, оның есесіне ...... . - Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... . - Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... . - Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... . - Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... . - Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... . - Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... . - Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... . - Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... . - Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... . - Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... . - Мен тым толықпын, оның есесіне.... . - Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... . - Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... . - Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... . Рахмет сіздердің бойларыңыздағы асыл қасиеттердің бар екенін жәнеде өздеріңізді жоғары бағалайтындарыңызды көрсете білдіңіздер. Биіктерден көріне беріңіздер.
УІІ. «Күннің шуағы» тренинг
«Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» дегенді қалай бағалап түсінесіздер?
Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазу.
Қорытынды:
"Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,
ойын ойнамағандықтан қартаямыз."
Бернард шоу
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі екенін ұмытпаңыздар! Әрдайым көңілдеріңіз көтеріңкі болсын!
Ұлттық құндылықтарымызды сақтау - еліміздің білім мен саясатының ұлттық рухына жол ашу Шалтаева Гүлназ Құнанбайқызы № 34 лингвистикалық мектеп - гимназиясы Ұлттық руханият- ұлттық рухтан туындаған ұғым. Ұлттық рух болмаған жерде ұлтпын деп айту қиын . Руханиятқа ұлт тілі, ділі, діні, дәстүрі, ұлттық мәдениет, әдебиет, өнер т.б ұлттық құндылықтар жатады. Ол - халық санасының , мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі, ұлттық болмысы. Ұлттық руханият мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан - ұрпаққа беріліп, әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңеді. Ұлттық руханиятты сақтау, оны нығайтып отыру және дамыту - өскелең ұрпақтың қасиетті парызы мен міндеті. Адам қасиеттерінің арқауы - Ар,Ұят, Намыс, абырой ұғымдарын халқымыз қатты қастерлеген. Біздің адамгершілік қасиеттерімізді хайуандық әуестіктен қорғайтын – ар- ождан сезімі; бізді басқалармен іштей теңестіретін – аяушылық сезімі және абсолюттік мейірімді танытатын -құрметтеу сезімі . Қазақ намысшыл халық. Халық даналығында: «Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді, Абырой бар жерде ар шапаны сөгілмейді» - деуі соның дәлелі. Қазақ эпосы , батырлар жыры, зерделеп қарасақ, оқушыны намыстандырып, рухтандырып отырады. Отанды сүюдің негізі - ұлттық намыс.Ұлт намысына мінсең , алынбайтын қамал жоқ. Ел боламын десең, өз еліңе іс жүзінде өзің қожа боларлық дәрежеге жеткізуге міндеттісің. Отан алдындағы борышыңды өтемей , жалпы адамзатқа қызмет ету мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі қазақ мектебінде ұлттық білім беру – ұлттың болашағына сәуле шашумен тең. Тұлға бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ұлттық мәдениет, салт- дәстүр, халық тағлымдары және т.б. мәселелерге тоқталып өтейін. Мектеп - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақтаған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізіп отыратын мәдени орын, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Бүгінгі таңда мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлестерін айту, жеткізу арқылы оқушылардың адами құндылықтарын қалыптастыруға болады. Ұлттық сан-сананың өмірдегі қолданбалы көріністері: рәсімдер, ырым - тыйымдар, жөн-жоралғылар, кісілік, әкелік парыз бен перзенттік борыш , ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиетке айналды. Сөзім дәлелді болу үшін Сары бидің Сырым шешенге айтқан өсиетіне тоқталайын. Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түнеп отырған-ды. Сырым баланың әр сөзіне риза боп, оған мынадай өсиет айтады: - Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар ,соны есіңнен шығармай жүрсең, ең алдымен беделді , сыйлы боласың. Егер ол сөзді ұмытсаң, халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады. Сырым: - Ол қандай сөз ата, айтыңызшы Сары би: -Арлы-ұжданды бол! Елге деген парызыңды ұмытпа! Намысыңды жастан сақта! Халқыңды жаралама! Жақыныңды жаралама! Қалысыңды қаралама ! деген екен. Ата-бабаларымыздың: «Ақылды болсаң, арыңды сақта, Ар-ұждан керек әр уақытта»деген нақыл сөзінің ғасыр асып жетуі , ұлтымыздың ар-ұжданы-адамдық қасиетінің биік шыңы екендігін аңғартады. Ұлтын сүйген адам елінің кешегісін, бүгінгісін ертеңімен байланыстырады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызымет етіп, оның жарқын болашағына үлкен сеніммен қарайды. Өзінің бойындағы білімі мен күш жігерін елінің келешегіне жұмсайды. Оқушылардың ұлттық қасиеттері: меймандостық, сыйластық, имандылық, кішіпейілдлік,салауаттылық ,тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, мәдениеттілігі т.б арқылы ерекшеленеді.Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші сьезінде “Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр »,-деген болатын. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Жұмабаев «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек .Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әрекеттеніп кетеді»- дейді. Қоғамға еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі. Алдымызда отырған оқушының басты еңбегі -жақсы оқу, сапалы білім алу,ұлттық құндылықтарды бойына жинақтау. Оқушы өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ,тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік-күшін, жігерін соған бағындырса, өзін-өзі кемелдендіріп, үлкен жетістіктерге жетеді, қоғамда өз орнын тауып отанына, туған жеріне адал қызымет етеді. Ұлы ғалым Эйнштейннің бала кезінде физика мен математикаға деген қабілеті байқалмаған, тіпті нашар оқитын оқушылар санатында болған . Ағасы Якоб: «Альберт, ештеңе етпейді, елдің бәрі профессор бола бермейді, әйтеуір бір реті болар »,-деп жұбатқан. Бүгінде бүкіл әлем Эйнштейннің ұзақ жыл ізденіп, ерінбей тер төгіп ,табандылығының арқасында ғалым болғандығын мойындайды. Еңбекті жан тәнімен сүймейінше,ешбір талант та,ешбір кемеңгер де шықпайтынындығын бүгінгі өмір дәлелдеп отыр. Білім –ғылымсыз өнер табылмайды . Қазіргі таңда қала жастары ғана емес, ақкөңіл, ұлттық құндылықтары мен адамгершілік қасиеттері жоғары тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген. Соңғы уақытта қылмыстық істер: дүкен, үй тонау , кісіге қол жұмсау, маскүнемдікпен қатар, мейірімсіз, қатыгез жастар ауылдық жерлерде орын алғандығы байқалады. «Ауырып ем іздегенше ,ауырмайтын жол ізде» демей ме халық даналығында. Ендеше жас ұрпақтың осындай күйге түсуіне , олардың рухани бай , адамгершілігі мықты ,қарым-қатынаста өмір сүруіне жағдай жасау керектігі кезек күттірмей шешетін мәселе. ХХІ ғасырда дамыған елдер адам ресурстарын дамытуды басты мақсаттарының бірі ретінде қарастырылуда. Рухани бай және жетілген қоғам жүйесін дамыту қажет. Осы мақсатта көптеген елдерде жүргізілетін білім реформаларының өзіндік тарихи аспектілері мен ерекшеліктері бар. Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бірер мысал келтіріп өтейін. Дамыған елдер ішінде Жапонияда білім беру жүйесі ерекше. Жапон елінің білім жүйесі батыстық үлгіде болғанмен , нақты бір елдің жүйесін емес, керісінше батыстық педагогикамен үйлестіріп, өзіндік білім жүйесін жасауға қол жеткізді. Жапондықтар ең бірінші өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғары бағалайды. Олар білімге деген құштарлығымен танылған ұлт, ондағы білім жүйесі оқушы бойында да тиісті адамгершілік ережесін қалыптастырып, ұлттық сипаттағы қасиеттерді дамытады. Жапон елінде имандылық пен өнегелікке , патриоттыққа тәрбиелеу ең маңызды мәселе болып табылады. Жер бетіндегі әр ұлттың мақсаты –өз ұрпағының бойында адамдық қасиет, ұлттық рұх пен мәдениеттің күш - қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның өмір сүру тәсілі мен тәжірибесін, тәрбие ықпалының жолы мен бағытын ұғындыру. Тек ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы еліміздің білім мен саясатының ұлттық-рухани дамуына, білім жүйесінің жетілуіне қоғамда өзіне лайықты орын алатын білімді болашақ тәрбиелеуге ,озық қоғам құруға қол жеткізуге болады.
Жаңаөзен қаласы; Жаңаөзен политехникалық колледж Болатбаева Гулзада Ұлттық құндылық – ел бірлігі Ұлттық байлығы – ұрпағы А. Байұрсынов
Әр халықтың өзіне тән ұлттық құндылықтар болатыны аян. Қазақ халқына тән ұлттық құндылықтарды жіпке тізер болсақ ең бірінші халық тұрар еді. Халық – елдің басты байлығы, ұрпағы оның сол құндылық жапырақ жаюы. Қазақ халқы ұрпағынан асқан байлық бар деп ойламаған халық – біздің халқымыз. Бүгінгі таңда шегарасын белгілеп, тәуелсіздігін ашып, тілін, дінін ардақтап, өркениеті мен де мәдениеті мен де әлемге танылған – қазақ халқы. Он жеті миллионнан тұратын халқымның басты тілегі – бірлік, ел тыныштығы, ұрпақтың аманшылығы. Ұрпақ қамы – ел қамы. Қазақ елінің болашағы білімді де білікті ұрпақ – деп көрегендікпен айтқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы – жастарға айтқан сөзінде ел жастарына сеніммен қарап: Сіздер қазақ елінің басты байлығы, өмірінің жалғасы. Сіздер қандай болсаңыз, ел болашағы сондай болмақ, білекке емес білімге сенетін заман келді – деген еді! Олай болса – жас достар, ғылымға бет бұрып, кәсіп таңдап, ғылыми конференцияға қатысуыңызбен құттықтаймын. Ұлттық құндылықтар біздің елімізде қалай бағалануда оның мақсаты не деген сұрақтарға өз баяндамамда жауап бермекпін. Ұлттық құндылықтың тұғыры адам десек, адамзатқа қажетті құндылықтар.
Елдің материалдың Елдің тарихи мұралары Оқу білім-ғылым
байлығы
Адам
Мәдени мұралары Ұлттық өнері Салт дәстүрі
Адам баласына қызмет ететін осы құндылықтардан рухани азық қалыптасады. Белгілі тұлға болып қалыптасады. Ұлттық байлықтың ең бастысы адамның өмір сүруіне ең қажетті байлық – ана тілі. Тіпті дініміз де салт дәстүрлеріміз де, тарихи жәдігерлеріміз де мәдениетіміз, тарихымыз да ұлттық өнеріміз де барлық материалдық байлықтарымыз да тіл арқылы сақталып, баяндалып келген. Ана тілінің құдіреті деген осы! Өзге елдерге жеткізетін де, олардан озып өтемін десек те ғылым – білім арқылы жетеміз. Сол ғылымның өзі Ана тіліміз бен жазылып жастар санасына сінеді. Ұлы педагог Макаренко: « Бес жастар бала – қалыптасып біткен бала» – деген болса сол жас баланың білім алуы, денсаулығы, салт – дәстүрді білу, дінін, тілін сақтауы, өркениетке қадам басуы, кәсіби маман болуы, өмірден өз орнын табуың – бәріне біздің ұлттық құндылықтарымыздың әсер етуімен қалыптасады. Ұлттық құндылықтың ең бастысы – ана тілі, сол арқылы өз тілін сүйеді, төл әдебиеті мұраларын сүйіп оқиды, өз халқының тарихын өткені мен бүгінгісін ойлайды, тарихы жайлы толғанады – деген еді халқымыздың сүйікті ұлы күрескер – кемеңгеріміз Мұстафа Шоқай. Тіліміздің мерейін асқақтату – біз жастардың басты міндеті, ұлттық құндылығымызды сақтауды – басты мақсатымыз деп білуіміз керек. Латвияда тіл жөніндегі полицейлер қызмет етеді екен. Олар қоғамдық орын дарда, көліктерде көшені аралай жүріп, орысша сөйлегендерге айып пұл салады екен. Бұл да әр ел өзінің ең басты ұлттық құндылығы – ана тілін сақтай білсін – деген көзқарастан туындаса керек. Күні кеше Дүние жүзілік Біріккен ұлттар ұйымында Н.Ә Назарбаевтың баяндаманы «Қазақша» оқуы , өз елін сүйген, тілін сүйген, ұлттың құндылығын бағалай білген Елбасымыздың көрегендігі, әлем елдерінің өкілдері алдында «ана тілінің мерейін асқақтату» – деп бүкіл қазақ халқының Елбасына деген шексіз ризалығын білдірген. Біріккен ұлттар ұйымында қазағымның сөздері жаңғырғанда – көзімізді жас, жүрегімізді шаттық кернеді – деген жастардың бірімін – Жаңаөзен политехникалық колледжінің Сахиева Гүлдана 1 Шаштараз тобының студентімін. Қазақ тілі – Ана тіліміз, анамыздың ақ сүтінен жаратылған десек – өз анамызды өзге аналардан артық көруге – баршамыздың құқығымыз бар, баршамыздың жүрек қалауымыз – Ана тіліміз. Елордамыз Астанада өткен Саммидте шетелдік бір елшінің: Н.Ә. Назарбаев өз елінің Ана тілін – мемлекеттік тіл есебінде қолданып отырған, салт – дәстүрін сақтап отырған, дінін, ділік сақтап отырған Елбасы – демек бұл елмен халықаралық дәрежеде келер мәселелер де келісімге келуге, сенуге болады – деп біздің басты ұлттық құндылығымыз. Ана тілімізді ұлттық құндылығымызды ардақтаған ел екенімізге сүйенген Американдықтардың өзі «американ» деген тілі жоқ « ағылшын» тілінде сөйлейтінін атап өткен елші – қазақ елінің осындай дәрежеге жеткізген елдің «бірлігі» – екен деген елші сөзін ұғына келе « Әр ұлттың тілі мен діні» «Еларалық сенім» үшін де кепілдік екенін мақтанышпен айтып өткім келеді. Демек ұлттық мұра – ұлттық мемлекеттік тіліміз – ел бірлігі, елдің қамы, ел тыныштығы елдің өркениеті үшін қызмет етеді екен Ғұлама жазушы Ғабит Мүсірепов Қазақ тілі – «Ана тілі атанған бірегей тіл, ең бай оралымды тіл»– деген.
Елдің руханияты Елдің елдігін
сақтайды Ел бірлігін
Ана тілі
Елдің тарихын Елдің мәдениеті елдің өзге
елдермен татулығы
Екінші ұлттық құндылықтарымыздың бірі Салт дәстүріміз. Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт дәстүріміздің мақсаты да – елдігімізді сақтау. Оның салт – дәстүрін сақтау – елден белгілерімізді құндылықтарымызды сақтау. Ұлы данышпан ақын Абай: Туғанда дүние есігін ашады өлең Өлеңмен жер қойның кірер денең – деп ананың «әлдиінен» бақилық болғандағы «жоқтауға» дейінгі адамның бүкіл ғұмырында болатын салт өлеңдері, дәстүрімізді «екі жол өлеңге» сиғызып айтқан, қандай құдірет десеңші! Мен өз халқымның салт дәстүрімен мақтанамын бәрі – де елдің бірлігін сақтауға,әділдікке, адалдыққа үндейді, татулыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Әжелер айтқан «Әлдидің» өзінде, әженің ақ тілегі сенің болашағың тербеліп айтылып жоқ па! Ел қорғайтын батыр бол! Елін сүйген ақын бол Жақсылыққа жақын бол Әлди, бөпем, әлди – ай – деп тербетілген әуен саз, бала жүрегінеи тәлім болып құйылмай ма, «Тұсау кесер» – жыры да балаға ақ тілегі – ал, ақ тілегі тұнып тұрған тәрбие емес пе? Беташар – қазақтан басқа қай елде бар! Алғашқы бөлімінде келінге түскен елін таныстырып болып, айтылатын ақыл – өнеге тәрбие сол келінге ғұмыр бойы жол көрсететін «бағдаршам» іспетті. Аяғыңды тарсылдап, баса берме келіншек Ағайынның арасын аша көрме келіншек – деген жолдардың мәні «ел бірлігін», «тұтастығын», татулығын сақтау емес пе! Тазалыққа, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ата – енені сыйлауға шақырған «Беташар» – үй отбасы бірлігін, ел бірлігін жырламады ма? Елді бірлікке шақыратын қаншама өнер туындылары бар. Олардың бірі – айтыс. Айтыс жанашыры, көшбасшысы Жүрсін Ерманов бір сөзінде: «Айтыс мұраты – ел бірлігі» деп бүкіл ел алдында айтқан сөзі естен кетер ме? Халықтың Мәдени мұралар, Отпан тау – елді елдікте бірлікке шақыратын «Бірлік шыңы» – емес пе! «Бекет ата» кесенес» – әлі күнге ел бірлігін ұрандап тұрған жоқ па! Ұлттың өнерімізге көз салсаң Абыл, Нұрым, Ақтаным, Сүгір мен Қашағаным – елдің бірлігін, татулығын, ауыз бірлігін, ерлігін жырлаған жоқ па! Осындай еркіндікті, тәуелсіздікті аңсаған жоқ па? Ұлттық құндылықтардың бірі – дініміз. Дінімізді сақтау, ардақтау қасиетті іс. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғасын әр түрлі дін өкілеттілігі болуы заңды құбылыс. Үстіміздегі жылы Астана қаласын да Орыс – хрестьян дін өкілдері мұсылмандарға арнап Мұсылман мешіттен, ал мұсылмандар діни өкілділігі хрестьяндар мешітін өз қаржыларымен салып, бір – біріне сыйға тартқанына бәріңіз куәсіздер. Бұл құбылыс дінаралық достық салтанат құрғандығы деп білемін. Дегенмен, ислам дініне берік болуыңызды, мен сияқты жастардың әр түрлі ағымдарға, әр түрлі дінге кетуі, қыздардың қазаққа тән еліктегіштікпен «қара матаға» оранып жүргендігі жаныма батады. Қазақ қыздары ерте кезеңдердің өзінде: Ақ көйлек қызыл камзол белін буған, Жан едің қатарынан артық туған – десе ұлы Абай : Білектей, арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты Сұлу қыздың көріп пең, мұнай түрін – деп жырламады ма. Қазақ қызы жарқырап киініп, қос бұрымы төгіліп, шолпысы сылдыр қағып, ақ білегенде білезігі жарқырап, жүрмеді ме? Ертедегі өлең жолдарында «Қара мата жамылып» – деген теңеулерді қазақ қыздарына жазған жері бар ма? Ұлттық құндылығымыздың бірегейі Достықты, Бірлікті Халықтар достығы бейбіт күнімізді сақтайық! Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгілік болу үшін, ел бірлігін сақтайық. Бақытқа –қайда барасың десе « Бірлікке» барамын деген екен! Демек біз жастар еліміздің болашағы кәсіби білік алып, еңбекпен тірлік істеп, бірлікпен еңбек етейік! Менің жастарға ұсынысым : 1. Сол үшін де жастар өзіміздің қазақтығымызды, қазақтығымызды, ұлтымызды қадір – қасиетін, салт – дәстүрін, тарихи мұраларын өзгертпей сол саф күйінде сақтап, ардақтап болашақ ұрпаққа жеткізейік! 2. Ана тілімізді өзге тілмен шұбарламай таза күйінде ардақтай біліп, болашақ ұрпаққа жеткізейік. 3. Дінімізді берік таза ұстайық. Діліңе, тіліңе берік бол – деп бір кезде Ахмет Байтұрсынов жырлағандай таза сақтайық, өзге ағымдарға еліктемей ел бірлігін сақтау үшін дінімізді сақтайық!
Tags: ел бірлігі, Ұлттық құндылық, Ұлттық құндылық – ел бірлігі
admin
Leave a Comment
Начало формы
Имя *
E-mail *
Сайт
Конец формы
Начало формы
Конец формы
GOOGLE жүйесімен ізде
Начало формы
Конец формы
Начало формы
Конец формы
Бейне материал
Материалдар күнтізбесі
Октябрь 2016
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
« Сен
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Материалдар мұрағаты
Материалдар мұрағаты
ОМЖ-ҚМЖ Сайттан іздеу
Начало формы
Конец формы
Жарнама Бізге қосыл
Сынып сағатының мақсаты:
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу;
Сынып сағатының әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек айту,пікірлесу, шығармашылық жұмыстар
Сынып сағатының барысы:
Ұйымдастыру
I. Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)
1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа
2.Тіршілік көзі –су
3. Табиғат байлығы – өсімдіктер
4.Орман сәні –құстар
5.Табиғаттың сұлу мүсіні –хайуанаттар
II. Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!» -«Мейірімді жүрек» ойыны
III.Қорықтар
IV.Батыс Қазақстанда кездесетін өсімдіктер
V.Өз аймағымызда кездесетін өсімдіктер мен аң-құстарға кезек берейік.
VI. Толғаныс. (Үй тапсырмасы)
а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...»
б) «Егер мен суретші болсам...»
в) «Егер мен ақын болсам...»
«Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту
VI. Ырым-тыйымдар
VII. Табиғат – келесі ұрпаққа
VIII.Сабақты қорыту.
Сабақтың барысы:
(Оқушылар дөңгеленіп отырады,орталарына әдемі гүл шоқтары қойылған)
І. Ұйымдастыру:
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Біз нені көреміз? Күнді көреміз.
Күн сәулесі: Сәлем, достар!
Көзімді таңмен ашамын,
Әлемге нұрым шашамын
Мен алтын күннің сәулесімін. Сендер мені көргендеріңе қуаныштысыңдар ма?
Әрине қуаныштымыз.
Күн: Мен –күн әлемінің сыйлығымын. Достар, мені ұстап көріңдерші. Көздеріңді жұмыңдар. Бастарыңды көтеріңдер, мен сендердің беттеріңдемін. Мені сипап көріңдер.
Енді мұрындарыңа жеттім, мұрындарыңды сипаңыздар. Көздеріңдемін. Бастарыңдамын. Жарайсыңдар, достар!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Табиғатты аяла» деп аталады.
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.
Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Ендеше, бірінші « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» екендігіне назар аударайық. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. .
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
-Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес.Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
«Тіршілік көзі –су». Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?
Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз.
-Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.
«Табиғат байлығы –өсімдіктер».Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?
Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.
-Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)
«Орман сәні құстар» Бұл туралы не айтасыңдар?
Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса -қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)
«Табиғаттың сұлу мүсіні - хайуанатар»
Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі Қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік етіп келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы.
Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін
«Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.
-Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. Қадыр Мырзалиев атамыз былай жырлаған екен:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.
Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б.
Ән:
Біз табиғатттан осыншама мейірімділікті аламыз. Оны ластайтын, бүлдіретін кімдер?
Шағын көрініске кезек берейік.
Қорықтар «Қорық» сөзі аң-құсты аулауға қатаң тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылады.
Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жыл
Наурызым қорығы 1934 жыл
Алматы қорығы 1931 жыл
Барсакелмес қорығы 1939 жыл
Қорғалжын қорығы 1968 жыл
Марқакөл қорығы 1976 жыл
Үстірт қорығы 1984 жыл
Батыс Алтай қорығы 1992 жыл
Алакөл қорығы 1998 жыл
Қаратау қорығы 2004 жыл
Батыс Қазақстанда кездесетін аң-құстар
Біздің аймақта кездесетін өсімдіктер мен құстарға кезек берейік.
Би: «Аққу» биі
Жаңа сіздер «Қызыл кітап» туралы айтып жатырсыздар. Ол не?
Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» шығармасынан үзінді Оқитын: Дильназ
Ой-толғау
А)«Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен жазған шығармасына кезек берейік:
б) «Егер мен суретші болсам...»(Бұл бөлімде сыныптағы суретті жақсы салатын оқушылардың суреті көрмеге қойылып, сол туралы пікірлері тыңдалды)
г) «Егер мен ақын болсам...» (Бұл бөлімде сыныптағы өлең шығаратын оқушылардың өлеңдері тыңдалды.)
Көрініс «Аңшы мен бала»
Ырым-тыйымдар Табиғатты қорғауда қандай тыйым сөздерді білесіздер?
Табиғатты келесі ұрпаққа жеткізу үшін не істеуіміз керек? Оқушы пікірлерін тыңдау
Жас шыбықты сындырмайық!
Орманды өрттен сақтайық!
Шөптесін өсімдіктерді таптамайық!
Түрлері сирек кездесетін өсімдіктерді қорғайық, сақтайық!
Өсімдік түрін көбейту жолын үйренейік!
Табиғатты бәріміз бірге қорғайық!
Ағаш егейік!
Гүл егейік!
-Иә, оқушылар, табиғатты қорғау туралы әсем сөздер айтылды. Адам табиғат перзенті. Сондықтан туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау – баршамыздың міндетіміз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» деп жазылған.
Сабақты қортындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Жеріміз кең болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Гүліміз жайқалып өссін!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!т.б.
Табиғат – тіршілік бесігі. Адам – табиғаттың бір перзенті. Табиғат - тұнған асыл қазына. Оны қорғап қамқорлық жасау, игеріп ел игілігіне жұмсау - баршамызға ортақ іс. Табиғат – баршаның ортақ үйі.
Біздің қазақ халқының табиғатқа деген жанашырлық сезімі ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған. Біз өзіміз осы туған табиғаттың төл перзенті екенімізді ұмытпайық! Оған дәлел ақындарымыз дың мына өлең шумақтары:
Қасиетті, қайырымды Жер – ананың
Мейірімінен өмірге нәр аламын,
Аялы алақанмен аялау да,
Азаматтық борышы әр адамның!
Атамекен жанға жайлы сая, бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен,
Ақ сүтімен Ананың
Туған жердің табиғатын аялау!
Ән «Атамекен»
Әбіш Кекілбаев
Жоспар:
Атақты қаламгердің өмір жолы;
Жазушы шығармашылығындағы ой толғаныстары:
а) Прозалық шығармалар;
б)Қаламгердің шығармаларындағы тарихи тұлғалар;
3. Қорытынды
Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді.Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.1928-1931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекеннен көшіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Кекілбай соғысқа аттанған жылы анасының ішінде қыз бала қалады. Оның есімін Тілектес деп қояды.Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы. 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті. Мүрдесі ұлттық пантеонға жерленді. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты.
Әбіш – барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы Ә.Кекілбаевтың тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қараймыз: Бірінші, әдеби-көркем шығармалардағы тарихи тұлғалар (Абыл, Сүйінғара, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Абылай, т.б.). Екінші, ғылыми зерттеулерінде қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ сұлтан… Әбіш – әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы. Қандай шығармасы болса да оқушысын баурап алады. Оның кейіпкері Еңсеп – тек еңбек адамы ғана емес, өнер адамы. Абыл шерткен керемет күйлерді және тарихымыздың аса қиын кездерін суреттейтін шығармасы – халық тағдырын жан-жақты бейнелейтін туынды. Қазақтың атбегілеріне арнаған шығармасы қандай болса, «Автомобиль» де сәйгүлікке мінгендей делебеңді қоздырады. Өндіріс пен геология тақырыбына жазған шығармаларында да – «Ұйқыдағы арудың оянуы», т.б. – халқымыздың тарихы қамтылған. Әбіш – барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы. Қаламгердің алғаш жарыққа шыққан шығармасы «Бір шөкім бұлт» болатын. Осы шығармасының өзі оның үлкен сөз зергері екенін көрсеткен-ді. Көп ұзамай, 1967 жылы «Күй» жарық көрді. «Күй» классикалық туынды болатын. Әрине, кезінде оны өз дәрежесінде бағалағандар аз еді. Сол аздың ішінде Г. Бельгер: «…«Күй» стиліндегі эпиктерге тән байсалды баяндау, философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару, кең тынысты, бейнелі, иірімді тілдік құралдарды пайдалану секілді ерекшеліктерімен құнды", – деген болатын. «Күй» артынан «Ханша дария хикаясы» жарыққа шықты. Осы еңбегі алдымен орыс, сонсоң басқа тілдерге аударылып жарық көрді. Жазушының тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының бірі – Ақсақ Темір туралы. Одан соң – «Үркер» романы. Демек, оның шығармаларындағы тарихы тұлғалар – Абыл, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Қарабура әулие, Шотан, Сүйінғара батырлар, Әйтеке би – біздің тарихымыздағы аса көкейкесті мәселелер болғандықтан, оларды кеңінен жіктеуге міндеттіміз. Абыл күйші мен Сүйінғара батыр (Дүйімқара) тарихы жазылған «Күй» повесі туралы Әбілқайыр Спан: «…Жазушы Ә. Кекілбаев – ұлы гуманист. Өз сөзімен айтқанда, оған бір халықты керемет, бір халықты керемет емес дейтін нәрсе жат, оны қай уақытта да жек көреді… Тек жек көріп тынбайды, осы жолда күрескер де бола алған. Осы қыры «Күйде» де көрінеді. Мұнда ол «түрікмендер жаман, қазақтар жақсы» демейді. Жамандық пен жақсылық екеуіне де ортақ – қазақтың Дүйімқарасының түрікмендегі сыңары – Көкбөрі, қазақтың күйшісінің түрікмен ішіндегі егізі – Дәулет…», – деп анықтама береді («Заңғар». – А., 2008, 81-82-беттер). Орысша аудармасында кейбір тараулардың түсіп қалғаны туралы автордың өз жауабы арқылы түсіндіріп: «Есіл «Күйдің» жал-құйрығы солай күзелген де қалған… Мұндай жағдайға «Үркер» де түсіпті», – дейді (85-бет). Ә. Кекілбаевтың «Ханша дария хикаясының» тақырыбы – Шыңғыс хан. Соңғы кездері қазақ жұртында Шыңғыс хан туралы екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі Шыңғыс хан шабуылынан кейінгі қыпшақ тайпалары ғана емес, көптеген халықтардың саяси және экономикалық жағдайының нашарлауын, әлсіреуін, яғни зардабын көрсетеді. Екіншіден, Шыңғыс ханды жақтайтын, яғни оның жаулап алушылық саясатының прогрессивтік мәні жөнінде пікір айтушылар (“ол болмаса қазақ тарихы да әдіра қалатын еді”) бар. Жалпы, Совет Одағына қараған елдердің тарихында татар-монғол, әлде монғол-татар шапқыншылығы деген термин мықтап қалыптасты. Шын мәнінде ол монғолдың да, татардың да емес, Шыңғыс ханның шапқыншылығы. Монғол тілдес халықтар түркі тілдес халықтармен салыстырғанда өте аз еді. Қазір монғол тілдес халықтар (қалқа, қалмақ, бурят, ойрат, торғауыт, дүрбіт, т.б.) саны түркі халықтарынан бірнеше есе аз және бұрын да, қай заманда да солай болған. Ал қазіргі Монғолияның мемлекеттік тілі – қалқа тілі. Егер Шыңғыс хан шапқыншылығы болмағанда, біздіңше, Қазақстанның көптеген қалалары мен мәдени орталықтары, сол жерлерде мекендеген көп халықтың шаруашылығы құлдырамаған болар еді, ал Қыпшақ мемлекетінің орнында сол бір алып ел мен ұлы мәдениеттің пұшпағы сынды көптеген ұлттар пайда болмай, тек бір ұлт – қыпшақ халқы қалатын еді. Сонша халықты қырып-жойған Шыңғыс хан империясынан оның туған халқы монғолдар не жақсылық көрді? Сол кезде-ақ көп халық емес еді, Шыңғыс ханнан кейін тіпті азайып қалмады ма? Шыңғыстың тікелей өз ұрпақтары да әр халықтың құрамында жоқ болып кетпеді ме? Оның немересі негізін қалаған құдіретті мемлекет – Алтын Ордада қыпшақ тілі мен мәдениеті салтанат құрды, ал монғол тілі мен мәдениетінің ізі де қалғанжоқ… Әбекең шығармаларын мұқият оқыған зерделі оқушы осы айтылған тарихи жайттар турасында толғанбай қалмайды. Ұлы тұлғалар ішінде А.Македонский, Ю.Цезарь, берідегі Наполеон мен Гитлерді мысалға алсақ, олардың да туған халқын аспанға шығарған ештеңесі жоқ, керісінше: дүние жүзін бағындырамын деген Македонский Грекияны әлсіретті. Соңынан бұл ел Римге бағынышты болды. Цезарьдің шектен тыс билік құмарлығынан Римде бес ғасыр өмір сүрген республикалық басқару жүйесі жойылып, императорлық, яғни бір адам билеп-төстейтін басқару жүйесі дүниеге келді. Осыны пайдаланып, Израильден шыққан ағайындар христиан дінін дүниеге әкеліп, сол арқылы Римді құлатып қана қойған жоқ, бүкіл Еуропа халқын құлдыққа салды. Әбіш жазған Шыңғыс пен Ақсақ Темір – қанша ұлы жаулаушы, қанша асқақ билеуші болса да, өлімнен қашып құтылмайтын жұмыр басты пенде. Осы екі тарихи тұлға туралы талай ғұламалар жазды. Бірақ Әбекең олар туралы халық аңыздарына сүйеніп жазған екен. Ұлы әміршілердің құдіреті мен дәрменсіздігін ірі суреткер Ә. Кекілбаев кең көлемде, жан-жақты көрсетеді. Дәрменсіздіктің басы жұмыр пенденің бәріне ортақ екенін жеткізеді. Дәрменсіздік, әлжуаздық латын тілінде vulnerable, орыс тілінде уязвимый, әсіресе, ұлы әміршілерге тән қасиет немесе ауру екенін автор көркем тілмен баяндаған. «Елден шыққалы біраз болыпты. Одан бері айтқаны болып, атқаны тиіп, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ сайран салып келе жатқанымен, бұның өзін мысқалдап болдырта түсетін өлшеулі ғұмырдың алдамшы жылдарының бірталайын ада еткені есіне енді оралды…», – деген жолдар Шыңғыстың ішкі толғаныстарының аз болмағанын көрсетеді. «Ханша дария хикаясының» эпилогында: «Қытай диқандары жер бетін қан жылатып, өмір бақи жеңілмейтін жиһангер атанған Шыңғыс ханнан да кек қайтарған арудың денесіне тауап етіп, әрқайсысы бір-бір күрек топырақ салғанда, Гүрбелжін ханшаның моласы осындай шартараптан өзіне шақырып тұратын найза төмпекке айналыпты. Осынау адамға қысастық қылғанның зауалы ақыры адамнан болатынын айтып, жер түбінен ұран салып тұратын киелі төбенің еңсесі мәңгі биік болу үшін әрлі-берлі өткен жүргінші Темір-Олхоға бір уыс топырақ қосып отырады. Ал енді Гүрбелжіннің Шыңғыс ханнан қалай кек алғанын өзінен басқа тағы бір адамға айтып берген кісі де Темір-Олхоға бір уыс топырақ қосқан адам болып есептелетін көрінеді», - деп ханшаның ерлігін адамзат ешқашан ұмытпайтынын білдіреді. Енді Ақсақ Темір туралы аз сөз. Ақсақ Темір жорықтарынан тек түркі халықтары ғана емес, бүкіл мұсылман елдері зардап шекті. Әріден таратсақ, түркі тайпалары селжуктер баса-көктеп кіргенде Византияның көп ғасырдан келе жатқан арбасы мықтап аударылды. Сол күннен бастап Византия Түркия деп аталды. Түрік мемлекеті, яғни Осман империясы тек Византия жерін иеленіп қана қойған жоқ, сонымен қатар бүкіл Еуропаға ұмтылды. Түрік сұлтаны Баязит Еуропаның көп жерін алып, біріккен әскерін талқандағанда, Еуропа үшін ол екінші Атилла боп елестеген еді. Сөйткен Баязитті 1401 жылы түркі халықтарынан шыққан жаңа бір әмір Ақсақ Темір өлтірді. Ол тірі қалғанда Британияға бір жорық жасап, бүкіл Еуропаны түріктің қол астына қарататын еді. Ол Алтын Орданы талқандап, Ресей еркіндігіне жол ашты. Ақсақ Темір дүниені бағындырам деп жүріп, өз жұртына – бүкіл түркі халықтарына қиянат жасады. Түркі халықтары, жалпы, бүкіл мұсылман әлемі Ақсақ Темір лаңынан кейін бұрынғы дәрежесінде еңсе тіктей алған жоқ, есесіне Еуропа күшейді. Ол сондай-ақ Қытайдың күшеюіне жол ашты. Содан бері бүкіл түркі әлемі Еуропа, Ресей және Қытай тепкісіне түсіп, бұрынғысындай бас көтере алмай келеді. Соңғы жылдары Өзбекстанда Ақсақ Темірді дәріптеу бар. Ақсақ Темірге нағыз құрметті Еуропа мемлекеттері көрсететін реті бар және көрсетіп те келеді. 1996 жылы Самарқанда өткен Ақсақ Темірдің 660 жылдық мерейтойы шығындарын Германияның Эденауэр компаниясы көтерді. Еуропада Ақсақ Темір шын мәнінде ерекше құрметке ие. Барлық энциклопедияларда оның суреті берілген. Ақсақ Темір жорықтары болмағанда, ағылшын, француз, неміс, орыс тілдерінің бүгінгідей үстемдікке жетуі, жалпы, христиан дінінің кең қанат жаюы екіталай болатын. Ал түркі тілі дүниежүзілік үстемдігінен айырылмас еді. Ақсақ Темірдің біз білетін жақсылығы – Самарқанда бірнеше, Түркістанда бір ғимарат салғызғаны. Бірақ сол Самарқанда Жалаңтөс батырдың өзі үш ғимарат тұрғызды емес пе?! Әлем тарихындағы ұлы тұлғалар арасында Қазақ тарихына тікелей қатысы бар Шыңғыс пен Ақсақ Темір туралы Әбіш Кекілбаев шығармалары оқушыға көп ой салады. Ұлы әмірші дүниені қанша дүркіретсе де, ажал тырнағынан құтыла алмады. Оның жан қиналысы мен азабы туралы Әбекең аса көркемдікпен жазған: «…Ол қайтадан есеңгіреп кетті. Енді жан-жағын шетсіз-шексіз құла түз жайлап алды. Білем-білем шағылдар да әлдеқандай шимай жазуларға толып кеткен сияқты. Бұл сөніп бара жатқан жанарының соңғы қуатын шым-шым сарқып, қадалып келіп оқиды-ақ. Әлдебір уақыттарда барып зорға-зорға ажыратқандай болды. Күллі дүниені «Барар жерің бәрібір жердің асты» деген шимай жазу қаптап кетіпті. Ол тағы көзін ашты. Төбесінен қара қоңыр күңгірт бірдеңе төніп тұрды. Бірақ әмірші бұл жолы өзінің үйреншікті алтын күйме, атлас шатырында жатқанын әлде баяғыда өзі салдырған тас зынданда жатқанын ажырата алмады». Сансыз адамның қанын төккен ұлы әміршінің жан азабын суреттеумен «Аңыздың ақыры» романы аяқталады. Әбіш бейнесін сомдаған тарихи тұлғалар ішінде Әбілқайыр хан туралы жазбалардың ерекше құнды екенін айтқымыз келеді. «Үркер» романы Кеңес Одағының дәуірлеп тұрған кезінде жазылды. Алайда автор көптеген тарихи шындықты тұспалдап жеткізе білді. «Үркер» Әбілқайырдың Ресейге өз еркімен қосылу үшін хат жазып, жауабын тағатсыз күтіп жатқан эпизодтан басталады. Сол тарихи хаттың жалған аудармасы тек жазушы Кекілбаевты емес, әрідегі бүкіл Алаш ардагерлерін, сол кезеңді мұқият зерттеп, Кіші жүздің Ресей басқыншылығына қарсы ғасырлар бойы күрескенін жақсы білетін И.Крафтты да жаңылыстырған болатын. Бұл жалған аударма 1999 жылға дейін, яғни түпнұсқа оқылғанға дейін қаншама зерттеушілерді жаңылыстырды? Сөйтсек, Әбілқайыр хатының түпнұсқасы мен орыс тіліндегі аудармасының арасы жер мен көктей екен. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды. Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. «Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас»,-деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткендей, жазушының өзі өлсе де, артына қалдырғаны асыл мұралары өлмек емес!