kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: «Тілегі бір- тілі бас?а»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?айырлы к?н, ??рметті ?стаздар, о?ушылар! Б?гін сіздермен «Тілегі бір-тілі бас?а» атты кешімізге жиналып  отырмыз. Шексіз ?лкен айма?ты алып жат?ан ?аза?станда 150-ден астам ?лт ?кілдері ?мір с?реді. Егеменді еліміз ?шін досты?, татулы? ?лкен ?ызмет ат?арады. «Егер жер  ж?зіндегі  халы?тар?а е? жак?сы ?дет-??рыпты та?дап алу?а  м?мкіндік берсе, онда ?р халы? оларды м??ият ?арап, ?ркім ?з хал?ыны? ?дет-??рпын та?да?ан болар еді.»,-деген екен бізді? заманымыз?а дейінгі ?мір с?рген «тарих атасы» Геродот.

  ?р халы?ты? ?зіні? ?дет-??рпы салт-д?ст?рлері бар. ?асырлар бойы жинал?ан ?дет-??рып салт-д?ст?рлер ?ткен мен б?гінгіні?  байланысы.

 

2-ж?ргізуші:

С?лем бердік, кешімізді? к?рермені,

?аза?ты?, ол аны? ?ой ?нер-кені

Б?гінгі кешімізге ?ош келді?із,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «Тілегі бір- тілі бас?а» »

Тақырыбы: «Тілегі бір- тілі басқа»

Мақсаты: Балаларды Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәсүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу. Бұрын ұмыт болған салт-дәстүрлерімізді қайтадан жаңғыртып, оларды күндегі өмірде пайдаланып, келешек ұрпаққа үйрету.


Қатысушылар: жүргізушілер, қазақ, орыс, ұйғыр, татар, тәжік, кәріс ұлт өкілдері

Көрнекіліктері: Алдын-ала Қазақстан халықтарының ұлттық тағамдары, ұлттық аспаптары, өміріне байланысты салт-дәстүріне байланысты жасалынған слайдтар. Шанырақ интерактивті тақата.

Екі жүргізуші сыныптан тыс іс-шараны жүргізіп отырады:


1-жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздермен «Тілегі бір-тілі басқа» атты кешімізге жиналып отырмыз. Шексіз үлкен аймақты алып жатқан Қазақстанда 150-ден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Егеменді еліміз үшін достық, татулық үлкен қызмет атқарады. «Егер жер жүзіндегі халықтарға ең жакқсы әдет-ғұрыпты таңдап алуға мүмкіндік берсе, онда әр халық оларды мұқият қарап, әркім өз халқының әдет-ғұрпын таңдаған болар еді.»,-деген екен біздің заманымызға дейінгі өмір сүрген «тарих атасы» Геродот.

Әр халықтың өзінің әдет-ғұрпы салт-дәстүрлері бар. Ғасырлар бойы жиналған әдет-ғұрып салт-дәстүрлер өткен мен бүгінгінің байланысы.


2-жүргізуші:

Сәлем бердік, кешіміздің көрермені,

Қазақтың, ол анық қой өнер-кені

Бүгінгі кешімізге қош келдіңіз,


Алдарыңда болашақ өрендері-демекші қазақ халқына сөз беріледі.(Өлең тақпақ айту, алғы сөз, «Әдептілік-әдемілік» атты көрініс, домбырамен кү» шертіледі, қазақтың ұлттық тағамы-бауырсақпен таныстырады, халық биі «Қарлығаш», қазақ халқының ерекшеліктерін, салт-дәстүрін, ұлттық киімдерін, киіз үйдің жабдықтарын, зергерлік бұйымдарды көрсететін слайдтар интерактивті тақтада жүріп тұрады)


1-оқушы:

Қоғам құрған жаңартып,

Азат елім егемен

Ешкімге көз алартып,

Ешкімге «әй» демеген,

Бейбіт еңбек сүйерім,

Татулық, бірлік, береке,

Шалқыған шаттық күйлерім,

Әр күнім табыс мереке!

Жасасын, жаса, Азат күн!

Жасасын бейбіт ел, су, жер!

Бостандық алған қазақтың,

Мәртебесін көрсін ел!


2-оқушы:

Қазақ халқы бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі. Қазақ халқы қыз баланы болашақ ана, отбасының ұйытқысы, ел мен елді жақындастыратын қонақ деп өте ерекше тәрбиелеген. Біз сіздердің назарларыңызға «Әдептілік-әдемілік» атты көріністі ұсынамыз.


1-жүргізуші:/көрермендерге сауал қою/. Бәрекелді, енді көрермендерімізге сұрақ қояйық....


  • Қазақ халқының ұннан жасалатын тағамы қалай аталады? /бауырсақ/

  • Ол қалай жасалады?

Оқушы түсіндіреді


2 –жүргізуші: Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ....../домбыра/

Сіздердің назарларыңызға Айтпалаева Жұлдыздың орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»


1-жүргізуші: Талшыбықтай майысып, мың бұралған биші қызымыз Айтқұлова Заринаның орындауында халық биі «Қарлығаш».


2-жүргізуші: Тарихи жағдайларына байланысты екінші Отандарын «Қазақстан» деп тапқан орыс халқы бүгінде Республика тұрғындарының 30 пайызын құрайды. Ендігі сөз орыс халқында./Орыс халқының жері, табиғаты, ұлттық киімі. Тағамы, аспаптары туралы слайд интерактивті тақтада көрсетіледі/


Оқушы:

Низкий поклон от русской земли!

В степь Казахстана мы привезли!

Пусть колосятся пшеницей поля,

Пусть вырастают сады, тополя!

Оқушы:

Біз орыс халқының ұлттық киімдерімен таныстырамыз. Орыс халқының ұлттық киімі өздерінің әдет-ғұрпына. Тұрмыс-салтына, мінез-құлықтарына, табиғатына байланысты болған.


Оқушы:

Қызыл матадан тігілген киімді ең әдемі деп санаған. Кмев Русінде тұратын шаруаның күнделікті киімі кенептен тігілетін жейдеден және шалбрадан тұрған. Сыртқы киім ретінде қолдан тоқылған мауыттан шекпен, оның алды сол жағына қарай түймемен немесе ілгекпен қаусырылады.Ежелгі орыстың ұлттық киімдеріне қосымша міндетті түрде қолғап және қап болған. Оны белдігіне қойған. Шаштарын жібек, кестелі лентамен немесе ағаш тарақпен жинап қойған.

Ұлттық киімдерді тігу үшін негізінен кенеппен жүнді қолданған. Ал безендіру үшін кесте, тоқыма басқа түстес маталардан оюлар ойылған. Оюларды кестелерді тігу үшін зығырдан,сорадан жібектен және жүннен жасалған жіптерді пайдаланған. Негізінен қолданылатын маталардың түрі қызыл, ақ, көк, қара болған. Қыстың аяғында көктемнің басында орыс халқы «Масленница» деп аталатын ұлттық мерекелерінде құймақ пісіреді.


Оқушы:

Қазақстан!

Пай-пай!

Ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың,

Жанған ұда».

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!


1-жүргізуші:

Орыс халқының негізінен қолданған маталарының түстері қандай?

2-жүргізуші:

Келесі сөз Қазақстанда өмір сүретін түркі тілдес туыс халықтары, ұйғыр, татар, тәжік халықтарына беріледі.

Оқушы:Ұйғыр халқының тұрмыс салтына кеңінен тараған әдеттердің бірі ер адамдардың бас қосуы, яғни мәшрәп.Мәшрәп-құрдастар, пікірлестер немесе ауыл жастары біреудің үйінде өткізетін отырыс, кеш. Мәшрәп мүшелері кезек-кезек өз үйлерінде ұйымдастырады. Мәшрәп тек көңіл көтеру үшін жасалатын шара емес. Ол мәшрәп мүшелерінің өмірінде болатын әр қилы жағдайларға байланысты ақыл-кеңес алу, кеңес беру. Мәшрәп кешінің өтуі туралы көрініс./Паша бегі-Әлібек, Жігіт басы-Мәди, кешігуші Баһадұр-Абай, шай құюшы-Бахтияр/


Оқушы: Ұйғыр халқының тағамы «сәмсу» туралы айтады.

1-жүргізуші:

Өздеріңе таныс ұйғыр халқының ұлттық тағамдарын атаңдар.

Жауап: Сәмсу/самса/ әткен шай, гөш нан, жусай манты. Алдарыңызға ұйғыр халқының ұлттық биі. Қабыл алыңыздар.

Оқушы: Мен сіздерге татар халқының «Үме» деп аталатын салт-дәстүрі туралы әңгімелеп берейін.

2-жүргізуші:

Татар халқының «қол ұшын беру» дәстүрі қазақ халқының қандай салт-дәстүріне ұқсас /асар/

Оқушы: Тәжік тілінде сәлемдеседі. Тәжік халқының ұлттық тағамы «Палау» туралы әңгімелейді. Тәжік халқының ұлттық биі орындалады.

1-жүргізуші: Келесі сөз өздерінің кішіпейілдігімен, еңбек сүйгіштігімен ерекшеленетін кәріс халқына беріледі. Кристина, Настя, Александр үшеуінің орындауында көрініс «Толь»-баланың бір жасқа толу дәстүрі. /Кәріс халқының тұрмыс-салты, табиғаты, ұлттық тағамы туралы слайд интерактивті тақтада көрсетіледі/

2-жүргізуші: Ал, енді осы кешке келген ұлт өкілдері өздерінің Отанға деген ақ тілектеріңізді тілек тақтасына жазып қалдыруларыңызға болады/интерактивті тақтаға ұлт өкілдерінің тілек жазуы/

1-жүргізуші: Бұрыңғы заманда халық ізгі тілек, ақ бата арқылы мақсат мұратқа жетуге болады деп сенген. Сондықтан халық «Батаменен ел көгереді, жаңбарменен жер көгереді» демекші атамыздың батасын алайық.

Оқушы:

Бата: Еліміздің бақ-дәулеті өсе берсін,

Туымыз көкке желбіресін.

Отанға тыныштық берсін,

Халқымызға бірлік берсін.

Ұл-қыздарымыз ел қорғайтын азамат болсын

Бәсекеге қабілетті ақылды, тапқыр болсын,

Дені сау болсын!

Әумин!

2-жүргізуші:

«Тілегі бір-тілі басқа»-демекші бәріміз бір шаңырақтың астында Отанымыз Қазақстанада ынтымақпен, татулықпен өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанның астанасы- Астана болғандықтан, барлығымыз бірігіп «Астана» туралы әсем әнмен бүгінгі кешімізді ұштастырайық...








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы: «Тілегі бір- тілі бас?а»

Автор: Абдразакова Айгуль Аскербаевна

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153665


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства