2-жүргізуші: Табиғат –күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігімен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап, көздің жауын алары сөзсіз.
Не қасиет бар дейсің, осы күзде –
Деп айтқаны әркімнің есімізде.
Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,
Байлық, ырыс әкелген осы бізге.
Талай-талай басынан таңды асыра,
Алтын дәнін тиеп ап арбасына
Қараңыз өзі бастап кеткен жоқ па,
Отанның берекелі қамбасына, -деп ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бүгінгі кешімізде күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салайық. Ендеше сыныптарды ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырайық:
2-жүргізуші: Міне, сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні. Күз айы ерекше берекелі, мерекелі ай. Әрбір үйдің дастарқанын дәмге, еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да, жомарт күзіміздің «Жеміс-жидектерден мүсіндер жасау» бөлімін бастаймыз. Әр сынып ортаға шығып, өз мүсіндерін таныстырсын. 1-бөлім қорытындылау. Бағалау.
Бірге: Алтын күздің жемісі дәмді болсын,
Көңіліміз жайнасын, әнге толсын!
1-жүргізуші: Күз келді, жеміс-жидек пісті міне,
Біздегі мүсіншілер сәл өзгеше.
Сыныптарымыз жасаған мүсіндерден,
Сарайда басталады күзгі көрме.
2-бөлім соңында қорытындылау. Бағалау.
2-жүргізуші:Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
Еркеназды ортаға шақырайық - дей келе, _____________ атты әсем әнімен ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: келесі бөлім Сән үлгісі
Ал, халайық, ықыласпен демелік,
Жұптарымыздың сән үлгісін көрелік.
Сырыменен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік.
3- бөлім аяқталды. Бағалау.
2-жүргізуші: Құпиялық қашанда,
Еліктірер адамды.
Көзді ашып-жұмғанша,
Соңғы бөлім басталды.
Келесі кезекте «Құпиялы алма ағашы» бөлімі. Ортаға әр сыныптан бір оқушыдан шығып, алма ағашынан бір алмадан алып жасырынған сұраққа жауап бересіндер. 4-бөлім аяқталды. Бағалау.
1-жүргізуші:.5-бөлім «Ертегілер елінде»
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсың
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Бағалау.
2-жүргізуші: Әділқазы алқалары қорытынды шешім шығарғанға дейін бәріміз бірге ортаға шығып ФЛЕШ МОБ билейік.
1-жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!!! Бүгінгі тамашалаған күзгі мерекеміз өз мәресіне жетті
Білім –теңіз, мектепті –кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз?
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
2-жүргізуші: Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, бүгінгі "Алтын күз" кешін аяқтаймыз.
Ендеше сөзді әділқазы алқаларына берейік.
Қорытынды. Марапаттау.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тамашалаған күзгі мерекеміз өз мәресіне жетті. Белсене қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Сау саламатта болыңыздар! Келесі кездескенше!