Просмотр содержимого документа
«Та??ажайып кітап ?лемі »
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
«№6 Орта мектеп ММ» -нің
ұйымдастырушы педагогі
Шуйншалина Сомалтын Жылкыбаевна
Тақырыбы: Таңғажайып кітап әлемі (кітапханашылар күніне орай өткізілген сайыс)
Мақсаты:
оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету;
білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу;
оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы
Білімнің сарқылмайтын балбұлағы,
Ашқанда-ақ өткен күн мен беттеріңді,
Келер күн көз алдыма кеп тұрады.
Армысысыздар құрметті кітап сүйер қауым!
Адамзат қоғамы тарихинда кітап бейне бір кәусар бұлақтай адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан таусылмас рухани құндылық негізі, бастау алар бұлақ көзі болып есептеледі. «Жақсы –кітап ақылды адамның әңгімесі сияқты», деп классик жазушы Лев Толстой айтқандай, кітап оқырманға рухани күш жігер, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге беретін сарқылмас қазынамыз. Кітап құндылығы жайлы дана халқымыз «Білімнің бастауы - кітап», десе, ал ұлы драмматург Шекспир «кітап маған тақтан да қымбат», ал көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев «Адамды адам еткен-Кітап, адамзат еткен - Кітапхана», деп кітаптың құдыретін, оның мәртебесін одан әрі асқақтатып көрсетеді. Иә, кітап адамды өмір бойы қолдап жүретін қамқоршысы, ал Кітапхана- ғылым мен білімнің, даналық пен дархандылықтың киелі кеніші десек, ал кітапханашылар осы қасиетті қара шаңырақтың шын жанашырлары. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі. Бүгінде кітапханаларда жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелейтін, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратын әртүрлі зияткерлік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Міне, осы мақсатта біздің мектебімізде де 6 сыныптар арасында «таңғажайып кітап әлемі» сайысы ұйымдастырылып отыр.
Сайысымызды бастамас бұрын сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Дүйсенова Ағира -кітапханашы
Алдиярова Ақгүл -кітапханашы
Олай болса сайысымызды бастайық.
Сайыстың шарттары
Топтың атауы
Біздің жерлес жазушыларымыз
(Ақтөбелік авторлардың кітаптарын табу)
«Менің сүйікті кітабым»
(оқыған көркем әдебиеті туралы ой- толғау)
Кітап менің өмірімде. Үй тапсырмасы.
(кітап туралы шағын шығарма ұсыну)
Сөздің көркі мақал
(кітап, кітапхана, білім туралы мақал- мәтел айтып жарысу)
6а сыныбы «Халық әдебиеті» тобы
6ә сыныбы «Көркем әдебиеті» тобы
6б сыныбы «Білімділер» тобы
«Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін» -деп ақын ағамыз жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар- білім көзі, рухани қазына. Ендеше, сайысымыздың 1 кезеңі «Біздің жерлес жазушыларымыз». Яғни Ақтөбелік ақын жазушылардың кітаптарын табу. Кітаптар таратып беріледі. Соның ішінен өзіміздің жерлес жазушыларымыздың кітаптарын іріктеп алу қажет.
Жақсы кітаптің нәтижесі жақсы тәрбие болмақ. Ал тәрбие негізі балалық шақта беріледі. Балалық шақ бағалы, бал тілді әдебиетке бай болса, тәрбиенің мақсат- мұраты тәжірибелі болады. Сайысымыздың 2 кезеңі «Менің сүйікті кітабым» деп аталады. Бұл сайыста әр топ өзі оқыған көркем әдебиеті туралы ой- толғау айтып беру керек.
«Күш білімде, білім кітапта» десек, енді кітап, кітапхана, білім туралы мақал- мәтел айтып жарысып көрейік. Әр топ мақал- мәтел айтып жарысады.
Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана емес, өзін қоғамның белді мүшесімін деп есептейтін әрбір адамның бойына дарығанда ғана өмір нұрлы болмақ. «Оқымасаң ой тоқырайды» демекші, оқу, білім тоқтаған жерде рухани өсу, жетілу тежеледі. Қандай өркениетті елдің дамуында білім, мәдениет басты орын ала отырып кітап оқуға деген құштарлық та арта береді. Кітаптан асқан қазына жоқ. Сайысымыздың 4 кезеңі «Кітап менің өмірімде»