Просмотр содержимого документа
«Танымдық сайыс. "Ана тілім-айбыным"»
Cайыс «Кім көп біледі?» Сабақтың мақсаты: Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны туралы жас ұрпақтың ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру. Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар Түрі: жарыс сабақ Әдісі: сұрақ - жауап Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі - Құрметті оқушылар мен ұстаздар бүгін 3 «Д» сынып оқушылары арасындағы «Кім көп біледі?» атты сайысқа қош келдіңіздер. Алдымен сабағымызды шаттық шеңбермен ашайық. -Балалар дөңгеленіп, бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап көрейкші. Не сезініп тұрсыңдар? -Жылулық. –Осы алақан жылулары арқылы жақсы тілектер айтайықшы. –Аспанымыз ашық болсын! -Деніміз сау болсын! -Көк туымыз биік болсын! -Нанымыз көп болсын! -Ата- анамыз аман болсын! -Көп жасаңдар, айтқан тілектерің қабыл болсын. –Балалар біз қай республикада тұрамыз? -Қазақстан Республикасы. –Біздің президентіміз кім? -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -Біз қай тілде сөйлесеміз? -Қазақ тілінде сөйлейміз. –Қазақстан Республикасының рәміздерін, перне тақтадан тауып, кім айтып береді? -Ту, елтаңба, әнұран. –Ал, енді бәріміз бірігіп, әнұран орындайық.(Әнұран орындалады) Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік. Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ». Максим Горький: «Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, оны меңгеру керек» . Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры». Махмұт Қашқари: «Игі істің басы - тіл, тәрбие басы - тіл». Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ». Ал енді сайысымызды бастайық. Сайыс 7 бөлімнен тұрады 1. Сұрақ-жуап
2. Білгіштер
3. Аудармашылар
4. Жалғасын тап (мақал - мәтелдерден жарыс) 5. Ойлан, Тап!
6. Сурет салу
1 - жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білі шыңына Ұқыптылық пен зеректік Жеткізер сіздей өренді Білімнің нәрлі сырына.
2 - жүргізуші:
Ал келіңдер, келіңдер, Бір - біріңе еріңдер Біліміңді тексеріп Бәйгеге қатысып көріңдер Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жанар ма Білім мен өнер жарысып Тәрбие – тәлім табар ма Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысымызды бастаймыз.
Сайысымыздың 1- кезеңі бойынша сұрақ-жуап. 1. Білім күні (1 қыркүйек) 2. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра) 3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар) 5. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады? 1991 ж 1. 12 6. Қазақстанда тілдер күні қашан? (22 қыркүйек) 7. ҚР - ның Конституциясы қашан? (30 тамыз 1995ж) Екінші сайысымыз «Білгіштер» сайысы. Шарты : Кім қанша мақал айтса , жеңіске жетеді.
Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталады. Мынау менің басым, ақылды Бәрі осы басқарады. Мынау менің, оң қолым Мынау менің, сол қолым Барлық істі басқарады.
Үшінші сайысымыз «Аудармашылар» сайысы. Шарты: Берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару. (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.) Тазалық- денсаулық кепілі . (Чистота –залог здоровья.) Еңбек оздырады. (Труд прославляет.) Не ексең, соны орасың .( Что посеешь ,то и пожнешь.) Отан - оттан да ыстық. (Родина –жарче огня.) Оқу –білім бұлағы, білім - өмір шырағы. (Учение- родник знаний,знание - лучик жизни.) Отансыз адам ормансыз бұлбұл. (Человек без Родины, что соловей без леса.)
Төртінші кезеңі: «Жалғасын тап!» мақал - мәтелдер жарысы. 1. Жылы - жылы сөйлесең,... (жылан інінен шығар) 2. Ас атасы - ......../нан/ 3. Өз елім -........................../өлең төсегім/ 4. Оқу білім бұлағы,............. /білім өмір шырағы/ 5. Кітап білім................. /бұлағы/ 6. Отан................................................ /оттан да/ ыстық 7. Жүз теңгең болғанша жүз....... болсын (дос друг) Бесінші кезең «Ойлан, тап!»
1. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп - мяч) 2. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап - книга) 3. Жеті қазынаның бірі (ит - собака) 4. Ұшқан.... жүгірген аң бәрі тамақ (құс - птица) 5. Сағат сайын қағылады Тек мектептен табылады. (Қоңырау - звонок) 6. Бірінші байлық (денсаулық - здоровье) 7. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем - весна) 8. 5пен бестің қосындысы (он - десять) 9. Ең қымбат адам (ана - мать) 10. Қалқиып екі құлағы Елеңдеп қорқып тұрады (қоян - заяц) Алтыншы сайысымыз « Сурет сайысы». Шарты : 1.Берілген мақал-мәтелдер бойынша сурет салу. 2.Сурет бойынша мақал-мәтелдің мазмұнын ашу. (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.) Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты. Білім-өмір шырағы. Білім - теңіз, мектеп - кеме.
ҮІІІ. Қорытынды. (Толғаныс) 1.Бүгінгі сайыс сендерге ұнады ма? 2.Сайыс қалай өтті? 3.Мемлекеттік тілді үйренуде мақал-мәтелдерді білу не үшін қажет?
-Ана тілі біздің туған анамыз. Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз. Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
«Анасынан берер ұл» деп қорғаймыз – деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.