Просмотр содержимого документа
««Тарих тарту еткен-Т?уелсіздік!» »
Тақырыбы: «Тарих тарту еткен-Тәуелсіздік!»
( Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналады)
Білімділік мақсаты: зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларын, желтоқсан оқиғасында жазықсыз қыршын кеткен құрбандарын еске ала отырып,олардың рухына, ерлігіне тағзым ету.
Дамытушылық мақсаты:оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын еске ала отыра, тарихи фактілерді саралап, олардың себеп-салдарын анықтауға, тарихи оқиғаларды есіне сақтауға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: жаңа заман талабына сай жан-жақты, білімді де жігерлі, өз елін қорғайтын тұлға тәрбиелеу.
Түрі: Әдеби – музыкалық кеш.
Көрнекілігі: Слайдтар,интерактивті тақта, шарлар, қанатты сөздер, мемлекеттік рәміздер,бүктемелер.
1-жүргізуші:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым, мұң тілімен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен,
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.
2-жүргізуші:
Әз бабам, азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.
Солардың құдіретті ой- арманы,
Таңы боп, тәуелсіздік бізге жеткен.
1-жүргізуші: Армасыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар. Еліміздің ұлттық мерекесі-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен, сол жолда талай боздақтарымыздың қаны төгілген қасиетті тәуелсіздігіміз нығайтылып, нарықты заман орнады.
2-жүргізуші: Рас. Тәуелсіздік бізге оғай жеткен жоқ. Ол қаншама жылдар бойы бабаларымыздың, ер ағаларымыздың үздіксіз күресімен, төгілген қанымен, қыршыннан қиылған жастардың ержүрек жанымен келді.
Айбынды Алаш ұрпақтарының ерліктерін жыр етіп, бүгінгі ұрпақ, біз, тәу ету мақсатын-да Тәуелсіздіктің 21 жылдығына орай «Тарих тарту еткен-Тәуелсіздік!» атты салта-натты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Мемлекеттік Әнұран орындалады.
1-жүргізуші: Қазақ халқы тарих сахнасында «Мың өліп, мың тірілді» . Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Бір сәт тарихты парақтайық.,,
ХҮ ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық, алайда қазақ халқы бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен -қаперсіз жатқан елімізге Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жұтқызды. Дүрліккен ел -Алқакөлге аялдап бас қосты.
Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, ал соңғы жылдары кеңес мемлекетінің құрамында болып дербестікті де, тәуелсіздікті де мүлде жоғалтты.
2-жүргізуші: Айтса нанар сенгіш халық едік қой.
Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.
Халқымыздың қамын жеген ұлдарын,
О ғаламат, халық жауы дедік қой.
1-жүргізуші: Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткерген қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама. 1937-1938 жылдардағы жазалау кезінде көптеген азаматтар жазықсыз, халық жауы атанып ату жазасына бұйырылды. Олардың ішінде: Міржақып; Жүсіпбек,Сұлтанмахмұт,Ахмет,Мағжан сынды зиялыларымыз да бар еді.
Көрініс: ( Ортаға қолдары байлаулы Алаш ардақталары шығады. Оларды әскерлер айдап ортаға алып келеді)
Міржақып Дулатов:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,
Қазағым енді жату жарамас – ты.
Жүсіпбек Аймауытов:
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар халыңды амалда.
Кетті туы, атты таңы, шықты күн,
Сал малды, сал жанды аянба!
Не көрсем де алаш үшін көргенім
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де, алаш өлмес көркейер,
Істей берсін, қолдарынан келгенін.
Сұлтанмахмұт Торайғыров :
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді Алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз
Жасайды Алаш өлмейміз
Жасасын Алаш, жасасын!
Ахмет Байтұрсынұлы:
Бар өмірін өз ұлтына арналған,
Тілі үшін күресуден тынбаған.
Алты алаштың ардақтысы Ахаңның
Кім бар екен, жан сырына қанбаған?
Соны ойласам жүрек сыздап, ауырған.
Зар шығады сау жері жоқ бауырдан.
Жалғыз Мұхаң шырылдайды Ахаңдай
Қорықпастан не бір сойқан дауылдан.
Әскер: Иә, соңғы сөзді кім айтады іштеріңнен ?
Мағжан: Ей тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.
( Алаш ардақтыларын алып кеткеннен соң 1-жүргізуші ортаға шығып:)
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жаңғандар.
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.
2-жүргізуші: Міне өздеріңіз көріп отырғандай әр ғасырда жылдар бойы Тәуелсіздік үшін күрес жүргізіп келген бабаларымыздың алаш ардақтыларының үмітін әйгілі Желтоқсан оқиғасы ақтады.
1-жүргізуші: Желтоқсан – тағдырлары азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары,
Қалар, мәңгі есінде Қазағымның.
« Қара бауыр қасқалдақ» әні.
Көрініс: (жастар сөйлесіп ортаға шығады)
Бір топ: Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды, қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды?
Осы кезде алға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. («Желтоқсан желі» әуені ойнап тұрады). Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйретіп, жұлқылап әкете бастайды.
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар!(Қайратты алып келеді, алып кетеді).
Сахна ортасына милиция бақылауындағы Қайрат келеді. Шымылдық артынан сот хатшысының «Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келе жатыр» - деген даусы шығады.
Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді:»
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:
-Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173 - 1 бабы бойынша ең жоғары- өлім жазасына, атуға кесілсін.
Қайрат: Күнәдән таза басым бар,
21-де жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты- құрбандық»
Атам десең- атыңдар!
(Қайратты сүйреп әкетеді)
2-жүргізуші:
Туады ерлер ел үшін
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік.
Көрініс
Сахнаға Қайраттың інісі Талғат жүгіріп келеді, қолында хат болады.
Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.
Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.
Осы кезде жарық түрмеде отырған Қайратқа түсіріледі. Хат оқылады.
/Баяу, мұңды музыка сазын қосу/
Қайраттың хаты:
Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыда отырғаныма Сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.
Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш кінәсі жоқ. Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!
Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың...
1-жүргізуші: КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы.
1986жылғы Алматы оқиғасының белсенді қатысушысы, айыпкер Қ. Рысқұлбековтың өтінішін қарай келіп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 23.04 1988 жылғы №8836-XІ Жарлығымен Қ. Рысқұлбековке кешірім жасап, ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы – А. Громыко.
2-жүргізуші: Бостандық пен жарық сәуле үшін жан аямай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрді.
Шетелден келген көптеген пікірлерге байланысты, өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпал болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып кенеттен Семейден бірақ шықты. 1988 жылғы мамырдың 21 жұлдызында Семей түрмесінде жұмбақ өліммен қайтыс болған жерлесіміз Қайрат Рысқұлбековтің денесі Семей қаласының маңына жерленген.
2-жүргізуші: Қайрат қазақ елінің 21-ші басшы зобалаңына ұшырап, 21 жасқа келгенде, 21 сот алдында нақақтан шырылдап Семей түрмесінің 21 камерасында, 21 мамыр күні қапылыста дүниеден өтті.
6-оқушы: Өз қолыңды өз аузыңа жеткізбей, айтқанын екі еткізбей, шырмауықтай шырмап алған қоғамда , ғазиз басың боданда жүргенде бостандыққа жол ашқан ТӘУЕЛСІЗДІК!
7-оқушы: Елін сүйреп арайлы атар таңға, ортаңнан орда бұзған қаһарманға, тізгініңді бергізбей, соңынан жұртты ергізбей, жазықсыз «Халық жауы» атанғанда, ақтап алған қаралаған ұлыңды ТӘУЕЛСІЗДІК!
«Сарыарқа» күйі ойнап тұрады.
1-жүргізуші: Өткен тарихымызды зерделесек, « Тәуелсіздік» атты қасиетті күн жан беріп, жан алысқан қиын күреспен келгенін көріп отырмыз.
2-жүргізуші: Өзіміз шекаралық жерімізді, ана тілімізді, дінімізді, мемлекеттік нышандарымызды белгілеп, әдеп – ғұрып, мәдениетімізді қайтарып, тұңғыш ел басын сайладық. Барлық мерекенің ішінде құнды да жоғары тұрған – Тәуелсіздіктің қадірін бағалайық .
Би орындалады.
1-жүргізуші: Өшіп кетіп бір жылы жер бетінен,
Өзге орында балалап өскен елмін.
Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
2-жүргізуші Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолында шейіт болған батыр бабаларымызбен ер ағаларымыздың, қыршын жастарымыздың ерлігін жадымызда мәңгі қастерлеп бір минут еске алайық.
Үнсіздік жарияланады.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік!
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді міне, азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен елдігім,
Шешіл енді, шерлі болған шерлі үнім.
1-жүргізуші:Тәуелсіздік – ұраным,
Құсқа ұқсатам – қыраным,
Біз бақытты баламыз,
Тұғырлы етсек тұрағың.
Хор: «Елім менің»
2-жүргізуші: Осымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған әдеби кешіміз аяқталды. Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!