kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тартынбай с?йлер асылмын ...»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Махамбет.

Білмеймін жел ме, сел ме

Жырда онымен бір т?л?а те?есер ме?

?ділетсіз д?ниені? ?абыр?асын

Махамбетше с?гер жан кездесер ме?!

  1. Б?лім. «Мен -  ?темісті? баласы Махамбет атты батырмын!» - Махамбет ?теміс?лыны? шы?армаларын жат?а о?у
  2. Б?лім. «?лы арман» - Махамбет к?йлерін орындаушыларды? бай?ауы.
  3. Б?лім. «Тартынбай с?йлер асылмын. » - жас дарындар бай?ауы(?з шы?армаларын орындау: ?ле?дер, ?ндер, музыкалы? шы?армалар) 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тартынбай с?йлер асылмын ...»»

«Тартынбай сөйлер асылмын ...»

(Аудандық Махамбет Өтемісұлы оқуларының сценариі)

Махамбет...

Білмеймін жел ме, сел ме

Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме?!

Құрметті, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кеш қонақтары Аудандық Махамбет оқуларына қош келдіңіздер!



Иә, Махамбет – қиып түсер өткірлігімен, қызуқанды жігерлігімен, нөсердей екпінімен еркіндікті аңсаған батыр. Жылдар, ғасырлар алмаса келе талай оқиға көмескі тартары заңдылық.Ал Махамбеттің ісі мен жырына ондай қауіп төнген емес. Олай болатыны оның батырлығы - бір жекпе – жектегі қайсарлық пен ерліктің символы. Жыр толғауы - бір кезеңнің баяны емес, күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны.

Махамбет - өзге де жоқ та, өзінде ғана бар құдіретті қасиетімен батырлар тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жанып тұратын қайталанбас дара тұлға. Оның дауылпаз жырлары әрқашан ерлікке, егемендікке шақырады. Ол – елге еркіндік тілеген, Тәңірден басқаға тәуелді болмауды аңсаған, теңдікке қол жеткізуді армандаған асыл ер.

Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген,денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен ары төгілмеген – арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз», - деген сөзі Махамбетке арналған болатын.

Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу – маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет – ерлік пен намыстың ақыны.Ол ерлікті , өрлікті өзі ғана жасамай,бүкіл поэзиясына ту етті,Оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырды.

Олай болса, бүгінгі Махамбет Өтемісұлы оқулары байқауының шарттарымен таныс болайық:

  1. Бөлім. «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - Махамбет Өтемісұлының шығармаларын жатқа оқу

  2. Бөлім. «Ұлы арман» - Махамбет күйлерін орындаушылардың байқауы.

  3. Бөлім. «Тартынбай сөйлер асылмын ... » - жас дарындар байқауы(өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар)

Енді,Бүгінгі байқауымыздың әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1._________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

4._________________________________________________________________

5._________________________________________________________________



  1. Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығарға.

Қас үлектен туған кәтепті

Қара нар керек біздің бұл іске – деп

Ұлы бабамыз айтқандай,салмақты да,жауапкершілікті бұл бөлімге қатысушы , Махамбет өлеңдерін жатқа айтушы оқушыларды кезекпен ортаға шақырамыз.

Бұл бөлімде ақын өлеңдерін көбірек жаттаған,іркілмей мәнерлеп айтқан оқушылар жеңіс тұғырынан көрінеді.



  1. Қабырғасын қаусатып,

Бір – біртіндеп сөксе де.

Қабағын шытпас ер керек,

Біздің бүйткен бұл іске –

Ортаға Махамбет күйлерін орындаушыларды шақырамыз.





  1. Ақыры жетті күн бүгін,

Ақырып теңдік сұраған.

Түнектің түріп түңдігін

Ат міндің сұлу құладан.

Парызың бүгін өтелген,

Әр ізің жатыр жаңғырып,

Азаттық туын көтерген ,

Ақынның жыры мәңгілік! – дей отырып, келесі кезекті оқушылардың өз шығармашылығына берейік.



Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тартынбай с?йлер асылмын ...»

Автор: Мусабекова Ляззат Галимжановна

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303469


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства